Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



Pdf көрінісі
бет22/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   139
Байланысты:
өспе, 1510058388496, jdndLevrJVZFDFgCmGuumdOE1gWTsOjAhhRc4RAJ, Ортопедическая стоматология тесты , 01,03, фитпат 24-29, аза стан тарихы п ні бойынша емтихан с ра тары мен та ырыптары
 
 
 
8-
сурет. Саптық адыммен қозғалу 
Әр санақ сайын оқытушы оқушыларды қимылдарын тоқтатқан күйде, 
олардың жіберген қателерін түзейді. Оқушылардың көпшілігі дұрыс 
орындамаған болса, ол «ТОҚТА» деген бұйрық береді, ал бір оқушы қателік 
жіберген болса «Әлімов - ТОҚТА», деген бұйрық береді. 
Қолға арналған дайындық жаттығуларын орындауды үйренген соң, 
оқушылардың сол әрекеттерді санақ бойынша немесе барабан соққысымен 
орындауға көшуге болады. Бұл жаттығуды күрделендіру үшін, оған бір орында 
адымдауды қосуға болады. Ол үшін «Бір орында, адым - ДА», деген бұйрық 
беріледі. Бір орында адымдап орындалатын қолдың қимылына арналған 
дайындық жаттығуын шыңдай түсу үшін «Қолдың қимылдарымен бір орында 
адымда: жаса – БІР, жаса – ЕКІ», деген бұйрық беріледі. Жаттығу кезінде 
қолдың қимылы мен қалпына ерекше назар аударылады. 


45 
Бір орында адымдап тұрған кездегі қолдың дұрыс қимылын игерген соң, 
оқытушы саптық адымды төрт және екі санға бөліп орындауға арналған 
дайындық жаттығуын үйретуге кіріседі. 
Төрт санына бөліп орындауға арналған дайындық жаттығуын көрсеткен 
соң, оқытушы бөлімшені төрт адымға ажыратады да, «Төрт санақ бойынша 
бөлшектеп, саптық адыммен, адым – БАС», деген бұйрық береді. «БАС» 
бұйрығынан кейін: «БІР, екі, үш, төрт; бір, екі, үш, төрт» деп санай бастайды. 
Бір саны қатты дауыспен айтылады. 
«Адым» деген алдын-ала берілетін бұйрық бойынша, оқушылар 
кеуделерін сәл алға беріп, тепе-теңдікті сақтай отырып денесінің салмағын оң 
аяққа көбірек түсіреді. «БАС» деген атқару бұйрығы бойынша және «Бір» 
санағы бойынша, олар аяқ ұшы тартылған (табан жерге параллель болады), 
жерден 15-20 см көтеріп сол аяқпен адымдауды бастайды және толық табанмен 
жерге қояды. Сол сәтте оң аяқ жерден ажырайды да, сол аяқтың өкшесіне 
қарай, алға жарты адым жасайды. Адыммен бірге оң қол алға қозғалады, ал сол 
қол барынша артқа шығарылады (бірінші дайындық жаттығуындағыдай) және 
сол аяқта тұрады; оң аяқ тік, аяқ ұшы жерге тиер-тимес қалыпта. «екі, үш төрт» 
санағы бойынша жіберілген қателерді жоя отырып, үзіліс жасайды.
Кезекті «бір» саны бойынша оң аяқтың қимылдарын қайталайды, ал «екі, 
үш, төрт» саны бойынша тағы үзіліс жасайды және т.с.с. 
Төрт санағымен орындалатын дайындық жаттығуын орындап болған соң, 
сол қимылдарды екі санына орындайды және ол үшін «Екі санақ бойынша 
бөлшектеп, саптық адыммен, адым - БАС» бұйрық беріледі. Содан кейін «бір, 
екі; бір, екі» деп санай бастайды. «Бір» саны бойынша адым жасалады, «екі» 
саны бойынша тоқтайды (үзіліс жасалады). 
Егер оқушылар қателіктер жіберіп жатса, қайтадан төрт санымен орындап
жаттығуға болады. Оқытушы содан кейін минутына 50-60 адым екпінін сақтап, 
саптық адыммен қозғалуды үйретуге кіріседі де, ақырындап минутына 95-105 
адымға дейін ұлғайтады. Қателерді түзету үшін саптық адымды толық екпінде 
орындаудан, төрт және екі санына бөліп орындауға көшу керек. Тәсілді 
толығымен орындауға жаттығу барысында минутына 95-105 адым жасайтын 
екпінді ұстауға тырысу керек.
Оқытушы алаңның ортасына орналасып, қажетті бұйрықтарды беріп 
тұрады. Егер ол жалпы жіберілген қатені анықтаса, бөлімшені тоқтатып, оны 
оңға немесе солға бұрады да, тәсілдің қалай орындалу керек екендігін 
көрсетеді. Ал оқушылардың бірінің ғана қателік жібергенін байқап қалса, оны 
саптан шығарады және оның жанына тұрып бірге орындайды, қателігін 
түзетеді. 
Бөліп және тұтасымен орындау арқылы үйретуді бұйрық бойынша және 
оқытушының санауы, оқушылардың өздерінің санауы, сондай-ақ барабанның 
соққысымен орындауға болады. 
Саптық адыммен қозғалуды үйреткен кезде, оқушылардың қозғалыс 
кезінде екі бүйірге теңселмей қозғалуларына қол жеткізу керек. Теңселетін 
себептері, қозғалыс кезінде аяқты дұрыс қоймайды: табанды қозғалыс өсі 


46 
бойынша табанның ішкі жағынан қоюдың орнына, екі жаққа қояды да, дененің 
ауырлық орталығы әр адым сайын бірде оңға, енді бірде солға кетіп жатады. 
Егер оқушылар саптық адыммен қозғалуды үйрену кезінде сәл секіре 
қозғалатын болса, оның сол қателігін көрсетіп, дененің салмағын бір аяқтан 
екінші аяққа жұлқымай, біркелкі көшірулерін талап ету керек. Қозғалыс кезінде 
бір аяқтан екіншісіне созыла қозғалуға болмайды. 
Содан кейін саптық адыммен қозғалуды бөлімшенің (бөлімнің) сабында 
орындауға жаттығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   139




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет