Микроэкономика” пәнінен тест сұрақтары 1-тақырып. Микроэкономикаға кіріспе


-тақырып. Сұраныс және ұсыныс икемділігі



бет3/11
Дата14.01.2023
өлшемі97,79 Kb.
#165499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ìèêðîýêîíîìèêà” ï?í³íåí òåñò ñ?ðà?òàðû 1-òà?ûðûï. Ìèêðîýêîíîìèêà
сұрақтар Қаржы менеджмент Бахыт Е 2, ВНД и ее станов в процес разв школьн (для студ)
3-тақырып. Сұраныс және ұсыныс икемділігі

$ 66.
Сіз баға 1 процентке өзгергенде сұраныс көлемінің қалай


өзгеретінін тексергіңіз келеді. Сонда сіз қандай көрсеткіш анықтауыңыз қажет:
A) Икемділік коэффициентін.
B) Лернер коэффициентін.
C) Табыс өсімшесін.
D) Баға өсімшесін.
E) Баға индексін.

$ 67.
Сұраныстың бағалық икемділік коэффиценті мына жағдайда сипаттайды:


A) Тауарға деген сұраныс көлемі 1%-ке өзгергенде осы тауардың бағасы неше %-ке өзгеретінін көрсетеді.
B) Тауардың бағасы 1%-ке өзгергенде тұтынушы табысының неше % - ке өзгеретінін сипаттайды.
C) Тауардың бағасы 1% -ке өзгергенде осы тауарға деген сұраныс көлемі неше % -ке өзгеретінін көрсетеді.
D) Тауардың бағасы 1% -ке өзгергенде осы тауарға ұсыныс көлемі көлемі неше % - ке өзгеретінін көрсетеді.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 68.
Тауардың бағасы өзгерсе де жалпы түсім бұрынғы қалпында өзгермей қалса, онда сұраныыстың бағалық икемділік коэффиценті:


A) 1-ден көп.
B) 1-ден аз.
C) 0-ге тең.
D) 1-ге тең.
E) 0-ден кіші.

$ 69.
Сұраныс бағаның өзгеруіне икемді болса, онда бағаның төмендеуі:


A) Жалпы табысты өсіреді.
B) Жалпы табысты кемітеді.
C) Жалпы табысты өзгертпейді.
D) Жалпы табысты азайтады.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 70.
Сұраныс бағаның өзгеруіне икемсіз болса, онда бағаның төмендеуі:


A) Жалпы табысты өзгертпейді.
B) Жалпы табысты кемітеді.
C) Жалпы табысты өсіреді.
D) Жалпы табысты көбейтеді.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 71.
Сұраныстың баға бойынша қиылысу икемділігінің коэффицентін анықтаңыз. Тауар типі бойынша қортынды жасаңыз:





Вариант

А тауарының бағасы, ақша бірлігі

В тауарына сұраныс көлемі, дана




28

74




32

74

A) Өзара тәуелсіз.


B) Бірін-бірі толықтыратын.
C) Бірін-бірі алмастыатын.
D) Анықтау мүмкін емес.
E) Гиффен тауарлары.
$ 72.
Сұраныстың бағалық икемділік коэффиценті, 1-ге тең болғанда, бағаның төмендеуі:
A) Жалпы табысты өсіреді.
B) Жалпы табысты кемітеді.
C) Жалпы табысты өзгертпейді.
D) Жалпы табыс деңгейі өзгереді
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 73.
Тауардың бағасының 1% - ке төмендеуі осы тауарға деген сұраныс көлемін 2% -ке көбейтсе, онда сұраныс:


A) Икемсіз.
B) Икемді.
C) Икемділігі 1-ге тең.
D) Өте икемсіз.
E) Өте икемді дейміз.

$ 74.
Бағаның 2 есе азаюы салдарынан сұраныс көлемі 2 есе өсті.


Икемділік қандай болады:
A) [E]=1.
B) [E]>1.
C) [E]<1.
D) [E]=0.
E) E=Q.

$ 75.
Шайдың “Dіlmah” және “Lіpton” деп аталатын екі түрін


қарастырайық. “Lіpton” шайының бағасы көтерілді делік. Сонда
бұл өзгеріс “Dіlmah” шайына деген сұранысқа қалай әсер етеді:
A) “Dіlmah” шайына деген сұраныс жоғарлайды.
B) “Dіlmah” шайына деген сұраныс қысқарады.
C) “Dіlmah” шайына деген сұраныс өзгермейді.
D) “Dіlmah” шайының бағасы жоғарлайды.
E) “Dіlmah” шайының бағасы төмендейді.

$ 76.
Бензинге, шаштараз және почта қызеттеріне деген нарықтық сұраныс қандай болады:


A) Икемділігі 1-ге тең.
B) Өте икемді.
C) Икемді.
D) Икемсіз.
E) Өте икемсіз.

$ 77.
Тағамдарға деген сұраныс икемсіз болады, егер:


A) Сұраныстың бағалық икемділігі 1-ге тең болса.
B) Сұраныстың бағалық икемділігі 1-ден аз болса.
C) Сұраныстың бағалық икемділігі 1-ден көп болса.
D) Сұраныстың бағалық икемділігі ұсынысқа тең болса.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 78.
Сұраныстың табыстық икемділігі:


A) Баға 1%-ке өзгергенде табыстың қаншаға өзгеретінін көрсетеді.
B) Баға 1 %-ке өзгергенде берілген тауарғадеген сұраныс көлемінің неше -ке өзгеретінін көрсетеді.
C) Табыс 1%-ке өзгергенде тауарға деген сұраныс көлемінің неше % -ке өзгеретінін көрсетеді.
D) Табыс 1%-ке өзгергенде баға қанша % -ке өзгеретінін көрсетеді.
E) Дұрыс жауап жоқ;

$ 79.
Тауарды құнсыз деп атаймыз, егер осы тауарға деген сұраныстың:


A) Табыстық икемділігі 0,5-ке тең болса.
B) Қиылысқан икемділігі 0,7-ке тең болса.
C) Бағалық икемділігі 1,3-ке тең болса.
D) Табыстық икемділігі 1,3-ке тең болса.
E) Бағалық икемділік 1-ге тең болса.

$ 80.
Күнделікті қажетті тауарларға деген сұраныстың табыстық икемділік коэффиценті:


A) Е: < 0.
B) Е: > 0.
C) Е: > 1.
D) Е:=1.
E) Е: =0.

$ 81.
Егер сұраныстың қиылысқан икемділігі оң сан болса, онда қарастырылып отырған х және у тауарлары қандай:


A) Бірін-бірі толықтыратын.
B) Бірін-біріне қатысы жоқ.
C) Бірін-бірі алмастыратын.
D) Бір-біріне тең.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 82.
Сұраныстың қиылысқан икемділік коэффиценті:


A) Берілген тауардың бағасы өзгеруіне байланысты сұраныс көлемінің өзгеруін көрсетеді.
B) Алмастыратын немесе толықтыратын тауардың бағасы өзгеруіне байланысты сұраныс көлемінің өзгеруін көрсетеді.
C) Тұтынушы табысының өзгеруіне байланысты сұраныстың өзгеруін көрсетеді.
D) Тұтынушы табысының өсуіне байланысты бағаның өсуін көрсетеді.
E) Барлық жауап дұрыс;

$ 83.
Егер сұраныстың қиылысқан икемділік коэффицентінің мәні теріс сан болса ЕХУ<0, онда бұл тауарлар:


A) Бірін-бірі толықтыратын тауарлар.
B) Бірін-бірі алмастыратын тауарлар.
C) Бір-біріне қатысы жоқ тауарлар.
D) Бірін-бірі кей кезде алмастыратын тауарлар.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 84.
Егер сұраныстың табыстық икемділігінің мәні Е1<0 болса, онда бұл тауарлар:


A) Кәдімгідей тауарлар.
B) Бірін-бірі толықтыратын тауарлар.
C) Бірін-бірі алмастыратын тауарлар.
D) Сапалы тауарлар.
E) Сапасыз тауарлар дейміз.

$ 85.
Тауарлар бірін-бірі алмастырады дейміз, егер оларға деген сұраныстың қиылысқан икемділік коэффицентінің мәні:


A) 0-ге тең болса.
B) Оң сан болса.
C) Теріс сан болса.
D) 0-ден кіші болса.
E) Дұрыс жауап жоқ.

$ 86.
Егер Х және У тауарлары бір-біріне қатысы жоқ тауарлар болса, онда сұраныстың қиылысқан икемділік коэффицентінің мәні:


A) 0-ге тең болады.
B) Оң сан болады.
C) Теріс сан болады.
D) 1-ге тең болады.
E) 0-ден кіші болады.

$ 87.
Тауар ұсынысының азаюы:


A) Осы тауармен бірге қолданылатын тауарларға деген сұранысты көбейтеді.
B) Осы тауарға деген сұранысты көбейтеді.
C) Осы тауарға деген сұраныс икемді болса, онда өндірушінің түсімін көбейтеді.
D) Алмастыратын тауарларға деген сұранысты көбейтеді.
E) Осы тауарға деген сұранысты азайтады.

$ 88.
Егер бірін-бірі алмастыратын немесе толықтыратын тауарға деген


сұранысты талдайтын болсақ, онда икемділік коэффициентінің
қай түрі қарастырылады:
A) Сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті.
B) Сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті.
C) Сұраныстың қилысқан икемділік коэффициенті.
D) Лернер коэффициенті.
E) Сұраныстың табыс бойынша доғалық икемділік коэффициенті.

$89.
Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бірнеше бәсекелестіктер болса, онда сұраныс:


A) Икемді.
B) Икемсіз.
C) Өте икемсіз.
D) Өте икемді.
E) Икемділігі 1-ге тең.

$ 90.
Заттың бағасының 5% -ке арзандауы ұсынысты 8% - ке кемітті


дейік, онда осы тауардың ұсынысы:
A) Икемсіз.
B) Икемділігі 1-ге тең.
C) Икемді. .
D) Өте икемді
E) Өте икемсіз.

$ 91.
Тауар ұсынысы икемсіз болған жағдайда оған деген сұраныс


азаяды дейік, сонда сатушының жалпы түсімі:
A) Көбейеді.
B) Азаяды.
C) Егер сұраныс икемді болса ғана азаяды.
D) Өзгермейді.
E) Тең болады.

$ 92.
Ұсыныс икемділігі ең біріншіден мынаған тәуелді болады:


A) Берілген өнімді алмастыратын тауар санына.
B) Сатушылар өзгерген бағаға икемделе алатын уақыт мерзіміне.
C) Бұл тауар бірінші реттегі қажеттілік пе әлде сән, байлық заты ма соған байланысты.
D) Бұл тауар ұзақ қолдану заты ма, әлде аралық тұтыну заты ма соған байланысты.
E) Берілген тауарды сатып алатын тұтынушы табысының бөлігіне байланысты.
$ 93.
Ұсыныс икемділігі төмендегі көрсеткіштердің қайсысына көбірек
тәуелді болады:
A) Берілген тауарды алмастыратын тауарлардың санына.
B) Сатушылардың баға өзгеруіне бейімделу уақытына.
C) Тауардың қажеттілігіне.
D) Тауардың қызмет ететін мерзіміне.
E) Тауардың бағасына.

$ 94.
Тауардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі:


A) Түсім.
B) Сұраныс көлемі.
C) Тұтыну.
D) Пайда
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 95.
Егер табыс өскен уақытта затқа денеген сұраныс та өсетін болса,


онда бұндай тауарлар:
A) Сапасыз тауарлар.
B) Кәдімгідей тауарлар.
C) Қажеті жоқ тауарлар.
D) Сапасы өте төмен тауарлар.
E) Барлық жауап дұрыс.

$ 96.
Астана тұрғындарының салқын суларға деген сұраныс


функциясы мынандай болса Qd=3-2p, онда баға p=5 теңге болғандағы
сұраныс икемділігін анықтаңыз:
A) –2.
B) 5.
C) 3.
D) 7.
E) 1.

$ 97.
Тұтынушының табысы 1400 теңге болғанда, ол Хтауарын


560мөлшерінде пайдаланатын, енді табысы 1100 теңгеге дейін
азайғанда, оның сұранысы 430-ға дейін кеміді. Осы деректерге
сүйене отырып, сұраныстың табыстық икемділігін табыңыз:
A) 0,9.
B) –1,2.
C) 1.
D) 0.
E) 1,9.

$ 98.
Сұраныстың бағалық және табыстық икемділік коэффициенттерінің мәндері сәйкес түрде –0,5 және 0,6-ға тең делік. Олай болса, баға 10 процентке кеміп, табыс 5 процентке өскен жағдайда, сұраныс:


A) 2 процентке кемиді.
B) 8 процентке өседі.
C) 5 процентке өседі.
D) 1 процентке төмендейді.
E) 3 процентке кемиді.

$ 99.
Фотоаппарат пен фотопленканыңарасындағы сұраныстың


қиылысқан икемділік коэффиценті –2,5-ке тең. Егер фотоаппараттың бағасы
10 процентке жоғарласа, онда:
A) Фотоаппаратқа деген сұраныс 25 процентке көбейеді.
B) Фотоаппараттың бағасы 25 процентке жоғарлайды.
C) Фотопленкаға деген сұраныс 25 процентке кемиді.
D) Фотопленкаға деген сұраныс 25 процентке жоғарлайды.
E) Ешқандай өзгеріс болмайды.
$ 100.
Тауар ұсынысының азаюы:
A) Осы тауарлармен бірге қолданылатын тауарларға деген сұранысты көбейтеді.
B) Осы тауарға деген сұранысты көбейтеді.
C) Осы тауарға деген сұраныс икемді болады.
D) Алмастыратын тауарға деген сұранысты көбейтеді.
E) Толықтыратын тауарларға деген сұранысты көбейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет