Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»


  «КӘСІПКЕРЛІК  ЖӘНЕ  БИЗНЕС  НЕГІЗДЕРІ»  ПӘНІ  БОЙЫНША



Pdf көрінісі
бет4/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
1.  «КӘСІПКЕРЛІК  ЖӘНЕ  БИЗНЕС  НЕГІЗДЕРІ»  ПӘНІ  БОЙЫНША  
(10-11-СЫНЫПТАРДА) 
ЖАҢАРТЫЛҒАН 
МАЗМҰНДАҒЫ 
ОҚУ 
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
1.1  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәні  бойынша  жаңартылған 
мазмұндағы оқу бағдарламасының ерекшеліктері 
 
Соңғы жылдары әлемдегі экономикалық жағдайдың өзгеруі нәтижесінде 
мектеп  түлектері  арасында  кәсіпкерлікке  тиімді  және  қолжетімді  білім  алу 
мәселесі  ерекше  қызығушылық  тудыруда.  Жаңартылған  білім  берудің  оқыту 
технологиялары  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнінің  білім  беру 
бағдарламасына енгізілген. 
Мемлекет  басшысының  Жолдауында  айтылғандай  бүгінгі  таңда 
жастардың кәсіпкерлігін дамыту басты міндет болып табылады.  
Осыған  байланысты  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнін  жүргізетін 
мұғалімдер  мен  оқушылар  арасында  сауалнама  өткізілді.  Сауалнама 
мәліметтері бойынша, пәнге деген қызығушылық танытқандардың саны екі есе 
көп  болды.  Зерттеу  нәтижелері  бойынша  сауалнамаға  қатысқан  оқушылардың 
72%  -  ы  мектепте  кәсіпкерлікті  оқытуды  қажет  деп  санайтынын  көрсетті. 
Осыдан  мектеп  оқушыларын  болашақта  кәсіпкер  болғысы  келеді  деген 
қорытынды  жасауға  болады.  Бірақ  сауалнама  жүргізілген  бұл  мектептерде 
кәсіпкерлік білім берілмейді, олардың кәсіпкерлікке қатысты тиісті білімі жоқ. 
Осы мәліметтер негізінде жоғары сынып оқушыларын кәсіпкерлікке оқытудың 
түрлі  тәсілдері  мен  технологияларын  қолдана  отырып,  «Кәсіпкерлік  және 
бизнес негіздері» пәнін енгізу туралы шешім қабылданды. 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәні  кәсіпкерлік  саласының  негізгі 
түсініктері  мен  заңдылықтарын  зерделеуге,  білім  алушыларда  бизнес-ойлауды 
қалыптастыруға,  белсенді  өмірлік  ұстанымды  таңдауға,  қазіргі  заманғы 
жағдайларда болашақ дербес өмір сүру үшін дағдыларды жасауға бағытталған. 
Оқу  материалының  мазмұны  оқу  процесін  геймификациялау  (ойын 
техникасы), жобалық оқыту және кейстік жұмыс қағидаттарына негізделген. 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнінің  бағдарламасы  нарық 
сарапшылары  мен  жұмыс  істеп  жүрген  кәсіпкерлерді,  «Атамекен»ҰКП 
сарапшыларын тарта отырып әзірленді. Бұл оқу процесіне нақты қазақстандық 
бизнесмендердің  тәжірибесі  негізінде  кәсіпкерлік  қызметтің  барлық  қажетті 
аспектілерін  және  пәнді  оқытудың  үздік  халықаралық  практикасын  енгізуге 
мүмкіндік берді.  
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқушыларға кәсіпкерлік ортаға енуге 
және  іс  жүзінде  қандай  да  бір  тауарды  немесе  қызметті  өндіру,  команданы 
ұйымдастыру,  өз  өнімін  ілгерілету,  тұтынушылар  мен  серіктестерді  анықтау, 
бизнеске салық салу, қала және ауыл жағдайында бизнесті кеңейту бойынша өз 
жобасын  іске  асыруға  мүмкіндік  береді.  Оқу  курсын  аяқтағаннан  кейін 
оқушылар өз компанияларын құруға және бизнесті бастауға мүмкіндік беретін 
білім мен дағдыларға ие болады.  



 
Бағдарлама  қолданбалы  сипатқа  ие,  ол  үшін  маркетинг,  экономикалық 
теория, дизайн ойлау сияқты бөлімдер енгізілді  
Бағдарлама  үш  жыл  бойы  жүзеге  асырылып  келеді.  Осы  уақыт  ішінде 
мұғалімдерге  арналған  бірқатар  оқулықтар  мен  нұсқаулықтар  жазылды,  пән 
мұғалімдерін  қайта  даярлау  үшін  тренингтер  өткізілді,  мұғалімдерден,  ата-
аналардан және мектеп оқушыларынан кері байланыс жиналды, екі тілде тегін 
курстар  өткізіліп,  пәнді  онлайн-геймификациялау  үшін  интернет-ресурс 
құрылды. 
Бұл  оқу  процесіне  нақты  қазақстандық  бизнесмендердің  тәжірибесі 
негізінде  кәсіпкерлік  қызметтің  барлық  қажетті  аспектілерін  және  пәнді 
оқытудың үздік халықаралық практикасын енгізуге мүмкіндік берді,  және  бұл 
бағдарламаны басқа пәндерден ерекшелігін көрсетеді. 
Халықаралық  тәжірибе көрсетіп  отырғандай,  жоғары  сынып оқушылары 
үшін экономика мен бизнес негіздерін зерделеуді практикаға бағытталған тәсіл, 
кейстер  және  жалпы  кәсіпкерлікті  зерделеу  кезінде  пайдаланылатын  басқа  да 
әдістер арқылы енгізген жөн. 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні аясында кәсіпкерлік, экономика, 
менеджмент, маркетинг негіздері бойынша базалық білім алу және оқушыларда 
кәсіпкерлік ойлауды, белсенді өмірлік ұстанымды, сондай-ақ қазіргі нарықтық 
жағдайларда одан әрі дербес қызметті ұйымдастыру үшін қажетті дағдыларды 
қалыптастыру көзделген. 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  сабақтарында  оқушылар  қаржылық 
сауаттылық,  өз  қаржы  ресурстарын  басқару  мәселелерін  меңгереді,  өздерінің 
шағын  оқу  стартабын  өз  бетінше  ұйымдастыруға  тырысады,  банк  жүйесінің, 
қор нарығының жұмыс істеуін, халықаралық бизнес мүмкіндіктерін зерделейді. 
Барлық  көрсетілген  экономикалық  тақырыптар  жалпы  білім  беру  процесіне 
енгізілген,  сондықтан  оқушылар  алған  білімдерін  практикада  іс  жүзінде 
тексеріп,  қолдана  алады.  Өздерінің  стартап-жобасын  ұйымдастыра  отырып, 
олар  оны  практикада  жүзеге  асырып,  гранттық  қаржыландырудың  түрлі 
конкурстарына 
және 
жастар 
кәсіпкерлігін 
қолдаудың 
мемлекеттік 
бағдарламаларына қатыса алады.[3] 
Қазіргі  заманауи  мектеп  тұжырымдамаларында  үнемдеуді,  қаржы 
сауаттылығын,  менеджментті  және  кәсіпкерлік  дағдыларды  қалыптастыруда 
төмендегі мақсаттарды бөліп алуға болады: 
-
 
үнемдеу және қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейін қалыптастыру  
еліміздегі  қоғамдық  өмірдегі  болып  жатқан  өзгерістерге  оқушылардың 
әлеуметтік  бейімделуі  үшін,  сол  сияқты  түлектерді  кәсіпке  бағыттау  үшін 
қажет; 
-
 
қоғамдық және жеке өмірде жауапты үнемдік пен қаржылық шешімдер  
қабылдауда практикалық дағдылар қалыптастыру. 
Осы  мақсатта  елімізде  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәні 
экономикалық  білімнің  негіздерін  үйрете  отырып,  нарықтық  экономиканың 
өтпелі кезеңінде оқушыларға қажетті білім беретін пән болып енгізілді.
 



 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін әзірлеу жұмысының жобасын 
«Атамекен» ҰКП 2014 жылы бастаған болатын. Жобаға ҚР Білім және ғылым 
министрлігі  мен  «Атамекен»  ҰКП  бірлесе  отырып,  «Кәсіпкерлік  және  бизнес 
негіздері»  атты  жаңа  пәнді  10  және  11  сынып  оқушыларының  оқу 
бағдарламасына енгізіп, оқытылу көзделді.  
Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан өзгерістердің жылдам әрі қарқынды 
даму  үрдісі  оқушыларды  тәрбиелеу  мен  оқытудағы  екпінді  жылжуды 
анықтайды.  Біз  «ертеңгі  күнді»  болжай  алмаймыз,  ол  мүлдем  біз  ойлағандай 
болмауы  да  мүмкін.  Сондықтан  бүгінгі  оқытудың  басты  құндылығы-
академиялық  ақпараттың  көлемін  есте  сақтау  емес,  оқушылардың  бойында 
ақыл-ой  мен  дағдылардың  белгілі  бір  түрін  қалыптастыру  болып  табылады. 
Әлемдік жаһандану дәуірінің келуімен практикалық тұрғыда кез-келген салада 
білімге  қолжетімділік  қамтамасыз  етіледі,  сондықтан  олар  көбірек 
анықтамалық  сипатқа  ие.  Білімге  деген  негізгі  құндылық  мәні  практикалық 
қажеттілік барысында беріледі және осы мағынада дұрыс білімді табу, белгілі 
бір тәсілмен өңдеу және қолдану мүмкіндігі зор рөл атқарады. 
Белгісіздік  жағдайында  кәсіпкерлік  идеяларды  жүзеге  асыру  мен 
жылжытудың  қолданыстағы  жағымды  мысалдары  сананың  белгілі  бір 
форматын  және  жоғарыда  аталған  дағдыларды  сәтті  қолданудың  көрсеткіші 
болып  табылады.  Бұл  ұстанымды  көптеген  елдер  бұрыннан  қабылдаған. 
Еуропа  елдеріндегі  балаларға  арналған  кәсіпкерлік  1919  жылдан  бері 
оқытылып келе жатқаны белгілі. 
Кәсіпкерліктің  оқу  пәні  ретіндегі  ерекшелігі  –  оған  басқа  пәндерді 
оқытудың  классикалық  әдістері  сәйкес  келмейді.  Тек  материалдық  бөлігін 
зерттей  отырып,  кәсіпкерлікті  теориялық  тұрғыдан  үйрену  мүмкін  емес. 
Логика  мен  идеяға  бағынатын,  саналы  және  талданған,  түзетілген  және 
қайталанатын  әрекеттерді  орындау  кәсіпкерлік ойлауды  қалыптастыруға  әсер 
етеді. 
Кәсіпкерлік  ойлауды  қалыптастыру  барлық  оқушылардың  жаппай 
бизнеспен айналысуын білдірмейді, бірақ олар болашақта мықты мемлекеттік 
қызметкер,  кез-келген  саланың  менеджері,  бас  менеджер  немесе  орындаушы 
менеджер  маманы  бола  алады.  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәні 
оқушыны ЖОО-ға түсу сәтіне дейін қызметтің қажетті саласы мен форматын 
өзінің толық ұғынуына итермелеуге, ішкі болып жатқан процестер, нарықтың 
кез  келген  субъектісі  үшін  міндеттер  мен  әсерлер  туралы  түсінік  беруге, 
өмірдің  түрлі  жағдайларында  қажет  болатын  қосалқы  мамандық  беруге 
бағытталған. 
Оқулықтың  қалыптасуы  инновациялық  құралдарды  қолдану  арқылы 
жүзеге  асырылды.  Мысалы,  краудсорсингтік  формата  құрылған  бұл  оқулық 
диалог  алаңын  құрастыруға  және  әркім  өз  білімін  ұсынуға,  біршама  жүйелі 
білім  жинақтауға  мүмкіндік  алады.  Оқулыққа  енеген  жаңа  кейстер  мен 
жаттығулар да оқушылардың білімін тереңдетуге ықпал етеді. 
Қазақстандағы  алғашқы  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәні 
оқулығы  жалпы  білім  беретін  мектептер  шеңберінде  қоғамдық  сананы 



 
өзгертуге  және  жігерлілік  пен  шешім  қабылдай  алуға,  саналылық  пен 
жауапкершілікке бағдарлауға мүмкіндік беретін, оқушылар мен ата-анлардың 
қызығушылығын тудартын пән.«Егер біз болмасақ, кім?»- бұл мәселе әркімнің 
санасында  болып  және  әркімнің  өз  деңгейінде,  өз  мүмкіндіктерінің  шегінде 
ортақ  болашағымызды  қалыптастыруға  күш  салатындай  болуы  тиіс. 
Оқушылардың  осындай  нақты  ақыл-ой  көзқарастары  мен  іс-әрекеттерінен 
Отанға деген патриотизмді қалыптастыруға болады.  
Оқу  бағдарламасы  мен  оқыту  әдістемесі  оқушыларға  шын  мәнінде 
пайдалы,  практикалық  және  шынайы  өмірге  бағдарлайды.  Мектеп  өзекті 
құралдарды ұсына отырып, балаларды шынайы өмірге дайындауы керек. 
Пәнді  оқытудың  басты  мақсаты  –  кәсіпкерлік  ойлауды  мектеп 
қабырғасынан дамыту. 
Халықаралық 
бағдарламалардың 
тәжірибелеріне 
қарағанда 
бұл 
бағдарлама  интерактивті  болып  шықты  және  геймификация  қағидалары  мен 
бизнес-кейстерді зерделеуге негізделген: 40% – теория, 15% – бизнестен нақты 
мысалдар, 45% – ойын түріндегі тәжірибелік тапсырмалар енгізілген. Неліктен 
геймификация  алынды?  Себебі,  кәсіпкерлік  –  бұл  әрекет,  тәжірибе  арқылы 
оқып, түсіну. 
Оқулықтың  әрбір  бөлімі  өзінше  қызықты  материалдан  құралады. 
Тәжірибелі  мамандардың  жобаға  қатысуы  арқылы,  сабақ  тақырыптарына 
байланысты кәсіпкердің өмірінен мысал келтіруге болады. Мысалы, маркетинг 
саласын  жақсы  меңгерген  кәсіпкер  дәл  осы  сабақта  өзінің  тәжірибесімен 
бөлісетін болса, оқу процесі тиімдірек болары сөзсіз. 
Бұл  пәнде  тек  қана  экономика  негіздері  ғана  емес,  менеджмент, 
маркетинг,  бизнес,  кәсіпкерлік  негіздері  терең  оқытылады.  Қоғамдағы 
кәсіпкерліктің  дамуын  зерттеу  барысында  қоғамдағы  азаматтардың  бес 
пайызында  ғана  кәсіпкерлік  қабілеті  бар  болып  шықты.  Сондықтан  да  ерте 
бастан  мектеп  оқушыларының  кәсіби  ойлау  қабілетін  дамыту  керек  деген 
тұжырым жасалды. 
Пәнді  оқытудың  негізгі  мақсаты  –  жастарды  бизнеске  баулып,  оларға 
кәсіпкерлік,  экономикалық  құбылыс,  замануи  жағдайлардағы  кәсіпкерлік, 
маркетинг,  ойлау  дизайны,  кәсіпкердің  өзін-өзі  жетілдіруі,  даму  стратегиясы, 
стартап  акселератор  және  өз  идеясын  жүзеге  асыру  үшін  жасалатын  кәсіпкер 
әрекетінің  бизнес  –  жоспарын  пайдалану.  Сонымен  қатар  жарнама  жасау 
туралы базалық білім беру болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет