Методические указания Форма ф со пгу



бет5/20
Дата18.12.2021
өлшемі0,94 Mb.
#103150
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
8aefda41-baaa-11e5-bf37-f6d299da70eeМММ МФ 0110, 8aefda41-baaa-11e5-bf37-f6d299da70eeМММ МФ 0110, 31-----, 8aefda41-baaa-11e5-bf37-f6d299da70eeМММ МФ 0110, Физика 7 сынып
Бақылау сұрақтары

  1. Микроскоптың ұлғайтуы дегеніміз не?

  2. Микроскоптың сызықты ұлғайтуының формуласын қорытып шығару.

  3. Микроскоп құрылысы және оның қолданысы.

  4. Микроскоптағы және лупадағы сәулелердің жолын сызу.

  5. Микроскоп ұлғайтуының тәжірибелік анықталуы қалай жүргізіледі.

  6. Қарастырып отырған жағдай үшін шынының сыну коэффициентін анықтауға қажетті формуланы қорытып шығару.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №9.

ЖАРЫҚ ПОЛЯРИЗАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ.

ЖҰМЫС МАҚСАТЫ: поляроидтар көмегімен шағылу, сыну, дихроизм, жасанды анизотропия, екіленіп сәулесынушылық жағдайдағы жарық поляризациясын анықтау.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: проекциялық аппарат, екі поляроид, иілімді көрсететін пластинка, исланд шпатының кристалы, лазер, әйнек шынысының пластинкасы, экран, рельс моделімен берілген бұрандама.

ҚЫСҚАША ТЕОРИЯ.

Қандай да бір ток көзінен шығатын жарық сәулесін электромагниттік толқындар жиынтығы деп қарастыруға болады. Электромагниттік толқындар - көлденең толқындар, басқаша айтқанда, электрлік және магниттік өрістерінің кернеулік векторларының тербелісі сәулеге перпендикуляр бағытта болады. Ережеге сай, жарық сәулесінде электрлік және магниттік вектор тербелісінің бағыттары әр түрлі толқындар бар. Тербеліс бағытының артықшылығы жоқ (сурет 1).

Мұндай жарық табиғи жарық деп аталады.

Егер жарықтың тербеліс бағыттары қандай да бір үлгімен реттелген болса, онда жарық поляризацияланған деп аталады.

Егер электрлік және магниттік векторлар тербелістері бір жазықтықта ғана болса, онда жарық жазық- немесе сызықты поляризацияланған деп аталады (сур 2). Электрлік вектор және электромагниттік толқындардың таралу бағытымен өтетін жазықтығы тербеліс жазықтығы деп аталады.

Егер толқын бойындағы вектор (жарық векторы) уақыт бойынша айналып, яғни оның соңы эллипс жазса, онда мұндай жарықты эллипстік поляризацияланған деп атаймыз.

Эллипстік поляризация - көлденең толқын поляризациясының жалпы түрі, егер эллипстің осьтерінің біреуі нолге тең болса, онда сызықты поляризация эллипстік поляризацияның дербес жағдайы болып келеді. Ал эллипстің жарты осьтері тең болса, онда тағы дербес жағдай – дөңгелек (циркулярды) поляризация аламыз.



векторының айналу бағытына қарай оң және сол эллипстік және дөңгелек поляризация болып бөлінеді. Сәуле бағытына қарама-қарсы бағытқа қатысты вектор сағат тілі бойымен айналса, поляризация оң деп аталады, керісінше жағдайда сол деп аталады.

Т абиғи жарықтан жазықполяризацияланған жарықты поляризатор деп аталатын құрал арқылы алуға болады. Мұндай құрал - жабдықтар жазыққа параллель тербелісті еркін өткізеді. Оны біз РР поляризатор жазықтығы деп атаймыз (сур 3) және ол бұл жазықтыққа перпендикуляр тербелістерді толық тежейді. Сәуле



Тербеліс жазықтығы






Сурет 1.










Поляризация жазық-

тығы


Сәуле
Сурет 2 а.




























Сурет 2 б.


А I

П оляризатор жазықтығы d



Р

Анализатор жазықтығы


Р
Сурет 3.

Сонымен бірге, жарық поляризациясын поляризаторға тәріздес анализатор деген аспаппен де алуға болады.

К елесі тәжірибені қарастырайық. РР оптикалық ось деп аталатын турмалин кристалы бетіне перпендикулярға жарықты бағыттайық. кристалын сәуле бойымен айналдырып, сәуле арқылы өтетін жарық екпінділігінің өзгеруін бақылаймыз. Кристалл айналғанда жарық екпінділігі өзгермейді.


А


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет