Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата18.03.2017
өлшемі254,72 Kb.
#11785
түріМетодические указания
1   2

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығына тәжірибешілік сабақтарға арналған


Әдістемелік нұсқау


Павлодар 2008






Лист утверждения к Форма

методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05




БЕКІТЕМІН


ФЖиӨ факультетінің деканы ______________Ж.Т.Сарбалаев

«___»_____________2008ж


Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева__________

Қазақ филологиясы кафедрасы



Әдістемелік нұсқау

Тәжірибешілік сабақтарға арналған


«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін

Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2008ж. мәжілісінде ұсынылды.

Хаттама №__


Кафедра меңгерушісі_______________________Н.Қ.Жүсіп

Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2008 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___



ӘК төрайымы____________________ Е.Н:Жұманқұлова


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша студенттерге әдеби-тарихи, әдеби-теориялық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы жан-жақты түсінік берілді. Көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі. Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократтық бағыттағы педогог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектерне назар аударылады. Қазақ орта мектептерінде әдебиет пәнінің оқытылу жайы, сапасы, оқулықтары мен бағдарламаларының түзілісі кеңінен сөз болды.


Пәнді оқыту мақсаты:

Жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы өзге пәндер арасындағы әдебиет пәнінің алатын орны мен әдебиетті оқыту әдістемесі жөніндегі ілімнің мән-мазмұнынан әрі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңдерін түсіндіру бағытын ұстанады.
Пәннің міндеттері:

Оқыту барысында студентке «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» курсының құрылым мен мазмұнын, теориялық және практикалық мәселерін толық игертуді көздейді. Пәнді оқытудың негізгі ұстанымдарын әдеби білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлерін, әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдарын, көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдерін іс жүзінде қолдана білуге баулиды.
Студенттер білуі тиіс:

Орта мектепте қазақ әдебиетінің тарихын, оның теориялық мәселелерін және шетел әдебиетінің озық үлгілерін оқыту үшін студенттер практикалық істер мен дағдыларды қалыптастырып, жаттығады: күнтізбелік жоспар жасай білуге төселеді; сабақтық жоспар жасау тәжірибесін меңгереді; әдеби жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуді иегреді.

Студенттер істей білуі тиіс:

- күнтізбелік жоспар жасай біледі;

- сабақтық жоспар жасай білуі тиіс;

- шығарма, мазмұндама талаптарын білуі тиіс.

2 Пререквезиттер:



1 Әдебиеттану

2 Тіл білімі

3 Тарих

4 Педагогика



5 Психология

6 Философия.

ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
1- тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесінің өзге ғылым салаларымен байланысы.

Қарастыратын сұрақтар: Әдебиет пәнінің тарихпен байланысы. Таным теориясымен байланысы. Тіл біліммен байланысы. Педагогика, психологиямен байланысы.



Мақсаты: Әдебиетті оқыту әдістемесінің өзге ғылым салаларымен байланысы айқындау

2- тақырып. Қазақ әдебиетін оқытылу тарихы

Қарастыратын сұрақтар: XVII-XIX ғасырлардағы молда-мұғалімдер қызметі, материалдары. Оқу бағдарламаоарының түзілісінің ерекшелігі. XIX ғасырдағы орыс-түзем оқуы мақсаты. Орыс әдіскерлерінің әдебиетті оқыту жөніндегі ой-пікірлері. Ф.И.Буслаев пен В.И.Водовозовтың әдістемелік ұстанымдары. В.Я. Стоюнин мен В.П. Острогорскийдің әдістемелерінің жаңашылдығы. В.Г.Белинский мен Н.Г.Чернышевскийдік ой-байыптаулары. XIX ғасырдағы қазақ зиялылыраның оқу-ағарту ісі туралы толғаныстары. Ш.Уәлихановтың оқу ісі жөніндегі пікірлері. Ы.Алтынсариннің мектебі мен оқу құралдары, түзілісі. А.Құнанбаевтың оқу-білімі жөніндегі пікір-талаптары. XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары оқу-ағатрту жұмыстары жөнінде. А.Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі, еңбектері. М.Жұмабаевтың педагогикалық еңбектері. Ж.Аймауытовтың оқу-ісі барысы туралы ойлары.

Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытылу тарихын меңгеру

3- тақырып. Әдебиет пәнінің қазіргі оқытылу ерекшеліктері

Қарастыратын сұрақтар: 1990-2007 жылдар аралығындағы білім беру жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты жаңадан түзілген оқу бағдарламалары мен оқулықтар. Орта мектеп пен жоғары мектептеріндегі түбірлі бетбұрыстар. «Қазақ орта мектептеріндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы» (1991 ж.), оның мазмұн-мәні, ғылыми методикалық негіздері. Әдеби білім беру құрылымындағы өзгерістер. 1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер. «Әдеби білім тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты (Алматы,1998). Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар, әдеби блім берудегі модульдік жүйе, өзіндік ерекшеліктері, әдебиетті оқытудың жаңа технологиялар жүйесі.



Мақсаты: Әдебиет пәнінің қазіргі оқытылу ерекшеліктерін ажырата білу.

4- тақырып. Әдебиет пәндерінің орта мектепте жүргізілу реті. Әдеби базалық білімнің екі сатысы.

Қарастыратын сұрақтар: 5-8 сыныптарда әдебиетті оқыту . 9-11 сыныптарда әдебиетті оқыту. Базалық білім беру және тарихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім берудің дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық, белсенділік, жүйелілік, бірізділік принциптері. Білім мазмұны жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардың ізденістері. Ғалым Қ.П.Жүсіптің қазақ әдебиетін оқыту әдіс-тәсілдері. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанын оқыту технологиясы. Білім беру жүйесін мақсаты мен міндетіне қатысты оқытудың, проблемалық оқыту (М.Махмутов), саралап оқыту (И.Унт), дамыта оқыту (Ю.Эльконин), топтап оқыту (Дьяченко), қашықтан оқыту (Г.Нұрғалиева, Д.Жүсібалиева) сияқты түрлерінің оқу процесінде қолданылуы.

Мақсаты: Әдебиет пәндерінің орта мектепте жүргізілу ретін, әдеби базалық білімнің екі сатысын меңгеру.

5- тақырып. Сабақ жүргізіу әдістері

Қарастыратын сұрақтар: Сабақ жүргізу әдістері. Творчестволық оқу әдісі. Эвристикалық оқу әдісі. Зерттеу оқу әдісі. Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, проблемалы әдіс, репродуктивті әдіс, интеграциялап оқыту әдісі. Теориялық білім алуға бағытталған әдістер; ақпаратты беру және алу жолын қамтамасыз ету; информация. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер (6 сынып. Әдебиет.-А:Атамұра, 2002).

Мақсаты:

6- тақырып. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту

Қарастыратын сұрақтар: Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың түрлері. Көркем мәтінді толық тұтас алып талдау, образ бойынша талдау, өзіндік ерекшелігі, проблемалық талдау әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік мәнін ашу, көркем ойлауға бағытталған бейнелік-образдың табиғатын түсіндіру. Салыстыра талдау, көркем тундының ішкі әлеміне енудегі талдау түрлерінің өзара байланысы, талдау барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, проблемалық ситуация туғызатын сұрақтар. Талдау барысында мәтіндегі суреттеліп отырған құбылыстарына, кейіпкерлеріне қатысты авторлық позицияны толық ашу, көркем шығарманың құрасстырушы негіздері: сюжет, композиция, тақырып, идея, көркем образ, әдеби тип, әдеби мінез ұғымдарын, тілдің бейнелеу беліглерін негізгі рөлін анықтай білу.

Мақсаты: Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту жолдарын игерту

7- тақырып. Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік сипаттары.

Қарастыратын сұрақтар: Проблемалық оқытудың эпикалық шығармаларды меңгерудің тиімділігі. Проблемалық сұрақтардың қызметі, проблемалық ситуацияны шешудегі ой белсенділігі. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасаудың жолдары. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» шығармасын оқыту.

Мақсаты: Эпикалық шығармаларды оқытудың жолдарын меңгерту

8- тақырып. Драмалық шығармалардың оқытылуы

Қарастыратын сұрақтар: Драмалық туындылардың жанрлық табиғатына сай мәтінмен жүргізілетін жұмыстар, авторлық идеялық-эстетикалық шешімін табу, драмалық шығармаларға қатысты акт, көрініс, монолог, диалог, шегініс, ремарка, тартыс т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі. Драмадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, белгілі бір жүйемен бір арнаға өрбіп дамуы. Драмалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер. М.Әуезовтің «Түнгі сарынын» оқыту.

Мақсаты: Драмалық шығармалардың оқытылуын игерту

9- тақырып. Лирикалық шығармаларды оқыту

Қарастыратын сұрақтар: Лирикалық қаһарман, лирикадағы әсемдік, идея, тақырып, лирикадағы сюжет мәселесінің өзіндік ерекшелігі. 5-6 сыныптарда өлең оқыту. 7-8 сыныптарда өлең оқыту, 9-11 сыныптарда өлең оқыту (Мәшһүр-Жүсіп Қуандық Пазылұлы. «Көркем сөздің құдіреті» еңбегі бойынша). К.Ахметованың «Қазағым менің», М.Мақатевтың «Мен таулықпын» өлеңдерін оқыту (5 сынып. Әдебиет.-А:Атамұра, 2005).

Мақсаты: Лирикалық шығармаларды талдай оқытуды игерту

10- тақырып. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары

Қарастыратын сұрақтар: Календарлық, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі. Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы. Сабақ түрлері. Мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар. Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» повесі бойынша сабақ жоспарын құру (7 сынып. Әдебиет.-А:Атамұра, 2003).

Мақсаты: жұмыс жоспарларын жасауға дағдыландыру

11- тақырып. Жазу жұмыстарының түрлері, сипаты.

Қарастыратын сұрақтар: Мазмұндамаға қойылатын талаптар. Шығармаға қойылатын талаптар.



Мақсаты: Жазба жұмыс әдіс-тәсілдерін меңгерту

12- тақырып. Әдебиет пәні кабинеті

Қарастыратын сұрақтар: Көрнекіліктің түрлері, аудитория және одан тыс пайдалану. Техникалық құралдар қолданудың амал-тәсілдері. С.Сейфуллин шығармашылығын өту барысында қолданылатын көрнекілік түрлері, техникалық құралдар.



Мақсаты: Көрнекіліктің түрлерін игерту
Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – А. Мектеп, 1993.

  2. Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетінің әдіснамасы. Оқу құралы. -., 2002

  3. Әрінова Б. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.-А., 2004

  4. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ.-А., 1988

  5. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы.-А., 2003

  6. Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі. –А., 1977.

  7. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.

  8. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1999.

  9. Бітібаева Қ.Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А. 2003.

  10. Голубков В. Методика преподавания литературы. М., 1962.

  11. Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту. - А., 1969.

  12. Жұмажанова Т.Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995.

  13. Жұмажанова Т.Қ. Қазақ әдебиетінен оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспары. 6-7 сынып. А., 2003.

  14. Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., - 1999.

  15. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А. Мектеп, 1969.

  16. Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары.- А. 1974.

  17. Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 1991.

  18. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. –А., 1966

  19. Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы. –А., 1987

  20. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп, 1979.

  21. Құрманова Н, Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. – А. АлМУ, 2000.

  22. Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999.

  23. Мақпыров С., Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1981.

  24. Мәшһүр Жүсіп.Қ. Көркем сөздің құдіреті. (Мектепте қазақ әдебиетін оқыту). Павлодар, 2000.

  25. Мәшһүр Жүсіп.Қ. І.Жансүгіровтың «Құлагер» дастанын оқыту. «Қазақ тілі мен әдебиеті», №8, 2002.

  26. Сманов Б. С.Мұқановтың «Ботагөз» романын оқыту. А., 2000.

Ќосымша:

  1. Құрманбаева Г., Жұматаева Е. әдебиет. Оқыту әдістемесі. –А., 2001

  2. Әрінова Б., Аққұлова А. Әдебиет. Оқыту әдістемесі. –А., 2003

  3. Мырзағалиев Қ.Әдебиет сабағында әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту.-А., 1973

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет