Мирманов наку бахаутдинович



бет2/3
Дата15.09.2017
өлшемі471,76 Kb.
#32295
1   2   3

Логотерапия – клиенттің қарым-қатынастағы ерекше эмоциялы ахуалының, тұлғасының құндылығын мойындаудың, қалыптасқан жағдайда жаңа мағынаны іздестіру қабілетінің есебінен адамның ішкі әлемінің өңделуіне бағытталған әдістердің кешені. Адамның өз-өзін шеттеттіру қабілетін оятудың негізінде құрылған В.Франклдың ұсынған парадоксальды интенция техникасы логотерапияның жақсы үлгісі болып табылады.

Гештальттерапия – клиенттің қажеттіліктерін неғұрлым нақтырақ сезініп, тұтас бейнеге (гештальтқа) ұластырып, аяқтауына бағытталған әдістер. Гештальттерапияның міндеті әрбір адамға тән организмикалық процестерді ынталандыруда. Ұзақ мерзімді мақсат мінез-құлықтың өнімсіз түрлерінен бас тартып жаңаларына көшу арқылы есеюінде.

Арттерапия-психотерапияның өнер туындыларымен және дербес шығармашылықтың негізінде ықпал етуді болжайтын әдісі.

Ребефинг-әуеннің арнайы ықпалымен үйлесімдікте холотропты дем алу арқылы сананың өзгерген күйіне қол жеткізу. Нәтижесінде адам қайғыларын жеңіп, қоршаған әлеммен тұтас қатынасқа ие болады. Әуенге бағдарланған терапия арнайы іріктелген әуеннің көмегімен клиенттің психикасына ықпал етуді болжайтын психологиялық көмек көрсету әдісі.

Әуен арқылы адам психикасына оң әсер етуді музыкалық терапия деп те атайды. Музыкалық терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда "музыкамен, әуезбен емдеу" деген мағынаны білдіреді. Музыкалық терапия жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін әуезден, әуеннен ләззат алу көзі болды, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болып табылады. Бұл ұғым арт-терапия ұғымынан бастау алады. Арт-терапия терминін (art-therapy тікелей аударғанда қазақша баламасы "өнермен емдеу" деген мағынаны білдіреді) қолданысқа 1938 жылы Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылармен жұмысында алғаш рет енгізген. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулықтың орталықтарында жүргізілетін өнерге қатысты қызметтердің барлық түріне қолданыла бастады. Бірақ, көбісі бұл анықтаманы өте кең мағынада және нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудың құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беруінде.

Арт-терапия басқа да көптеген терапевтік әдістер сияқты өзінің тамырымен тарихтың тереңіне кетеді. Ежелгі өнер, көркемдік бейне пәні тек қана сәндік емес, сиқырлық қызметін де орындаған. Көптеген қазіргі мәдениетте өнер адамдарын физикалық және психологиялық қалпына келтіру құралы ретінде қолданылып келе жатыр. Үндіс тайпалары әртүрлі кеселдерден емделу үшін арнайы әндер мен рәсімдік билерді қолданған. Тибеттер кеселдер мен бейнеттерден арылу мақсатында дұға оқу, медитация  үрдістері кезінде шоғырлануды, сиқырлы айналым түріндегі құмдық суреттерді қолданған. Сол кездегі шамандар қазіргі психиатрлар мен арт-терапевтер болып табылады. Шамандардың рөлі адамдардың санасынан, денесінен жанға бататын элементтерді арылтып, олардың жанын көркем бейнелерді және рәсімдерді қолдану арқылы емдеу болып табылған. Бұл таң қаларлық болып көрінеді, бірақ шамандардың қызметі шынымен де емделу және қалпына келу үшін көркем бейнелерді құру үрдісі әдісін қолданатын арт-терапиямен қатты байланысты.

Арт-терапияның мақсаты болып кез-келген адамзаттың шығармашылық үрдісінің тұлғалық өзін-өзі ішкі жан-дүниесінің, қорқыныштар мен мазасыздықтан арылуға әсерін тигізеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда Берел мұражайында жеке және мүмкіншіліктері шектеулі балалардың жұмыс жасауына арналған  арт-терапиялық шеберхана ашылғандығын айта кеткен жөн. Ұйымдастырылған арт-терапиялық кеңістік жұмыс жасауға арналған үстелдермен, орындықтармен, мольберттермен және көркем фильмдерді көруге арналған көгілдір экранмен жабдықталған. Балалардың өзіне-өзі сеніп, шығармашылық қабілеттерінің, қызығушылықтарының артуына барлық жағдайлар жасалынған. Арт-терапиялық сессия мүшелерінің қолдан жасаған шығармашылық бұйымдары арнайы қабырғалардағы сөрелерге қойылды. Бұл үрдіс өздерінің бұйымдарына  сырт көзбен қарап, қоршаған ортаға өз еңбектерін таныстырып өтуде ыңғайлы болды. Себебі, әркімнің өз қолымен жасаған бұйымдары керемет өз-өзіне қанағаттанарлық сезімді оята білді.

Арт-терапия әдісін пайдалануда сурет сала алу міндет емес, бірақ нәтижесінде қабілеті басқа қасиеттермен бірге ашылуы мүмкін.



Арт-терапия жаттығулары адамдардың сезімдерін, ойлары мен оқиғаларын, жеке адамдардың әдістері мен қарым-қатынастары, өзіне деген сенімі мен өзін-өзі бағалауын арттыратын қызмет атқарады.






1 сурет – Психотерапияның негізгі салалары

Музыканы функциялық және функциялық емес деп бөлу шартты болып табылады. Себебі, кез-келген музыканың өзінің қызметтері болады. Мысалы, психоэмоциялық күйді реттейтін,эстетикалық, тәрбие, танымдық қызметтерін атап көрсетеміз. Адамның іс-әрекетіне жағымды ықпал ететін немесе денсаулығын сақтауға септігін тигізетін музыканы функциялық деп атаймыз.

Өкінішке орай функциялық музыка материалы ретінде пайдаланатын музыкалық материалдың өзі емес, оның ұзақтығы, қаттылығы, техниканың сапасы маңыздырақ деген пікірлер кездеседі. Осындай түсінік мәселені шешуде техникалық жағына көбірек мән беруге әкеледі. Дегенмен, бастысы – музыкалық материалды іріктеу мен оны қолданудың тиімді жағдайларын жасаудың маңызы зор.

Музыкалық терапияны жүргізу барысында психологтардың, педагогтардың және кәсіби психологтардың жұмысын үйлестіретін болса жоғары тиімдікке қол жеткізуге болады.

Психолог белгілі бір оқу іс-әрекетін талдап, педагогтың ұсыныстарын назарға ала отырып студенттердің белсенділігін оңтайландыруға қажетті эмоциялық ықпал етудің бағыты мен ұзақтығын анықтайды. Психолог студентті қандай эмоциялық қалыптан шығарып, қандай эмоциялық қалыпқа әкелу керек екендігін анықтайды. Музыкант қойылған міндеттерге сәйкес музыкалық материалды іріктеп алады, одан кейін оның қолданлуын қадағалайды. Тек осыдан кейін ғана келесі кезең – педагогика және психология әдістерімен музыканың адам ағзасына тиімділігін тексеріп, музыкалық материал мен оны берудің тәсілдерін түзетуге көшуге болады. Нақ осы жерде педагогтың, психологтың, психофизиологтың, музыка маманының тығыз байланысы қажет. Олар бірқатар педагогикалық, психологиялық және психофизиологиялық зерттеулер көмегімен ықпал етудің тиімділігін анықтайды. Психотерапияда музыкалық шығармаларды қолдану кезеңмен жүзеге асырылады.



Бірінші кезеңнің басты міндеті жоғарыда айтылып өткендей студент қандай эмоциялық қалыптан шығарылып қандай эмоциялық қалыпқа әкелу керек екендігін анықтау болып табылады. Бұл жерде психикалып қалыптар адамның нақты іс-әрекетімен байланысты болатыны басшылыққа алынады. Мысалы, студенттердің емтихан тапсыруы әдетте психикалық кернеулікке, ал күрделі лекциялық материалды қабылдауы күрделі психикалық болдыруға әкелетіні белгілі. Осы жерде С.Л.Рубинштейннің барлық сыртқы әсерлердің ішкі жағдайлар арқылы әсер ететіні жайлы классикалық формуласын есте сақтаған жөн [38]. Емтихан тапсыру жағдайы әр студентте түрліше әсер етеді, олар психикалық кернеуліктің әр түрлі формасын көрсетеді. Сондықтан да эмоциялық қалыптарды жайлы сөз қозғағанда студенттердің дербес ерекшеліктерін ескеру міндетті. Бірінші кезең тек оқу іс-әрекетін психологиялық талдаумен қатар студенттердің дербес ерекшеліктерін зерттеуге арналу керек.

Музыканы психотерапия әдісі ретінде қолданудың ең дұрыс нұсқасы әр адамға жеке тұрғыдан ықпал жасу болып табылады. Әрине, жоғары оқу орнының қазіргі жағдайында бұл қиынға соғады. Техникалық құралдардың болмауы музыкалық материалды қабылдауды қиындатады. Бұл жағдайда ең аз болғанда студенттік топтың әлеуметтік-психологиялық, кәсіби, ұлттық, жыныстық, жас ерекшелік, тұлғалық ерекшеліктерін басшылыққа аламыз.

Музыкалық материалды іріктеу барысында оның бастапқы психоэмоциялық қалыптан қалаған қалыпқа баяу көшіру керектігін ұмытпау қажет. Егер, мысалы психоэмоциялық кернеулікті жою қажет болса басында қобалжулы, толқымалы болып келіп біртіндеп тыныштану эмоциясына көшетін музыканы таңдап алу қажет. Музыканың тыңдаушының эмоциялық қалпын алып жүру маңызды.

Психикалық процестері жәй жылдамдықпен жүретін студенттер үшін эмоциялық мазмұны біртіндеп, баяу өзгеретін музыканы таңдап алынады. Онда музыканың дыбысталуы салыстырмалы түрде ұзаұ болады. Себебі қысқа уақытта инертті адамның психоэмоциялық қалпын өзгерту мүмкін емес. Ал өте эмоциялы және психикалық процестері жылдам жүретін қысқа уақытта эмоциялық мазмұны тез өзгеретін музыканы таңдап алған жөн.

Осылайша психикалық процестердің дербес ерекшеліктері мен студенттердің эмоциялық деңгейі туралы мәліметтер маманға музыкалық материалдың динамикасы мен уақытын талдауға мүмкіндік береді.

Екінші кезең. Музыкалық материалды іріктеу кезең күрделі әрі толық зерттелмеген мәселе болып табылады. Кейбір зерттеулерде музыканың адам тұлғасының рухани дамуына ықпалы ескерілмейді. Мысалы, Р.С.Урброк өндірістегі функциялық музыканың түпкі мақсаты жылдамдату деп есептейді. Яғни оның пікірінше тез екпінде орындалатын музыка еңбек өнімділігіне ықпал етеді. Көптеген шетелдік зерттеушілер джаз музыкасын қолданған жөн деп есептейді.

Функциялық музыка ретінде поп, рок, брейк стиліндегі музыкаларды пайдалану мәселесі туындайды. Осындай музыканы қолдану біріншіден, адамға қатты әсер етеді, екіншіден жастарға ұнайды деген пікірлер де бар. Жалпы алғанда осындай музыканы қолдану дұрыс сияқты болады. Себебі, ол жастарды қызықтырады әрі сән болып табылады. Дегенмен, терапияға арналған музыканың тек физиологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік функциясы бар екендігін ескерсек мұндай музыкаларды қолдану дұрыс емес деген пікірге келеміз. Шынында поп, рок, брейк музыкалық шығармаларының көмегімен студенттердің күшті эмоциялық қозуы мен қимыл-қозғалыс белсенділігінің күрт өсуіне қол жеткізуге болады. Оқу іс-әрекетінің кейбір түрлерінде (мысалы, дене тәрбиесі сабақтарында) уақытша нәтижеге қол жеткізуге болады. Бір сәттік нәтижеден стратегиялық мақсат – болашақ маман тұлғасын тәрбиелеуді жіберіп алуға болады.

Әлемдік өнердің шынайы құндылықтары болып композитор-классиктер дәрежесіне жеткен авторлардың музыкалық шығармалары есептеледі. Нақ классикалық музыканы (ұлттық қана емес, әлемдік мәдениетте құндылығы жоғары) функциялық музыка ретінде қолдануға болады. Біз өз жұмысымызда төмендегі классикалық музыка шығармаларын үлгі ретінде ұсынамыз:


  • Қорқыныш және өзін-өзіне сенімсіздікті азайту үшін – Шопен "Мазурка", Штраустың "Летущяя мышь", «Весенний вальс», Рубинштейннің "Пьеса" (Фортепианоға арналған).

  • Ашуланшақтықты, шаршағанды басу үшін – Бах, "Кантата №2", Бетховен "Лунная соната". «Прелюдия и фуга» ре минор (d moll, a moll).

  • Жалпы тыныштандыру үшін – Бетховен "Симфония №6", 2 бөлім, Брамс "Колыбельная", «Венгерский танец 1,5,6» Шуберт "Аве Мария".

  • Гипертония белгілері мен өзге адамдармен қарым-қатынастағы кернеулікті жою үшін – Бах. Скрипкаға арналған "Концерт ре-минор", соль минор, ля минор.

  • Эмоциялық кернеулікпен байланысты бас ауруды азайту үшін – Моцарт "Дон Жуан", Лист "Венгерская рапсодия №1", Хачатурян "Сюита Маскарад".

  • Көңіл-күйді жақсарту, белсенділікті көтеру үшін – Чайковский "Шестая симфония", 3 бөлім, Бетховен "Уверюта Эдмонд".

  • Қатігездікті, қызғаншақтықты жою үшін – Бах, "Италянский концерт", Гайдн "Симфония".

  • Зейінді шоғырландыру, тұрақтандыру үшін - Чайковский "Времена года", Дебюсси "Лунный свет", Мендельсон "Симфония №5".

Бұл шығармаларда адам эмоциялары мен сезімдерінің кең диапазоны қамтылған. Классикалық музыканың артықшылығы адамның эстетикалық және интеллектілік эмоцияларына күшті ықпал етуі болып табылады.

Музыкалық терапия материалы ретінде әр ұлттың фольклорлық музыкасын қолдануға да болады. Бірақ ұлттық ерекшеліктерге байланысты әр ұлттың студенттеріне түрліше әсер етуі мүмкін. Дегенмен ұлттық музыканы мүлдем қолдануға болмайды деген сөз емес.

Енді бір маңызды сәт студенттерге жақсы таныс, таныс емес не болмаса аз таныс музыканың қайсысын ұсынған дұрыс деген сұрақ туындайды. Көбіне адамға жақсы таныс әуен ұнайды деген пікірді жиі естиміз. Бірақ музыка неғұрлым таныс болмаса, соғұрлым аз ассоциация тудырады. Себебі, ассоциациялар әр түрлі болуы мүмкін әр жиі кедергі келтіріп жатады. Сондықтан да терапияға қажетті музыканы таңдаған кезде таныс емес немесе аз таныс материалды алу қажет. Музыканы алғашқы тыңдатқаннан кейін пайда болатын ассоцияциялар қайталап тыңдатқанда ықпал ету дәрежесін күшейтуі мүмкін.

Нақты музыкалық шығарманы таңдау педагог, психолог және психофизиологтың талаптарына сай жасалынуы қажет. Музыкалық материалды іріктеу екі тәсілмен жүзеге асырылады:



Бірінші тәсіл терапияны жүргізуші маман әлемдік музыкалық әдебиеттерден біліміне сүйеніп және музыканың эмоциялық мазмұнын қабылдау критерийлерін басшылыққа алып қойылған міндетке сай музыканы іріктейді. Мұнда ұжымдық сараптама (ашық талқылау немесе сауалнама арқылы) жасаудың маңызы зор.

Екінші тәсіл музыка маманы музыкалық шығарманың эмоциялық мазмұнының сипаттамасын алдын-ала дайындайды. Нақтырақ айтқанда қандай музыка терапияға қолданылуы мүмкін екендігін бағдарлайды. Одан кейін шығармалар тізімінен қойылған міндеттерге сай материал іріктелініп алынады.

Жалпы терапияға қажетті музыкалық шығармалардың эмоциялық мазмұнына сипаттама жасау өте күрделі екендігі белгілі. Бұл жерде кедергі болатын нәрсе эмоциялардың егжей-тегжейлі жіктемесінің болмауы. Әзірше, тәжірибеде қолдануға бірінші тәсіл қолайлы болып табылады.



3 кезең. Оқу-тәрбие үдерісінде музыкалық терапияны пайдаланудың келесі мәселесі музыкалық материалдардың тиімділігін тексеру болып табылады. Бұл жерде ықпал ету тиімділігін бағалау критерийлерін анықтау мәселесі туындайды.

Мысалы, өндірісте музыканың әсерінің тиімділігін бағалау еңбек өнімділігінің өсу дәрежесімен өлшеніледі, яғни шығарылған өнімнің саны және сапасымен. Ал жоғары оқу орнында студенттің оқу іс-әрекетінің өнімділік дәрежесін есептеу қиынға соғады. Ең сенімді бағалау критерийі болып музыканың ықпалымен қалыптасқан тұлға құрылымындағы түрлі деңгейдегі оң өзгерістер болып табылады. Бұл жерде ерекше атап өту керек музыка тұлғаның бүкіл иерархиялық деңгейлеріне әсер етеді. Тек ағзаның физиологиялық қалпын реттейді деген жаңсақ пікір болмауы қажет. Мұнымен қатар тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық деңгейлерге де әсері күшті болады.

Мысалға терапияға арналған бес минуттық музыканың психофизиологиялық және психикалық қалыптар деңгейлерінде әсерінің тиімділігін алуға болады. Әдіснамалық тұрғыдан осылай әсер етудің тиімділігін зерттеу дұрыс емес. Себебі, бес минуттың ішінде адамның тұлғалық және әлеуметтік қасиеттерін өзгерту мүмкін емес. Тұлға құрылымының жоғары деңгейлерінде нәтижеге қол жеткізу үшін айлар бойы, тіпті жылдап тұрақты музыкалық әсер ету қажет.

Эксперимент жұмыстарына "Гуманитарлық-педагогикалық" институты "Педагогика және психология" мамандығының студенттері (80 студент) қатысты. Эксперимент жұмысы екі бағыттан тұрды:



  1. Психофизиологиялық кернеулікті жоюға бағытталған эксперимент жұмыстары.

  2. Шығармашылық ойлауды дамытуға арналған тренинг сабақтары.

Эксперимент жұмысының бірінші бағыты бойынша зерттеу жұмыстары үш кезеңнен тұрды:

1 кезең. Музыкалық материалдарды іріктеу үшін ақпарат алу. Бұл кезең мына төмендегілерден тұрды :

а) оқу іс-әрекетін психологиялық талдау. Оқу іс-әрекетінің ықпалымен қалыптасатын және оған қолайлы болып табылатын психикалық қалыптарды анықтау;

б) студенттердің дербес ерекшеліктерін зерттеу;

в) музыканың тұлға құрылымының барлық деңгейлеріне ықпалын есепке алу.



2 кезең. Музыка терапиясына пайдаланатын музыкалық материалды іріктеу. Бұл міндетті шешуде төмендегілерді ескеру маңызды:

а) музыкалық материалды оқу-іс-әрекетін психологиялық талдау және студенттердің дербес ерекшеліктерін зерттеу негізінде жүзеге асыру;

б) функциялық музыка ретінде көп жағдайда классикалық музыка шығармаларын пайдалану;

в) музыканы алғаш рет тыңдатқан кезде студенттерге таныс емес немесе аз таныс музыкалық материалды алу;

г) адам психикалық қалпының инерциясы факторын ескеру. Сондықтан да адамның бастапқы эмоциялық қалпынан шығарып қалаған қалыпқа біртіндеп әкелетін музыканы іріктеп алу.

3 кезең. Музыкалық материалдың ықпалын анықтау және коррекциялау. Бұл міндеттерді шешуде мына төмендегілерге назар аударылды:

а) музыканың тиімділігін бағалау крийтерийлері тұлға құрылымындағы әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық деңгейлердегі, психикалық процестер мен қалыптар, психофизиологиялық деңгейлердегі оң өзгерістер;

б) музыканың тиімділігін бағалау әдістерін таңдаған кезде тұлға құрылымының әр түрлі деңгейінде болатын процестердің жиілік жыламдығының, әсіресе музыканың әсер ету уақытын ескеру қажет.

Анықтаушы экспериментте сауалнама жүргізіліп, нәтижелері сарапталанды. Сауалнамада "Қандай музыканы тыңдағанды ұнатасыз?", "Шаршау мен болдырудың алдын-алу мен жою үшін музыканы тыңдайсыз ба?", "Музыка оқу еңбегіңізді өнімділігіне әсер ете ме?", "Жоғары оқу орнында музыкалық терапия әдістерін қолдануға қалай қарайсыз?" деген сұрақтар қойылды.

"Шаршау мен болдырудың алдын-алу мен жою үшін музыканы тыңдайсыз ба?" деген сауалға 25,9 % "Иә" деп жауап берді. "Жоғары оқу орнында музыкалық терапия әдістерін пайдалануға қалай қарайсыз?" деген сауалға студенттердің 83% "иә" , ал 17% "жоқ" деп жауап берді. Шаршау мен болдырудың алдын-алу мен жою үшін музыканы студенттердің 54% тыңдайтыны анықталды. "Музыканы ақыл-ой әрекетіңізге және психологиялық күйіңізге әсер ете ме?" деген сауал тек 12% "иә" деп жауап берді. Сауалнаманы сараптай келе студенттердің оқу-тәрбие үдерісі барысында музыкалық терапияны қолдануға жағымды көзқарасын білдіруін көрсетті. Ал кез-келген музыкалық шығарманың функциялық музыка материалына жарамайтындығын "Музыканы ақыл-ой әрекетіңізге және психологиялық күйіңізге әсер ете ме?" деген сауал нәтижелері дәлелдеді. Себебі, сауалнамаға қатысқан студенттердің басым көпшілігі поп, рок, рэп және т.с.с. музыканы тыңдайтынын атап көрсетті (3 сурет).



2 сурет – Сауалнама жауаптарының пайыздық көрсеткіші

Қалыптастырушы эксперимент екі кезеңнен тұрды.

Алғашқы зерттеуімізде музыка психикалық кернеулікті және мазасыздануды жою үшін қолданылды.

Экспериментке "Педагогика және психология" мамандығының 1 курс студенттері (60 адам) қатысты. Олар 20 адамнан үш топқа бөлінді.



Содан кейін күтпеген жерде шетел тілі пәні бойынша жазбаша бақылау алынды. Осындай бақылаудың ықпалынан сыналушылардың психикалық кернеулігі күрт жоғарылады. Бақылаудан кейін студенттердің эмоциялық қалпы қайта өлшенілді. Нәтижесінде бақылау жұмысы стрессор ретінде күшті ықпал ететіні белгілі болды. Жағдайға байланысты туындаған мазасыздану деңгейін "Ситуативті мазасыздану шкаласы" (шкала ситуативной тревожности – СТ) қолданылды [42]. Нұсқаулық: Төменде берілген анықтамаларды мұқият оқып шығыңыз. Сол сәтте нені сезініп тұрсыз, санды дөңгелекпен қоршаңыз. Сұрақты ұзақ ойланбаңыз, себебі дұрыс не дұрыс емес деген жауаптар болмайды (1 кесте).
1 кесте – Ситуативті мазасыздық шкаласы


Пікір

Жауаптар

Жоқ, бұл олай емес

Осылай шығар

Келісемін

Өте дұрыс

  1. Мен сабырлымын

1

2

3

4

  1. Маған ешқандай қауір төнбейді

1

2

3

4

  1. Мен психикалық кернеуліктемін

1

2

3

4

  1. Мен іштей қысыңқымын

1

2

3

4

  1. Мен өзімді еркін сезінемін

1

2

3

4

  1. Менің көңіл-күйім түсіңкі

1

2

3

4

  1. Мені болуы мүмкін сәтсіздіктер мазасыздандырады

1

2

3

4

  1. Мен жан тыныштығын сезініп тұрмын

1

2

3

4

  1. Мен қобалжулымын

1

2

3

4

  1. Менде іштей қанағаттану сезімі пайда болды

1

2

3

4

  1. Мен өзіме сенімдімін

1

2

3

4

  1. Мен ашулымын

1

2

3

4

  1. Мен өз-өзіме орын таба алмай тұрмын

1

2

3

4

  1. Мен қатты ашулымын

1

2

3

4

  1. Мен кернеулікті, іштей қысымды сезінбейді

1

2

3

4

  1. Менің бар нәрсеге көңілім толады

1

2

3

4

  1. Менде ауыр ойлар көп

1

2

3

4

  1. Мен қатты қозулымын және бір түрлі болып тұрмын

1

2

3

4

  1. Мен қуаныштымын

1

2

3

4

  1. Өте жағымды эмоция бар

1

2

3

4

Осыдан кейін үш негізгі топ студенттеріне функциялық музыка ретінде мына шығармалар ұсынылды: бірінші топқа К.Дебюссидің "Чудный вечер" шығармасы; екінші топқа – Шуберттің серенадасы; үшінші топқа баяу қаранәсілді халық әуені "Он знает почему" ұсынылды. Бұл шығармалардың әрқайсысының ұзақтығы 2,5 минут). Эксперименттік топтың сыналушыларына музыка ойнағаннан кейін дәл осындай ұзақтықтағы үзіліс жасалынды. Содан кейін қайтадан психоэмоциялық кернеулік өлшенілді.



Зерттеу мына төмендегі нәтижелерді көрсетті:

  1. Классикалық музыканы (Шуберт және Дебюсси) тыңдағаннан кейін психикалық кернеулік деңгейінің төмендеуі 91% жағдайда байқалды. Сыналушылардың 75% эмоциялық кернеулік деңгейі жоспарланған межеден де төмен болды. Сыналушылардың 9% эмоциялық кернеуліктің азды-көпті күшеюуі байқалды.

Джаз музыкасының ықпалымен үшінші топ сыналушыларының тек 52% эмоциялық кернеулігі төмендеді. Ал межеленген деңгейден тек 19% сыналушылардың эмоциялық кернеулігінің төмендеуі байқалды. Сыналушылардың 75%-да 2,5 минутқа созылған үзіліс кезеңінде психоэмоциялық кернеулігі төмендеп, 25% сыналушыларда жоғары деңгейде сақталынды. Аталған зерттеулер психоэмоциялық кернеулікті жою үшін классикалық музыканы қолданған дұрыс екендігін көрсетті.

  1. Арнайы жүргізілген сауалнама "Шуберттің" серенадасы басым көшілігіне таныс екендігін көрсетті. Ал Дебюссидің "Чудный вечер" шығармасы 92% сыналушыларға таныс емес болып шықты. Дебюссидің таныс емес музыкасының әсері Шуберттің таныс музыкасына қарағанда неғұрлым жоғары болды. "Чудный вечер" шығармасының ықпалымен сыналушылардың 92% психоэмоциялық кернеулігі төмендеді. Ал Шуберттің "Серенадасы" тек 85% сыналушылардың психоэмоциялық кернеулігі төмендеді. Аталған зерттеуіміз музыкалық материал ретінде таныс емес немесе аз таныс шығарманы пайдаланған дұрыс екендігін дәлелдеді.

  2. Джаз музыкасының ықпалымен психикалық кернеуліктің төмен дәрежелі болуы функциялық музыка материалы ретінде пайдалануда аса тиімді бола бермейтінін көрсетті. Студенттердің музыканы қабылдауы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым оған музыка эмоциялық ықпал ету дәрежесі жоғары болатынын көрсетті.



3 сурет – Музыка арқылы студенттердің психикалық кернеулігі төмендеуінің пайыздық көрсеткіші

Екінші зерттеуіміз оқу іс-әрекетімен байланысты ойдың (мидың) шаршауын жоюға және студенттердің жалпы сезінуін, белсенділігін және көңіл-күйін жақсартуға музыканың әсерін анықтауға арналды. Сыналушылар "Гуманитарлық-педагогикалық" институты "Педагогика және психология мамандығының" студенттері болып табылады. Эксперименттік топқа 10 адам және бақылау тобына 10 адам қамтылды. Екі топта бір оқытушы бір аудиторияда дәріс оқыды. Лекциядан кейін тікелей САН әдістемесінің (самочувствие, активность и настроение) көмегімен жалпы сезінуін, белсенділігі және көңіл-күйі зерттелінді. Эксперименттік топ студенттеріне Бетховен "Уверюта Эдмонд" шығармасын тыңдау (3,5-4 минут) ұсынылды. Ал бақылау тобының сыналушыларына музыканың ұзақтығына сәйкес келетін үзіліс берілді. Оларбұл кезде дәлізде бос жүрді. Музыка аяқталғаннан (бақылау үзілісінен кейін) сыналушылардың қайтадан жалпы сезінуін, белсенділігі және көңіл-күйі зерттелінді.

Зерттеу нәтижелері мына төмендегілерді көрсетті:



  1. Арнайы іріктелініп алынған классикалық музыка шығармалары оқу іс-әрекетінің салдарынан туындаған мидың шаршауын тиімді жойды. Сонымен қатар жалпы сезінуін, белсенділігін және көңіл-күйін көтереді. Бетховен шығармасының әсерімен сыналушылардың жалпы сез орташа 3,5 баллға, белсенділігі 2,4 баллға және көңіл-күйі – 3,3 баллға жоғарылады.

  2. Арнайы жүргізілген сауалнама Бетховеннің шығармасын сыналушылар білмейтінін көрсетті. Сол себептен функциялық ықпалы да жоғары болды.

  3. Бақылау тобының сыналушыларына үзіліс уақыты жалпы сезінуін, белсенділігі және көңіл-күйін жоғарылатқан жоқ. Тіпті төмендетті деп айтуға болады. Сыналушылардың жалпы сезінуін орташа 0,6 баллға, көңіл-күйі 1,5 баллға төмендеді, ал белсенділігі өзгеріссіз қалды.

Психотерапияның бір бөлігі бола отырып музыкатерапия қазіргі кезеңде бірнеше тәуелсіз топтарға бөлінді. Е.Галинсканың жіктемесі кең қолданысқа ие болып отыр [13]. Ғалымның пікірінше музыкатерапия әдістерін емдік ықпалы бойынша жеті топқа бөлуге болады:

  1. Эмоциялық белсенділікке ықпал жасайтын әдістер.

  2. Тренингтік әдістер (жиі бихеовиористтік психотерапия аясында қолданылады).

  3. Босаңсуға ықпалын тигізетін әдістер (оның қолданылу аясы өте кең, бүкіл медицинаны қамтиды деп айтуға болады).

  4. Коммуникативтік дағдылар.

  5. Шығармашылық әдістер. Ол импровизацияның қимыл-қозғалыс, вокалдық, аспаптық түрлерінен тұрады.

  6. Психологиялық әдістер.

  7. Сезімталдықты жетілдіруге арналған музыкалық тренинг.

Біз зерттеу жұмысымызда жоғарыда аталған әдістерді кеңінен пайдаландық.

Эксперименттік жұмыстың екінші бағыты тренинг сабақтарын жүргізу болып табылдық.

Тренинг сабақтарының құрылымы:



  1. Каталог: Docs
    Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
    Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
    Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
    Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
    Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
    Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
    Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
    Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
    Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет