Мұнда Ғтп ұлттық экономиканы дамытуға арналған мәні мен маңызы қарастырылған; ғылыми-техникалық саясат макро-және микродеңгейде; материалдық және материалдық емес сипаттағы инновациямен байланысты мәселелер көрініс тапты


Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет2/15
Дата01.04.2020
өлшемі0,87 Mb.
#61325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дәрістер жинағы
сниженная лексика в речах Д.Медведева

Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаттары нешеу?

2. Инновациялық стратегия мәні неде?

3. Инновациялық стратегиялардың типтерін атаңыз?

4. Қорғаныс типі мен имитациялық тип арасында байланыс барма?

5. Стратегия ұғымына қалай сипаттама бересіз?


V тарау. Ғтп болжау және жоспарлау
5.1. Болжау және жоспарлау мәні

5.2. ҒТП болжау және жоспарлау әдістері

5.3. ҒТП макро және микродеңгейде жоспарлау

5.1. Болжау және жоспарлау мәні
Болжау және жоспарлау макро және микродеңгейде де басқару функцияларының маңызды функциялары болып табылады және ұлттық, аймақтық сондай-ақ шаруашылық етудің жеке субъектімен болжаусыз және жоспарлаусыз экономиканы басқару тиімді болмас.

Болжау мен жоспарлауды ұйымдастырудың формасы мен мерзімі бойынша бөлуге болады. Жоспарлауды орындау мерзімі, жоспарлау календарлық мерзімі немесе үздіксіз бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Календарлық мерзімі бойынша жоспарлау есептік кезеңнің аяқталуына шамалы уақыт қалған кезде келесі календарлық кезеңге құрылатын жоспарды айтады. Мысалы: қысқа мерзімді жоспарлар бір календарлы жылға құрылуы мүмкін. Жылдың аяқталуына 3-6 ай қалғанда келесі календарлық жылға құру басталады. Содан соң қысқа мерзімді жоспарлау 6-9 айға тоқтатылады және келесі жылдың жартысында жаңартылады. Қазіргі өзгермелі қоғамда бұл жоспарлауды ұйымдастырудың тиімділігі аз әдіс болып табылады. Жарты жылдан кейін жоспардың осы немесе басқа нормативтері жағдайдың өзгеруіне байланысты өзінің мағынасын жоғалтады. Бұл әдіс ресей кәсіпорындарында, Батыс Еуропа елдерінің шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жиі қолданылады.

Жоспарлауды ұйымдастырудың мұндай әдісі өзінің жетіспеушіліктеріне қарамастан көптеген елдердің мемлекеттік мекемелерінде, мемлекеттік органдар билігі мен басқаруда қолданылады. Үздіксіз жоспарлау алдағы кезеңге тұрақты жоспар жүргізіп отырады. Мұндай жоспарларды ұйымдастыру 50-60-шы жж. америкалық компанияларда қолданыла бастады. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдануы 70-шы жылдардың аяғы 80-шы жылдары дамыған елдерде үздіксіз жоспарлау тез тарады.

Жоспарлауды ұйымдастырудың үш формасы бар:


  1. «жоғарыдан төмен»

  2. «төменнен жоғары»

  3. «төменнен мақсаттар, жоғарыдан жоспарлар».

Жоспарлау кәсіби мамандандырылған тапсырмаларды шешумен байланысты, сондықтан жоспарлау функцияларын өндірістік және экономикалық жүйелермен басқару құрылымында жоспарлау орындары мен бөлімшелері атқарады. Олар басқару жүйесінде маңызды элементі болып табылады, өндірістік және экономикалық жүйеде барлық органдар мен бөлімшелермен тығыз өзара қарым – қатынастағы өздерінің функцияларын атқарады. Зерттелетін процестерге әсерінің нақтылығына және өзгешеліктеріне қарай болжаудың үш түрі айқындалады:

  • ғылыми болжам (гипотеза);

  • болжау;

  • жоспар.

Кез келген алдын ала болжаудың алғашқы формасы - ғылыми болжам (гипотеза грек сөзі- негіздеме, жорамал). Бұл бірден байқауға келмейтін фактілер туралы ғылыми дәлелденген болжамдар немесе анықталатын құбылыстар жиынтығын белгілі тәртіп бойынша түсіндіру.

Гипотеза (болжам) алдын ала болжауды жалпы теория дәрежесінде сипаттайды. Гипотеза теорияға негізделіп зерттеліп отырған нысандарымен байланыстары мен себеп салдары жөніндегі заңдылықтарды көрсетеді.

Болжау- алынған мәліметтер негізінде оқиға, құбылыс, процестердің өзгеруін алдын ала көре білу болып табылады. Жоспар зерттеліп отырған нысананың жағдайын алдын ала нақты көре білу, сол арқылы көздеген мақсатқа жету жолы болып табылады.

Жоспар- бұл көрсеткіштер жүйесінен және әлеуметтік-экономикалық, техникалық және басқа міндеттерді шешу жөніндегі әртүрлі іс-шаралар кешенінен тұратын құжат. Онда мақсаттар, басымдылықтары, ресурстар, оларды қамтамасыз ету көздері, орындау тәртібі және мерзімі бейнеленеді.



5.2. ҒТП болжау және жоспарлау әдістері
Ғылым және тәжірибемен экономикалық болжаудың көптеген нысандары мен әдістері әзірленді, олардың көбісі ҒТП болжау және жоспарлау үшін пайдаланыла алады.

Әлемдік тәжірибеде жоспарлаудың төмендегідей нысандары бар: директивалық, стратегиялық және индикативті.

Директивалық жоспарлау, яғни орындауға жататын міндетті, анықталған мақсаттар мен міндеттерді міндетті қолдану үшін командалық-әкімшілік рычагтарды қолдануды жорамалдайды.

Стратегиялық жоспарлау- елді (саланы, ұйымдарды) әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі, ең маңызды бағыттары бойынша экономикалық көрсеткіштердің мақсаттары мен мәндерін анықтау процесі.

Индикативтік жоспарлау экономикалық жағдайда нақты жасалынатын дамытудың стратегиялық жоспарында қойылған мақсаттарды жүзеге асыру бойынша негізгі жұмыс құралы болып табылады. Тәжірибемен байланысты болжау және жоспарларды әзірлеу әдістері жинақталып, экономиканы дамытуды болжау және жоспарлау әдістерін жіктеу әзірленген (5 суретте).


Болжау және жоспарлау әдістерінің жүйесі


Тарихи баламалар келбеті бойынша жоспарлау әдісі



Үлгілеу әдісі

Экстраполяция әдісі

Экономикалық талдау әдісі

Сараптық бағалау әдісі

Экономика-математикалық әдістер


Матрицалық әдістер



Баланстық әдіс

Ұжымдық

Функцияларды іріктеу әдісі

Жеке

Сызықтық бағдарлама-лау

Оңтайлы жоспарлау үлгілері

Қалыпты әдіс

Ұжымдық басты идеялар әдісі

Эксперименттік тегістеу әдісі

«интервью» әдісі

`
Бүтін санды бағдарламалау


Бағдарламалық-мақсатты әдіс



«635» әдісі

Аналитика-лық әдіс

Экономикалық-стат-истикалық үлгілер



Өзгермелі орташа әдісі

Шағын салалық баланс әдісі



«Дельфи» әдісі

Шешім қабылдау үлгілері



Адапти-калық өзгермелі әдіс

Морфологиялық талдау әдісі

Корреляциялық-регрессиялық әдіс


Имитациялық үлгілер



«комиссиялар» әдісі

Жүйелік үлгілер



Сценарий жазу әдісі


5 сурет. Экономиканы болжау және жоспарлау әдістерін жіктеу
Болжау объектісі техника, технология және олардың параметрлері, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру, кәсіпорынды басқару, жаңа өнім, талап етілетін қаржылар, ҒЗИ, ғылыми кадрларды дайындау және т.б.

Құрамы бойынша болжауларды былайша ажыратады:



  • принциптік жаңа жаңалықтардың және өнер тапқыштардың пайда болуы;

  • жаңа конструкциялардың, машиналардың, жабдықтардың, технологиялардың пайда болуы және оларды өндірісте тарату.

Уақыты бойынша болжаулар қысқа мерзімді (2-3 жылға дейін), орташа мерзімді (5-7 жасқа дейін), ұзақ мерзімді (15-20 жасқа дейін) бола алады.

5.3. ҒТП макро және микродеңгейде жоспарлау
ҒТП макродеңгейде жоспарлау мемлекеттің осы салаға курьерлік жасайтын министрліктер мен ведомстволардың айрықша құқығы болып табылады.

ҒТП макродеңгейдегі жоспары өзіне төмендегі бөлімдерді кіргізеді:



  1. маңызды ғылыми-техникалық бғадарламаларды жүзеге асыру;

  2. өндірісті автоматтандыру және электрондандыру;

  3. патенттерді және лицензияларды сату және сатып алу жоспары;

  4. стандарттау, уметрологиялық қамтамасыз ету бойынша унификациялау;

  5. машиналардың және жабдықтардың маңызды түрлерін шығару жоспары;

  6. маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау жоспары;

  7. ғылыми кадрларды дайындау жоспары;

  8. ҒТП жоспарын жүзеге асыру үшін қажет қаражаттар;

  9. ҒТП жоспарын жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік процестерге әсері.

ҒТП макродеңгейде жоспарлаудың негізгі және сапалық әдісі бағдарламалық-мақсатты болып табылады.

ҒТП бағдарламалық-мақсатты жоспарлаудың негізгі басымдылығы:



  • жоспарлаудың бағдарламалық-мақсатты әдісі ең қысқа мерзімде және ең аз шығындармен белгілі мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді;

  • бұл әдіс ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асырған кезде әртүрлі министрліктер, ведомстволар, жеке шаруашылық субъектілері қатысқанда ведомство аралық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді;

  • бағдарламалық-мақсатты жоспарлау нәтижесі ғылыми-техникалық бағдарлама, ал іс жүзінде белгілі мақсатқа жетуге негізделген басқарушылық шешім болып табылады;

  • ғылыми-техникалық бағдарлама елді әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарына оны жүзеге асыру үшін қажет қаражаттарды бөлу.

Ғылыми-техникалық бағдарлама- ғылыми-техникалық мәселелерді ең тиімді шешу және халық шаруашылығында ғылымға және техникаға жетуді кеңінен қолдану қажеттігін жүзеге асыратын іс-шаралар кешені.

Ғылыми-техникалық бағдарламаларды әрекет ету масштабы бойынша ажыратады:



  • жалпы мемлекеттік

  • салалық

  • аймақтық

  • жергілікті.

Ғылыми-техникалық бағдарлама кешенді құжат болып табылады және өзіне тығыз байланысқан бөлімдердің бірқатарын жатқызады: мақсаттарды және мақсат тармақтарын қалыптастыру, оларды жүзеге асыру, бағдарламаның барлық көлемін жеке орындаушылары бойынша (министрліктер, ведомстволар және жүзеге асыру мерзімдері көрсетіледі) тарату, бағдарламаны олардың функцияларын тармақтандырумен жүзеге асыру үшін қажет ресурстар.

Бағдарламалық-мақсатты әдіс ҒТП микродеңгейде болжаған және жоспарлаған кезде пайдаланылуы мүмкін.

ҒТП микродеңгейде жоспарын өңдеу кезінде келесідей принциптерді қолданады:

1. Артықшылық- бұл принцип ҒТП ең маңызды және перспективті бағыттарын жоспарға енгізу қажет.

2. Жоспарлаудың үздіксіздігі кәсіпорын қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарда өңделуі қажет.

3. Тігінен жоспарлау. «Ғылым - өндіріс» циклінің жеке құраушылары емес, барлық құраушылары жоспарлану керек.

4. Жоспарлаудың кешенділігі. ҒТП жоспары кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының басқада бөлімдерімен тығыз байланысты болу қажет: өндірістік бағдарлама, капитал салымдарының жоспары, еңбек және кадр бойынша жоспары, өзіндік құн мен табыс бойынша жоспар, қаржылық жоспар.

5. Экономикалық негіздеме және ресурстармен қамтамасыз ету. ҒТП жоспарына тек қана іс-шараның экономикалық негіздемесі мен қажетті ресурстармен қамтамасыз етуілуі қажет.

Кәсіпорындағы ҒТП жоспары келесідей бөлімдерден тұрады:


  • ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру;

  • жаңа техника мен технологияны енгізу;

  • ЭЕМ енгізу;

  • өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • патенттер, лицензиялар, ноу-хауды сату, сатып алу;

  • стандартизация мен метрологиялық жоспар бойынша қамтамасыз ету;

  • өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын жақсартуды қамтамасыз ету;

  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысты орындау;

  • ҒТП жоспарының экономикалық негіздемесі.

Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Жоспар және жоспарлау екі ұғым бірдейме?

  2. Құрамы бойынша болжауларды қалай бөлеміз?

  3. Уақыты бойынша болжаулардың қандай түрлері бар?

  4. ҒТП макродеңгейдегі жоспары қандай бөлімдерден тұрады?

  5. Кәсіпорындағы ҒТП жоспары бөлімдерін атаңыз?

  6. ҒТП микродеңгейде жоспарын өңдеу кезінде қандай принциптерді қолданады?



VI ТАРАУ. Жаңа техниканың құрылуын, игерілуін және сапасын басқару
6.1. Жаңа енгізілімдердің құрылуын және енгізілуін басқару

6.2. Жаңа өнімнің техникалық деңгейін және сапасын басқару



6.1. Жаңа енгізілімдердің құрылуын және енгізілуін басқару
Инновациялық процестің кәсіпорындағы басты мазмұны ауыспалы айналым немесе технологиялық шешімдердің, техника үлгілерінің және дайын бұйымдардың ауысымы болып саналады. Өндірістік ауысымның өмірлік циклін әзірлеу сатысынан басталады. Мұнда ғылыми зерттеулер, тәжірибелік үлгілерді құрастыру және құру, сынақтар жүргізу жүзеге асырылады. Өнімді күрделендіруіне және модернизациялануына орай бұл саты көбірек мәнге ие болады. Бірінші кезең топтамалы өнімге көшу туралы шешім қабылдаумен аяқталады. Өнімнің ғылымды қажетсінуі жоғары болған сайын, шағын топтамалы өндірістің ролі, қолданылатын технологиялық шешімдердің қолайлылығы және бейімділігі маңыздырақ. Келесі кезең өндірістің технологиялық дайындығын және технологияны таңдауды қамтиды. Жаңа материалдарды және бұйымдарды шығару әдісін таңдауға үлкен әсерді өндірістің техникалық, экономикалық дайындығын ұйымдастыру жүйесі және қажетті технологиялық жабдықтардың құрамын көрсетеді. Бұйымның жаппай және топтамалы өндірісін технологиялық дайындау технологиялық процестерді әзірлеу, жарақтандыруды жобалау және дайындау, бұйымның тәжірибелік үлгісін дайындау және сынау, өндірістік жүйені тұтастай ұйымдастыру және құрылуы бойынша жұмыстар кешенін қарастырады.

Жаңа бұйымдарды шығаруға «шығару көлемі – уақыт» тәуелділігі кестелері түрінде көшудің негізгі әдістері 6 графикте көрсетілген.

X 1 A 2 X 1 Б 2 X 1 В 2

2

Y Y Y



6 график. Жаңа өнімді (материалдарды, бұйымдарды) шығаруға көшудің негізгі әдістері
Шартты белгілер:

X – шығарылым көлемі,

Y- уақыт,

A – тізбектік,

Б – параллель,

В – параллель-тізбектік әдістер;

1 – ескі өнім,

2 – жаңа өнім.


Статистикалық теория бақылаудың екі негізгі әдісін қолданады: дискреттік және үздіксіз. Дискреттік әдісте бұйымды тексеру партияны қабылдаған кезде және өндірістен шыққан кезде жүзеге асырылады. Үздіксіз бақылау өндіріс процесі барысын және нәтижелерін жиі байқауды жорамалдайды.

Жаңа техниканың сапасын басқару сараптық бағалау негізінде жүзеге асырылады. Ол үшін техниканың осы түрінде ең құзыретті тәуелсіз сарапшылар тартылады. Техникалық сипаттамаларды және технологияны білуден басқа сарапшы нарықта сұранысы болатын техникаға басымдылық беру үшін жаңалық нарығындағы жағдайларды білуі тиіс. Сарапшыға жаңа техниканың бағасына қатысты ойын айтуы қажет. Сарапшылар пайдалану, технологиялық, конструкциялық, эргономикалық және басқада қасиеттері тұрғысынан техниканың әрбір ұсынылған үлгісін сипаттайтын параметрлердің жиынтығын іріктеп алады. Параметрлерді анықтағаннан кейін сарапшылар олардың маңызын бағалайды. Әрбір сарапшы параметрлерге шығарады және оларды жоспарлайды, сосын сараптама нәтижелері өңделеді және талданады.

Жаңа өнімнің әлемдік техникалық деңгейге сәйкестігін бағалау төрт негізгі кезеңді қамтиды:

- бағалау үшін қажет көрсеткіштер номенклатурасын анықтау;

- ұқсас топтарын қалыптастыру және олардың көрсеткіштерінің мәндерін белгілеу;

- ұқсас топтың базалық үлгілерін ажырату;

- бағаланатын үлгіні базалық үлгілермен салыстыру.


6.2. Жаңа өнімнің техникалық деңгейін және сапасын басқару
Нарықтық экономикада жаңалықты өндірушілер және тұтынушылар құқықтары теңестірілген. Осы ретте оларды мотивациялау тұтынушылық әсерден, қаржы ұтысынан және максимизациялаудан туады.

Басқа сөзбен айтқанда, тұтынушы мен өндіруші арасындағы байланыс нақты нарықпен анықталған қаржы және баға критериялары арқылы жүзеге асырылады. Тұтынушының жаңалықтар арасында таңдауы бар екенін ескеру керек. Дәл тұтынушының өзі ең қалаулы қасиеттерді таңдайды. Жаңа өнімнің сапасы тұтынушылардың талаптарына сәйкес дәреже ретінде анықталады. Техникалық шарттармен (ТШ) анықталатын сапа көрсеткіштері (техникалық-экономикалық, пайдалану және басқа параметрлер) өндірушілермен бақыланады.

Өнімнің техникалық деңгейі өмірлік циклдің келесі сатыларында бақыланады:


  • әзірлеу сатысында;

  • өндіріс сатысында;

  • пайдалану сатысында.

Техникалық деңгейді бағалау өндірушілермен және тұтынушылармен жүргізіледі. Өндірушілер ең жақсы отандық және әлемдік ұқсастықтарға, халықаралық және ұлттық стандарттарға, тәжірибелік үлгілердің және қабылдау сынақтарының нәтижелеріне бейімделе алады. Өнімнің техникалық деңгейін арттыру оған жаңаларды және бұрын жүзеге асырылмаған ғылыми-техникалық білімдерді іске асыруды білдіреді. Техникалық деңгейді арттыру жаңа бұйымдарды пайдаланудан оң әсерді қамтамасыз етеді. Техникалық және техникалық-экономикалық деңгейді ажыратады. Техникалық деңгей деп жаңа өнімге функционалдық тағайындауға сәйкес өндірістік мақсаттардың ең толық және дәл орындалуы туралы жинақталған білімдерді іске асыру деңгейін ұғынады. Техникалық-экономикалық деңгей деп өнімдерге ең үнемді тәсілмен өндірістік мақсаттарды ең толық және дәл орындау туралы ғылыми-техникалық білімдерді іске асыру дәрежесін ұғынады.

Тұтынушының позициясынан техникалық-экономикалық деңгей осы деңгейден және тиісті жабдықтарды алуға шығындармен алынатын пайдалар арасындағы компромисс ретінде ұсынылады. Өндірушінің позициясынан жетілуінің белгілі деңгейі бар бұйымдарға босату бағасы және оны қамтамасыз етуге шығындар арасындағы компромисс.



Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Жаңа өнімнің әлемдік техникалық деңгейге сәйкестігін бағалау төрт негізгі кезеңді қамтиды

2. Жаңа өнімнің сапасы қалай анықталады?

3. Өнімнің техникалық деңгейі өмірлік циклдің қай сатыларында бақыланады?

4. Техникалық-экономикалық деңгей дегеніміз не?



VII тарау. Инновациялық ұйымдардағы персоналдарды басқару
7.1. Ғылыми ұйымдардағы персонал

7.2. Кадрлық жоспарлау

7.3. Ғылыми ұйымдарда жұмыстың оңтайлы тәртібін таңдау

7.1. Ғылыми ұйымдардағы персонал
Персонал кәсіпорынның маңызды функционалды жүйесі болып табылады және инновациялық дамудың бағалы ресурсын ұсынады. Персонал лат. «persona» - тұлға немесе нем. «staat» – мемлекет деген мағынаны білдіреді. Ерекше стратегиялық және шұғыл функцияларға ие бола отырып, адам факторы өндірісті интеллектуалдауда және ақпараттандыруда ортаңғы ролді ойнайды.

Ғылым – табиғатты дамыту, қоғамды және ойлау заңдылығы туралы білімдер жүйесі, білімдердің жеке саласы.

Ғылыми қызметкерлер- ғылыми ұйымдарда, ЖОО-да, кәсіпорындарда және ұйымдарда ғылыми немесе ғылыми-педагогикалық қызметпен жүйелі айналысатын тұлғалар.

Мотивация (Motivation)- адамды спецификалық мақсатты бағытты түрде әрекет етуге бейімдейтін позиция. Бұл адамның тәртібін анықтайтын ішкі жағдайы.

Мотивациялық факторлардың екі тобын (Фредерик Герцберг мотивациясының екі факторлы теориясы 50-шы жылдардың екінші жартысында ұсынылды) ажырату ұсынылады: гигиеналық; мотивация факторлары.

Факторлардың бірінші тобына әдетте еңбектің дұрыс жағдайын, жеткілікті жалақыны, бастықтың сыйлы қатынасын және т.с.с. жатқызады. Бұл факторлар автоматты түрде оң мотивацияны анықтамайды. Факторлардың екінші тобы әрбір жеке адам мақсатты көргенде және оған жетуді мүмкін деп есептегенде мотивациялы түрде жұмыс істей алатынын жорамалдайды.

Факторларды-мотиваторларды бөлу көзқарасы тұрғысынан қызығушылық 40-шы жылдары А.Маслоумен ұсынылған адамның қажетсінулері теориясын ұсынады.

Ол кезекті қажетсінуді қанағаттандырғаннан кейін оның адам тәртібіне әсері тоқтатылады. Сол уақытта қажеттіліктер иерархиясының өте жоғары деңгейі адам тәртібіне әсер етуді бастауы үшін өте төмен деңгейлі қажеттілікті толық қанағаттандыру міндетті емес.

Адамдар өз орнын олардың қауіпсіздіктегі қажеттілігі қамтамасыз етілісімен немесе физиологиялық қажеттіліктері толық қанағаттандырылысымен қауымдастықта алады. Қандай да бір қажеттілік басым болса, бірақ қызмет онымен ғана ынталандырылмайды.

Мотивацияның қазіргі заманғы теориясы екі категорияға бөлінеді: мазмұнды және процессуальды. Мазмұнды адамды әрекет етуге итермелейтін ішкі оятулар барға негізделген.

Мотивацияның процессуальды теорияларында жеке меншіктің тәртібі қажеттіліктермен ғана анықталмайды, бірақ осы ситуациямен байланысты оның қабылдаулары және күтулері, олармен таңдалған тәртіп типінің мүмкін салдары функциясы болып табылады. Бұл типтің ең көп белгілі теориясы күту теориясы, бекіту теориясы, әділдік теориясы, Портер-Лоулер үлгісі болып табылады.

7.2. Кадрлық жоспарлау
Кадрлық жоспарлау ролі ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты өседі, ол мамандарды дайындау мерзімдерін ұзартумен, білікті мамандардың үлесін арттырумен негізделінген.

Жоғарыда айтылғаннан ғылыми мекемелерде кадрлық жоспарлау ролі қандай да бір басқа кәсіпорындарға, фирмаларға қарағанда жоғары екенін атап өту керек.

Кадрлық жоспарлаудағы қателер белгілі жерде қажетті қызметкерлердің жоқтығына әкелуі мүмкін, сондай-ақ барлық қоғам үшін әлеуметтік шығынға әкелуі мүмкін.

Кадрлық жоспарлау төмендегі сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- қанша қызметкер, қандай біліктегі, қайда және қашан қажет (кадрларды қажетсінуді жоспарлау)?

- әлеуметтік аспектілерді ескере отырып (персоналды тартуды немесе қысқартуды жоспарлау), қажет және артық персоналды қалай тартуға және қысқартуға болады?

- жұмыстың білікті түрлерін орындау үшін (кадрларды дамытуды жоспарлау) кадрларды дамытуға қалай жүйелі және мақсатты ықпал етуге болады?

- жоспарланған кадрлар іс-шаралары (персоналды ұстау бойынша шығыстар) қандай шығындарды талап етеді?

Көбінде ғылыми ұжымдардың жұмысының тиімділігі персоналды сырттан дұрыс тартуға байланысты. Персоналды сырттан тартуды жоспарлау сұраққа жауап береді: «Болашаққа келешекпен кадрларды нақты қажетсінуді қалай қанағаттандыруға болады»?

Персоналды тартумен байланысты кадр жұмысының барлық жүйесі ғылыми-техникалық жұмысқа қатысты белгілі озушылықпен жүргізіледі, өйткені кадрлар жұмысы саласында бүгін не істеліп жатыр, ертен зерттеу немесе жобалау жұмыстары деңгейіне әсер ететін болады.

Түйіндеме персоналды іріктеген кезде үлкен роль атқарады. Жақсы құралған түйіндеме еңбек тәжірибесі, білімі, басқа іскерлік қасиеттері туралы толық көрініс беруі тиіс. Ғалымдар үшін түйіндемеде ең көп мәнді жариялауларды келтіру ұсынылады.

Түйіндеме төмендегі негізгі бөліктерден тұрады:

1. Тегі, аты-жөні, мекен-жайы және телефон

2. Өзіңізді ұсынып отырған лауазым

3. Еңбек тәжірибесі (соңғы жұмысынан бастап кері тәртіпте көрсету)

4. Білімі (өзіңіз бітірген соңғы оқу орнын көрсетуден бастап кері тәртіпте көрсетілсін)

5. Жеке деректер

6. Ұсыныстар

7. Ең маңызды ғылыми еңбектер тізімі.

Кейде тәжірибеден және жетістіктерден қысқаша сипаттау келтіру пайдалы. Жұмыстың сол немесе өзге мекемедегі басталатын және аяқталатын күні немесе институттағы, университеттегі, аспирантурадағы оқу жылдары және т.с.с. тиісті атының алдында сол жақта, не одан кейін көрсетіле алады.

Ұсыныстарға келсек, олар белгілі шарттарды қанағаттандыруы тиіс: олардың авторы тапсырыс берушінің жұмысының өнімділік деңгейін және сапасын білуі және оны бағалау үшін өзі жеткілікті құзыретті болуы тиіс.

Түйіндемеде «ұсыныс хаттары» бөлімінде сын-пікір ұсынушы тұлғаның тегі, лауазымы, жұмыс орны, мекен-жайы және телефоны көрсетілуі тиіс.

Сондай-ақ, ұсыныс хаттары талап бойынша ұсынылатынын көрсетуге болады.

Әдетте, жоғарыда аталған құжаттар гранттар алған және шетел келісім-шарттарын және машықтануларын рәсімдеген кезде ғалымдарды іріктеу үшін талап етеді. Қорлармен ситуацияларда жеке гранттарды шетел серіктестерінің қатысуымен бірлескен жобаларға бөлуден анық тенденция білінеді.

Іріктеу сатысында жинақ барысында құрылған резервтен сәйкес келетін кандидаттар қарастырылады. Атқарылатын қызметінде нақты жұмыстарды орындау үшін, қызметі бойынша көтеру үшін ең жақсы сәйкес келетін ұсынылатын кандидатты емес, ең жақсы біліктілігі бар кандидатты таңдау ұсынылады.

Таңдау туралы объективті шешім төмендегі сипаттамаларға негізделе алады:

- кандидаттың білімі;

- оның кәсіптік дағдылар деңгейі;

- бұрынғы жұмысындағы тәжірибесі;

- медициналық сипаттамалар;

- жеке сипаттамалары және жеке қасиеттері.

Әдетте әрбір критерия бойынша талаптардың эталон деңгейлері жұмыс істеп жүрген персоналдың сипаттамасынан әзірленеді. Білім деңгейі орындалатын жұмыс талаптарымен салыстырылуы тиіс.

Әдетте жұмыс берушілер басымдылықты білімі өте жоғары үміткерлерге береді. Тәжірибе қызметкердің мүмкіншілігімен теңдестіріледі. Ол еңбек өтілімен сипатталады.

Іріктеген кезде қажет ақпаратты жинаудың әртүрлі әдістері бар:



Іріктеудің ең кең қолданылатын әдісі әңгімелесу болып табылады. Сонымен қатар, әңгімелесудің тиімділігін кадрларды іріктеудің аспабы ретінде төмендететін мәселелер пайда болады. Бұл мәселелер негізі эмоциялық және психологиялық сипаттан тұрады.

Объективті шешім қабылдау үшін сауалнамаларды, ұсыныс хаттарын талдау, әңгімелесу, сынақ жүргізу барысында алынған ақпаратты салыстыру қажет.



7.3. Ғылыми ұйымдарда жұмыстың оңтайлы тәртібін таңдау
Әрине, жұмыс кестесі де ғылыми бөлімшелері қызметкерлерінің барлық категориялары үшін және тіпті бір категориялы мамандар үшін жан-жақты бола алмайды.

Жұмыс кестелерінің жаңа типтерін енгізген кезде назарды мамандардың жұмыс сипатына ғана емес, экономикалық пайдаларға (жылуға, жарыққа, жайларды жалға алу, қызметкерлерді тамақтандыру, автотұрақтарға төлем және т.с.с. шығындар) және техникалық мүмкіндіктерді (телефонның, факстің, жеке компьютерлердің барлығы және т.с.с.) аудару керек.

Сонымен қатар, жұмыс кестелерінің жаңа типтерін нәтижелерін ынталандырудың өзіндік ақша емес ретінде қарастыруға болады. Айталық, мысалы неміс зерттеушілерінің деректері бойынша, қызметкерлердің 20% жуығы қолайлы жұмыс кестесін оң мотивацияның басты факторы ретінде қарастырады.

Тұтастай жұмыс кестесі тұрақтылықпен сипатталады. Әдетте адамдар аптасына 5 күн, аптасына 40 сағат, таңертеңгі 9 сағаттан бастап кешкі 6 сағатқа дейін жұмыс істейді, стандартты түскі уақыты бар. Осы қасиеттермен қатар, мұндай тәртіптің кемшіліктері де бар:



  • жолдағы кептелістер,

  • лифтідегі кезектер болады.

Сонымен қатар, адамдар стрестерге ұшырайды, өйткені жұмысқа кешігеді, сосын оларда бастығымен жанжал пайда болады.

Жұмыс кестесінің жаңа типтері ретінде:



  • қолайлы кесте

  • сығымдалған жұмыс аптасы (жиынтықталған жұмыс күні)

  • жартылай жұмыс бастылық саналады.

Қолайлы жұмыс кестесі деп жұмыс кестесі ұғынылады, онда қызметкер бастықпен белгіленетін белгілі шекте келу-кету уақытын таңдай алады.

Сығымдалған жұмыс аптасы жұмыс кестесін ұсынады, онда күн сайын жұмыспен өтелген сағаттар саны және апта ішіндегі жұмыс күндері саны арасында айырбас жүреді. Айталық, сағаттардың кәдімгі саны бес күн ішінде емес, төрт күн ішінде (күн сайын он сағаттан) немесе үш күн ішінде (күн сайын он екі сағаттан) жұмыспен өтеліне алады.

Жартылай жұмыстылық (жартылай жалдау) – бұл сол міндеттерді орындаумен жұмыстар, бірақ аз уақыт ішінде.

Ғылыми ұйымдарда ең көп тарауды қолайлы кесте (қолайлы уақыт, қолайлы жұмыс сағаттары) алды.

Ол әртүрлі тәсілдермен құрылады:

1. Жұмыстың басталу және аяқталу уақытын күн сайын таңдау;

2. Жұмыс күнінің ауыспалы ұзақтығы;

3. Жалпы (қатысушы) уақытты бөлу (яғни, басшымен барлық қызмет етушілер жұмыста қашан болуы тиістігін белгілейтін уақыт).

Қолайлылық дәрежесіне қарай кестелердің әртүрлі типтерін ажыратуға болады. Оларды ең аздан, ең көп қолайлыға қарай бағытта қарастырамыз. Олардың барлығы тәжірибеде пайдаланылады. Қолайлы цикл қызметкерлерден жұмыстың басталу және аяқталуының белгілі уақытын, сондай-ақ белгілі кезең ішінде (мысалы, аптада) осы кесте бойынша жұмыстарды таңдауды талап етеді.

Сырғымалы кесте жұмыстың басталу және аяқталу уақытын ауыстыруға рұқсат етеді, бірақ осы ретте толық жұмыс күні- 8 сағат жұмыс істеу қажет.

Өзгермелі күн жұмыс күнінің ұзақтығы ауыстыруға рұқсат етеді (мысалы: бір күн 10 сағат, ал басқасы- 6 сағат жұмыс істеуге, бірақ, ақырында апта соңында барлығы 40 сағат немесе айына 160 сағат болатындай).

Сырғымалы кесте және өзгермелі күн салалық ғылымда ең көп тиімді. Шет елде оның ұйқасы өнеркәсіп фирмалары және жеке шағын бизнес зертханалары болып табылады.

Қолайлы орналастыру сағатты ғана ауыстыруға емес, жұмыстың орналасуын ауыстыруға мүмкіндік береді- үйде, филиалдарда жұмыс істеуге болады және т.с.с.

Ең көп артықшылығы балдық бағалауды пайдаланып, жұптық салыстыру әдісі қолданылады. Техника үлгілері (олардың параметрлері) жұппен бір немесе бірнеше сарапшымен қойылады.



Сарапшы артықшылықты басқамен салыстырғанда бір объектіге береді немесе нормаланған шкаланы (онда артықшылық дәрежесі берілген) пайдалана отырып, оларды тең деп есептейді. Мысалы, жеті бөлінгіші бар қолданыла алады . А, В үлгілері салыстырылады. Артықшылықты бағалау төмендегі принциптер бойынша жүзеге асырыла алады:

  • күшті артықшылық А;

  • А артықшылығы;

  • әлсіз артықшылық А;

  • артықшылықтың жоқтығы;

  • әлсіз артықшылық В;

  • В артықшылығы;

  • күшті артықшылық В.

Егер сарапшылардың пікірлерінің келісімдігі жоғары болса, онда сараптық сұрау нәтижелері сенімді болып саналады.

Дайындаушы-кәсіпорынның және тұтынушы-кәсіпорынның инновациялық менеджерлері сараптау комиссиясында бақылаушы бола алады, бірақ ұсынылған үлгіні бағалауға қатыса алмайды.

Артықшылықты анықтаған кезде жаңа техниканың бағасы да ескеріледі, ол өндіруші-кәсіпорын үшін де, тұтынушы-кәсіпорын үшін де маңызды. Баға экономикалық мүддені бейнелейді.

Тұтыну бағасы - жаңа техниканы алумен байланысты шығындар, олар:



  • тасымалдау;

  • монтаж,

  • персоналдарды оқыту және басқалар.

Тұтынушы үшін сату бағасы емес, тұтыну бағасының минимумы маңызды. Бұған тұтынушыға алынатын техниканы пайдалануға шығындарға есептеу жүргізуді ұсына отырып, көптеген батыс-өндірушілері талпынады. Өндірілетін жаңа техниканың сапасын басқару спецификациясында барлық сапалы параметрлерді дұрыс бейнелеу үшін маңызды, ол нарыққа шығу және сатқаннан кейінгі қызмет көрсету жүйелерін ұйымдастыру үшін маңызды болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет