Микроэкономика


ӛндіріс факторлары нарығындағы тепе-теңдік;  



Pdf көрінісі
бет5/97
Дата06.04.2022
өлшемі3,68 Mb.
#138080
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Koshebaeva (1)
4 апта қмж, Биологиядан қазақ тілінде тест сұрақтары №1 1, Тема 6. (1), Практикалық тапсырмалардың микро (2), Микроэкономика АН СРС и СРСП, улпан
 
ӛндіріс факторлары нарығындағы тепе-теңдік; 

 
сыртқы әсерлер теориясы және оларды реттеу тәсілдері

 
қоғамдық таңдау теориясы және қоғамдық игіліктердің 
экономикалық табиғаты. 
Микроэкономиканы білу басқару шешімдерін қабылдау үшін, 
әлеуметтік саясатты әзірлеу үшін, бәрінен бұрын бірінші 
кезектегі – қазіргі замандағы экономиканың іске асыру 
механизмін 
түсіну 
үшін 
қажет. 
Соңғы 
жылдары 
микроэкономикалық бәсекелестік стратегиясы, белгісіздік және 
ақпарат рӛлі, нарық жағдайында фирмалармен бағаны 
қалыптастыруды 
талдау, 
қоғамдық 
игіліктерді 
беруде 
мемлекеттің және нарықтың мүмкіндігі сияқты тараулар жетекші 
рӛлге ие болды. 
Микроэкономика – экономикалық теорияның кұрамдас бӛлігі. 
Микроэкономика 
экономикалық 
шешімдердің 
фирмалар, 
тұтынушылар, 
капитал 
мен 
жер 
иелері, 
кәсіпкерлік 
қабілеттіліктер деңгейінде неліктен және қалай қабылданатынын 
түсіндіреді. Микроэкономиканың басқа маңызды аспектісі болып 
ӛнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының нарығында,



яғни неғұрлым ірі құрылымдарға білім беру процесінде 
экономикадағы субъектілердің ӛзара әрекеті болып табылады. 
Микроэкономика жекелеген экономикалық субъектілердің іс-
қимылын түсіндіруге кӛмектесе алатын (ыкшамдалған тәсілмен) 
және келешекке тиісті болжам жасай алатын теорияларды 
қолдануға негізделеді. Теорияның математикалық ӛрнектерін 
білдіретін модельдер аталған түсініктерді кӛрсету үшін және 
болжалдау процесінде қолданылады. 
Микроэкономика нормативтік талдау үшін маңызды, бұл 
ретте біз фирмалар үшін және тұтастай алғанда қоғам үшін 
қандай баламалар жақсырақ деген сұраққа жауап береміз. Бұл 
ретте тепе-теңдік пен әділеттілік және сондай-ақ экономикалық 
тиімділік проблемаларының позициясы тұрғысынан бағалау 
пікірлерін ескеру маңызды. 
Микроэкономика онда жекелеген сатып алушы немесе 
сатушы бағаға әсер етпейтін бәсекелестік нарығын, сондай-ақ 
онда жекелеген агенттер бағаға әсер ете алатын бәсекелестік емес 
нарықтарды да зерттеумен айналысады. 
Микроэкономика қолданыстағы бағаны да, сондай-ақ 
инфляцияның әсерін жоюға мүмкіндік беретін салыстырмалы 
бағаны да зерттейді. Салыстырмалы бағалар тұтыну бағаларының 
индексі (ТБИ) сияқты бағаның бірігу индексі бойынша 
есептеледі. 
«Micro» қосымшасы грек тілінде «кішкентай» деген 
мағынаны білдіреді, экономикалық ғылымда салаларды анықтау 
контекстінде жеткілікті шартты сипатта болады. Біріншіден, 
жекелеген нарық бірлігі ӛзінің шамасы бойынша кішкентай да, 
ӛте үлкен де болуы мүмкін. Мысалы, «General Motors» ірі ӛндіріс 
фирмасы (1 млн-ға жуық персоналы және бүкіл дүние жүзі 
бойынша 5 млн. акционерлері бар) жыл сайын құны кӛптеген 
елдердің ЖҰӚ-нен асып түсетін ӛнімдерді шығарады. Бұған 
қарамастан микроэкономика үшін зерттеу объектісі ретінде бұл 
фирма, мысалға, жалпы терминмен «ӛндірістік фирма» дегенді 
білдіретін қандай да бір шағын фермерлік шаруашылықпен 
маңызы бірдей болады. Ал басқаша, микроэкономика жекелеген 
бірлікті зерттей отырып, оның басқа бірліктермен ӛзара әрекетін 
ескереді, яғни бұл дегеніміз олардың «ӛмір сүру ортасын» - 
ӛндіріс салаларын, ресурстар және ӛткізу нарығын, бәсекені 



ұйымдастыру және барлық қоғам тұтастай экономикалық 
бірліктердің жалпыға ортақ ӛзара әрекеттестігінің салдарынан 
алатын қосынды нәтижені қарастыру қажет. Осылайша, мұнда 
микроэкономика макроэкономикада сӛзсіз болатын проблемаға 
шығады, сондықтан, экономикалық теорияның екі бӛлімі 
арасындағы шекара жеткілікті түрде шартты. 
Макропроцестерді түсіну негізінде жекелеген шаруашылық 
бірліктердің 
тәртібін 
талдау 
жатқаны 
әбден 
айқын. 
Макроэкономика 
жӛніндегі 
қазіргі 
замандағы 
барлық 
оқулықтардың үлкен тараулары зерттеудің микроэкономикалық 
негіздеріне және макроэкономикалық тәуелділіктің әдістемелік 
негіздеуіне арналған. Керісінше, микроэкономиканың қазіргі 
замандағы 
курстары 
макроэкономикалық 
тақырыптарды: 
мемлекет рӛлі және мемлекеттік сектор экономикасы; нарық 
жүйесі және әл-ауқат экономикасының тиімділігі, жалпы тепе-
теңдігі; сыртқы эффектілер теориясы және қоғамдық игіліктер 
және т.б енгізеді. 
Экономика 
ғылымының 
міндеті 
жүйеге 
фактілердің 
бейберекет жинағын енгізуден тұрады. Бұл мақсатта зерттеудің 
ерекше әдістері қолданылады. «Әдіс» сӛзі грек тілінен аударғанда 
«бірнәрсеге 
апаратын 
жол» 
дегенді 
білдіреді. 
Біздің 
жағдайымызда - бұл экономикалық процестердің ғылыми 
ақиқатты 
жетістіктеріне 
апаратын 
жол. 
Экономикалық 
құбылыстардың функционалдық және сандық тәуелдігін зерттеу 
кезінде математикалық аспаптар жинағы кеңінен қолданылады. 
Мынадай әдістер: талдау және синтез, индукция және дедукция, 
тарихи және логикалық әдістер, абстракция және басқалары 
белсенді колданылады. Экономикалық құбылыстардың микро- 
және макроталдауы әр түрлі кӛзқарас нүктесінен карастырылады, 
зерттеу әдістері және құралдары бірдей қолданылады. [1] 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет