Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»


Бір орында және қозғалыста орындалатын әскери сәлемдесу



Pdf көрінісі
бет23/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   139
Байланысты:
өспе, 1510058388496, jdndLevrJVZFDFgCmGuumdOE1gWTsOjAhhRc4RAJ, Ортопедическая стоматология тесты , 01,03, фитпат 24-29, аза стан тарихы п ні бойынша емтихан с ра тары мен та ырыптары
Бір орында және қозғалыста орындалатын әскери сәлемдесу 
тәсілдері
Оқытушы сабаққа кірісе отырып, әскери сәлемдесудің дәл және 
серпінмен орындалатынын түсіндіреді. Әскери сәлемдесуді бір орында тұрып, 
саптан тыс жерде, бас киімсіз орындау үшін басшыға (аға әскериге) үш-төрт 
адым қалған кезде, оған қарай бұрылып саптық тұрысты қабылдайды және 
оның бетіне тура қарап тұрады. 
Егер бас киімі киілген болса, онда оң қолын шекесіне қояды (қолдың 
басы тік, сұқ саусақ бас киімнің шетіне тиіп тұрады), ал шынтақ бір сызық 
бойында және иық мөлшерінде. Басын басшыға қарай бұрған кезде, қолдың 
қалпы өзгеріссіз қалады. 
Басшы (аға әскери) әскери сәлем берушінің жанынан өтіп кеткен соң, 
басты тік ұстап тұрған қалыпта оң қолын төмен түсіреді.
Бір орында орындалатын әскери сәлемдесуді әңгімелеп және көрсеткен 
соң, оқытушы ол әрекеттерді екі сан бойынша орындауға үйретеді. Ол үшін 
«Бір орында әскери сәлемдесуді орындау үшін, басшы маңдайшепте (оң жақта, 
сол жақта, артта), бөлшектеп: жаса – БІР, жаса – ЕКІ», бұйрығы беріледі. 
«Жаса - БІР» санағы бойынша оқушылар басшы жаққа бұрылып «ТІК 
ТҰР» қалпын қабылдайды және оның бетіне қарайды. Қажет болған жағдайда 
оқытушы басшының (аға әскеридің) сол жақтан оңға (немесе керісінше) өтіп 
бара жатқанын хабарлайды. Осы бұйрық бойынша барлық оқушылар бастарын 
солдан оңға (немесе керісінше) бұрады, ал «жаса – ЕКІ» санағы бойынша 
бастарын тік ұстап, «ЕРКІН ТҰР» қалпын қабылдайды. Осылайша түрлі 
бағыттан келе жатқан басшымен әскери сәлемдесуді орындайды. Тәсілдерді 
бөлшектеп орындауды үйренген соң, оқытушы жаттығуды жұптасып 
орындауға кіріседі. Оларға басшының әрекеттерін орындайтын үшінші оқушы 
бөлінеді.
Бір орында тұрып бас киіммен және бас киімсіз сәлемдесу де, дәл сондай 
ретпен үйретіледі. Оны үйреткен кезде алдымен оқушыларға қолды басқа 
дұрыс қоюдан бастап үйрету керек. Ол үшін оқытушы «ТІК ТҰР» қалпын 
қабылдағаннан кейін, оң қолдың шекеге қойылатынын, ал басшыға бұрылған 
кезде – арттағы аяқты алдыңғы аяққа қойған кезде қойлатынын түсіндіреді 
және көрсетеді. Оқытушы оң қолдың алақаны тік, саусақтар біріккен, сұқ 
саусақтың шекеге (қалқаға) жанасатынын, шынтақтың бір сызық бойымен және 
иық деңгейінде болатынына оқушылардың назарын аударады. 


47 
Қолды бас киімге қоюға үйрету үшін «Қолды бас киімге қою және оны 
түсіру: жаса – БІР, жаса – ЕКІ» бұйрығы беріледі. «Жаса – ЕКІ» санағы 
бойынша, ажыратылған бір қатарлы сапта тұрған оқушылар оң қолдарын 
жылдам бас киімге қояды. «Жаса – ЕКІ» санағы кезінде қолдарын жылдам 
төмен түсіреді. Бұл жаттығуды айнаның алдында тұрып, жұптасып, өз бетімен 
және барабанның соққысымен қайталауға болады. Жаттығуларды бөлшектеп 
орындауды үйренген соң, оқытушы әскери сәлемдесуді тұтасымен орындауға 
жаттықтырады. 
Әскери сәлемдесуді саптан тыс жерде, бас киімсіз орындау үшін, басшыға 
үш-төрт адым қалғанда аяқтың жерге қойылуымен қолдың қимылдары 
тоқтатылады; басты басшыға қарай бұрып, қозғалысын жалғастырады және 
оның бетіне тура қарайды. Басшының (аға әскери) жанынан өткен соң басты тік 
қояды және қолдарын қимылдата қозғалуды бастайды. 
Баста бас киім болған жағдайда, аяқтың қойылуымен қатар, оң қол бас 
киімге қойылады, сол қол сан тұсында қозғалыссыз болады; басшының (аға 
әскеридің) қасынан өткен соң, сол аяқтың жерге қойылуымен қатар, басты тік 
ұстаған қалыпта оң қол төмен түсіріледі. 
Басшыдан (аға әскериден) озған кезде, алғашқы алға шыққан адыммен 
әскери сәлемдесуді орындайды. Екінші адыммен басты тік ұстайды да, оң 
қолын төмен түсіреді. 
Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, онда әскери сәлемдесуді 
басын басшыға бұру арқылы іске асырады. 
Киілген бас киіммен қозғалған кезде әскери сәлемдесуді үйретуді алты 
санға жүргізеді. Оқытушы алдымен тәсілді тұтасымен, содан кейін бөлшектеп 
көрсетеді. «Жаса – БІР» саны бойынша сол аяқпен адым жасалады, аяқтың 
жерге қойылуымен қатар бас басшыға қарай бұрылады және оң қол бас киімге 
қойылады; сол қол санға түсіріледі. «Жаса - ЕКІ», «ҮШ», «ТӨРТ» санағымен 
оң (сол) аяқпен адым жасалады. «Жаса – БЕС» санағы бойынша сол аяқтың 
жерге қойылуымен бас тіктеледі, оң қол төмен түсіріледі. «Жаса - АЛТЫ» 
санағы бойынша оң аяқ сол аяққа қосылады да, оң қол санға түсіріледі. 
Оқушылардың тәсілді қалай орындалатынын түсінгеніне көз жеткізген 
соң, оқытушы взводты бір колоннаға тұрғызып, санақ арқылы немесе 
барабанның соққысымен орындауға жаттықтыруды бастайды. 
Тәсілді бөлшектеп және тұтасымен орындап болған соң, оқытушы 
сабақтың соңына қарай взводты бір колоннаға тұрғызып, оқушылардың 
барлығын алдынан өткізеді. Сонымен қатар оқушылар сабақта жекедара 
орындалатын саптық жаттығуларды және әскери сәлемдесуді жетілдіріп 
отырулары керек. 
Оқытушы оқушыларға бастықпен бір орында тұрып және қозғалыс 
кезінде әскери сәлемдесу тәсілдерін көрсетеді. 
Оқытушы алдымен бас киімсіз қозғалу кезінде әскери сәлемдесуді 
үйретеді. Тәсілді тұтасымен және бөлшектеп көрсеткен соң, бас киімсіз қозғалу 
кезінде әскери сәлемдесу үшін басшыға 3-4 адым қалған кезде аяқты жерге 
қоюмен бірге қолдың қозғалысы тоқтайтынын, басты басшыға қарай бұрып 


48 
қозғалысын жалғастыратынын айтып береді. Бастықтың жанынан өткен соң, 
басты тік ұстайды және қолдың қимылдары басталады. 
Бұл тәсілді үйретуді екі-төрт санға бөліп бастайды. Егер басшы қарама-
қарсы келсе, тәсіл екі санмен үйретіледі; бір орында болса, тәсіл төрт санға 
орындалады. Мысалы: «Қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін, басшы 
маңдайшепте (оң жақта, сол жақта, артта, бөлшектеп: жаса – БІР, жаса – ЕКІ)» 
және т.с.с. 
«Жаса – БІР» санағы бойынша сол аяқпен адым жасап, аяқтың жерге 
қойылуымен қатар қолдың қимылдары тоқтайды және басын басшыға қарай 
бұрады. «Екі, (үш, төрт)» санағы бойынша басын бұрып ұстаған күйде, қолды 
қысып қозғалысын жалғастырады 
Кезекті «жаса – БІР» саны бойынша сол аяқтың жерге қойылуымен басты 
тік ұстайды және қолдың қимылдары басталады. Содан кейін үш еркін адым 
орындап, жаттығуды дәл сондай қарқынмен (минутына 60-70 адым) 
қайталайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   139




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет