Минералды тыњайтќыштардыњ химиялыќ технологиясы пєнінен зертханалыќ ж±мыстар


Өсімдікті және жануарлы шикізаттар



бет8/18
Дата30.01.2023
өлшемі355,5 Kb.
#166768
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Ï?íí³? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ «Ìèíåðàëäû øèê³çàòòû? àíàëèç³» ï?í
ТЖБ кестесі 4 -тоқсан 2022 - копия — копия — копия — копия, Адилбекова Құндыз
Өсімдікті және жануарлы шикізаттар.
Өсімдіктен және жануарлардан алынған шикізаттар-ағаш, зығыр, кендір, сора, майлар, жануар жамылғысы және т.б. тағайындалуына байланысты: тағамдық және техникалық болып бөлінеді.
Тағам үшін қолданылатын тамақтық шикізатқа –картоп, қаныт қызылшасы, сүт, астық, т.б. жатады.
Техникалық болып –механикалық және химиялық өңделгеннен кейін тамаққа жарамсыз, тек тұрмыста және өндірісте қолданылатын өнімдер. Олар: мақта, ағаш, жануар сүйектері және т.б.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Өндірістік қалдықтарды қолдану принциптері.
2. Кез келген өндірістегі қажет элементтер
3. Кенді емес шикізаттың әртүрлі категорияларға жатқызуға болады ма?
4. Минералды шикізат түрлерін ата.


Дәріс 7 Минералды шикізатты өндеудің сипаттамасы.

Қатты минералды шикізатты жер қойнауынан өндіру тау кең өндірісі деп аталады. Пайдалы қазбалар түріне байланысты және тау-кен өндірісі сипаттамасына байланысты, егер жер астынан алынса шахта, рудник, копи деп, жер бетінен өндірілсе карьер, ломпа. Шахталарда жер астынан көмір алады, рудниктерде металл кендері, копиде металл тұздары алынады.




Минералды шикізатты сапалы өңдеу.
Кез келген пайдалы қазбаларда белгілі бір өндіріс үшін керек емес қоспалар-бос жыныстар болады. Пайдалы қазбалар металлургиялық заводтарға немесе химиялық өндіріске түспей тұрып, алдын ала өнделеді.Өнделген соң мемлекеттік немесе жалпы ішкі одақтық (ГОСТ,ОСТ), ішкі немесе аралық ведомствалардың техникалық талаптарына сай болуы қажет.
Шикізатты алдын ала өңдеуге мына механикалық өңдеулер түрі жатады:
1)іріктеу және жіктеу;
2)ұсақтау;
3)брикеттеу және агломерация;
4)байыту.
1) Іріктеу ортақ химиялық немесе физикалық қасиеттеріне байланысты бөлу. Бөлікті өлшеміне байланысты шикізатты бөлу жіктеу деп аталады.
Шикізатты арнайы тор немесе елек арқылы жіктеуді грохот деп атайды. Сондықтан мұндай жіктеуді грохочение деп атайды.
Кесектері 3-4 мм -ге дейін ұсақталған шикізаттар: а)суға шөгу жылдамдығына байланысты гидравликалық немесе сулы; б)ылдый қорапта бөлшектердің бос құлауына байланысты-механикалық; в)не ауада бос құлау жылдамдығы бойынша ауадағы құрғақ не құрғақ деп аталады. Гидравликалық және механикалық жіктеу үшін қолданылатын аспаптар-классифирлер деп аталады, ал құрғақ жіктелу аспабы-ауалы сепаратор деп аталады.
2) Шикізатты ұсақтау. Шикізатты тура қолдану технологиясы, химиялық қайта өңдеу, сонымен қатар сорттар, жіктеу, байыту. Кен кесектерінің белгілі өлшемдерін қажет етеді, сондықтан үлкен кесектерді ұсатады, не ұсақ бөлшектерді престеп немесе слияние арқылы кесектетеді.
3) Кесектеу-өте ұсақ немесе шаң тәріздес шикізаттарды кесектеп, престеп жасалса - брикеттеу деп аталады.Егер шикізатты брикеттен үлкейтсе, агломерация деп аталады, алынған кесектерді агломерат дейді.
4) Байыту пайдалы минералдардын бөлігін бос жыныстан бөлу, қажет болған жағдайда өзара бір-бірінен әр минералды бөліп те алады, сол кезде пайдалы шикізат бөлудің әсерінен концентрациясы артады. Кей жағдайда көмір де байытуға түседі, сонда оның каллориясы артады.
Кесектердің көлденең өлшемдері 6-50мм болатындай етіп, байыту алдында шикізатты әр уақытта ұсақтайды. Шикізатты дайындау - байыту процесінің бөлігі болып табылады.
5) Сусыздандыру - шикізаттан суды жоғалту процесі. Барлық мұнай өнімдері байытылған өнімдер, әртүрлі шламдардан фильтрленеді немесе кептіріледі.
Байытуды арнайы байыту фабрикаларында жүргізеді.
Кесектердің көлденең өлшемдері 6-50мм болатындай етіп байыту алдында шикізатты әр уақытта ұсақтайды. Шикізатты дайындауда байыту процесі маңызды бөлік болып табылады, сондықтан кеңірек қолданылады.
Шикізатты байыту әдістері
Байыту процесін 3 түрге бөледі: механикалық, физика-химиялық (флотационды) және химиялық.
Механикалық әдіс-кеннің әр бөлігінің физикалық қасиеттеріне байланысты: өлшемі, тығыздығы, формасы (түрі), түсі, жарқырауы, бет бөлігінің бұдыры, магнитке тартылуы, электрөткізгіштігі, сулануы т.б.
Ең оңай механикалық әдіс грохочение - тесігі әр түрлі електер арқылы өткізу. Темірлі кендерге электромагнитті байыту қолданылады.
Физика-химиялық әдіс шикізаттың жеке құрам бөліктерінің сулануына немесе әр түрлі реагенттер мен еріткіштерде еруіне негізделген. Кең көп тараған әдіске флатационды байыту жатады, ол шикізаттың әр бөлігінің әр түрлі сулануына негізделген. Алтын, күміс, басқа металдарды сынаппен өңдеп (амальгама), калий немесе натрий цианидімен өңдеп (циандау), мысты күкірт қышқылында немесе аммиакта ерітіп, бөліп алу т.б.
Химиялық әдіс бойынша байыту шикізаттың әр бөлігінің химиялық құрамының өзгеруіне негізделген. Бұл әдісте шикізат термиялық өңдеуге (жағу) түседі; «балласт» өнімдер газ немесе шлак ретінде жоғалтылады. Мысалы, мыс колчеданы CuFeS2 химиялық қосылыс болғандықтан, механикалық әдістермен және флотация арқылы CuS, FeS деп бөлінбейді. Тек егер бұл колчеданды алдымен тотықсыздандыра күйдірсе, сосын құммен (SiO2) балқытса, алдымен FeO, сосын FeSiO3 шлагіне айналып, мыс Cu2S күйінде концентрленген мыс кені ретінде ары қарай өңдеуге жіберіледі.
Флотациялау арқылы байыту
Флотация арқылы минералды шикізатты байыту былай жүреді:1)алдымен шикізатты өлшемі 0,1-0,3 мм болатындай ұсақтайды да, су аралас (ылғалды) ауа ағынымен араластырады, сонда суспензия (пульпа) пайда болады, сонда гидрофобты бөлшектер ауамен су бетіне шығады, оларды арнайы ыдыстарға (желоб, камера) жинайды, ол ыдыстарда ауадан шикізат бөлшектері өздіктерімен бөлінеді, оларды флотационды концентрат деп атайды.
Гидрофильді шикізат бөлшектері суда қалып, флотационды аппарат түбіне шөгеді, олар флотационды арты (құйрығы)-хвост)деп аталады.
Ауамен араласқан гидрофобты шикізат бөлшектері берік болу үшін арнайы көбік түзгіштер қосылады (әр түрлі майлар мен шайырлар-қарағай және пихта майлары, ағаш және тас көмір дегатьтары (қарамай), кей жоғары молекулалы спирттер т.б.) көптеген шикізаттар бөлшектері гидрофобты болмайды, олар пульпаларға арнайы коллекторлар (жинағыштар) қосылады. Коллекторлар минерал шикізат бөлшектерінің бетінде адсорбцияланып, гидрофобты қабат (пленка) жасайды да, ауамен жоғары шығады. Коллектор ретінде олейн қышқылы, оның тұзы, нафтен қышқылдары т.б. бетті активті заттар (БАЗ) қолданылады.
Флотацияда көбік түзгіштер, коллекторлардан басқа реттеуші-реагенттер (реагенты-регуляторы) қолданылады (активаторлар) немесе төмендетеді (депрессорлар), яғни гидрофобтылықты реттейді. Реттеуші ретінде (регуляторлар) кей минералды қышқылдар, олардың тұздары, көмірсулар болады. Пульпаға (суспензияға) қосылатын көбік түзгіштер, коллекторлар, реттегіш-реагенттер флотореагенттер немесе флотационды реагенттер деп аталады.
Егер флотация кезінде концентратқа полиметалл кендерінен минералдар қоспасы өтсе, онда коллективті флотация деп, ал концентратқа минералдың әр түрі жеке кірсе, селективті флотация деп аталады, бұл жағдайда флотационды аппараттарда бірнеше камера болады, құрамына байланысты әр концентрат бөлек болу үшін.
Флотациядан соң концентраттарды кептіреді, сосын олар металлургиялық өндіріске түседі.
Флотационды құйрықты ары қарай қажет болса, өңдейді.
Шикізатты химиялық өңдеу үшін қажет энергия көзі
Барлық химиялық өндіріс (металл балқыту, карбонатты, силикатты минералдарды жағу, кептіру, электролиз т.б.), ұсату, шикізатты араластыру т.б. энергия қажет етеді. Негізгі энергия көзі-отын және электр энергиясы. Мысалы, 1т алюминий алу үшін 18000-22000 квт-сағ электр энергиясы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет