«Миға шабуыл»



бет6/6
Дата11.12.2021
өлшемі27,84 Kb.
#99095
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Практикалық сабақ 13

«Сұрақ ілмегі» әдісі

Оқушының ойын ашық білдіруіне дағдыландыру.

Оқушы сабақтың қай бөлігін немесе тақырыпты түсінбеген болмаса сабақ төңірегінде ойландырып жүрген сұрақтарын ашық айтады.

Бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады. Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау техникаларын пайдаланады.

«Эйлер шеңбері» әдісі

А.Ж.Егизбаев бойынша

Тақырып бойынша негізгі идеяларды жинақтап, саралау.

Идеялар жинақталып, сараланады

А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып, кезекпен идеялар талқыланып, жазылады. Не?Қалай? Неге? Нәтиже? деген Мәселер бойынша идеялар сараланады.

«МИКС» жаттығуы

А.Ж.Егизбаев бойынша

 

Идеяларды жинақтап, түйіндеу, кері байланыс жасау.

Идеяларды жинақтау, түйіндейді. Әр топ шығармашылық көзқарас білдіреді.

Тақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады. 1-ші топ – өлең шығару, 2-ші топ – эссе жазу, 3-ші топ – суреттеу, 4-ші топ – сахналық көрініс, 5-ші топ – бір әннің мелодиясына салып, топпен орындау.

«Желпуіш» әдісі

Саймон Браунхилл бойынша

 Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру

Идеялар талқыланады, жинақталады

А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне кезекпен идеялар жазылады, кейін талқыланады.

Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер

Оқу үдерісін жоспарлау. Қысқа мерзімді жоспар (сабақ жоспарын) әзірлеу.

Қазіргі таңда әр ұстаздың  алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Оқыту процесінде пайдаланылып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін  қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының  жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді. [1,40-бет]



 

 

Қорытынды



Жалпы қорыта айтқанда, аталған әдіс — тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни,білім алушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді ұжымда ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа кез-келген пәндер  осындай әдістерді пайдаланса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осыдан кейін ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет