Микроэкономика


Екінші бақылаудың соңы (2)



бет14/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Екінші бақылаудың соңы (2)
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №3 (2)

1. Орташа айнымалы шығынның функциясы мынадай: AVC=10 + 3Q2. Жалпы шығынның функциясының алгебралық өрнегін тап. Тұрақты шығын 10 ақша бірлігіне тең болғанда.


А) 10+10 Q + 3Q3;
В) 10+10 Q + 3Q2;
С) 10 Q + 2Q2;
D) 10 Q + 2Q2;
Е) 10 + 100Q + 2Q3.
2. Қысқа мерзім дегеніміз не?
А) өндірістің барлық факторлары тұрақты болып саналатын мерзім;
В) өндірістің барлық факторлары айнымалы болып саналатын мерзім;
С) факторлардың бір бөлігі тұрақты, бір бөлігі айнымалы болып саналатын мерзім;
D) фирмалар салаға еркін кіреді;
Е) салада олигополисттердің саны жеткілікті.
3. Кестенің мәліметтері бойынша АVС (5) табыңыздар:

Q

TC

0

50

1

90

2

120

3

150

4

200

5

270

А) 44;
В) 54;
С) 40;
D) 30;
Е) 18.
4. Орташа айнымалы шығындар функциясы мынадай: АVС =10 + 2Q. Шекті шығындар функциясының алгебралық өрнегін табыңыздар. Тұрақты шығындар 200 ақша бірлігіне тең.
А) 12 + 10Q;
В) 10 + 2Q3;
С) 12 + 1Q + 2Q;
D) 10 + 4Q;
Е) 10 + 2Q.
5. Шекті шығындар тең:
А) орташа жалпы шығындар көбейтілген шығарылған бірліктердің санына;
В) өнімді шығаруды бір бірлікке көбейту нәтижесінде тұрақты шығындардың өсіміне;
С) өнімді шығаруды бір бірлікке көбейту нәтижесінде айнымалы шығындардың өсіміне;
D) өнімді шығаруды бір бірлікке көбейту нәтижесінде орташа тұрақты шығындардың өсіміне;
Е) тұрақты және орташа шығындардың қосындысына.
6. Масштабтың теріс тиімділігі қандай жағдайда орын алады:
А) тұрақты орташа шығындар өндіріс көлеміне тәуелді емес болғанда;
В) ұзақ мерзімді орташа шығындар өндіріс көлемі өскен сайын кеми түскенде;
С) ұзақ мерзімді орташа шығындар өндіріс көлемі өскен сайын өсе түскенде;
D) қысқа мерзімді айнымалы шығындар өндіріс көлемі өскен сайын кеми түскенде;
Е) қысқа мерзімді айнымалы шығындар өндіріс көлемі өскен сайын өсе түскенле.
7. Фирманың тұрақты шығыны 55 ақша бірлігі екені белгілі. Ал оның шекті шығынының функциясы МС=22–8Q+3Q2+2Q.3 Фирманың жалпы шығындар функциясын анықтап, өнім шығару 3 ақша бірлігінетең болғанда осы шығындарды есепте.
А) 169,3;
В) 148,7;
С) 12,5;
D) 38,8;
Е) 152,5.
8. Тұрақты шығындардың өндіріс көлеміне қатынасы:
A) орташа айнымалы өнім;
B) жалпы өнім;
C) орташа тұрақты өнім;
D) орташа айнымалы шығындар;
E) орташа тұрақты шығындар.
9. Фирма қолданылатын капиталды 300-ден 450 бірлікке дейін ұлғайтқанда, өнім көлемі 40-ден 50 бірлікке дейін өсті. Егер фирма тағыда қолданылатын капиталды 10%-ке ұлғайтса, өнім көлемі неше пайызға өседі:
A) 1
B) 2
C) 3
D) 5
Е) 8.
10. 30 теледидар жасап шығарған кездегі шығын 10 000 ақша бірлігін құрайды, ал 50 теледидар шығарғанда 14 000 ақша бірлігіне тең болады. Шекті шығындар тұрақты. 60 теледидар шығару кезіндегі тұрақты шығынды есептеп табыңыздар.
А) 300;
В) 2000;
С) 4000;
D) 5000;
Е) 150.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет