Микроэкономика



бет2/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Кіріспе сөз
Экономикалық бағаытта білім алатын студенттерге арналған бұл оқу-әдістемелік құрал микроэкономика пәнінің негізгі сұрақтарын қамтыған. Құралдың құрылымы мынадай: бір нұсқаға типтік бағдарламадағы барлық тақырыптарды қамтитын бес ағымдық және бір межелік бақылау жұмысы енгізілген. Нұсқалардың ұзын саны он. Бірінші бақылау «Қазіргі микроэкономика және оның тәсілдемесі (методологиясы)», Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері» және «Сұраныс пен ұсыныс икемділігінің теориясы» атты тақырыптардан тұрса екінші бақылау тұтынушы таңдауының теориясына қарасты сұрақтардан құрастырылған.
Үшінші бақылау «Өндіріс теориясы» мен «Өндіріс шығындары» тақырыптарының мәселесі төңірегінде болса, төртінші бақылау толықтай нарық теориясына арналған: «Жетілген бәсеке жағдайындағы ұсыныс», «Монополия», «Монополиялық бәсеке және олигополия».
Бесінші бақылау жұмысы «Өндіріс факторларының нарығы» тақырыбына арналған. Межелік бақылау ретінде берілген әр нұсқадағы соңғы бақылау жұмысы барлық алдыңғы тақырыптардың біріктіре қарастырады.
Сондай-ақ құралда коллоквиумның сұрақтары, қысқаша анықтама сұрақтары, типтік есептердің шығару жолдары берілген.
Құралды жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына микроэкономика және экономикалық теория пәндерінен студенттердің білімін тексеруге пайдалануға болады.
Микроэкономика курсы бойынша қысқаша анықтама материалдар

Сұраныс көлемі мен тауар бағасының арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады.


Жалпы түрде ол былайша жазылады: QD=f(P), мұндағы Q – сұраныс көлемі; P – баға.

  • Сұранысқа тек ғана тауардың бағасы әсер етпейді, сонымен қатар басқа да факторлар да ықпал жасайды.Сұраныс осы факторлардың функциясы болып табылады: QD = f (P, I, Z, W, Psub, Pcom, N, В),

Мұндағы: QD- сұраныс; Р-баға; I - табыс; Z-талғамы; W – тұтынушылардың күтуі(waiting); Psub-тауар бағасы-субституты; Pcom- комплементарлық тауарлардың бағасы; N-сатыпалушылардың саны; В-басқа да факторлар.
Ұсыныс функциясы (supply function) әртүрлі ұсыныс тәуелділігіне факторлардың әсер етуімен анықталады.
Ұсыныс осы барлық факторлардың функциясы болып табылады : QS =f (Р, Pr, K, Т, N, В),
мұнда, P- игілік бағасы; Pr – ресурс бағасы; К- технологияның қолданылуы; T- салықтар және субсидиялар; N- сатушылар саны B- басқада факторлар.
Тепе теңдік нүктесі келесідей белгіленеді E ( лат. Equilibrium).
Тепе теңдік нүктесінде: РЕ=PS=PD,
мұндағы РE-тепе – теңдік бағасы;
PS-ұсыныс бағасы ;
-сұраныс бағасы
Демек, жоғарыдағыдан мынадай қорытынды шығаруға болады: QE = QS = QD,
Мұндағы: QE-тепе – тең көлем; QS-ұсыныс көлемі; QD-сұраныс көлемі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет