Мұғалімнің сырт келбетінің мәдениеті


Бүгін біз қазіргі заман мұғалімінің киіну мәдениеті мен келбетіне тоқталмақпыз



бет2/2
Дата14.02.2023
өлшемі33,56 Kb.
#168701
1   2
Байланысты:
Мұғалімнің сырт келбетінің мәдениеті-
ВБИ жасанды берілу жолын көрсетіңі, 1 сабақ, 2 токсан Заттын тыгыздыгы, аксиология, интеграция каз оконч дома, ТАРИХ - ЖАНАТ
Бүгін біз қазіргі заман мұғалімінің киіну мәдениеті мен келбетіне тоқталмақпыз.
1. Түстерді дұрыс үйлестіре білген жөн. Ұстаз киіміндегі құптауға лайық түстер ақ және қара түс болып есептеледі. Сонымен қатар ақ сары, қошқыл көк, қоңыр түстерді де қолдануға болады. Өте ашық түстер аталған салада ерсі көрінеді.
2. Егер де киімде өрнектер болса, олар классикалық киім үлгісіне сай болуы тиіс. Мысалы, торкөздер немесе түзу сызықтар. Киімдегі жазулар, көз тартатын шимай-шатпақ өрнектерден бас тартуға тура келеді.
3. Мұғалімнің өзіне сенімді, білімді, тәжірибелі екені қоғамда өзін ұстау әдебінен, өзгелермен сыпайы сөйлесе білуінен көрініп тұрғаны жөн. Сонымен қатар бұл бейнеңізді сәнді көзілдірік, сағатпен, талғаммен таңдалған сөмкемен толықтыра түссеңіз – нұр үстіне нұр.
4. Мұғалімнің шаш үлгісі өзіне жарасымды болғаны дұрыс. Психологтардың пайымдауынша, өз келбетінің артықшылығын толықтырып, кемшілігін жасыра білетін адамдарды айналасындағылар жоғары жетістікке жеткен, өзіне сенімді тұлға ретінде қабылдайды.
5. Мұғалім мамандығына сай талғаммен киініп, ұқыпты келбетімен үлгі бола отырып, ішкі жан-дүниесінің көркемдігімен, шәкірт жанын ұғына алар кеңпейіл мінезімен көрінуі керек. Адамдар үйлесімділікке баса назар аударатынын есте сақтаңыз. Мәселен, қалай болса солай жасалған шаш үлгісі талғамға сай жейдеңіздің сәнін кетіреді.
Осы нәрселерді шебер үйлестіре білген білікті ұстаз шәкірттерді білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өскелең ұрпақтың өзіне қарап дұрыс бой түзеуіне, тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді.
tarbie.kz
Үйге тапсырма:
Педагогтың сыртқы көрінісі және авторитет. Сән және мұғалім
1-тапсырма: «Қазіргі мода және мұғалім» «Мұғалім қалай киіну керек?» «Мұғалімдердің сыртқы киімі сізге ұнай ма?» тақырыптарында шығарма немесе мақала дайындаңыз.
2-тапсырма: Әдістемелік нұсқау: Қалауыңыз бойынша бір тақырыпқа шығарма немесе мақала дайындауға тырысыңыз.
3-тапсырма: Мұғалім сөзі. Сөйлеу аппаратының құрылымы. «Қазір ертегі айтамын...» тақырыбында ертегі айтуға дайындалыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет