Microsoft Word История.№1,2010



Pdf көрінісі
бет51/68
Дата25.04.2020
өлшемі1,65 Mb.
#64624
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68
Байланысты:
таңба 222333

1. 
История Казахстана. Очерк. – Алматы: Издательство «Дəуір», 2006. – С.  299. 
2. 
Дискуссия по истории коллективизации. // Вестник  АН КазССР . – Алма – Ата.  -1989. 
– С. 84. 
  
Түйін 


 
81
Осы  мақала  жастарды  дəуір  рухында  тəрбиелеуші – Онбай  Сексенбайұлы  Сексенбаевқа – 
арналған.  
 
Summary 
Given article is dedicated to the teacher youth in spirit of the epoch - Onbay Seksenbaevich 
Seksenbaev 
 
ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР ЗИЯЛЫСЫ –  
САНЖАР ЖАҒЫПАРҰЛЫ АСФЕНДИЯРОВТЫҢ  ТУҒАНЫНА 120 ЖЫЛ 
 
Ғ.Т.Рсалдина – 
 С.Ж.Асфендияров атындағы   ҚазҰМУ Қазақстан тарихы, философия,  
   саясаттану  жəне əлеуметтану кафедрасының доценті 
                                               
С.Ж.Асфендияров 1989 жылы қазан айында Ташкент қаласында əскери тілмаштың отбасында 
дүниеге келген.  
Ата-анасы  туралы  деректер:  Əкесі – Саид  Жағыпарұлы  Асфендияров  шыңғыс  əулетіндегі 
Əбілхайыр  ұрпағына  жататын  Орал  облысындағы  сұлтан  тұқымынан  шыққан.  Саид  Жағыпарұлы 
Асфендияров Ташкент қаласында генерал-губернатор Гродневтің кеңсесінде ұзақ жылдар қызмет еткен, 
генерал-майор  шенінде 1916 жылдың  қараша  айында 71 жасында  отставкаға  құрметті  демалысқа 
шыққан. Шешесі – Гүлəндом Қасымова үй шаруасындағы адам. 
С.Ж.Асфендияров 1907 жылы  Ташкенттегі  реалдық  училищені  бітіріп,  университетке  түсу 
мақсатымен  Санкт-Петерборға  аттанады.  Бірақ  аттестатында  латын-тілінен  бағасы  болмағандықтан 
қабылдау  комиссиясы  оның  құжатын  қабылдамайды.  Медициналық  университетті  бітіріп  жатқан  
əпкесі  Гүлсім  Асфендиярова  осы  жолы  інісіне  Санкт - Петербор  қаласындағы  əскери  медициналық 
академияға  қоярда–қоймай  түсуге кеңес береді. Санжар Асфендияров  емтиханды жақсы тапсырып, 5 
жылдан  соң 1912 жылы  Императорлық  əскери  медицина  академиясын  бітіреді.  Оқу  жылдары    өзінің 
болашақ  жары  Рабиға  Сераліқызы  Лапинамен  танысады  ол  институттағы  көзге  түсіп  жүрген 
қыздардың  бірі  болатын.  С.Ж.Асфедияровтың  тарих  ғылымымен  шұғылдануына  кайынатасы  Сералы 
Лапиннің  де  ықпалы  болған.  С.Лапин  шығыс  тілдерін,  оның  əдебиеті  мен  тарихын  жетік  білген, 
академиктер В.В. Бартольд пен Н.И. Веселовскийге түркі тілдері бойынша дəріс оқыған қазақ. Лапин 
1891  ж.  Петербург  университетінің  заң  факультетін  бітірген.  Кейін  Сералы  Лапин  бірнеше  ғылыми 
еңбек  жазған.  Осындай  тұлғалы  адамның  қызына  үйленіп,  тəлімін  көрген  Санжардың  тарихқа, 
шығыстану ғылымына тереңнен бет бұруы, бəлкім, осылай басталған да шығар. Академияны бітірген 
соң    С.Ж.Асфедияров    Термездегі  шекара  бекінісінің  атқыштар  батольонына  жолдама  алады.  Патша 
əскерінде  əскери дəрігер болып 1913 жылдан бастап 4 жыл бойы қызмет етеді.  
1916  жылы  С.Ж.Асфендияров  əскерден  Петерборға  соғып  одан    Ташкентке  оралады. 1917 
жылға  дейін  революциялық  қозғалысқа  қатыспаған.  Қазақ,  орыс,  өзбек  тілдерінде  еркін  сөйлеген. 
Ойын ағылшын тілінде  жетік түсіндіре алған, француз тілінде ғана сөздікті пайдаланған. 1919 жылы 
мамыр айында  С.Ж.Асфендияров Комунистік партия қатарына № 2790106   қабылданады. Түркістан 
АКСР-і  Денсаулық  сақтау    халық  комиссарлығына  тағайындалып, 1919-1920 жылдары  сол  қызметті 
атқарған  Түркістан  АКСР-ң  Жер-су  комиссары,  Түркістан  ОАК  төрағасы.  Осы  тұста  ол  мемлекеттік 
қызметте  үлкен  белсенділік  танытады.  С.Ж.Асфендияров  көптеген  тезистер,  қаулы-қарарлар 
баяндамалар,  жарғылар  дайындаған.  Мысалы 1921 жылдың  қаңтарында  Түркістанда  болған  қазақ 
кедейлерінің І съезінде «Ағымдағы кезең  жəне жер мəселесі туралы», 1921 жылы шілдеде Түркістан 
Компартиясы  Сырдария  облыстық  қалалық  конференциясында  «Жер  мəселесі  жəне  егіншілік 
жөніндегі  комитеттер»  тақырыбына  баяндама  жасады. 1921 жылы  желтоқсанда  Кеңестердің 
Бүкілресейлік ІХ съезінің делегаты. 1921-1922 жылдар Түркістан АКСР-ң  Москвадағы тұрақты өкілі 
жəне  ұлт  істері  жөніндегі  Халық  Комиссариаты  коллегиясының  мүшесі,  БОАК  (ВЦИК)-тің    Жерге 
орналастыру жөніндегі ерекше комиссияның мүшесі. 1922 жылы қазанда Түркістан Компартиясы ҮІІ-
ші  өлкелік  конференциясында  «Қала  мен  ауылдағы    кезекті  шаруашылық  жəне  ұйымдық  шаралар» 
деген  баяндамалар  жасады. 1922 жылы    желтоқсанда  Кеңестердің  Бүкілресейлік  Х-шы  съезінің 
делегаты. 1923 жылы  Орта  Азия  республикаларының 1-ші  экономикалық  конференциясында  ауыл 
шаруашылығы туралы баяндама жасады.  
Ол аудандарға  жиі шығып, халықтың кедейшілік тұрмысын көрді. Мемлекеттің экономикалық 
саясатының қателіктеріне көзі жетті. Асфендияров тікелей былай деп жазды: «Революцияның алғашқы 


 
82
жылдарында  жер    мемлекет  меншігіне  өтті  жəне  өту  жүйесі  жүргізілді.  Мұндай  саясат  жергілікті 
халықты  жерінен  айырып,  жер  шаруашылығындағы  істе  коммунаны    құруға  əкелді.  Коммуна  дұрыс 
бағытта  құрылмады.  Тіптен  осы  саясаттан  біз  жергілікті  халықты  шеттетіп  алдық,  олардың 
шаруашылығын бұздық, ақыры ол  жер шаруашылығының толық қирауына əкелді». 
1921-1922  жылдары  С.Ж.Асфендияров  Мəскеуде  Түркістан  Республикасының  тұрақты  өкілі. 
Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты коллегиясының мүшесі болды. 1922 жылы Ташкентке келіп 
Денсаулық сақтау Халық коммисары жəне ТКП ОК-ң хатшысы болады, жер мəселесі бойынша халық 
комиссарының орынбасары қызметін қоса атқарады. 
Мұрағаттарда  денсаулық  сақтау  халық  комиссарының  орынбасары  М.Слоним  қол  қойған 
С.Ж.Асфендияров  туралы  мінездеме  сақтаулы.  Онда:  Жолдас  Асфендияров  сөз  жоқ  тəжірибелі 
жетекші. Денсаулық ісі үшін  тіптен баға жетпес əкімшілікке сай адам. Өзінің денсаулық сақтау халық 
комиссары  қызметіне  аз  уақыттың  ішінде  Денсаулық  сақтау  Халық  Комиссариаты  жұмысын  көзге 
көрінер  дəрежеде  жақсартты.  Ол  уақыттар  өте  қиын  еді.  Денсаулық  сақтау  Халық  комиссариаты 
ашаршылықпен  күресудің  жүздеген  мəселелерін  шешті,  кедейлер  жəне  қоныс  аударып  келгендерге 
дəрігерлік көмек көрсетті. 
1922  жылы  мамыр  айында  С.Ж.Асфендияров  Түркістан  комиссиясының  төрағасы 
М.П.Томскиймен    бірге  Қазалыны,  Перовскіні,  Түркістан  жəне  Шымкент  уездерін  аралады.  Мұнда 
олар  жергілікті  халықтың  денсаулығын  сақтау  жəне  Жер-су  шаруашылығы  істерін  зерттеді. 1922 
жылдың  тамыз  айында  С.Ж.Асфендияров  жер  шаруашылығы  халық  комиссарының  орынбасары 
ретінде Ферғана  жотасын аралап, егін қоры мəселесі мен  шаруалардың  астықпен қамтамасыз етілуіне 
көңіл бөлді. 
1924-1925 жылдары Ташкент қаласындағы БК(б)П  ОК–ның Орта Азия  жөніндегі бюро мүшесі 
болып  сайланады. 1925 жылы  кеңестердің  Бүкілреселік  съезінде  Бүкілресейлік  ОАК  хатшысының 
орынбасары  жəне  президиум  мүшесі  болып  сайланады.  Мəскеу  қаласында  осы  қызметте 1927 жылға 
дейін болады. 
1927-1928  жылдар  С.Ж.Асфендияров  Орталық  атқару  комитеті  жанындағы  Н.Н.Нариманов 
атындағы Мəскеу қаласы Шығыстану  институтының  директоры  болып тағайындалады. Осы кезеңде  
ол  ММУ–де  оқытушылықпен  де айналысады. Оған профессор атағы  беріледі. Ол баяндамалар жазып, 
əріптестерінің  еңбектеріне  пікірлер,  алғысхаттар  жазды,  шетелдік  өкілдерімен  жиі  кездесіп  тұрды. 
Оған  шығыстану  институтында  бір  жыл  ғана  жұмыс  істеуге  тура  келді. 1928 жылы  Қазақстан 
Үкіметінің шақыруымен Алматыға қызметке ауысады. 
Оның ең үлкен жұмысы республикадағы ең бірінші 1928 жылы ашылған педагогикалық жəне 
1930  жылы  ашылған  медициналық  институты  болды. 1931 жылғы  мамырға  дейін  Қазақстан 
Мемлекеттік  Медицина  Институтының  директоры  болып,  одан  əрі    ҚазАКСР  Денсаулық  сақтау 
комиссары болып тағайындалады. 
ҚазММИ  мен  ҚазПи-дегі  басшылығымен  қатар  Қазақстан  тарихы  кафедрасында  дəріс  беріп 
жүрді. АММИ доценті Д.А. Ермекова ол кісі жайында өзінің естелігінде былай деп жазады: «Санжар 
Асфендияров жастарды, студенттерді жақсы көретін. Менің есімде қалғаны -  ол кісінің адамгершілігі 
жəне жан-жақты білімді екені көрініп тұратындығы». Барлық адамдармен қарапайым түрде сөйлесетін. 
Өте аңқылдақ жан еді. Барлық адамдарға «сіз» деп сөйлейтін. Студенттер ол кісінің ешқандай дəрісін 
жібермей,  сондай  үлкен  ынтамен  тыңдайтын  еді.  Дəріскер  ретінде  ол  материалдарды  терең  білетін 
жəне өз тыңдаушыларына жеткізуде өнерліліктің үлгісі болды. 
1933 жылы С.Ж.Асфендияров ҚазАКСР-ның Халық ағарту комисарының орынбасары, ұлттық-
мəдени , ғылыми-зерттеу институтының тарих бөлімшесінің меңгерушісі, Қазақстандық қор төрағасы 
орынбасары,  соңынан  КСРО  Ғылым  Академиясының  Қазақстандық  бөлімінің  бірінші  орынбасары 
болып қызмет атқарды. Тарих мəселелерін зерттеу барысында   С.Ж.Асфендияров  қызықты жұмыстар 
жариялады. Исламның пайда болу себептері (1928 ж.), ислам жəне көшпелі шаруашылық (1928 ж.). Бұл 
жұмыстарында жас ғалым дінтанушылардың тұжырымдамаларына сыни талдау жасай келе, исламның 
шығуына  Азия  халықтарының  өмір  сүру  жағдайларына,  əлеуметтік,  экономикалық,  мəдени-
идеологиялық  алғышарттардың  болуымен  түсіндіруге  тырысты.  С.Ж.Асфендияров    өзінің 
кітаптарында исламның шығу себептерін түсіндірудегі идеалистік теорияларды сынға алды. 
1935 – 1936 жж.  С.Ж.Асфендияров   П.А.Кунтемен бірлесіп кеңестік деректеметануда тұңғыш 
рет «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» деген атпен екі томдық жинақ шығарды. 1935 
жылы    С.Ж.Асфендияровтың  «Ерте  заманнан  бергі  Қазақстан  тарихы  деректері  мен  материалдары» 
монографиясы жарық көрді. Бұл еңбегінде б.д.д. ІІІ ғасырдан 1917 жылға дейінгі үлкен хронологиялық 


 
83
кезеңге  ғалым  терең  талдау  жүргізген. 1935 жылы  С.Ж.Асфендияровтың  Қызылордада  «Қазақ 
мектептеріне арналған қазақтардың тарихының очерктері» атты еңбегі жарық көрді. 
1936  жылы  оның  Алматыда  «Қазақстандағы 1916 жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс»  атты 
монографиясы жарияланды. 
1934 – 1937 жылдары ол аудиторияларда жəне газет–журнал беттерінде республиканың тарихы 
мəселелері жөнінде мақалаларын жариялады. 
С.Ж.Асфендияровтың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  талдаудың  негізінде  оның  қазақ 
зиялыларының тарихи қорларын зерттеген алғашқы ғалымдардың бірегейі екендігіне көз жеткізу қиын 
емес.  Ол  зиялыларды  үш  қабатқа  (жікке)  бөлді  (қызметкер  зиялылар;  мамандар;  дəрігерлер, 
инженерлер  т.б.;  демократияшыл  зиялылар;  оқытушылар,  жазушылар,  т,б.).  С.Ж.Асфендияров  
жұмыстарының  барлығында  қазақтардың  тарихы  мен  рухани  мəдениетіне  көп  көңіл  бөлген.  Ол  ең 
алғаш  болып  қазақ  жүздерінің  қалыптасуының  негізін  қалады  жəне  дамуына  сипаттама  беріп,  қазақ 
халқының  өндірістік  қатынастарын    этномəдениетімен  тығыз  байланыстыра  қарастырып  оны 
объективті үрдіске жатқызды. 
Осы  тұрғыдан  ол  қазақ  халқының  тарихы  көрші  халықтар  мен  елдердің    тарихымен  өзара 
байланыстылық жағдайында дамығандығын атап көрсетеді. Ғалым қазақ жүздерінің қалыптасуындағы 
саяси құрылысты орталықтануға бағыттанушылық жəне бірігушілік тенденцияларын аша білді. 
С.Ж.Асфендияровтың  ғылыми  жұмыстарында  қазақ  ғалымдарының  еңбектеріне  көп  көңіл 
бөлгендігін  аңғарамыз.  Мысалы  С.Ж.Асфендияров    Ш.Уалихановтың,  Ы.Алтынсариннің  ғылыми 
мұраларын терең қызығушылықпен зерттей келе, оларды орыс либералдармен салыстырған. 
Қазақтардың мəдениетінің тарихын зерттеуде ол əрқашан құбылыс тұрақты нəрсе емес, оның 
даму қарқыны ішкі жəне сыртқы  факторлармен анықталып отырады деп көрсеткен. 
Тұтас  алғанда    С.Ж.Асфендияров    ғылыми  зерттеулермен 10 жылға  жуық  шұғылданды.  Осы 
уақытта ол 11 кітап шығарды жəне көптеген мақалаларын орыс, қазақ, өзбек тілдерінде жариялады. 
С.Ж.Асфендияров  Алматыдағы  бұрынғы  Комсомольская  көшесіндегі,  қазіргі  Төле  би, 29-шы 
үйде тұрды. Қазір ол жерде Түрік елшілігі орналасқан. Оның Əлия жəне Адалят деген екі қызы № 28 
мектепте оқыған. Оларды еркелетіп əкесі, Лютик жəне Диля деп атайтын. Кейінірек үлкен қызы Əлия  
Мəскеуге кетеді. Сол үлкен қызының  Мəскеудегі үйінде С.Ж.Асфендияров (Маросейка көшесі, 8үй, 35 
пəтерде) 1937 жылдың тамызында тұтқынға алынады.  
Оны  Алматыға  алып  келіп,  бас  бостандығынан  жарты  жылға  айырады. 1938 жылдың 25 
ақпанында  сот      С.Ж.Асфендияровты 58-1,А; 58-2; 58-8; 58-9; 58-11 баптарымен  сотталады.  Ол 
тұтқында жатып өзі туралы, басқалар туралы жауап бермеді. Ол тек сотта соңғы сөзінде жұмыс істеуге 
рұқсат  беруін  сұрады. 1938 жылы  ақпанда  оның  өмірі  қиылды.  Органдардың  шешімі  бойынша 1938 
жылдың 27 тамызынан  бастап    С.Ж.Асфендияровтың  барлық  еңбектері  кітапханалардан  алынып 
тасталды  жəне  оқуға  рұқсат  етілмеді.  С.Ж.Асфендияровтың  əйелі  Рабиға  Сералықызы  күйеуін 
тұтқындаған соң өзі де тұтқындалды. Оны Карлаг-лагері деген түрмеге жіберді. Ол жерде ол кісі көп 
ауырды. 5 жыл түрмеде отыру қиын болды. Бұрынғы жолдастары азып-тозып кеткендіктен, оны əрең 
танитын. Қазір С.Ж.Асфендияровтың немерелері Ташкентте тұрады. Алматыда немере інілері тұрады.  
1958  жылы  С.Ж.Асфендияровтың    тергеу  ісін  қайта  қарауға  байланысты  Қазақ  ССР  мемлекеттік 
қауіпсіздік комитетінің өкілдері ол кісіні жақсы білетін адамдармен, оның ішінде бұрынғы шəкірттері 
мен белгілі қайраткерлердің біразымен əңгімелескен екен. Олар С.Ж.Асфендияровтың  терең білімін, 
ерекше  мəдениеттілігін,  қарапайымдылығын,  ұстамдылығын  бірауыздан  атап  айтқан.  Сол 
шəкірттерінің бірі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, біз көзін көріп, білім алған Д.Дінасылов 
ағамыз, 1933 жылдың қараша айында тіл жəне əдебиет факультетінің бірінші курс студенттеріне келіп 
институтта тарих факультетінің ашылатындығын жəне оған студенттердің ішінде  ауысатындары бар 
екендігін туралы сұрады. Біздер оңшақтымыз тілек білдірдік. Сонымен, қараша айында ашылған жаңа 
факультет ашылды.  
Ал,  С.Ж.Асфендияров  курстарға  сай  біздің  оқу  тобымызда  көне  заман  тарихы,  СССР  тарихы 
жəне  қазақ  тарихы  пəндерінен  дəрістер  оқыды.  Ол  кісі  дəрісті  алғашында  орыс  тілінде  бастаған  еді. 
Бірақ,  біздің  тілегімізбен  санасып,  қазақ  тілінде  оқыды.  Əрине,  бұл  бұрын  қазақ  тілінде  сабақ 
жүргізбеген  профессорға  көп  қиындықтар  тұғызды.  Санжар  Жағыпарұлы  тарихы  пəндерді  жетік 
білетін жəне студенттеріне жеткізе де алатын шебер педагог еді. Ол айтар ойын, тарихи материалдарды 
ғылыми  негізде  өз  сөзімен,  еркін  баяндайтын  Санжар  ағай  дəрісін  оқығанда  бар  ниетімізбен  тыңдап, 
ешқашан  жалығуды  білмейтінбіз.  Оның  дəрісін  тыңдауға  басқа  да  факультеттен  де  студенттер  келіп 
қатысып жүретін деп еске алған. 


 
84
С.Ж.Асфендияров  КСРО  Жоғарғы  Сот  шешімі    бойынша 1958 жылы 26 мамырда  толық 
ақталды. Оның əйелі Рабиға одан ертерек Түркістандық əскери трибуналдық шешіммен 1958 жылы 31 
наурызда ақталды. 
С.Ж.Асфендияровтың  өмірі  мен  қызметін  зерттеуге  республикаға  танымал  ғалымдар 
Р.Сүлейменов, Ə.Тəкенов жəне Х.Əбжанов зор үлестерін қосты. 
ҚазССР Министр кеңесінің №17 қаулысымен 1989 жылы 11 қаңтарда медициналық институтқа 
(бұрынғы  ҚазММУ)  С.Ж.  Асфендияров  аты  берілді.  Алматы  көшелерінің  бірі  де   
С.Ж.Асфендияровтың атында.                                          
Университетте  патриоттық-рухани  тəрбие  орталығын  бірі  университеттік  мұражайға  күніне 
студенттер  тобы  өз  кураторлармен  келіп  турады.  Студенттер  «Бұл  біздің  тарихымыз», «Бүгінгі 
ҚазҰМУ», «КазҰМУ-гі  бүгінгі  білім  беру»(1-ші  курс  студенттері  үшін), «Медицинада  көрнекті 
тұлғалар» сияқты түсірілген деректі фильмдерді кураторларымен бірге көреді. «Бұл біздің тарихымыз» 
атты бірінші деректі фильмде  С.Ж.Асфендияровтың тарихы тағдырына ерекше мəн береді. Залда оның 
отбасы  жайлы  фотосуреттер,  жұмыс  кабинетіндегі  столы,  ұстаған  заттары  сақталынған.  Биыл  қазан 
жəне қараша айларында С.Ж.Асфендияровтың туылғанына 120 жыл толуына байланысты, университет 
көлемінде  конференциялар,  оның  туыстарымен, «Əділет»  қоғамдық  ұйым  өкілдерімен  кездесулер 
өткізілді.  
С.Ж.Асфендияров  жан-жақты  ғалым,  тұңғыш  педагог-ректор,  қазақ  халқының  алғашқы 
тарихшы профессоры, қоғам қайраткері, біртуар ірі тұлға.  
1. 
Момынов  Т.Ə.,  Саятова  А.С.,  Шахиева  А.М.,  Рсалдина  Ғ.Т.  ХХ  ғасырдың 30-шы 
жылдарындағы  Қазақстанда  денсаулық  сақтау  ісінің  тарихы:  Студенттердің  өзіндік  жұмысына 
арналған оқу құралы. – Алматы, 2006. 
2. 
Қазақ Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы, 2004. 
3. 
Асфендияров С.Ж. Қазақстан тарихы очеркі.- Алматы, 1994 . 
4. 
Əбжанов Х. Тұлға туралы толғау // Егемен қазақстан. -2006.- 21 шілде. 
 
Резюме 
Данная статья посвящена первому ректору Казахского педагогического университета, видному 
политическому и общественному деятелю Санжару Жагыпаровичу Асфендиярову. 
 
Summary 
Given article is dedicated to first rector Kazakh pedagogikal university, seen political and public 
personality of S. ZH. Asfendiyarov. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет