Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг


« Қағаз бетіндегі саяхат» жаттығуы



бет5/7
Дата30.10.2019
өлшемі136,86 Kb.
#50768
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
malmderge-arnalan-treningter-sauat-ashu-pnnen-densaulyty-ktud-yrenu-star-aytty-t.moldaaliev
chuvstvavshkole5klass (1)
124.« Қағаз бетіндегі саяхат» жаттығуы

Тиімділігі: ынтымақтастық атмосферасын, жылдамдықты, жүйелілікті, сыныптағы жағымды ахуалды қалыптастырады. Бұл жаттығуды әсіресе «Сыныптағы психологиялық ахуал, Оқушыларды ынталандыру, «Ынтымақтастық атмосферасын орнату» тақырыптарын өткенде қолдану тиімді.

Сипаттама: тыңдаушылардың әрқайсысы постерге ортақ сурет салуға өз үлесін қосады. Әр қатысушы кезек-кезекпен бір сызықшадан (фигура, кескін) қаламның ұшын қағаздан алмай жалғастырып кету керек. Әр адамға 10 секунд уақыт беріледі. Басты шарт қаламды қағаздан үзбей сурет салу. Сызықтар бір бірімен қиылысуы мүмкін. Әр түсті маркер қолдануға да болады. Бұл жаттығуды топ болып орындаса да болады. Мен бұл жаттығуды өз тобымдағы мұғалімдермен орындадым.

Нәтижесі: тыңдаушылар бұл жаттығуды ұнатты, олар салынған суретте әрқайсысының үлесі бар екендігін сезініп, соңында өз саяхаттарының қайдан бастау алып, жолда қандай кедергілер және қызықты оқиғалар кездескенін анықтап, қайда келіп тоқтағанын сипаттап айтып берді.

125.«Екі шындық, бір жалған» жаттығуы

Мақсаты: топтың ұйымшылдығын, ынтымақтастығын күшейту, ашықтық

атмосферасын қалыптастыру. Топ мүшелері дөңгеленіп отырады: әрбіреуінде

қағаз бен қарындаш дайын болуы тиіс. Мұғалімдерге өздеріне қатысты үш сөйлем жазу ұсынылады. Бұл үш сөйлемнің екеуі шындық, біреуі жалған болуы тиіс. Барлық қатысушылар өз сөйлемдерін оқиды, қалғандары айтылғандардың шындық, не жалған екенін түсінуге тырысады. Барлық пікірлер негізделуі тиіс. Авторлар барлық мұғалімдердің ойларын тыңдап алған соң ғана түсіндірмелерін айтуы тиіс

126.«Біз бір-бірімізге ұқсаймыз ба?..» жаттығуы

Мақсаты: топ мүшелерінің ынтымақтастығын, ұйымшылдығын арттыру. Барлық қатысушылар кабинетте араласып жүреді, кездескен әріптесіне бірінші «сіз маған.... ұқсайсыз» (мысалы, сіз маған ақ көңіл мінезіңізбен ұқсайсыз, сіз маған табандылығыңызбен ұқсайсыз т.б.) (екі минут), содан соң «Сіздің менен айырмашылығыңыз...» (мысалы, сіздің менен айырмашылығыңыз еңбекқорлығыңызда, сіздің менен айырмашылығыңыз деген сөйлемдерді айтады. Қорытындысында біз негізінде бәріміз бір-бірімізге ұқсаймыз және өзіндік айырмашылығымыз да бар, ешкім бізге әр түрлі болуға тыйым сала алмайды.

127.«Кішкентай ергежейлі» жаттығуы

Жүргізуші қатысушыларға кішкентай мейірімді ергежейлінің рөлін ойнауды ұсынады. Жүргізуші қол соққанда, қатысушылар қолдарының шынтақтарын бүгіп, саусақтарын алдына қарай созып «У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен айтады. Егер жүргізуші қолын ақырын соқса, «У» дыбысын ақырын айтады. Өздеріңіздің мейірімді ергежейлі екендеріңізді ұмытпаңыздар, аздап қана қалжыңдаймыз.

128.«Кенгуру» жаттығуы

Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру тұрып тұрады, екіншісі – оған арқасымен тұрады, сосын отырып тұрады. Екі қатысушы да қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың міндеті осы тұрғыда, қолдарын айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу. (Қатысушылар рөлдерімен алмасады, сосын жұптарымен алмасады).

129.«Кеме» жаттығуы

Қатысушылар екі қатарға бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Бұл өзен жағалаулары. Қатарлардың ара қашықтығы қолдары бір - бірлеріне тимеуі керек. Өзенге кеме көзін жауып жүзіп келеді. Оның қозғалысы ақырын немесе жылдам болуы мүмкін. Жағалаулар қолдарымен кеменің қозғалысына ақырын көмектесуіне болады. Кеме жолды өзі таңдайды; айналуына, бұрылуына, оралуына болады.

Соңында кез келген жағалаудың шетіне тұруы қажет. Осы кезде басқа кеме жолға шығады.

130.«Алақанға жан бітір» жаттығуы

Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.

131.«Құпия дос» жаттығуы

Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.

а) «Жүйрік ой» жаттығуы 

Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/ 

- Маған қажет қасиеттер, мыналар...... 

- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ...... 

- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ..... 

- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі ..... 

Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз. 

132.«Жағымды сөздер» жаттығуы

Мақсаты: Өзін - өзі одан әрі ашу, өзін - өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез - келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез келгенін тыңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.

Талдау: Мақтау сөзді айту жеңіл болды ма? Мақтау сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Алған әсеріңіз қандай?

133.«Микрофон алдында сөз сөйлеу» жаттығуы

Мақсаты: Әр түрлі мамандық туралы білімді кеңейту.

Оқу орнының бір өкілі (арнаулы орта, кәсіптік, жоғары) орта мектеп түлектеріне алдында тұрған мамандықты алуды ұсынады. Тыңдаушылар сөз сөйлеу соңында сұрақтар қоюы мүмкін. Ойыншылардың бәрі кезекпен оқу орнының өкілі ретінде сөз сөйлеп шығады. Ұсынылған мамандықтар талданады.

Талдау: Қай мамандықтың өкілі ретінде сөйлеу қиындық келтірді? Қиындығы неде болды? Не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар?

134.«Ол кім, көрсет?» жаттығуы

Мақсаты: Әр түрлі мамандық туралы нақтырақ білу.

Тақтаға топ ойыншыларына ұнайтын мамандықтардың 10 - 12 түрі жазылады. Жүргізуші ол мамандықтардың әрбіреуін көрсетіп, былай дейді: «Ол кім, көрсет?». Барлығы сол мамандыққа лайық ойыншыны көрсетеді.

Талдау: Лайық ойыншыны көрсетуде сіздерге не көмектесті? Қандай әсер алдыңыздар?

135.«Жауырындағы жазу» жаттығуы

Мақсаты: Өзара сенімділік, топтың ынтымақтастық сезіміне зейін қою.

Жүргізуші мамандықтың аты жазылған қағазды бір ойыншының арқасына түйреп қояды. Қалғандары сол мамандықты бейнелеп көрсетеді. Қағаз түйрелген ойыншыны өзінің арқасында не жазылғанын табу керек.

ТалдауНе ұнады? Не ұнамады? Қай мамандықты көрсету қиын болды? Неге?

135«Суретті жалғастыру» жаттығуы

Мақсаты: Шығармашылықты, оның көрінуіндегі кедергілерді сезінуді дамыту. Топ қатысушылары шеңбер бойымен отырады. Шеңберде түсті қарындаш, бор, фломастерлер, парақтар бар.

Нұсқау: Мен «бастаймыз» деп айтқан кезде, әрбіреуіңіз парақ және сурет салуға қажет нәрселерді аласыз. Сурет салуға 15 секунд беріледі. Уақытты мен қадағалап тұрамын және 15 сек. соң сол жақтағы көршіңізге әрқайсыларыңыз өз парағыңызды беруіңізді сұраймын. Парақты алған соң сіз салынған суретті әрі қарай, мазмұнын дамыта отыра, кез –келген бағытта, тағы бірдеңелерді салуыңыз керек. Әркімнің парағы өзіне қайтып келгенше шеңбер бойымен жүріп шығуы керек».

Талдау: Жасалған жұмысты талқылау кезінде тренер топтың зейінін қатысушылардың күтпеген, дәстүрлі емес, өзгеше қабылданған сюжеттің өрбу сәтіне шоғырландыруына болады.

 136. «Түрлі түсті шарлар» - аяқталмаған сөйлемдер жаттығуы


-Бір айдын ішінде сізді егерде куантқан нәрселер көбірек болса жасыл шарды алып  «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан...» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егерде ренжіген сәттеріңіз басым болса «Жұмыста соңғы кезде мені ренжіткен...» қызыл шарды алып осы сөйлемді аяқтау керек.
 Түйін сөз : мұғалімдердің таңдауларына қарай тренер қорытынды сөз  айтады


Келесі  жаттығуды ойдағыдай жасап көрсек сіздің позитивті  бейнеңіз «мұғалім таңбасынан» байқалады. 

 Әр топқа ақ парақ және пиктограммалар таратылады (күн, кемпірқосақ, «жедел жәрдем», жүрек, қолшатыр, магнитофон). Осылардың ішінде тек қана үш пиктограмманы пайдалана отырып ақ параққа «мұғалім таңбасын» жасап шығу қажет. Үш топ үш таңба жасап шығады және де әр топ өз таңбасын ұсынады.



 Кері байланыс сұрақтары:

  • жұмыс барысында қандай сезімде болдыңыз?

  • жұмысыңызға көңіліңіз толды ма?

  • таңбаңызға қарап тұрғанда қандай ой туады?

137. «Сыйлық»  жаттығуы

Тұлғааралық қарым- қатынасты дамыту және де ұжымдық ауызбіршілікті қалыптастыру       мақсатында жүргізіледі. Әр топ мүшелері тек қана қимыл мен ым   арқылы қасында отырған әріптесіне сыйлаған затты көрсету керек, ал      көршісі заттың атын атап сыйлықты алғыс білдіре отырып қабылдайды.

138. «Ортақ әңгіме» жаттығуы

Мақсаты: Топ мүшелерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Бәрі шеңбер бойымен отырады. Біреуі қандай да бір тақырыпта әңгіме бастайды (мысалы, детектив), бірақ тек бірінші сөйлем ғана айтады. Жанында отырған қатысушы екінші сөйлемін, оның жанында отырған үшінші сөйлемін және т.с. шеңбер бойымен орындалады.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңыздар?

139.«Саусақтар» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Әркім қолдарын жұмып отырады, жүргізушінің бұйрығымен бәрі саусақтарын «ашады». Топтың қатысушылары бір - бірлеріне қарамай, бір ғана санды саусақтарымен көрсетуге тырысу керек. Қатысушылар бір - бірімен келісуге, «заңсыз» әдістермен өз әрекеттерін үйлестіруге ұмтылуларына тыйым салынады. Өз мақсаттарына жеткенше, ойын жалғаса береді.

Талдау:

Осы тапсырма несімен ұнады?

Несі ұнамады?

Тапсырманы орындау оңай болды ма?

Қандай әсер алдыңыздар?

140.«Шеңбер бойымен ырғақты беру» жаттығуы

Мақсаты: Топ бірлігін нығайту.

Топтың барлық мүшелері бір ойыншының келтірген ырғағы сол қалпында, шеңбер бойымен кезектесе отырып шапалақтау арқылы қайталайды.

Нұсқау: Әркім өзінің алдына орындық қояды. Кімде - кім қандай да бір ырғақты тықылдатады. Жанында отырған адам сол ырғақты қайталайды және оған өзінің ырғағын қосады. Үшіншісі, алдыңғы екеуінің тықылдатқан ырғағын қайталап, өзінікін қосады және т.с. Ұмытып қалған немесе дұрыс қайталамағандар ойыннан шығады.

Ырғақты аяқпен де тақылдатуға болады. Ондай жағдайда биге барлығы қосылады.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Біздің топты аз да болса біз сездік пе? Енді не сезінудесіздер?

141.«Кім жылдам?» жаттығуы

Мақсаты: Ой жылдамдығын дамыту.

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Тренердің қолында доп.

Нұсқау: «Қазір біз бір - бірімізге доп лақтырамыз. Доп лақтырған адам мына үш сөздің «ауа», «жер» немесе «су» біреуін айтады, ал допты алған адам «ауа» деген сөзді естіген соң допты алса - құстардың аттарын, «жер» дегенде - аңдардың, «су» дегенде - балықтардың аттарын атайды. Ойын тез ойналу керек». Жұмыс барысында тренер қатысушыларды өз қарқындарын арттыруға қозғау саналады.

Талдау: Ойынды жылдам ойнау қиын болды ма? Сөз ойлап табу жеңіл болды ма? Не қиындық туғызды?

142.«Күтпеген сұрақ» жаттығуы

Мақсаты: Ойдың дәлділігін, өзгешелігін дамыту.

Нұсқау: «Қазір әркім өз орындығын алып, кезекпен шеңберге кіреді және кезекпен шеңберде қалғандардың әрбіреуінің қарсы алдына отырады да, күтпеген сұрақ қояды. Сұрақ берген соң оның жауабын күту керек».

Модификациялау болуы мүмкін: шеңбер бойында отырғандар, өзінің алдына келіп отырған ойыншыға сұрақ береді.

Талдау: Күтпеген сұраққа жауап беру жеңіл болды ма? Не ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыз? Енді не сезінудесіз?

143.«Құпияны іздейміз» жаттығуы

Мақсаты: Өз бойыңда жасырылған ерекшелікті іздеу.

Ақылынан адасқан ғалым дәл сіздің көшірмеңіз тәрізді робот жасады. Сіздің сыңарыңыз бар жағынан сізге ұқсады. Бірақ ол – қастандық құралы болғандықтан, оны адамдардың, сіз деп қабылдағанын қаламайсыз.

Дәл сіздікіндей жасауға болмайтындай сіздің бойыңызда не бар? Сізді жақсы білетін адамдар сіздің орныңызға басқа біреуді айырбастағанын біліп қоюы мүмкін бе?

Сіз барлық құпияны аштыңыз, бірақ робот бәрін дәл көрсетіп берді. Сіз – ол сіз, сіздің көшірмеңіз емес екеніне жоқ дегенде өзіңізді сендіру үшін, ең соңында сіз қандай маңызды құпияны ашар едіңіз?

Талдау: Сыңарыңыздың бойынан қандай ерекшелікті көргіңіз келді?

144.«Жағымды сөздер» жаттығуы

Мақсаты: Өзін - өзі одан әрі ашу, өзін - өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез - келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез - келгенін тыңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.

Талдау: Мақтау сөзді айту жеңіл болды ма? Мақтау сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Алған әсеріңіз қандай?

145.«Микрофон алдында сөз сөйлеу» жаттығуы

Мақсаты: Әр түрлі мамандық туралы білімді кеңейту.

Оқу орнының бір өкілі (арнаулы орта, кәсіптік, жоғары) орта мектеп түлектеріне алдында тұрған мамандықты алуды ұсынады. Тыңдаушылар сөз сөйлеу соңында сұрақтар қоюы мүмкін. Ойыншылардың бәрі кезекпен оқу орнының өкілі ретінде сөз сөйлеп шығады. Ұсынылған мамандықтар талданады.

Талдау: Қай мамандықтың өкілі ретінде сөйлеу қиындық келтірді? Қиындығы неде болды? Не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар?

146.«Сөйлемді аяқта» жаттығуы

Мақсаты: Өзіңнің ішкі дүниеңді түсінудің алуан түрлі мүмкүндігін көрсету.

Жүргізуші: Сонымен, сөйлемдерді жалғастырамыз (шеңбер бойымен)

Мен – стакандағы су ...

Мен – әдемі гүл ...

Мен – еріп жатқан мұз бөлігі ...

Мен, балық сияқтымын ...

Мен, «О» әрпі сияқтымын ...

Мен – ән ...

Мен – соқпақ жол ...

Мен – жел ...

Мен – құз ...

Мен – қызықты кітап ...

Мен құмырсқа сияқтымын ...

Мен – шам ...

Мен – доллар ...

Мен – тышқан ...

Мен – сары қағаз ...

Мен – дәмді таңертеңгілік ас ...

Мен – пластилиннің бөлігі ...

Мен – сәуле ...

Мен – құрлық ...

Мен – формула

147.«Үнсіз сурет салу» жаттығуы

Тыңдаушыларды жұппен отырғызып, алдарына таза ақпарақ және маркер беру. Нұсқау: «Бастадық» деген бұйрық берілгенде, олар өзара келіспестен маркерді алып, сурет сала бастайды, қандай сурет салады, оны бір біріне айтпайды. Сурет салып біткен соң, талқылау.

-Бірінші қаламды кім ұстады? Неге?

- Қарсыластық болды ма?

-Қаламды бірінші ұстауға не кедергі болды?

- Сурет салуда туындаған қиындықтар?

-Қиындық кімде болды? Бірінші ұстағанда немесе екінші ұстағанда ма?

-Кімге не оңай болды? Бағындыру немесе бағыну ма?

-Кім не салғысы келді? Ойыңдағы суретті сала алдың ба? және т.б.сұрақтар қою арқылы кім басшы, кім бағынушы болғанын және оның себептерін анықтау

148.«Құпия фарватер» жаттығуы

7-8 тыңдаушы бір-бірімен жалғасып, паровоз болып орналасады. Бір тыңдаушыдан басқалардың көздері байланады. Бірінші ойыншы – жүргізуші. Жүргізуші өз кемесін қарсы қабырғаға дейін үндемеген күйде «кедергі-миналардан» өткізуге тиісті. Мұндағы негізгі қиыншылық соңғы ойыншыда, себебі, соңғы ойыншы еркін қозғалып «минаға» тап болуы мүмкін, сондықтан, осы жағдайды болдырмас үшін әрбір ойыншы алдыңғы ойыншының қимыл-қозғалысын тура қайталап отыруға тиіс.

Жаттығуды кеменің ұзындығын өсіріп және миналарды көбейту арқылы қиындатуға болады.

Бір мезгілде жүзуге бірнеше кеме жіберуге болады; ол кезде кемелер соқтығысып, «минаға» жарылмас үшін үлкен тиянақтылық қажет.

149.«Автобус» жаттығуы

Бір-біріне жақындау арқылы «халық» (15-20 адам) автобустағы тығыздалған адамдар секілді жинақталады.

Ойыншының мақсаты осы тығыз массаны алдау, арбаумен емес күштілігімен және өжеттігімен жарып өту. «Автобустағы халық» ойыншыны қолдарымен ұстамайды және өздері бір-бірімен қол ұстасуға болмайды, бұл жерде жай ғана бір-біріне жабысқан тығыз масса бар. Сонымен қатар «тығыз масса» ойыншыны өткізбей жатса да дауыстарымен «Кәне!» «Тағы да!» «Алға» деп оған рухани күш беріп жатады. Бұл мықты жаттығу қарапайым күш көрсету жаттығуы болып кетпес үшін, ойыншы тренердің көмегімен мұндай қиындықты жеңетін жағдай өмірде кездесе ме, бұл жағдай оны неге үйретті, өмірде осы секілді жағдай кездескенде тәжірибенің пайдасы бола ма деген сияқты сауалдарға жауап бере білуі керек.

Мұндай жаттығудан кейін адам түйсігінің өзгерген уақытында психологтың айтқан пікірлері ол адам үшін өте терең жатталып қалуы тиіс. Жаттығу қарама-қарсы байланыспен аяқталады: топ не сезді, не көрді, ойыншы және ойын туралы олар не ойлайды, осылар туралы ойларын айтады.

150.«Тізеде отыру» жаттығуы

Мақсаты: Команда жұмыс, сенім, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру.

Өзіңізден басқаларды дөңгелектеніп тұруды сұраңыз. Кейін барлығын келесі ойыншының арқасына қарайтындай оңға бұрылуын сұраңыз. Барлығы алдында тұрған адамның иығына екі қолын қойсын. Сіз 1,2,3 деп санағаннан кейін барып, «отыр» сөзін айтуын түсіндіріңіз! Барлығы сіздің артыңызда 1,2,3 деп қайталап, «отыр» сөзін айтқаннан кейін алдағы ойыншының иығынан қолдарын алмай артындағы адамның тізесіне ақырын отыру керек. Бұл жаттығу қызықты және жақсы ынтымақтастықты тудырады. Бірақ та барлығы істей алатынына көз жеткізу қажет. Егер де, сіздің тобыңыз мықты болатын болса, сіздер дөнгелек бойымен жүре аласыз және де жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады. Кейін ойыншылардан бұл жаттығуды орындаған кезде не сезгендерін сұраңыз. Олар бұл тапсырманы орындай алатындығын сұраңыз? Бұл шынайы өмір тәжірибесін суреттейді ме? (Есте сақтайтын жағдай: бұл жаттығуды сіздің тобыңызда өткізуге болады деп мақсат етіп шешім қабылдайсыз ба?).

Мейірімділік тақырыбында



1.Танысу тренингі.
- оқушылар шеңбер бойынша өздерін таныстырады.
2. Сағат тілі тренингі.
- сағат суретін салады.
- жұптасады.
- сұрақ қойылады.
- өз ойларын айтады.
12.00 – Сіздің сынып серуенге шығуға жиналды, бірақ сіздің жан досыңыз ауруханаға түсті де сол күні оған барып шығу керек болды. Сіз ауруханадағы досыңызға барасыз ба немесе сыныптастармен досыңызға барасыз ба?
15.00 – Аялдамада сізбен бір әже сөйлесті. Сіздің сөйлесуге көңіліңіз жоқ. Сіз мейірімді, жылы жүзді болу ниетімен әңгімені жалғастырасыз ба немесе үзіп жібересіз бе?
18.00 – Сіз мысықтың баласын үйге келе жатырғанда тауып алдыңыз. Бірақ ата – анаңыз оны үйге әкелуге рұқсат етпейді. Егер сіз мейірімді болсаңыз, сонымен қатар ата – анаңыздың қойған талабын бұзбай сіз қандай қылық жасаған болар едіңіз?
21.00 – Сіз жек көретін адам сізге мейірімділік жасады. Сіз оның қылығына қалай жауап берер едіңіз?
3.Эмоция тренингі.
- Оқушылар шеңберге жиналып, эмоция түрлерін мимикамен көрсетеді.
4. «Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды 
5. Сергіту сәті.
- өлеңмен танысады.
- өлең жолдарына өз ойларымен әуен, қимыл шығарады.
- топпен айтады.
Біз тамшымыз, біз тамшымыз мұхиттағы
Бір теңіздің , бір теңіздің толқыны
Бізге келіңіз, бізге келіңіз сен және мен
Бәрімізде бір жанұя боламыз

Бір бұтақпыз, бір бұтақпыз бақшадағы


Бір теректің, бір теректің гүліміз
Бізге келіңіз, бізге келіңіз сен және мен
Бәрімізде бір жанұя боламыз
6. Жүректен жүрекке тренингі
- Оқушылар бір – біріне тілек жазып, тілектерін оқиды

Шыншылдық” тақырыбында



1.«Өтірікшілері мен шыншылдар қаласы»Топ 3-4 топшаларға бөлінеді. Екі топ өтірікшілер мен шыншылдар қаласының тұрғындарын сипаттауы қажет те, ал қалған топтар олардың жасырып отырғанын табуы қажет. Не жасырып отырғанын табу үшін сұрақтар қоюларына болады. Ойын аяқталғаннан кейін талқылау жүргізілуі қажет.

2. «Қырық өтірік»

Топтағы тыңдаушылар өз еріктерімен қатыса берулеріне болады. Тазша баланың жолымен өзі қиыстырған өтірік әңгімені басқа тыңдаушыларға жеткізу керек. Әңгіме арасында бірде бір шын оқиғаны қосуға болмайды. Жаттығу аяқталғаннан кейін міндетті түрде өтірік айту қиынға соқты ма, әлде оңай болды ма деген тақырыпта талқылау жүргізу қажет

Қорытындылау: тренинг барысы бойында қатысушылардың алған тәжірибелерін жинақтау, өзі туралы ойларын бекіту болып табылады .

Әңгімені барысында мына сұрақтарды қамтуға болады:

  • сабақ барысында өзіңізге деген көзқарасың өзгерді ме?

  • өзіңіз туралы жаңалық аштыңыз ба?

  • басқалар жайлы не біле алдыңыз?

  • не ұнады?

  • не қиындық туғызды?

Мен өзгелердің көзімен” тақырыбындағы ойындар

1.«Сенің есімің» ойыны.

            Ойыншылар шеңбер болып тұрады. Кез келген бір оқушы өз есімін айтады. Кейінгі ойыншалар кезекпен бірінші ойыншының есімін допты шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре айтады. (сәуле, Сәулетай,Сәулежан, Нұрсәуле, т.б.) осылай барлық баланың есімі түрлендіріле айтылып шығады. Ойынға қатысушылар өз аттарын түрлендіре естігенде қандай сезімде болғандықтарын бөліседі.

           Мұғалім:Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді естіледі. Сондықтан да бір бірімізбен қарым қатынас жасағанда, әңгімемізді міндетті түрде есімімізді айтудан бастайық.

2.«Ассоциация» ойыны.

Қазір ойынды бастап жүретін адамды таңдап алайық. Жүргізуші болам деген бала ортаға шығады. Сонан соң, ойынға қатысушылардың әр қайсысы осы ойыншының неге ұқсайтынын (өсімдікке, затқа, жануарға, құсқа) (тек жағымды жағынан теңеу) қандай ой туғызатынын айтулары керек. Мысалы: Гүлнұр балапандарына жем тасыған қарлығашқа ұқсайды, себебі қашан да өзгелеге көмек көрсетеді. Жансараны бәйшешек гүліне ұқсатамын, себебі ол өте әдемі, нәзік. Т.б.

           Мұғалім: ойын үстінде қандай сезімде болдыңдар? Қандай теңеулер сендерді таңқалдырды? Неге?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет