Методические указания Форма ф со пгу



бет1/20
Дата18.12.2021
өлшемі0,94 Mb.
#103150
түріМетодические указания
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
8aefda41-baaa-11e5-bf37-f6d299da70eeМММ МФ 0110, 8aefda41-baaa-11e5-bf37-f6d299da70eeМММ МФ 0110, 31-----, 8aefda41-baaa-11e5-bf37-f6d299da70eeМММ МФ 0110, Физика 7 сынып

Методические указания




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/05


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Жалпы және теориялық физика кафедрасы

«Оптика» пәнінен


5В060400- «Физика» мамандығының студенттеріне арналған

Зертханалық сабақтарға

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар



Лист утверждения

методических указании к лабораторным занятиям






Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/05








БЕКІТЕМІН

ФМжАТФ деканы

___________ Н.А. Испулов

«___»____________2012ж.




Құрастырған: аға оқытушы Искакова А.Б._____________________­­­_________
Физика және аспап жасау кафедрасы
5В060400- «Физика» мамандығының студенттеріне
«Оптика» пәні бойынша
Зертханалық сабақтарға

арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Кафедра отырысында ұсынылған « » ___ __ 2012 ж.


№ _ хаттама.

Кафедра меңгерушісі ___________ М.К.Жукенов

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің әдістемелік кеңесі мақұлданған 200__ж. _____________ «____» №_____хаттама

ОӘК төрайымы _______________________А.Б.Искакова



Зертханалық жұмыс №2
Микроскоптың ұлғайтуын және шынының сыну коэффициентін анықтау
Жұмыс мақсаты: микроскоптың құрылысымен, микроскопта бейнені құру принциптерімен танысу; микроскоптың көмегімен шынының сыну коэффициентін анықтау.

Құрал-жабдықтар: дөңгелек индикаторы бар микроскрп, микрометр, екі жақ бетінде де штихтары бар шыны пластинка.


Қысқаша теория

Әртүрлі оптикалық құралдардың ішінде көзді қаруландыруға арналған құралдар кең қолданыс табуда. Мұндай құралдарға көзілдірік, лупа, дүрбі, микроскопты жатқызуға болады.

Заттарды визуалды бақылауға арналған оптикалық құралдардың маңызды сипаттамасы болып көрінетін ұлғайту саналады.

Көрінетін ұлғайту көру бұрыштары арқылы анықталады. Оптикалық оське перпендикуляр орналасқан затты немесе оның бейнесін көруге болатын бұрышты көру бұрышы деп атайды.

Оптикалық құралдың Г көрінетін ұлғайтуы деп затты құрал арқылы бақылағандағы көру бұрышының тангенсінің көзден ең жақсы көрінетін қашықтықта (лупа мен микроскоптың ұлғайтуын есептегенде; сур.1) немесе құрал арқылы қарағандағы қашықтықта (бақылағыш дүрбілер үшін) орналасатын затты қаруланбаған көз арқылы бақылағандағы көру бұрышының тангенсіне қатынасын айтады.

Осылайша


. (1)

Ең алдымен лупа арқылы берілетін бұрыштық ұлғаюды анықтайық. Сәулелердің жолы 2-ші суретте көрсетілген.




У1








Lж.к.




Сурет 1

Сурет 2


АВ заты Ғ фокалдық жазықтықта орналассын. Заттың бір нүктесінен шығатын сәулелер(мысалы 1 және 2) лупадан кейін параллель жүреді. Заттың бейнесін көз торында алу үшін көз шексіздікке аккомодацияланады. Көздің аккомодациясы деп көзден әртүрлі қашықтықтарда орналасқан затты анық көруге бейімделуді айтады. Заттың фокус пен линза арасында да орналасуы мүмкін (А2В2); бұл жағдайда көз торындағы бейне көз аккомодациясы кезінде көзден көруге ең ыңғайлы қашықтықта Lж.к. орналасқан АВ жалған бейне болып келеді.

Онда келесіні аламыз:



(2) (3)

және бұрыштық ұлғаю

, (4)

яғни Г бұрыштық ұлғаю берілген жағдайда көлденең ұлғаюға тең.

Көз лупаның артқы фокусының жанында орналасқан, сондықтан . Бұл жағдайда:

; (5)

f – метрмен өлшегендегі фокустық арақашықтық, Lж.к.=0,25м.

Микроскоп
Оптикалық микроскоптардың көмегімен үлкен ұлғайту мен жақын орналасқан заттар немсе олардың жеке бөліктері қарастырылады. Микроскоптағы сәулелер жолы 3-ші суретте көрсетілген.

АВ заты объективтің алдыңғы фокалдық жазықтығының жанында орналасқан. Объектив үлкейтілген нақты кері бейнесін береді, ол окуляр арқылы қарастырылады. бейнесі окулярдың F2 алдыңғы фокусының жанында орналасу керек, сондықтан деп санауға болады, мұндағы - объективтің артқы фокусынан Ғ2 алдыңғы фокусына дейінгі қашықтық.

Объективтің беретін көлденең ұлғайтуы келесіге тең:

(6)

Осыдан бейнесінің өлшемін анықтаймыз:

(7)

бейнесі бұрышынан көрінеді.

(8)

Анықтама бойынша (9)

Микроскоптың бұрыштық ұлғайтуын анықтайық:

(10)

яғни микроскоптың ұлғайтуы объектив пен окулярдың ұлғайтуларының көбейтіндісіне тең. Олардың мәндері окуляр мен объективтің жақтауларында келесі түрде көрсетіледі: 8х, 20х және т.с.с. (8-еселік, 20-еселік ұлғайту)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет