Микроэкономика


Бесінші бақылаудың соңы (2)



бет17/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Бесінші бақылаудың соңы (2)
Микроэкономикадан межелік бақылау жұмысы №1 (2)

1. Өндірушілердің тауардың белгілі бір көлемін сатуға келісу бағасы мен осы тауарды нақты сатқаннан түсетін ақшалардың айырмашылығы:


А) өндірушінің артықшылығы;
В) сұраныс заңы;
С) ұсыныс функциясы;
D) ұсыныс заңы;
Е) сұраныс функциясы.

2. Өнімге бағаның азаюы келесі себептер болуы мүмкін:


А) жеке кәсіпкерліккен салықтың өзгеруі;
В) тұтынушылардың табысының өсуі;
С) өндірістік ресурстарға бағаның төмендеуі;
D) өзара алмстырғыш тауарларға бағаның төмендеуі;
Е) дұрыс жауап жоқ.

3. Қара бидай ұнының бағасы төмендеген жағдайда:


А) ақ бидайға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды;
В) ақ бидайға деген сұраныс қисығы солға жылжиды;
С) ақ бидайдың теңдестік бағасы жоғарылайды;
D) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы орындалмайды.
E) қара нан шығару доғарылады.

4. Сүттің бағасы өскенде кинокамераға сұраныстың жанама икемділігінің коэффициенті:


А) теріс;
В) оң;
С) ноль;
D) 1-ден жоғары;
Е) анықтау мүмкін емес.

5. Тұтынушы тауардың қосымша бірлігін тек баға төмендегенде ғана сатып ауға дайын екені төмендегі жағдайға байланысты:


А) алмастыру тиімділігіне;
В) шекті пайдалылықтың кему заңына;
С) табыс тиімділігнеі;
D) ұсыныс заңына;
Е) сұраныс заңына.

6. Төмендегі суретте тұтынушының бюджет сызығы корсетiлген. Тұтынушының табысы 300 а.б. құрайды. Ү тауарының бағасын табыңыз


Y
20





0 X
А) 20;


В) 15;
С) 40;
D) 25;
Е) 30.

7. Раушанның апталық табысы 60 теңгеге тең делік. Раушан табысты нан мен сүтке жұмсайды. Бір бөлке нанның бағасы 20 тенге (Х), ал 1 литр сүттің бағасы 30 тенге (Ү) болған жағдайында бюджет сызығының теңдеуін жазыңыздар.


А) 2Х + 3Ү = 6;
В) 40Х + 20Ү = 60;
С) 5Х + 7Ү = 80;
D) Х= - 2Ү + 8;
Е) 3Х + 2Ү = 60.

8. Алмастың бағасы су бағасынан жоғары, себебі:


А) алмастың жалпы пайдалылығы судың жалпы пайдалылығынан жоғары;
В) судың жалпы пайдалылығы алмастың жалпы пайдалылығынан жоғары;
С) берілген тұтыну көлемі жағдайында алмастың шекті пайдалылығы судың шекті пайдалылығынан жоғары;
D) сатып алушылар алмас үшін ақшаны көбірек төлеуге дайын;
Е) алмас судан қымбат

9. Қысқа мерзім дегеніміз не?


А) өндірістің барлық факторлары тұрақты болып саналатын мерзім;
В) өндірістің барлық факторлары айнымалы болып саналатын мерзім;
С) факторлардың бір бөлігі тұрақты, бір бөлігі айнымалы болып саналатын мерзім;
D) фирмалар салаға еркін кіреді;
Е) салада олигополисттердің саны жеткілікті.
10. Кестенің мәліметтері бойынша АVС (5) табыңыздар:

Q

TC

0

50

1

90

2

120

3

150

4

200

5

270

А) 44;
В) 54;
С) 40;
D) 30;
Е) 18.
11. Орташа айнымалы шығындар функциясы мынадай: АVС =10 + 2Q. Шекті шығындар функциясының алгебралық өрнегін табыңыздар. Тұрақты шығындар 200 ақша бірлігіне тең.
А) 12 + 10Q;
В) 10 + 2Q3;
С) 12 + 1Q + 2Q;
D) 10 + 4Q;
Е) 10 + 2Q.

12. Шекті шығындар тең:


А) орташа жалпы шығындар көбейтілген шығарылған бірліктердің санына;
В) өнімді шығаруды бір бірлікке көбейту нәтижесінде тұрақты шығындардың өсіміне;
С) өнімді шығаруды бір бірлікке көбейту нәтижесінде айнымалы шығындардың өсіміне;
D) өнімді шығаруды бір бірлікке көбейту нәтижесінде орташа тұрақты шығындардың өсіміне;
Е) тұрақты және орташа шығындардың қосындысына.

13. Кәсіпорын жетілген бәсеке нарығына бір ғана түрлі тауар өндіреді. Өндіріс көлемін ұлғайтудың технологиясы – бір шығарғанда 1000 дана өнім өндіреді. Жалпы шығынның өнім өндіру көлеміне тәуелділігі төмендегі кестеде көрсетілген.



Шығару көлемі, мың. Дана

0

1

2

3

4

5

Жалпы шығындар,
ақша бірлігі

8000

12000

13000

20000

29000

35000

Нарықтағы баға 6 ақша бірлігіне тең. Кәсіпорынға қандай көлемде өнім өндіргені тиімді?
А) 4000;
В) 3000;
С) 1000;
D) 2000;
Е) өнім өндірмеген абзал.
14. Бәсекелес фирманың өнім бағасы 48-ге тең. Фирманың шығындары 15 + Q3.Таза пайданың ең көп мөлшерін табыңыз.
А) 51;
В) 48;
С) 73;
D) 64;
Е) 113.
15. Жетілген бәсеке жағдайында фирманың қысқа мерзімдегі фирманың ұсыныс қисығы:
А) орташа айнымалы шығындар қисығынан төмен орналасқан шекті шығындар қисығымен қабаттасады;
В) нарықты ұсыныс қисығымен сәйкескеледі;
С) орташа айнымалы шығындар қисығынан жоғары орналасқан шекті шығындар қисығымен сәйкес келеді;
D) шекті шығындар қисығынан жоғары орналасқан орташа айнымалы шығындар қисығымен қабаттасады
Е) бұл қисықтар бір-бірінен ерекше болады.
16. Жетілген бәсеке жағдайындағы фирма өзінің жалпы табысының (TR) мөлшеріне әсер ете ала ма? Егер әсер ете алатын болса, онда қалай?
А) иә, өндіріс көлемін ұлғайту арқылы;
В) иә, өндіріс көлемін азайту арқылы;
С) иә, шығындарды азайту арқылы;
D) жоқ;
Е) өзгерте алуы да, алмауы да мүмкін
17. Ресурстың тиімді пайдалану әдісі
A) MRPB) MRP>MRC
C) P=MC
D) MRP=MRC
E) MR=MC
18. Техникалық прогресс – бұл:
A) изокванталардың координаттар басына орын ауыстыруы
B) изокосталардың координаттар басына орын ауыстыруы
C) жоғарыдағы изоквантаға орын ауыстыру
D) жоғарыдағы изокостаға орын ауыстыру
Е) изокосталардың жоғарыға орын ауысуы.
19. Экономикалық рента – бұл:
А) кез-келген ресурстың бағасы;
В) табиғи ресурстың бағасы;
С) жердің бағасы;
D) сұранысы қатаң бақылаудағы ресурс бағасы;
Е) дұрыс жауап жоқ.
20. Жердің өндіріс фактор ретіндегі ұсыныс қисығы:
A) абцисса осіне қарағанда көлденен
B) абцисса осіне қарағанда тігіннен орналасқан
C) көлбеулігі теріс болады
D) көлбеулігі оң болады
E) 1-ші ширектің биссектрисасы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет