Мүмкіншіліктері шектеулі балалармен ойын арқылы жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары. Каримова Айнур Ерболатновна «Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»



Дата01.05.2017
өлшемі165,25 Kb.
#15293


Мүмкіншіліктері шектеулі балалармен ойын

арқылы жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары.

Каримова Айнур Ерболатновна

«Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын

нәрседе бір жаңалық болу керек»

Ж.Аймауытов

Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты,- деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып өткендей, бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған салауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.

Баланың ой-өрісін дамытып, кеңейтуде ойынның алатын орны ерекше.

Ойын арқылы балаларды қызықтыра отырып, тілін дамытуға, жалпы тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады. Ойындар балалардың оқу іс-әрекеті үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және балалардың зейінін, ойлау, зердесін ашып дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерв жүйесін демалдырады. Міне , сондықтан да ойын оқу іс-әрекетінде жетекші рөл атқарады.

Заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ақыны ойындарға көңіл бөле отырып, өз пікірлерін былай жеткізеді.

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?»-А.Құнанбаев

«Ойын деген менің түсінігімше көңіл көтеру, жұрттың өзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған»,-дейді М.Әуезов

«Ойын-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі»

Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі артады.

Ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Ойынның міндеті-баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған мазмұнымен анықталады.

Тәрбиешінің міндеті-ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау.

«Ойын-бала қиялын шығармашылық ойлауға жетелейтін тәрбие құралы» дегендей, ойын-бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болады. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі.

Ойынның негізгі ерекшеліктері-ол балалардың қоршаған ортаны-адамдардың қимылын, іс-әрекетін олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Бала-ешқашан үнсіз ойнамайды, ол жүреді, сөйлейді, ыңылдайды, секіреді, ойын барысында сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады.

Ойындар (іскерлік сюжетті-рольді, қимыл-қозғалыс, дамытушылық) баланың ойлау, есте сақтау, қабылдау, қиял сияқты психикалық үрдістерінің дамуына көмектеседі.



  • Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтайды, оқылған материалды жақсы меңгереді.

  • Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді.

  • Ойындар оқу іс-әрекеті мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп, нақты қорытынды алуға көмектеседі.

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері балалардың орындаушылық әрекеттің талап ететін шығармашылық ойындар, қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар, қайта жасау іс-әрекетінің бақылауға бағытталған ойын түрлерін ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар деп бөлуге болады.

Мен өз тәжірибемде ойын арқылы өткізілетін сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнауды да үйретемін. Балалар ойын ойнағанды ұнатады және ынталарымен беріліп ойнайды. Ойын баланың көңілін өсіріп, сергітіп қана қоймайды, сонымен қатар оның таным-түсінігін де арттырады, дененің күш қуатын молайтып, шапшаңдыққа, дәлдікке баулиды. Ойын баланың ақыл-ойының қалыптасуына, есейіп, өсуіне де көп пайдасын тигізеді. «Баланы ойын өсіреді» деген халық мәтелі де тегін айтылмаған.

Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады.

Ойындар мазмұнына өзіне тән ерекшелігіне қарай сюжетті-рольді, драматизиялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Сюжетті рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті-рольді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Сюжетті-рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы. «Дүкенші» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектері болу керек. Стол үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?», «Бұл кімге керек?», т.б) пазылдар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар («Ұшатын қақпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз» т.б) мозайка типтес ойындар жатады.

Қимыл ойындары баланың жүйке-психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Мысалы: «Соқыр теке», «Көкпар», «Асық», «Бәйге», «Тақия тастамақ» т.б ойындар жатады.

Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.

Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әркеттерді жалпы атауды үйренеді.

Балаларға дұрыс сөйлеп, үйренуге бағыт беретін ойынның бір түрі-санамақ, сөздік ойындар.

«Санамақ» ойыны

Бір дегенім-білеу,

Екі дегенім-егеу,

Үш дегенім-үкі,

Төрт дегенім-төсек.


  1. Өзінше ноян,

Қорқақ не? ...

(қоян)


  1. Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді ...

(шымшық)



Ойыннан кейін балаларда мынадай біліктер қалыптасады: сұраққа дұрыс жауап береді, сөздік қорлары молайды, ойлауы жетіледі.

Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек және балаға ұқпайтын жат сөз үйретпеу керек. Екінші, бала өзі теңдес балалармен бірге ойнағаны мақұл. Баланы еш уақытта сөзден тыймау керек. Былдырласын, шолжаңдасын, сөйлей берсін.

Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның таным - түсінігін де арттырады. Балалар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен - бірі ептілікті, сергектікті, тапқырлықты үйренеді.

Қорыта келгенде, ойын – балалардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы.

Балабақша тәрбиеленушілері ойын баласы. Сондықтанда балалар оқу іс-әрекеті үстінде ойынды көп қажет етеді.



Оларға пайдаланылатын ойындар, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Сондықтанда бұл ойынды балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін оқу іс-әрекетінің тақырыбына, мазмұнына сай етіп таңдап алған дұрыс.

Мектепке дейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып, балаларды ойлау жұмысына дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет