Методическое пособие по современной методике обучения иностранным языкам методическое пособие



бет4/11
Дата27.12.2016
өлшемі2,2 Mb.
#5988
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

9 Аудированиеге үйрету

9.1 Оқытудың мақсаты.


9.1.1 Аудированиеге үйрету сөйлеу әрекетінің екі функционалды түрлерімен жұмыс істеуін болжайды: тікелей қарым-қатынас процесіндегі аудирование (диологтік) және қарым-қатынас тікелей емес жағдайларындағы байланыс мәтіндер аудированиясы. Оқу процесіндегі рецептивтік әрекетінің 1-ші түрі көбінесе оқушылардың бір-бірімен және мұғалім арасындағы қарым-қатынасымен шектеледі. Бірақ кейбір жағдайда осы әрекетті табиғи қасиет бар. Себебі аудированиенің осы түрін үйрету оқушыларды диологтік режимде сөйлеу мен үйретумен бірге байланысты.

Аудирование оқу сияқты рецептивтік әрекеті болғандықтан, біз айиқан оқу бойынша көптеген жағдайлар сөйлеудің есту арқылы мәнді тануда релевантты болады. Мысалы: аудио-ақпаратты түсіну деңгейлерін анықтау сұрақтарда біз төменгі берілген материалды пайдалана аламыз және біз бірдей естиміз ба? Радио бойынша ауа райын естіген кезде, біз тек пайдалы ақпаратты, яғни өз облысындағы ауа райын таңдайсын. Егер бізге теледидар немесе радио бойынша пайдалы кеңес берсе, сонда біз оны сөзбе сөз еске алуына тырысамыз. Сонымен бірге аудирование, оқу спецификасын шарттандыратын, өз ерекшеліктері бар сөйлеу әрекет түрі.

Экстралингвистикалық, индивидуалды өзіндік және лингвистикалық қасиеті бар фактордың есебі аудированиенің оқу процесін қолайлы ұйымдастыру жағдайын жасайды. Осы факторлар тану түрінің есту арқылы меңгеруінің қиыншылдықтарын, оның түсінуі және есту рецепциясының оқу жүйесіндегі қатарылығын анықтайды. Бүгінгі оқу процесіндегі аудированиенің мәнділігін және салмағын артуын көтеру пайдалы екенің айттық сонымен қатар, бүгінгі уақытта өте маңызды екен, осы мақсатқа бүгінгі техникалық оқу құралдарын қолдану. Аудио және видео, оқып жүрген тілді білетіндердің жүріс тұрыстың репрезентивтік аутентикалық контенсттер.

Бүгінгі шетел тілін оқу бағдарламаларында негізгі мақсат ретінде оқушылардың меңгеру қабілетін дамуы болып табылады:

- тікелей қарым-қатынастағы әр түрлі жағдайларда сөйлеушінің айтқан сөзін түсіну; сонымен бірге таныс емес тілдік құралдар болатын жағдайда;

- мазмұнына әр түрлі дәрежеде және тереңділігінде кіруімен аудио текстерді түсіну негізгі мазмұнын түсінуі толық түсіну және фактілерін табу (осы текстке енгізу деңгейлері коммуникативті мақсатпен аудиомәтін типімн және тану жағдайлармен анықталады).

Тағыда мақсаттық сферасында оқуға және басқа сөйлеу әрекетінің түрлеріне, қарым-қатынастық түрлі жағдайларында есту рецепциясына ориентациясын белгілейтін прагматикалық аспект аудированиені оқытудың жаңа қалыптастыруы мақсатында белгілінген.

Жаңа бағдармаларында мақсатты қажеттілік мазмұнын түсіну деңгейіне, түріне және естуге танитын шетел мәтіндерде сапалы қасиеттілігіне негізделеді.

Мысалы, осы этаптың соңында оқушылар оқитын деңгейіне және балалар дамуына олардың ынтасына және қажеттілігіне сәйкес келетін оқу және аутентикалық мәтіндерін негізгі мазмұнын түсіну керек: қысқы ертегілер, үлкен емес әңгімелер, жануарлардың бейнелуі, қызықты хикиялар, балаларға арналған мльтифильмдер және видиофилильмдер; және танитың тілдік жаңалықты толық түсіну.

Базалық курс бағдармаларында қысқа міндеттер қойылады. Оқушыларды қысқа және қиын емес аутентикалық тексттердің генізгі мазмұның түсінуге уйрету. (аууа райы, жарнама, радио және теледидар бағдарламалары) және өздеріне керек ақпаратты теріп алу.

Аудировпниенің үш түрін меңгеру, яғни аудиотексттер (теле және радио бағдармалардың әр түлі жанры, теле және видео фильмдер, сонымен бірге меңгерлік, ел тану және публистикалық қасиетті, докладтар және т.б.) монотематикалық, политематикалық қасиетті информацияны ұстайтын болатын және оқитын шетел тілі нұсқасына қарай емес, сонымен қатар информациондық мазмұндылығымен көп есе ажырататын аудиотексттер керек.

Аудиотексттердің бар түрлерін алсақ, олар оқушыны жас деңгейі бойынша сәйкес келетін көз қарасымен және әр түрлі этаптағы оқу мақсатымен бір топқа жинала алады. Солай, бастапқы мектепке арналған релевантты тексттер қолдануға болады: балалық өлендер, тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, хаттар, мультифильмдер, ал орта мектепке осылармен бірге, аэропорттағы, вокзалдағы диктордың жарнамасы, ауа райы және жастық теле бағдармалар.

Осы аудированиенің түрінің негізгі базалық қабілеттелік болып табылады. Олар шетел тілін оқу процесінде қолайлы меңгеріле алады. Бірақ олардың неменклатурасы рецептивтік оқу қабілетіне қарағандв біресе шектелген. Яғни қатарлық сөйлеу қабілетінің қиыншылдығы және аудированиеге оқыту мазмұны.

Одан басқа, оқушылар оқу және адаптивтіе комплексімен кездеседі. Олар сөйлеу комплексімен бірге аудиотекстті түсіну бағдарламасын құру жалпы оқу қабілеттігіне осыларды жатқызуға болады:


10 Сөйлеуге үйрету әдісі ( диалог түрінде сөйлеу)
Сөйлеу- адамның сөз әрекетінің бір түрі, яғни сөз әрекетінің түрлерінен адам өз ойын басқаға жеткізіп, дәлелдей алады. өз көңіл-күйін, қуанышын, ренішін білдіреді, сендіреді. Сөйлеудің 2 түрі бар. Оның бірі монолог, екіншісі диалог. Бұлар бір-біріне ұқсас болғанымен, олардың арасында елеулі айырмашылықтар бар. Монолог жеке адамның біреуге арнап айтқан сөзі, бұл сөйлеудің ерекшілігі сол бұл жерде бір адам сөйлейді, басқалары тыңдайды. Ал диалогта аз дегенде 2 адам сөйледі ( диа – екі деген мағынаны білдіреді). Бұл жерде сөйлеушілер кезек-кезек сөйлейді, яғни диалогтың екі жақтылығында. Диалогқа, яғни сұқбатқа қатысушылар саны екі және одан да көп болуы мүмкін. Диалог мазмұнына байланысты сөйлеушілердің көңіл-күйі, дене қимылы, мимикасы өзгеріп тұрады. Сол себепті диалогқа үйрету кезінде алдымен оқырмандардың, немесе үйренушілердің сұраққа жауап бере алуын,біреудің әңгімесін қолдай алуын,әңгімені жалғастыра алуын, бұйрық бере алуын, шақыра алуын біреуге өтіне алуын қадағалап осыған сәйкес жұмыстар жүргізу қажет.

Алдымен үйретушілер тірек сөздерді қолданып, игерілген сөз тіркестерін, барлық грамматиканы қолдана отырып, біреумен әңгіме жүргізе алатын болады. Сөйлеу көлемі әр оқушыға 5-6 реплика болу керек. Оқушы барлық сүйеніштерді пайдалана отырып, өтініш айтуға, бұйрық беруге, өз ойын жеткізуге үйренеді, өзінің басқа біреумен келісетінін- келіспейтінін білдіреді, пікір айтуға үйренеді, қайта сұрауға үйренеді.

Диалогқа үйретуде көретін кинофилтм, бейне фильмдердің, арнайы оқылған әңгімелердің маңызы зор. Студенттер осы тақырыптарға байланысты әңгімелесіп, олардың кейпкерлері туралы өз ойларын бір-біріне айтады, келісетін-келіспейтіні туралы әңгімелеседі. Бұл сәтте әр студент 2-3 репликадан айтып, бір- бірімен дауласуға да болады.

Жалпы диалог репликадан тұрады. Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің объектісі реплика болып табылады. Оның екі түрі бар. Бірі көршісін әңгімеге тарту және оның сөйлеуіне тұтқа ( қозғаушы болатын реплика) ( репликаның бұл түрін түрткі реплика) деп атаймыз.

Ал екінші репликаның түрі- жауып реплика, яығни қозғаушы репликаға жауап беретін реплика түрін атаймыз. Репликалардың бұл 2 түрінің бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша, олар бір-бірінің туып өрбуіне себепкер болып отырады. Репликаның екі түрі бірігіп бір диалогтық бірлестік туғызады. Егер студенттерді бірлестікке үйрете алсақ олар сөйлеуге тез үйренеді. Ал егер студенттер жеке репликалармен шектеліп қалса, онда бұл репликаларды біріктіре алмайды. Жалпы шет ел тілдерін оқыту әдісі бойынша диалог түрінде сөйлеуге үйрету саласында сұрақ-жауап беруге үйрету қажет деген ұғым. Әрине диалогта сұрақтар мен жауаптар үлкен орын алады.

Бірақ, диалогтық бірлестікті сұрақ-жауап беру деп қана түсінбеу керек. Тіршілікте болып жатқан әр жағдайда қажетті тірек сөздермен бұйыра, шақыра, өтіне алу мүмкіндіктеріне жеткізу деп те түсіну қажет. Мысалы, біреуді қонаққа шақыру, біреуге телефон соғу, біреуді құттықтау, шақыруды қабылдау, қабылдамау, бір мекемеге бір нәрсе хабарлау.

Мысалы Н.И. Гез деген ғалым шетел тілдерін оқыту әдістемесінде көптеген диалогтық бірлестіктерді тізіп береді:

- сұрақ-қарсы сұрақ;

- мәлімдеме- соған байланысты тұрған сұрақ;

- іліп алма реплика ( реплика-подхват), яғни бір хабар- сол хабарды жалғастаратын реплика, өтініш-сұрақ.

Сонымен қатар, сөйлеушілердің репликаларының функционалдық ара қатынасын мынандай 3 топқа бөлуге болады.

1) ақпаратты хабарлау – сөзбен жауап қайтару, толықтыру, қосымша ақпарат сұрау;

2) ақпарат сұрау- оған сөзбен жауап беру, ақпарат беруден бас тарту;

3) өтініш , ұсыныс, кеңес түрінде іс- әрекетке қозғау салу сөзбен жауап беру, ақпаратты хабарлау ( өкініш білдіру, ұсынысты қабылдау, күмәндану).

Алдымен диалог құру үшін сөз үлгілерін үйрету керек. Сөз үлгілері дегеніміз- түрлі сөйлем үлгілері. Егер біргеуге бір нәрсе туралы айту керек болса, хабарлау керек болса, онда сөз үлгісі ретінде хабарлы сөйлем қолданады, ал біреулерден ақпарат сұрау, мәлімет алу алу керек болса, онда сөз үлгісі ретінде сұраулы сөйлемдердің үлгілері қолданылады. Біреуді бір нәрсеге жұмсау үшін, бұйрық беру үшін бұйрық райлы сөйлемдердің үлгілері қолданылады.

Бұл сөйлемдерді қолдану үшін, студент осы сөйлем үлгілерінің бәрімен жұмыс істей алуы қажет, тек сонда ғана олар сөз үлгілерін өз сөзінде қолдана алады. Сұрақ-жауап бірлестіктеріне үйрету үшін, мұғалім алдымен өзі оқушыларға сұрақтар қояды, содан оқушылар бір-біріне сұрақ қояды да, оларға басқа оқушылар жауап береді. Бұл сұрақ-жауап бірлестігіне үйрету кезінде мынадай ойынды қолдынуға болады. Мысалы, бір асықты алып бір студентке сұрақ қоямын, студент жауап беріп асықты келесі студентке жібереді. Осындай тізбекепен сұрақ-жауап жүріп отырады. Студенттерді сұрақ қоюға үйрету үшін, алдымен бір затты көрсетіп, сол затты қазақ тілінде атайды. Одан кейін 2-ші сұрақ қойылады. Заттың ол зат екеніне күмәндана сұрақ қойылады.

Қазіргі кездегі ең тиімді әдіс түрлері деп рольдік ойындарды, дөңгелек үстел және сайыс сабақтарды айтар едім.

Сөйлесуге, үйретуге, дағдыландыруға қажетті тапсрмалар түрлері.

Егер өтілетін тақырып экология табиғат туралы болса төмендегідей тапсырмаларды қолдануға және ситуацияларды беруге болады. Ситуацияларды негізге ала отырып мини диалогтан бастап, диалогты күрделендіре беруге болады. Қазақстанның экологиялық жағдайлары нашар қалалары туралы әңгіме, мәтін оқи отырып осыған талдау жасауға жұмылдыру. Мысалы, Семей полигоны, Балқаш, Арал тағдыры атты мәтіндерді оқыдық, талдадық, сөз тіркестерімен жұмыс істедік.

Ситуацияның бірінші түрі: сіз қала сыртында дем алып жүрсіз, біреулер қоқыс тастап, таза жерді ластап жатыр. Сіз көршіңіз екеуіңіз осы тақырыпқа дауласыңыз.

Ситуацияның екінші түрі: теледебат. Сіз хабарды жүргізушісіз, халық сізге Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы сұрақ қояды (халық студенттердің көбі).

Ситуацияның екінші түрі: қаланың ортасына Жанармай колонкасын салады, ал сіздер сол жердің тұрғындары болып қарсылық білдірдіңіздер.

Ситуацияның төртінші түр: бір мекеме басшысы өз зауытының шығатын қоқыс туралы мәлімет беріп оның қоғамға зиянды еместігін дәлелдейді, оған халық сұрақ қояды (түрлі сұрақтар қойылады, қолдайды, өтінеді, сұрайды, қарсы болады). Студенттер бір нәрсеге сенетінін, келісетінін, қолдайтынын көрсете алатын жағдайда болуы керек. Диалогпен жұмыс істей отырып, түрләі әдістерді қолдана отырып жаңа тақырыпты өткен маттериалдармен тығыз байланыстыра отыру қажет. Егер тақырып отбасы болса, барлық тірек сөздер осы тақырып төңірегінде болу қажет. Диалогқа үйретуде студенттердің алдына қойылған міндеттер төмендегідей болу қажет.

- әңгімені толық тыңдап, сөйлесушімен арадағы әңгіме белсенді араласу, өз ойын, өз пікірін айту, басқалардың әңгімесін қолдай білу;

- жаттанды диалогты ғана емес, кезөкелген жағдайды әңгімеге араласа білу;

- өз еліің, өз отбасың туралы еркін сөйлесе алуға үйрету.

Тіл үйренуде ең маңызды нәрсе – сөйлей білу мен ауызша айтылғанды қабылдай білу. Тіл үйрету тәжірибесі арқылы, сөйлеу дағдысын дамытудың басқа дағдыларды қалыптастыруға қарағанда өте ауыр екені дәлелденген. Тілдің көмегімен іс жүзінде қарым-қатынас жасау, адамдар арасындағы пікір алмасудың, байланыстың қажеттілігі болған кезде жүзеге асады. Сөйлеу – тіл әрекетінің ауызша (естудің көмегімен) іске асатын түрі.

Ф.Кайнцтің пікірінше: ең жетілген тіл - айтушының тілді тілдік жағдайға негіздеп, тілдік белгілерді мазмұнмен сәйкестендіре білген жағдайында жасалады. Ол бұндай тілді «құлшыныстық» немесе «кенеттен болған» деген терминдермен атайды. Сөйлеуші өзінің ойын қалыптастыруда өзінің белсенділігін басшылыққа алады, заттық-мағыналық мазмұн мен тілдік материалды таңдайды, тілдің мәнерлі құралдарын кірістіреді. Монологтік пікір білдіру – бұл арнайы қалыптастыруды қажет ететін ерекше және күрделі білім. Монологтік пікір білдіру – бір тұлғаның белгілі бір жағдайды бағалауына, ойын білдіруге т.б. қатысты ашық пікірін байқататын сөзі. Монологтік тіл - тілдік емес ақпарттардың аз қолданылатын тілдік түрі болып табылады. Бұл тілдің белсенді және еркін түрі. Оны жүзеге асыру үшін сөйлеуші бір тақырыпты алып, соның негізінде өзінің пікірін білдіруі қажет. Монологтік тіл - тілдік емес ақпараттың аз қолданылатын түрі.

Сонымен бірге бұл тілдің ұйымдастырушылық қасиеті бар түрі. Сондықтан оны жүзеге асыру үшін тек жекелеген пікірлерді немесе сөйлемдерді ғана емес, тұтас хабарды жеткізе білу дағдысы да болуы керек.

Монологтік тілдің нәтижелілігі коммуникативтік мақсатқа қарай тілдік құралдарды және ойды білдірудің кейбір тілдік емес коммуникативтік құралдарын (әсіресе интинацияны) дұрыс таңдай білумен тығыз байланысты.

Сөйлеуші өзінің тілінде, мысалы, растаудың, өтініштің, шақырудың, келісудің, келіспеудің әр түрлерін, сұрақтың түрлі типтерін, ұсыныс, күтпеген жағдай, теріске шығару, сендіру, келіспеушілік т.б. жағдайлардағы көңіл-күйлерді де білдіре алуы керек.

С.Д. Канцельсонның мына ережесінің маңызы өте зор: «жалпы алғанда, кез-келген монолог «білімді сөз жүзінде білдіру» болып табылады, ал «білімді сөз жүзінде білдірудің түрі мен көлемі сөйлеушінің стратегиясы мен ситуациялық жағдайларға байланысты өзгеретін ауызша ақпаратты қажет етеді»

Жекелеген зерттеушілер монолог туралы мынандай пікірлер айтқан:

1) екінші тұлғаға қаратып айтудан қандай да бір себеппен бас тартып, барлық назар ойдың логикалық жүйелілігі мен мазмұнына аударылғанда монолог синтаксистік бейтарап болады;

2) бір тұлғаның нақты біреуге қаратып сөйлеуінде немесе шешендік сөзде біреулерге қаратып айтылатын монолог сөйлеу монологі болады. Бұндай монолог тілдесу барысында тыңдаушыны өзіне қаратып алуды көздейді. Бұл диологтегі монолог. Сондықтан бұнда шешендік сөзге тән: лепті сөйлемдер, жалпылау сөйлемдер, шешендік тілдік формалар, ішкі диолог, өткір афоризмдер, т.б. аудиторияға әсер ету құралдары көп қолданылады.

Бұл жағдайда ақпараттың көлемі мен сипатын, қандай тілдік құралдарды

таңдауды сөйлеуші өзі анықтайды. Сөйлеушіге оның айтқан пікірін қабылдаушыны анықтау мен ойдың жүйелілігін сақтау әсіресе қиындық тудырады.

Табиғи тілдік байланыс жағдайында таза күйіндегі монолог сирек кездеседі. Көбіне ол диологтік тілдің элементтерімен араласып келеді, яғни диологтегі монолог болып табылады. Арнайы әдебиетте монологті олардың стилистикалық ерекшеліктері мен қоғамдық әсеріне қарай жіктеу кездеседі. Мысалы, В.В. Виноградов монологтің төрт типін бөліп көрсетеді: сендіру монологі, лирикалық монолог, драмалық монолог, хабарлау типіндегі монолог.

Монологтік тілді үйретуде қолданылатын жұмыстардың типтері біртұтас болуы қажет. Тіл үйренушінің тілді білуге деген ынтасын оята білу мен тіл үйренушінің өзінің тіл үйренуде алға жылжып бара жатқанына көзін жеткізу қажет. Бұл шет тілін үйренуге деген қызығушылықты арттырады.

А.А. Леонтев тілдік әрекеттің құрылымын мынандай үш кезеңнің өзара байланысы ретінде қарайды:

1) тіл әрекетін жоспарлау;

2) тіл әрекетін іске асыру;

3) салыстыру мен бақылау.

А.А. Леонтевтің осы көрсеткендерінің ішінде тілдік интенцияны қалыптастыру және айтылатын пікірді іштей жоспарлау деген кезеңдер бар. Олар «сөйлеуге дейінгі» жоспарға жатады.

А.А. Леонтевтің теориясындағы іштей бағдарлаудың маңызы сөйлеуге дейінгі кезеңмен шектелмейді. Ол сөйлеу компоненттерінің басқаларының да негізі болып қаралады.

Тілдік пікір білдіруді іштей жоспарлау былай болуы мүмкін. Сөйлеушінің пікір білдіру жоспары пайда болған соң, бағдарламаның бірінші бөлшегін обьективтік тілдік кодқа айырбастауы мен бірінші сөз пайда болғанша сөйлеу моделіне түсіру ережесіне салу процесі жүреді.

Жоспарлаудан тілдік код арқылы жүзеге асыруға өткенге дейін мынандай механизмдер болады:

- сөздерді таңдау;

- жоспарлаудан оны жүзеге асыруға өту;

- грамматикалық болжамдар;

- синтаксистік нұсқаларды таңдау мен салыстыру;

грамматикалық «міндеттемелерді» бекіту мен шығару;

Жоспарды жүзеге асырумен қатар пікір білдіруді жоспарлау әрі жалғасады.

И.А.Зимнияның жіктеуі бойынша сөйлеу құрылымы үш кезеңдік бөлшектерден тұрады. Олар: әсер етушілік-мотивациялық, аналитикалық-синтетикалық, орындаушылық.

Әсер етушілік-мотивациялық бөлімде адамның, кейін сөйлеушінің басқа адамға әсер етуі түрінде жүзеге асатын, пікір білдірудің белгілі бір мақсатының, себебінің әсерімен туатын вербальді түрде қарым-қатынас жасау тілегі пайда болады.

Рухани себептердің барлығы үш топқа бөлінеді: интелектуальдік, моральдік, эмоционалдық-эстетикалық.

Интелектуальдік себептер оқушының танымдық әрекетінің, білімге құштарлығының, білімінің аясын кеңейтуге деген тілегінің негізінде туады. Бұған мыналарды жатқызуға болады: мақсаттық себептер (коммуникативтік) және оқушының белгілі бір білім аламын деген талабының, тілін үйреніп жүрген елге деген қызығушылығының, тілдік формалардың біреуін терең түсінуге білдірген ниетінің нәтижесі болып табылатын танымдық себеп.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, әр жаттығудың сөйлеуге себеп болуымен қатар, оқушының танымдық әрекетін тудыру, білімге, үйренуге деген құштарлығын ояту қасиеттері де болуы керек екенін көреміз.

Сөйлеуде түрлі қиыншылықтар туындайды Ол қарапайым сұраққа жауап беруден немесе заттарды атаудан өзінің пікірін білдіруге дейінгі кезеңде кездеседі. Жекелеген сөз бен тіркесті айтудан пікір білдіруге дейін жету есте сақтау мен ойлау қабілетімен де тығыз байланысты. Сөйлеуге үйрету үнемі белгілі бір мазмұнның негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан осы мазмұн қандай болуы қажет деген сұрақ туады. Сөйлеу оның мазмұны тұрғысынан алғанда өте бай болады емес пе? Сөйлеу барысында түрлі тақырыптар қозғалады. Бірақ үйретуде былай етуге мүмкіндік шектеулі. Ол таңдап алынған материалдың (лексиканың) шектеулі болуымен байланысты. Сөйлеуге үйретудің мазмұнын анықтау материалды таңдау мен ұйымдастырудағы бірінші жасалатын әрекет болуы керек. Сөйлеудің мазмұны бай болғанымен, оның компоненттерінің сөйлеуге үйретудің мазмұнына сай болғаны керек. Осы күнге дейін сөйлеуге үйретудің мазмұны бағдарламада көрсетілген тақырыптармен анықталады. Бірақ, арнайы әдебиеттерде айтылатындай және тәжірибеден көрінетіндей, дәстүрлі тақырыптарға материалдар жинау онша тиімді емес. Сөйлеу мазмұнының элементтері мынандай болады деген қортынды жасай аламыз:

Қарым-қатынас барысында тілдік әрекетпен бір байланыста сөз арқылы байланыс жасау (вербальді) мен қимыл-қозғалыстар мен белгілер арқылы (вербальдік емес) қарым-қатынас жасауға болады. Оның негізгі қызметі ойды білдіру болғандықтан сөйлеуге үйрету процесіне бұндай тілдік жағдайларды да кіргізу қажет. Осы тілдік жағдайлардың әсерімен сөйлеуші, тілдік әрекетпен жаттығып барып, оқу мақсатына жету үшін, қарым-қатынастың басқа түрлерін де араластырып, біреуге бірдеңе туралы хабарлаудың қажеттілігін сезінеді, қандай да бір мәселелер бойынша ақпарат сұрайды, көзқарас қалыптастырады, біреуге бір әрекет жасатады т.б

Сөйлеуге үйрету барысында мынаны есте сақтау қажет. Қазіргі сөйлеуге үйрету ісінде тілдік әрекет бірнеше кезеңдерден тұрады: бағдарлау, жоспарлау (ішкі жоспарлау түріндегі), жүзеге асыру мен бақылау. Сөйлеуге үйретудің нәтижесінде әрқайсының өзіндік сипаттары мен қызметтері бар түрлі тілдік әрекеттер іске асырылады. Сөйлеудің ең негізгі мақсаты - ақпаратпен алмасу, пікірді жеткізу мен қабылдау болғандықтан адам алдымен өзін басқалардың түсінгенін қалайды. Ол үшін сөйлеу процесіне ықпал ететін факторларды дұрыс қолдану керек. Бұл факторлар негізінде тілдік коммуникацияның түрлері мен типтері байқалады. Олар тілдік коммуникативтік әрекетті басқарады.

Тілдік коммуникация қандай жағдайда іске асса да, ақпарат қандай құрал арқылы берілсе де, сөйлеу процессіне қанша адам қатысса да, оның негізінде нақты сөйлеу құрылымының белгілі бір макеті болады.

Монологтік тіл - бір тұлғаның өзінің ойын, оқиғаға беретін бағасын, талабын т.б. білдіретін сөзі. Тілді үйретудің негізгі міндеттерінің бірі – монологтік тілді үйрету. Оқытудың мақсаты – монологтік тілді білуді қалыптастыру. Монологтік тілді білуді қалыптастыру дегеніміз өзінің ойын ауызша коммуникативтік – мотивациялық негізде, логикалық тұрғыдан жүйелі және байланысты етіп, толық және дұрыс айта білу.

Монологтік тілдің мынандай коммуникативтік қызметтері бар: ақпараттық -қоршаған ортаның құбылыстары мен заттары туралы оқиғаны, ақпаратты, әрекетті сипаттау жайлы ақпаратты білім ретінде хабарлау; ықпал ету – біреуді қандай да бір ойдың, пікірдің, көзқарастың дұрыс екеніне сендіру; әрекет жасауға немесе әрекеттің алдын-алуға ықпал жасау; эмоционалдық-бағалаушылық қызметі. Психологиялық әдебиетте монологтік тілдің диологтік тілден күрдеоі де ауыр екені айтылады. Ол сөйлеушінің өзінің ойын байланыстырып, анық, нақты етіп баяндауын қажет етеді. Шетел тілінде монологтік тілді игерген кезде бұл қиындықтар едәуір күрделене түседі, себебі сөйлеуші өз ойын жеткізге қажет сөздерді білмейді. Коммуникативтік мақсаты жағынан мынандай монологтік пікір білдірудің түрлері бар: хабарлау-монолог; сипаттау-монолог; талқылау-монолог; баяндау-монолог; сендіру-монолог. Осы барлық пікір білдірулерді игеру үшін сөйлеуші өзінің пікірін, фактілер мен оқиғалар туралы байланысты сөйлеммен жеткізе білуі керек. Тілдік білімді қалыптастыру шағын тілдік бірліктерден (сөз, сөз тіркесі, сөйлем), күрделі, ірі бірліктерге (мағыналы бөлік, мәтін), қарапайым операциялардан күрделілеріне біртіндеп ауысу арқылы іске асады. Кез-келген тілдік әрекет тілдік жағдайға, яғни осы пікір іске асырылатын жағдайларға негізделген. Жағдай – тілдік әрекетті жасауға қажет тілдік және тілдік емес шрттар болып табылатын вербальдік қарым-қатынастың негізі. Монологтік тіл, диологтік тіл сияқты бір жағдайға негізделуі қажет, сонымен бірге психологтер айтатындай бір себепке байланысты (мотивациясы) болуы керек. Жағдай - монолог үшін қозғаушы күш болып табылады. Кейін ол жағдайдан бөлініп, өзінің контекс–ортасын жасайды. Сондықтан монолог туралы айтқанда оның жағдайға тығыз байланысты болатын диолог пен полилогке қарағанда контексті екенін айтамыз. Монологтік пікір білдірудің диологтік тілден маңызды психологиялық ерекшелігі, оның үздіксіз айтыуында. Бұл сөйлеушінің өз ойын байланысты және толық баяндауына мүмкіндік береді. Монологтік тілдің контексті болуына байланысты оған қойылатын талаптар да ерекше болады: ол түсінікті болуы керек, яғни диологтік тілде жиі қолданылатын тілдік емес құралдарсыз болуы қажет. Ойды жүйелі және логикалық негізделген, толық және байланысты етіп жеткізу – монологтік тілдің негізгі белгісі.

Оқу процесі оқушыны өмірде бар жағдайлардың бәріне кездестіре алмайды. Сондықтан тілдік білім, шынайы тілдік қарым-қатынасты қолдан жасайтын оқу мақсатындағы тілдік жағдайлардағы жаттығулар негізінде дамуы керек.

Оқушылардың тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана білулерінің маңызы зор. Бұл үшін оқушылардың оқыған, көрген, тыңдаған мәтінінің мазмұнын басқалардың осы ақпаратты алу үшін өзі пайдаланған газетті, журналды, кітапты оқулары қажет екеніне сендіре отырып айтып беруілері керек. Егер айтылған сөз жағымды әсер етсе, әңгімеге қатысушылар айтылғанды ары қарай талқылап, соның барысында негізделген көлемді түрде берілетін пікірлерін білдірулері мүмкін. Монологтік тілді игеру ана тілінде де қиындық тудырады, бұл мазмұндық және тілдік бағдарламаны бірдей іске асырудың қажеттілігімен байланысты. Сөйлеуші өзінің пікірін дұрыс құруы үшін, осы тілдік тұтастық коммуникация процесін бұзатын сөйлемдер арасындағы үзілістерсіз айтылуы үшін, кезекті сөйлемді айтумен бірге келесі сөйлем де дайын тұруы қажет. Монологтік тілге анық ой, логикалық байланыс, ақпараттың жеткілікті болуы, дәлелділік, сөйлеушінің өзінің қарым-қатынасы мен бағасы болуы керек. Монолгті бір адам құрады, сол адам тілдік құралдарды, оның құрылымын, композициясын таңдап алады. Монологтік тілдің репродуктивтік те, продуктивтік те сипаты болуы мүмкін. Репродуктивтік тіл коммуникативтік тіл болмайды.

Оқу монологі оқудың басында бір немесе бірнеше тілдік үлгілерден тұратын қарапайым және өте қысқа, логикалық тұрғыдан құрылған пікір болады. Оқушылар алдын-ала дайындалмай-ақ оқу жағдайына сәйкес логикалық байланысты және жүйелі түрде пікірін білдіре білуі керек, тақырып бойынша ауызша хабарлама жасап, белгілі бір тілдік материал шегінде тыңдалған не оқылған материалдың негізгі мазмұнын өз сөзімен айтуы қажет. Оқушылардан фактілер туралы хабарлап қана қоймай, айтылғанға өздерінің көзқарастарын білдірулері де талап етіледі. Пікір білдіру көлемі – тілдік тұрғыдан дұрыс ресімделген 15 фраза. Монологтік жаттығулардың түрлерін анықтауда мына критерилерді есепке алу керек:

1) монологтің түрі (хабарлама, баяндау, сипаттама, талқылау);

2) ойдың логикалық негізді және байланысты, сонымен бірге пікірдің композициялық-құрылымдық тұрғыдан аяқталған болуы;

3) пікірдің көлемі (толық болуы) – тақырыптың ашылуының дәрежесі және сөйлемдер саны;

4) тілдік құралдардың (лексикалық және грамматикалық) араласып келу дәрежесі (яғни тілдік шығармашылықтың сипаты);

5) лексика-грамматикалық тұрғыдан (соның ішінде синтаксистік тұрғыдан) дұрыстығы. Жұмыс тиімді болуы үшін мұқият дайындық қажет. Біріншіден, тілдік және көрнекі құралды таңдап алу керек. Екіншіден, оқушы нақты жағдайларда қандай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін және оны қалай жеңетінін анықтау. Үшіншіден, өзі үшін жұмыстың кезеңдерін нақтылау. Жалпы алғанда, монологтік тілді игеруге үйрету – қарым-қатынас мәдениетін көтеруге және гуманитарлық білімді жетілдіруге қажет болатын - логикалық тұрғыдан ойды жеткізе білу, кез-келген жағдайдың басты ерекшелігін анықтай білу, қортынды жасай білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы керек. Монологтік тілдің дағдыларын сәтті дамытуға шығармашылық сипаттағы, оқушылардың мотивациялық пікір білдірулерін қажет ететін тапсырмалар әсер етеді.

Монологтік пікір білдіру – тілдің көршілес пікір білдірулерінің ортасында болатын бір үзіндісі. Олар түрлі деңгейде болуы мүмкін:

1) сөз;


2) сөз тіркесі;

3) фраза;

4) фразадан жоғары бірлік;

5) мәтін.

Тілдік бірліктің кез-келгенінде өзіне тән үйренуде қиыншылықтар тудыратын жағдайдары болады. Сөз бен сөз тіркесі дәрежесінде – морфологиялық қиыншылықтар, фраза дәрежесіне – синтаксистік қиыншылықтар тән. Фразадан жоғары бірлік және мәтін дәрежесіне – логикалық-синтаксистік. Монологтік пікір білдірумен жұмыс істеудің кезеңдігі туралы айтқанда жұмыстың үш кезеңін ұсынамыз.

Бірінші кезеңде аяқталған бір ойды, бір фраза деңгейіндегі тақырып бойынша айтылатын мақұлдауды жеткізе білу қалыптастырылады. Оқытушы тақырыпты атайды, оқушылар кез-келген бір сөйлемді айтады. Егер оқушы екі сөйлем айтса, олар жеке пікірлер болуы мүмкін, олардың арасында байланыс болуы қажет емес.

Екінші кезең оқушыға айтылған сөйлемдер арасындағы логикалық байланысқа мән беруге ұсыныс жасалғаннан басталады. Сөйлемдер бір тақырыпқа құрылған, өзара байланысты болуы керек.

Үшінші кезең жаңа логикалық тапсырмалармен және сөйлемнің көлемін көбейтумен ерекшеленеді. Монологте міндетті түрде талдау мен негіздеудің элементтері болуы керек.

Сөйтіп, кезеңдерге бөлудің негізгі критериі пікір білдірудің сапасы екенін көрдік. Дағдыларды жетілдіру кезеңінде екі-үш фраза деңгейіндегі, өзіне қажет белгілерінің бәрі бар пікірдің айтылуына жету керек. Мұндай пікір білдіруді микромонолог деп атауға болады.

Тілдік білімді қалыптастыру шағын тілдік бірліктерден (сөз, сөз тіркесі, сөйлем), күрделі, ірі бірліктерге (мағыналы бөлік, мәтін), қарапайым операциялардан күрделілеріне біртіндеп ауысу арқылы іске асады. Тілдік білімге үйретуге арналған жаттығулардың жүйесін құрудағы жүйелілікті сақтау үшін түрлі операцияларды орындағанда ой мен жеңілден ауырға ауысу факторының қатысуын есепке алу қажет. Дайындық мақсатындағы тілдік жаттығуларда түрлі типтегі жаттығулар болады.

Тілдік жаттығулар дайындалған және дайындалмаған тілді қалыптастыратын болып екіге бөлінеді. Кезеңдіктің ендігі бір жағы дайындалған және тілдік жаттығулардың арасындағы тығыз байланыс.

Тілдік және сөйлеу жаттығуларының тепе-теңдігінің маңызы да зор. Бұрынғы шынықтыру жаттығуларының тілдік механизмді қалыптастыруына байланысты көп болуы керек деген пікірлер әдістемелік әдебиетте көп сыналады. Шетел тілдерін оқыту тәжірибесі мен тәжірибе деректері дайындық жаттығуларының санының әлдеқайда аз (әсіресе ресми сипаттағы) болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Өзге тілде ауызша пікір білдіруге үйретуде вербальді тұғырлардың орны ерекше. «Тұғыр» түсінігі шетел тілін оқыту әдістемесінде әртүрлі түсіндіріледі. Көбіне ол әрекет жасауға түрткі болатын дүние ретінде түсіндіріледі. В.Б.Царькова бұл жөнінде былай дейді: «...оқушылардың өмірлік тәжірибелерімен және оның тілдік тәжірибесінде болуы мүмкін қормен байланысты ассоциациясын ояту». Бір жағдайда тұғыр көлемді, келесіде шағын болуы мүмкін. Ақпарат талқылаудың қозғаушы күші болып табылады. Оқытушы көрген не естігенмен байланысты туған ассоциоциаларды айтуды білгірлікпен бір арнаға түсіруді басқарып отыруы керек. Бұл басқару вербальді не вербальсіз тұғырлардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Вербальді тұғырларды тілдік әрекеттің бағыттаушылары деп атайды. Олар ойдың бір бағытта дамуына әсер етеді деп саналады. Тұғыр – бұл берілген пікірге жеткізетін сызық сияқты.

Түрлі ағымдардың өкілдері түрлі тұғырларды қолдануды ұсынады. Олар сөздердің инициалдарынан үлгі-мәтіндерге дейін болуы мүмкін. Бұл тұғырдың мынандай жіктелуіне сай:

1) материалмен таныстыру жолына қарай:

- вербальді - микромәтін (көруге арналған), мәтін (көруге арналған), жоспар (кестелік, толық), сөз, үндеу, мәтел, қол;

- бейнелік – кинофильм, диафильм, түрлі бейнематериалдар, суреттер сериясы, фотосуреттер, кесте, сызба, символика, плакат, карикатура;

2) тілдік әрекетті басқару жолына қарай:

- мазмұнды тұғырлар (Кім?не?қайда?қашан? т.б.сұрақтарға жауап беретін)

- мәндік (не үшін? Неге? Не мақсатпен? Деген сұрақтарға жауап беретін)

Көрсетілген түрлердің тұғырлары пікір білдіруді логикалық тұрғыдан дұрыс құруға әсер етеді, оның сандық және сапалық тұрғыдан толық болуын қамтамасыз етеді.

Коллажды аралас тұғыр ретінде қолданудың ерекшелгі көп деп есептейміз. Коллаж нысананы жан-жағынан тануға (және оның құрамындағыларына) мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің әсіресе елтану сипатындағы мәтіндермен таныстыруда қолданғанда мүмкіндігі зор.

Коллаж – түрі мен мазмұны жағынан көруге арналған көрнекілік. Ол тілдік құралдармен баяндалған, бір тілдік түсінікпен біріктірілген заттық бейнелеу. Негізгі түсініктің айналасында түрлі мәндегі, түрлі деңгейдегі, қосалқы ақпарат болады. Мысалы, мәтіннің тақырыбы, суреттер, фотоматериалдар, сөздер, сөйлемдер т.б. Коллаж онда жасырынған ақпарттың көмегімен негізгі түсінікке қатысты оқушылардың түрлі ассоциоциясын тудыруға бағытталған. Негізгі түсінік пен басқа бөлшектер арасындағы байланыс түс, цифрлар т.б. белгіленеді.

Коллаж мәтіннің фабулас, оқиғаның барысы не мазмұндап айтудың негізі болуы мүмкін. Коллажды қолдану вербальді, графикалық және бейнелік көрнекілікті бірікітуге, тақырыпты тереңірек ашуға, шығармашылықты жетілдіруге мүмкіндік береді. Түрлі түстерді араластыру мен не бір түсті басым көрсетумен бір бөлшектің артықшылығын танытуға болады. Коллаждың ерекшелігі әрбір оқушының өзінің ассоциациасын тудырады. Бұл талдаудың әртүрлі болуына әсер етеді.

Вербальдік тұғырлар көп болғанымен олар оқылатын материалдың ерекшелікері ескеріліп құрылуы қажет.

Жоғарыда көрсетілген тұғырлардың барлығы оқушыларға дайын күйінде беріледі. Оларды оқытушылар таңдап алады, не жасайды, сөйтіп оқушылардың бәріне ұсынады.

Дайындалған монологтік сөйлеуге оқытуда қолданылатын жаттығулар:

- өзара байланысты пікірлерді кейбір өзгерістерімен айту (басын не аяғын өзгерту, жаңа қатысушыны енгізу, баяндаудың композициясын өзгерту т.б.);

- жағдай тудыру не әңгіме құрастыру (берілген сөздерге, жоспар бойынша, ана тілінде қысқаша берілген тақырыпқа т.б.);

- суретті не суреттер сериясын сипаттау (карикатураларды, тілсіз киноны не диафильмді т.б.);

- аталған сөздер, үлгілер, тіркестер қолданылған жағдайларды ойнау;

- тақырыпты шеттілінде түсіндіру;

- естіген әңгіменің тақырыбының қысқаша негіздемесі және анықтамасы (радиохабардың, баяндаманың, сөздің);

- хабарламадан мағыналы бөліктерін бөліп көрсету, оларды атау;

- мазмұндау (мәтінге жақын мазмұндау, мазмұндау –түйіндеме, мазмұндау-реферат);

- тыңдалған хабарламаны не оқыған әңгімені қысқарту; ақпаратты бірнеше фразамен беру;

- тыңдалған әңгіменің жоспарын құру;

- диологті монолог түрінде айту;


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет