Microsoft Word Отчёт по результатам исследования среди пожилых 2020 каз фин (1) (2). docx



Pdf көрінісі
бет6/95
Дата03.11.2023
өлшемі6,51 Mb.
#189121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
қарттар
2 СРСП, eng email, Практикалық сабақ 11, 30 сұрақ, силлабус 3 курс эпизоотология және инфекциялық аурулар, IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН
ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫ
Зерттеу бағдарламасы 
Жоба бойынша жұмыстарды бастамас бұрын алдымен зерттеудің бағдарламасы 
құрастырылды, ол өз кезегінде қисындылығымен бір-бірімен байланысты құрылымдардан 
құралған, осы құрылымдардың жүйелігі жоба бойынша зерттеу жұмыстарын іске асыру мен 
бақылауға, ұйымдастыруға мүмкіндіктер береді. Бұл мынадай құрылымдардан тұрады: 
1.
Мақсаттар, міндеттер мен зерттеу нысанын нақтылау; 
2.
Зерттеу әдіснамасы таңдау; 
3.
Сауалнама құрастыру мен сұхбат жүргізетін басшылықты анықтау; 
4.
Зерттеу нысанының категориясының түрлеріне байланысты іріктеуді анықтау; 
5.
Далалық зерттеу жұмыстарына дайындық, оны ұйымдастыру мен өткізу (арнайы 
дайындалған сауалнама бойынша стандартталған сұхбат); 
6.
Жиналған ақпараттарды өңдеу; 
7.
Эмпирикалық зерттеу ақпараттарына талдау жасау. 
Зерттеу әдіснамасы мыналарды құрайды, ол 
сандық және сапалық зерттеулерді 
кешенді жүргізу
. Аталған бұл әдістер зерттеу бойынша қойылған мақсат пен міндеттерді 
орындауға мүмкіндіктер береді.
Зерттеу мақсатын орындау үшін сандық зерттеу әдісі қолданылған болатын. Сандық 
зерттеу әдісі – жекеленген стандартталған сауалнама, ол дегеніміз көрсеткіштердің кең 
таралымдығы мен зерттеліп отырған айнымалылардың ауқымын көрсетеді. Сандық зерттеу 
әдістері белгілі бір мәселені зерттеу кезінде көп адамдарды зерттеуге қатыстыру арқылы 
зерттеліп отырған мәселеге қатысты мақсатты топтың істейтін жауабын анықтауға 
бағытталады. Сандық зерттеу әдістері арқылы адамдардың қандай да бір мәселеге қатысты 
жауаптары, іс-әрекеттері, қандайда бір ол мәселеге қатысты жауапты әрекеттерін пайыз 
арқылы анықтауға болады. Сандық зерттеу сонымен қоса «статистикалық» деп те аталады. 
Ауқымды іріктеу арқылы алынған пайыздық қатынастар статистикалық қорытындылардың 
базасы болып табылады. Қалыпты жағдайларда мақсаттық нысандар жайлы ақпараттар 
жинау, олардың қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтауда сапалық және сандық 
әдістерді қолданылуды қажет етеді, ол дегеніміз зерттеліп жатқан тақырыпқа қатысты 
толық ақпараттарды алуға мүмкіндіктер береді.
Сапалық әдіс, зерттеу бойынша көрсетілген міндеттерді орындауға бағытталады, бұл 
терең сұхбат әдісі. Терең сұхбат (In depth Interviewing) құрылымданбаған, тік немесе жеке 
сұхбат, ол дегеніміз формалды емес жағдай да, яғни сөйлесу кезіндегідей еркін алдын ала 



белгіленген жоспар бойынша, сұхбатқа қатысушы адамның зерттеуші қарастырып отырған 
тақырып бойынша еркін ойлау арқылы сұрақтарға жауап беру дегенді білдіреді. Терең 
сұхбат дегеніміз сонымен қоса зерттеуші қарастырып отырған тақырып бойынша 
құрастырылған сұрақтарға респонденттің/ сарапшының сұрақтарға ашық жауап беруі
ерекшелігі бұл әдісте сауалнама сияқты дайын жауаптар емес, керісінше сұрақтарға ашық 
және толық жауап беруді талап етеді. Осы зерттеу түрі арқылы сұхбат барысында жауапқа 
себеп болған жағдайларды анықтау үшін қосымша сұрақтарды қоюға мүмкіндіктер береді, 
ал бұл дегеніміз зерттеліп отырған мәселе жайлы сарапшының ойы арқылы қорытынды 
ойды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сапалық зерттеулер адамдардың не жайлы ойлап жатқандықтарын анықтау мен 
олардың нені сезінетіндіктерін білу мақсат болған кезде қолданылады. Сапалық зерттеу ол 
зерттеліп жатқан мәселені толық зерттеуді білдіреді. Осы зерттеу әдісі арқылы зерттеліп 
жатқан нысанның ұстанған тұжырымын, әрекет ету үлгісін және осы әрекеттің ар жағында 
қандай себептер тұрғандығын анықтауға мүмкіндіктер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет