Микроэкономика


 СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет6/97
Дата06.04.2022
өлшемі3,68 Mb.
#138080
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Koshebaeva (1)
4 апта қмж, Биологиядан қазақ тілінде тест сұрақтары №1 1, Тема 6. (1), Практикалық тапсырмалардың микро (2), Микроэкономика АН СРС и СРСП, улпан
1 СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ 
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ресурстардың шектелгендігі проблемасы және таңдау 
қажеттілігі. Нарық - игіліктерді таратудың қоғамдық 
механизмі 
 
Ӛндірістерде барлық пайдаланылатын ресурстар шектеулі. 
Экономикалық ресурстар деп экономикалық игіліктерді ӛндіру 
үшін кажетті мына элементтерді: 
1)еңбек - экономикалық игіліктерді жасауға бағытталған 
мақсатты түрдегі іс-қимыл; 
2)
капитал - тауарлар мен кӛрсетілетін қызметтерді ӛндіру 
үшін пайдаланылатын бұрынғы еңбекпен құрылған игіліктер; 
3)
жер, табиғи ресурстар - тауарлар және кӛрсетілетін 
қызметтер ӛндіру үшін қажетті табиғи жағдайлар; 
4)
кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қабілеттілік - басқару қабілеттілігі, 
сондай-ақ жаңашылдықтар құру және тәуекелдерге бару 
қабілеттілігі; 
5)
ақпарат - қоршаған әлем жэне ондағы болып жатқан 
процестер туралы мәліметтер; бірнәрсенің жағдайы туралы, 
шамалардың мәні туралы мәлімдейтін хабарлама деп атау 
қабылданған. 
Игіліктердің 
шектеулігі 
таңдау 
проблемасын 
шешу 
қажеттілігіне – бұл ретте осы шығындар кезінде қажеттіліктерді 
максимум 
қанағаттандыруға 
қол 
жеткізетін, 
оларды 
пайдаланудың балама нұсқаларының ішінен ең жақсысын таңдау 
жатады. Ресурстардың шектеулігімен қоғамға таңылатын таңдау 
процесінде ол үш іргелі міндеттерді шешу қажеттілігімен 
кездеседі: не?, яғни қандай тауарлар және кӛрсетілетін 
қызметтерді қандай мӛлшерде жүргізуге болады, қалай?, яғни 
қандай шектеулі ресурстар және технологиялық тәсілдер 
кӛмегімен адамдарға қажетті игіліктерді ӛндіруге болады және 
кім үшін? бұл шектеулі ӛмірлік игіліктерді ӛндіру қажет? 
Экономикалық 
міндеттердің 
аталған 
үш 
тағаны 
экономикалық жүйенің барлық типтері үшін тән екендігін ескеру 
маңызды. Айырмашылық бұл міндеттерді шешу тиімділігінің 
дәрежесінен ғана тұрады. 
Нарықтық экономиканың негізгі субъектісі үй шаруашылығы 


10 
және фирмалар болып табылады. Үй шаруашылығы бір уақытта 
экономикалық ресурстарды жеткізуші ретінде бола отырып, 
тұтынушылық 
тауарлар 
және 
кӛрсетілетін 
қызметтерге 
сұранысты ұсынады. Фирмалар, ӛз кезегінде тұтынушылық 
тауарлар және кӛрсетілетін қызметтерді ұсына отырып, 
ресурстарға деген ұсынысты талап етеді. Негізгі экономикалық 
агенттер тәртібі 1.1-суретте кӛрсетілген сұраныс және ұсыныс 
айналымымен белгіленген болуы мүмкін. Айналым сұлбасының 
барлық шарттылығы кезінде ол ең бастысы - дамыған нарықтық 
экономикада сұраныс және ұсыныстың тұрақты ӛзара 
әрекеттестігі болатынын кӛрсетеді: сұраныс ұсынысты тудырады, 
ал ұсыныс сұранысты дамытады. 
1.1 -сурет - Сұраныс және ұсыныс айналымы 
Сұраныс және ұсыныс айналымы ресурстар, тұтынушы 
игіліктері және табыстары
 
есебінен нақтылануы мүмкін. Үй 
шаруашылығының сұранысы тұтынушы игіліктері және 
кӛрсетілетін 
кызметтер 
нарығында 
жүзеге 
асырылатын 
шығындармен белгіленеді. Бұл игіліктерді және кӛрсетілетін 
қызметтерді сату фирма түсімін құрайды. Осы үшін қажетті 
ресурстарды сатып фирма шығынын шамалайды. Үй 
шаруашылығы қажетті ресурстарды (еңбек, жер, кәсіпкерлік 
қабілеттілік) жеткізе отырып, ақша табысын (еңбек ақыны, 
рентаны, пайыз, пайда) алады. Осылайша, экономикалық 
игіліктердің
нақты ағыны 1.2-суретте бейнеленген табыс және 
шығыстың қарама-қарсы ақша
ағынымен толықтырылады. 


11 
1.2-сурет – Экономикалық айналым моделі 
Айналымның қарапайым моделі нақты шынайылықты 
біршама дәріптейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет