Microsoft Word Отчёт по результатам исследования среди пожилых 2020 каз фин (1) (2). docx


Егде жастағы адамдар тұратын мекемелер: сарапшылардың бағалауы



Pdf көрінісі
бет5/95
Дата03.11.2023
өлшемі6,51 Mb.
#189121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
қарттар
2 СРСП, eng email, Практикалық сабақ 11, 30 сұрақ, силлабус 3 курс эпизоотология және инфекциялық аурулар, IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН
Егде жастағы адамдар тұратын мекемелер: сарапшылардың бағалауы
.................. 83 
Қарттардың үйлеріне барып қызмет көрсету жүйесі: сарапшылардың бағалаулары
.............................................................................................................................................. 87 
Әлеуметтік қызмет жүйесін ұйымдастыруды бағалау
................................................. 88 
«Белсенді ғұмыр» мемлекеттік жоспарын бағалау, Алматы қаласының мысалы 
негізінде «Белсенді ғұмыр» бағдарламасын жүзеге асыру
.......................................... 90 
Қарт адамдардың қоғамдық- саяси, бос уақытты өткізу мен танымдық- білім алу 
белсенділіктерін бағалау
.................................................................................................. 91 
COVID-19 байланысты енгізілген төтенше жағдайға қатысты оқшаулау 
кезеңдерінде қарттарда туындаған қиындықтар, зорлық-зомбылық мәселелерін 
бағалау
................................................................................................................................ 95 
COVID-19 пандемиясы кезіндегі оқшаулану жағдайындағы қарттарда туындаған 
мәселелерді бағалау
........................................................................................................... 96 
САПАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ
.......................... 97 
САПАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
............. 108 
 
 



КІРІСПЕ
2019 жылы Қазақстандағы ЮНФПА мемлекеттік кеңесінің техникалық қолдауымен 
жасалынған Қазақстандағы тұрғын халықтың жағдайына жүргізілген талдау шеңберінде 
жасалынған болжамдарға сәйкес, Қазақстанда алдағы 30 жылда халықтың жас құрылымын 
өзгертудің негізгі бағыттарының бірі адамдардың абсолютті және салыстырмалы санының 
өсуі болады, яғни басқаша айтқан кезде демографиялық қартаю болады. Қазақстан қазіргі 
кезде демографиялық қартаюдың алдыңғы кезеңінде тұр. Дегенімен, Қазақстандағы 
қартаюдың аймақтық негіздерін қарастыратын болсақ, ол аймақтардың жартысы қартаю 
көрсеткішін көрсететін 7 пайыздық көрсеткіштен асып түскен, бұл деген ұлттың қарттаюын 
көрсетеді.
Қалыптасқан демографиялық жағдай мемлекет пен қоғамның алдында жаңа 
мақсаттар мен міндеттер қоюда, ол дегеніміз тек қана егде жастағы халықтың негізгі 
өмірлік қажеттіліктерін қамту ғана емес, сонымен қоса қарт жастағыларға арнап саяси, 
қоғамның әлеуметтік салаларында белсенділіктерін арттыру үшін жағдайлар жасауды 
қамтиды.
Халықтың қартаю үрдісі мемлекет үшін әлеуметтік, экономикалық, мәдени жаңа 
міндеттерді жүктейді, сонымен бірге әртүрлі жастағы адамдар өмір сүрулерін жақсарту 
үшін жаңа мүмкіндіктерді береді. Белсенді ұзақ өмір саласындағы саясат өмір сүру сапасын, 
егде қарт жастағы адамдардың тәуелсіз және өздері өмір сүрулеріне, халықтың салауатты 
өмірін ұзарту мен денсаулықты сақтау мен нығайтуға, аға-буын азаматтардың әлеуметтік 
және психологиялық әл-ауқаттарын жақсартуға, егде жаста өмірдің әртүрлі салаларына 
қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге және мемлекетіміздің әлеуметтік- экономикалық дамуына 
бағытталуы керек.
Каирдегі халықаралық конференциядағы іс-қимыл бағдарламасын дамыту үшін 
ЮНФПА Қазақстандағы Халықты қоныстандыру және даму елдегі кеңесі Қазақстан 
Республикасының басшылығымен 2005 жылдан бері халықтың қартаю мәселесі 
шеңберінде серіктесіп, бірігіп әрекет етуде. Қазақстандағы ЮНФПА елдік кеңесі Адам 
дамуының ұлттық есебін жасауға қатысқан, ол «Қазақстандағы аға-буын: болашаққа 
бағдар» деп аталып қарт адамдарға арналған.
2008 жылы ЮНФПА Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы 
әйелдер және отбасы- демографиялық саясаты істері жөніндегі ұлттық комиссияның 
сұранысы негізінде қартаю үрдісін талдау жасау үшін кабинеттік зерттеужүргізуге 
техникалық көмектер көрсеткен және қарттарды әлеуметтік- экономикалық жағдайларын 
ескеру негізінде ұлттық әлеуметтік зерттеу жүргізген. Сонымен қоса, 2010-2020 жылға 
Қазақстанның егде жастағы халқының жағдайын жақсарту үшін әрекет етудің Ұлттық 
жоспарын жасауға көмектескен. Осылармен қатар, ЮНФПА қартаю және демографиялық, 
әлеуметтік- экономикалық аспектілерді іске асыратын саясат бойынша мемлекеттік және 
саяси шешімдер қабылдайтын тұлғалардың біліктіліктерін жетілдіру бойынша қолдау 
көрсеткен (2009 жыл). ЮНФПА 2016 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
Министрлігіне Мадрид халықаралық қартаю мәселесі бойынша атқарылатын іс-
әрекеттерді іске асыру жоспары бойынша Ұлттық жоспарды дайындауда қолдау жасаған.
2020 жылы ЮНФПА «Белсенді ғұмыр» жоспары бойынша Қазақстандағы қарт 
адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған Ұлттық жоспарды құрастыру сұрақтары 
бойынша Министрлікті қолдаған болатын және бұл серіктестік 2025 жылға дейін болады.
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 
Қазақстандағы қарттардың жағдайлары мен олардың қажеттіліктерін анықтау бойынша 
ақпараттар жинауға мүдделі, сонымен қоса статистика Комитеті ЮНФПА бірге белсенді 
қарттықтың индексін анықтау мақсатында серіктестік атқарады, 2020 жылы ЮНФПА 
Қазақстанда мемлекетке егде жастағы адамдардың жағдайын бағалау бойынша ақпараттар 



жинауға, белсенді қарттық индексін анықтауға қажетті ақпараттарды жинастыруға 
техникалық қолдау көрсеткен.
Осы мақсатта ЮНФПА 2008 жылы жасалынған зерттеу негізінде ұлттық анықтау 
жұмыстарын жүргізген, қарттардың әлеуметтік- экономикалық жағдайлары мен олардың 
қажеттіліктерін анықтау (Covid-19 инфекциясының таралуы кезінде) үшін қосымша 
сұрақтар қойылған болатын, ол белсенді қарттық индексін анықтау үшін қолданылады және 
де (2021-2030 жылдар) қартаю мәселесіне қатысты Жол картасын болашақта құрастыруға, 
БҰҰ Европалық экономикалық комиссиясымен бірге «Белсенді қарттық» Қазақстандағы 
қарттардың жағдайын жақсартуға бағытталған әрекет ету жоспарының орындалуын алдағы 
уақытта бақылау үшін жасалынады.
Бұл есепте, Қазақстандағы қарт адамдардың әлеуметтік- экономикалық жағдайлары 
мен олардың қажеттіліктерін бағалау бойынша әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері 
көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет