Мұғауина М. О «Іскери-шешендік тіл дамыту» мәтіндер жинағы Атырау, 2014 Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының кеңесінде баспаға ұсынылды



бет12/14
Дата25.12.2016
өлшемі1,86 Mb.
#5263
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Отырар

Отырар – ерте орта ғасырда Қазақстанда пайда болған ірі қалалардың бірі. Отырар қаласының екінші аты - Фараб. Отырар Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталық, Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Монғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады, тірі қалғандары Монғолияға айдап әкетілді. Бірақ, 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды Отырарда дүниежүзілік сауда бұрынғысынша делдалдық роль атқарды. Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кесенелер салған. Отырарда археологиялық қазба жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Зерттеу қорытындылары Қазақстанның орта ғасырларға жататын қалалары өмірінен толық мәлімет беруге тиіс.

Түркістан

Түркістан (Йасы) – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Түркістан қаласының шығыс жақ шетінде жатқан ортағасырлық кент орны. Оныншы ғасырда Түркістан аудандарында өзі аттас округ орталығы ретінде Шавгар шаһары атырапқа танылған. Орта ғасырда Йасының өз ақша сарайы болған. Мұнда Әмір Темірдің еркімен еңсе көтерген күллі мұсылмандар әлемінің әулиесі - Қожа Ахмет Йасауидің кесене-мешіті бар. Қазақ хандарының қабірлері де осында. Қала орны топографиясында бұрыштарға қарай дөңгелек мұнаралы жартылай қираған қабырғалармен қоршалған қисық бесбұрыш нысанды шаһарстан дараланып көзге түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және батыс жақтарынан шаһарстанға қорғаныс қабырғалармен қоршалған ұланғайыр бекініс жалғасады. Оңтүстік-шығыс жағында Күлтөбе тауы көкке бойлап тұр. 1980-1981 жж. Күлтөбеде Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының зерттеуі алғашқы Йасы қаласының орны осында екендігін анықтады.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі

Оюшы

Оюшы - әртүрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ ою-өрнегінің шебері.

Қошқармүйіз, ашатұяқ

«Қошқармүйіз» - ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада, кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде кездеседі. «Ашатұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айырға ұқсас келеді.

Түйетабан
«Түйетабан» - түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. Ол кейде «қарта», «қарға», «қызылайыр» ою-өрнегіне ұқсайды. Қатар тұрған S тәрізді екі сызық қатарласып қосылмайды, түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша дөңгеленіп келетін ою.

Құсқанаты
«Құсқанаты» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды.

Гүл, дөңгелек, мүйіз, таңба

Ою-өрнек түрлері: Қазақтың ою-өрнектері төрт түрге бөлінеді: өсімдік тектес, жануарлар, геометриялық формада, космогендік (астрологиялық).Бұлардың әрқайсысының өзінің белгілі бір мағынасы бар. Мүйіз – қазақ оюының негізі және ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз» ою-өрнегі кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында пайдаланылады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. «Гүл» ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі. Кесте тіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.

Кемпірқосақ

«Кемпірқосақ» ою-өрнегі бірнеше түстерден жолақтар жасап алма-кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің символдық мәні бар. Көк түс – аспанның, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Қолөнер бұйымдарын жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне лайықтап орналастырылады. Бұл өрнектер алаша, қоржын, басқұр тоқуда жиі пайдаланылады.



Өркеш
«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.

Арпабас, көбелек, су өрнегі

Қазақ қолөнерінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі бояу түрлері бар. Олар: қызыл, көк, жасыл, сары, ақ, қара. Бұл бояулардың сол сияқты символдық мәні де бар. Көк түс – аспанның, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. «Су өрнегі» деп әрбір өрнекті бөліп тұрған жолақты айтады. Су өрнегі екі қатар сызық аралығында ирек сызық жасай отырып, дөңгелек, төртбұрыш бейнелер жасайды.



Құстұмсық
«Құстұмсық» - бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою-өрнекті қиғанда ою ортасындағы сызық ұшы құстың тұмсығына ұқсас етіп қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» жүзік сәлемдеме ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың белгісі.

Тұмарша
«Тұмарша» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үш бұрыш тәрізді тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына да бойтұмар ретінде тағылады. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.


ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАЛАР ОЙЫНДАРЫ

Хан алшы

Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін қызыл түске бояңдар. Осы асық « Хан» болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап алыңдар. Осы бала асықтың бәрін уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Сендер «ханның» қалай түскенін байқап отырыңдар. Егер «хан» бүк, шік, тәйкі түссе, ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын асықтарды бас бармақтардың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере- ыршытып біріне – бірін дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықтарды өзіне алады. Осы арада «ханды» тек ең соңғы өзі сияқты жатқан асықпен атып алуға болатынын ұмытпағандарың жөн. Ойын бастаушы басқа асықтарға қолымен не асықпен тиіп кетсе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал, егер «хан»алшысынан тұрса, «ханды» әрқайсысың өз қолдарыңа түсіруге әрекеттеніңдер. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жетеді. Ойынды да сол жеңген бала бастайды.

Омпы

Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды «Омпы» дейді. Омпы ойынына 2-10 балаға дейін қатыса берулеріңе болады. Ара қашықтығы 10-20 адым ( қалауларың бойынша) жерге екі көмбе сызыңдар. Әр қайсысың көмбенің тең ортасына белгіленген сызық бойындағы көнге екі асықтан тігіңдер. Ортасына бір асықты омпысынан тұрғызыңдар. Көмбедегі сызық бойына кезекке тұрып, қолдарыңдағы сақаларыңмен көнге тігілген асықтарды атып түсірулерің керек. Атып алған асықтарың өздеріңе қалады. Егер омпыға тигізсеңдер, көндегі барлық асықтарды аласыңдар. Неғұрлым көп асық ұтып алғандарың жеңіске жетесіңдер.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет