Методикалық НҰСҚау ішкі аурулар пропедевтика пәні бойынша Тақырыбы: «Науқастарды тексеру тәсілдері»


«Кеуде сарайының топографиялық перкуссиясы»



бет9/11
Дата19.10.2023
өлшемі241 Kb.
#186820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
стандарты пропедевтикии каз
лист наблюдения, тест ҚТ, Рұқсат қағазы 1, тест сұрақтары ЛОР, 260 ЛД 2021 педиатрия каз (1), хирургия тест қазақша, 260310, Остеохондроз рекомен, КТП ЛД жалпы хирургия каз 23-24, АиГ задачи каз, КТП ІАП 3 ЕІ А, Б 2023-2024, ЖИА Атеросклероз
«Кеуде сарайының топографиялық перкуссиясы» стандарты
1.Сол жақ өкпенің төменгі шетін анықтаңыз; -перкуссияны қолтық асты үш сызықпен,жауырын асты және омыртқа жанындағы сызықтармен жүргіз; -плессиметр-саусақты қабырға аралығына қойып әрбір сызық бойынша жоғарыдан төменге тынық дыбысқа дейін перкуссияла; - перкуссияны қолтық асты ойықтан баста; -арқа жағынан жауырын бұрышынан төмен жерден баста; -тыныс дыбысқа дейін перкуссияла. 2. Оң жақ өкпенің шетін жоғарыда көрсетілген пунктер бойынша анықта. 3.Өкпенің төменгі шетінің қозғалысын анықтаңыз: -3 сызықпен анықтауға болады (бұғана ортасы, қолтық асты, ортаңғы, жауырын асты) өкпенің төменгі шетін анықтап, белгіле; -науқастан терең дем алып, ұстап тұруын сұра, терең дем алудың алдында плессиметр-саусақ өкпенің беогіленген төменгі шетінде тұруы керек. –терең дем алғанда плессметр-саусақты төменге қарай жылжытып перкуссияны жалғастыр, нағызтынық дыбыс естілген жерде саучақтың жоғары, жағынан белгіле. – науқас бірнеше қайтара қалыпты дем алған соң, демді терең шығарып, ұстап тұруын сұра. – сызық бойымен ашық дыбыстан тынық дыбысқа дейін жоғарыдан төменге қарай перкуссияла, белгіле. – жоғарғы және төменгі белгілердің арасын өлше. Өкпе шетінің экскурциясы 4-6 см.


«Өпке аускультациясы» стандарты
1.Тыңдауды кеуденің алдынан өкпенің ұштарынан бастайды, фонендоскопты кеуденің оң және сол жағынасимметриялы нүктелерге қойып тыңдайды.
2.Фонендоскоп бұғана үстінен оң және сол жағынан, кейін бұғана астынан симметриялы нүктелерден тыңдайды.
3.Кеуденің алдынан біртіндеп, төменге қарай симметриялы жерлердің дыбысын салыстырмалы тыңда.
4.Арқа жағынан фонендоскоппен алдымен жауырынның үстінен, жауырын аралығын, жауырыннан төменгі кеңістікті, ең соңында қолтық астын симметриялы жерлердің дыбысын салыстырып тыңда,
5.Стетоскоптың қалқанын қабырға арсында қойып тыңдау керек.
6.Негізгі тыныс шулары: везикула және бронх тынысы. Қосымша, патологиялық тыныс шулары; сырылдар, крепитация, алевра үйкелісінің шуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет