Микроағзалардың морфологиясы және оларды зерттеу әдістері


Спираль тәрізді бактериялар



бет2/4
Дата08.04.2024
өлшемі3,51 Mb.
#200568
1   2   3   4
Байланысты:
2-дәріс.
YNFYDWCJATXM28032024161915, Ders 9

Спираль тәрізді бактериялар

  • Бактериялардың спираль тәрізділері екі тармаққа бөлінеді, олардың бірі вибриондар - үтір тәріздес, екіншісі – спириллалар - бұйралана орналасқан таяқша бактериялар.
  • Соңғы топқа ауру қоздырғыш спирохета бактериялары, жатады. Олар бактерия мен қарапайымдар аралығынан орын тебеді.

Бактериялардың мөлшері

  • Көптеген шар тәрізді бактериялар клеткаларының диаметрі 1-2 микронға тең (микрон - миллиметрдің мыңнан бір бөлігі).
  • Жұмыр клеткалы бактериялардың ұзындығы 1-4 микронға, ені 0,5-1 микронға дейін барады.
  • Сондықтан да судың бір тамшысында бірнеше жүздеген миллион микробтар кездеседі.
  • Кейбір бактериялар мөлшері едәуір үлкен болады дедік. Мәселен, күкірт бактериясы клеткасынын көлденең кесіндісінің диаметрі 50 микронға тең.

Бактериялық жасуша құрылысы.

  • Мөлшерінің кішкентайлығына қарамастан кез-келген жасуша сияқты бактериялық жасушаның барлық құрылым компоненттері бар.
  • Басты құрылымдық компоненттері: жасуша қабырғасы, цитопазмалық мембрана, әр түрлі қосындылары бар цитоплазма және нуклеоид.
  • Тіршілік етудің кейбір кезеңдерінде пайда болатын қосымша құрылымдық компоненттеріне -капсула, спора, талшықтар, кірпікшелер жатады.

Жасуша қабырғасы

  • Жасуша қабырғасы - жоғарғы дәрежеде созылмалы қабілеттілігі бар биогетерополимер.
  • Прокариоттардың негізгі компоненті пептидогликан класына жататын-муреин.
  • Муреин және оған қосылған арнайы қосымша компоненттері бойынша барлық бактериялар грам оң және грам теріс боялатын екі топқа бөлінеді.
  • Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы мұғал болады, қалыңдығы 20-80 нм жетеді. Ол гомогенді құрылымнан тұрады және цитоплазмалық мембранаға тығыз жабысып тұрады. Жасуша қабырғасындағы муреин оның құрғақ массасының 50 ден 90 ға дейін процентін құрайды және муреинмен тейхой қышқылы байланысқан.
  • Грам теріс бактерияладың жасуша қабырғасы жұқалау 14-17 нм. Химиялық құрамы бойынша әр түрлі болады. Ішкі қабаты муреиннен тұрады. Сыртқы қабаты фосфолипид , липополисахарид, липопротеид және ақуыздан тұрады, олардың антигендік қасиеті болады. Жасуша қабырғасы зақымданса қайта орнына келмейді, біраз уакыттан кейін микроб тіршілігін жояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет