Міндеттері: «Қарым-қатынас мәдениеті»



бет1/2
Дата08.10.2023
өлшемі19,93 Kb.
#184183
  1   2
Байланысты:
Жоба ата ана новый


Тақырыбы:Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті
Қатысушылар:Ата-аналар,мұғалімдер
Жауапты:
Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға,отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Міндеттері:
1. «Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәнін ашу.
2 .Баланың жаңа ортаға бейімделуі
3. Ата-анамен бала арасындағы байланыс туралы ситуациялық сұрақтар
4.Отбасы тәрбиесі жағдайында әдіс- тәсілдерін ұсыну.
5. Ата-анаға кеңес
6.Рефлексия
Өтілу формасы:Тренинг

Әдістері: Топтастыру,Екі жақты күнделік,

Көрнекілігі: нақыл сөздер мен сұрақтар жазылған бетшелер, жүрекшелер, т. б.


Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған тренингімізге қош келдіңіздер!
Құрметті ата-аналар!
Әңгімелесу сұрақтары:
1. Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау неге байланысты?
2. Отбасындағы тату тәтті өмір сүруге басты қасиеттер қандай болу керек?
3.“Қарым-қатынас мәдениетін” қалай құру керек?
4. Мұғалімдердің үлесі қаншалықты?
Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып түсінуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. Оқытудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет – дағдыларын қалыптастыру. Отбасындағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. Баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету.

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.

Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек.
І. Ендеше, осы аталған қасиеттер біздің осы жерде отырған отбасы мүшелерінен табылар ма екен? Сонымен «Бақытты жанұяға» жетудің алғашқы сатысында ата - аналар ситуациялық сұрақтарға жауап береді. Ал бұл кезде балалар да жазбаша сұрақтарға жауап береді:
Ситуациялық сұрақтар қоры:
1. «Ура, мама, мен бес алдым!»- деп бірінші сыныптың оқушысы өзінің қуанышын жасыра алмай үйге жүгіре басып кірді. Бірақ жылдар өте келе мұндай қуанышты сөздер сирей бастайды. Неліктен?
2. Мектепте озат, үлгілі оқушы үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қалай қызықтыруға болады? Сіздің пікіріңіз?
3. Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді»- десе, анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма»- депті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
4. Балаңыз үйге мектептен уақытынан кеш келді. Қалай қарсы аласыз?
5. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын» - деп барудан бас тартты. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңызға үй шаруасымен айналысуды тапсырдыңыз. Бірақ ол оқитын сабағы көп екенін айтып жасағысы келмеді. Сіздің әрекетіңіз?
7. Сіз шаршап, өзіңізді нашар сезініп тұрсыз. Сіздің балаңызға достары қонаққа келетінін естідіңіз. Сол сәттегі әрекетіңіз?
8. Сіз балаңыздың кез келген ортада көп өтірік айтатынын байқадыңыз. Қандай әрекет қыласыз?
9. Сіздің балаңыз соңғы кезде мұғалімдер туралы жағымсыз пікірді көп айтады. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз?
10. Балаңыздың досы сізге ұнамайды. Сіз бұл достыққа өзіңіздің тарапыңыздан әсер етесіз бе?
11. Сіз балаңыздың күнде сабаққа барғысы келмей, көңіл - күйі төмендеп жүргенін байқадыңыз. Онда тәрбиенің қай түрін пайдаланасыз?
12. Жоғарғы сыныпта оқитын ұлыңыздың темекіге әуестеніп жүргенін білдіңіз. Оны дұрыс жолға қалай саласыз?
13. Бала мектептен қатты ашуланып келді. Себебін сұрадыңыз, бала сынып жетекшісіне ренжіп келгенін айтып шағымданды. Сіздің әрекетіңіз?
14. 9 - сыныпта оқитын кенже ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптасының туған күніне сұранды. Бірақ сіз ондай мерекелерді мектеп оқушысына үйде тойлауға болмайтынын естіп жүрсіз. Қайтесіз? Рұқсат бересіз бе, әлде?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет