Микроэкономика


Үшінші бақылаудың соңы (10)



бет63/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Үшінші бақылаудың соңы (10)
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №4 (10)

1. Бәсекелес фирманың орташа шығындары AC=40 + 2Q. Фирманың шығару көлемі қалай өзгереді, егер өнімнің бағасы бір дана үшін 200 а.б.-нен 100 а.б.-не дейін төмендесе?


A) 35 бірлікке төмендейді;
B) 4 бірлікке өседі;
C) өзгермейді;
D) 25 бірлікке төмендейді;
E) бұны анықтау мүмкін емес.

2. Жетілген бәсеке жағдайында шекті шығындар бағаға тең, себебі:


А) шекті табыстың сызығы сұраныс қисығы арқылы өтеді;
В) фирма өніміне сұраныс қисығы көлденең орналасады;
С) шекті табыстың сызығы тік орналасады;
D) жалпы шығындар сызығы теріс көбеу болады;
Е) фирма өніміне сұраныс сызығы тік орналасады.

3. Жетілген бәсеке жағдайындағы фирма үшін сұраныс қисығы немен сәйкес келеді:


А) жалпы табыстың қисығымен;
В) орташа және шекті табыстың қисығымен;
С) жалпы шығындардың қисығымен;
D) шекті шығындардың қисығымен;
Е) айнымалы шығындардың қисығымен.

4. Егер өндіріс көлемі ұлғайғанда, AVC кемісе, онда:


A) MC кему керек;
B) TFC кему керек;
C) TC кему керек;
D) MC AVC–дан төмен болу керек;
E) MC AVC–дан жоғары болу керек.

5. Бәсекелес фирманың иелері қысқа мерзімді кезеңде өндірісті тоқтатады, егер:


А) орташа жалпы шығындар өссе;
В) шекті шығындар өссе;
С) баға ең кіші орташа айнымалы шығындардан төмен болса;
D) баға ең кіші орташа жалпы шығындардан төмен болса;
Е) орташа жалпы шығындар тұрақты болса.

6. Жетілген және монополиялық бәсеке нарықтарының ұқсастығы неден көрінеді?


A) әртүрлі тауарлар шығаратындығынан;
B) сатушылар мен сатып алушылар көптігінен;
C) жеке фирманың өніміне деген сұраныс қисығының көлденендігінен;
D) тауарлары бірдей;
E) бәсекелес фирмалардың бір-біріне тәуелділігінен.

7. Паретоның ресурстарды тиімді болу теориясы әлеуметтік тұрғыдан тиімді ме?


А) иә;
В) жоқ;
D) бұны анықтау мүмкін емес;
С) егер де монополия жайлы болса, онда иә;
Е) бірдей.

8. Көрсетілген нарықтардың қайсысы жетілген бәсеке шарттарына сәйкес келеді:


A) болат;
B) шаштараз қызметі;
C) автомобильдер;
D) фирманың акция мен облигациялары;
E) жанармай.

9. Фирманың ең ұтымды өнімінің көлемі белгілі делік.


Осы жағдайда фирманың шекті шығыны орташа шығынынан көп болса, онда фирма;
А) Пайда алады;
В) Өндірісті тоқтатпайды;
С) Орташа шығын қисығының ең төмен шамасынан оңға қарай орналасқан нүктесіне сәйкес келетін өнім көлемін таңдап алады;
D) Жоғарда айтылғандардың бәрі дұрыс;
Е) Жоғарда айтылғандардың бәрі дұрыс емес.

10. Ең аз бақылау мен реттеуге ұшырайтын нарықты құрылым:


А) монополистік бәсеке;
В) билатералды (екі жақты) бәсеке;
С) олигопсония;
D) таза бәсеке;
Е) жетілген бәсеке.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет