Микроағзалардың морфологиясы және оларды зерттеу әдістері



бет4/4
Дата08.04.2024
өлшемі3,51 Mb.
#200568
1   2   3   4
Байланысты:
2-дәріс.
YNFYDWCJATXM28032024161915, Ders 9

Капсула

  • Капсула - бұл негізгі химиялық компонентті полисахаридтен тұратын көп қабыршақты фибриллярлы құрылым. Бактерия денесіне оңай бөліне алады.
  • Патогенді бактериялардың вируленттік белгісіне жатады, өйткені ол бактерияны фагоцитоздың әсерінен қорғайды.
  • Кейбір бактериялар капсуланы тек ағзада құрайды, бұл қасиетін қоректік ортада өсіргенде жоғалтады. Ал капсулалы бактериялар деп аталатын топтағы микроорганизмдер қандай жағдайда болса да капсула түзу қабілеттілігін жоймайды. Капсуланың негізгі қызметі: микроорганизмдердің әр түрлі улы заттардың, фагоцитоздың әсерінен қорғау, жасуша қабатына микроорганизмдердің жабысуына көмектесу.

Талшықт ар

  • Талшықтар - цитопалзмадағы базальді денешіктерден басталатын, бактериялық жасушадан бірнеше есе ұзын, табиғатты ақуызды жіпшелер. Олар микроорганизмге жылжымалық қасиет береді.
  • Егер де бактерияның бір шетінде
  • Талшықтар антиген болып табылатын, Н антиген ақуыз – флагеллинен (flagellum – талшық) тұрады. Флагеллин суббірліктері спираль тәріздес ширатылған.
  • Егер ешқандай талшығы болмаса: Атрих

Споралар

  • Споралар - спора түзу тек қана таяқша тәріздес бактерияларға тән қасиет. Спора түзу үрдісі бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл кезде цитоплазманың тиісті жерінде нуклеоид және рибосома шоғырланады, қатая бастайды, мембраналармен қоршалады, сонан соң ол мембрана кальций тұздарынан және дипиколин қышқылынан тұратын қалың қабатқа айналады. Спорадағы су байланысқан күйде болады. Сондықтан споралы бактериялар өте төзімді болады, сыртқы ортада бірнеше ондаған жылдар сақталады, бірнеше минут қайнатқанда да өлмейді. Бактериялардың спора түзуі, пішіні мен жасушада (вегетативті) орналасуы түрлік қасиеті бола отырып, оларды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді.
  • Спораларды орналасуына байланысты:
    • орталық,
    • субтерминальді
    • терминальд
  • Спораны анықтау үшін Ожешко әдісін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет