Мұнда Ғтп ұлттық экономиканы дамытуға арналған мәні мен маңызы қарастырылған; ғылыми-техникалық саясат макро-және микродеңгейде; материалдық және материалдық емес сипаттағы инновациямен байланысты мәселелер көрініс тапты


Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет3/15
Дата01.04.2020
өлшемі0,87 Mb.
#61325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дәрістер жинағы
сниженная лексика в речах Д.Медведева

Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Персонал, ғылым дегеніміз не? Персоналды жоспарлау кезеңдері қандай?

  2. Ғылыми қызметкерлер анықтама беріңіз?

  3. Motivation? Мотивациялық факторлардың тобын атап шығыңыз?

  4. Мотивацияның қазіргі заманғы теориясы неше категорияға бөлінеді?

  5. Кадрлық жоспарлау қалай жүзеге асырылады?

  6. Персоналды жоспарлау құрылымын көрсетіңіз?

  7. Жұмыстың оңтайлы тәртібін таңдауды қалай түсінесіз?



VIII ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
8.1. Инновациялық жоба - инновацияны ұйымдастырудың нысаны

8.2. Жобаның тиімділігін бағалау әдістері



8.1. Инновациялық жоба - инновацияны ұйымдастырудың нысаны
«Инновациялық жоба» ұғымы бірнеше аспектілерде қарастырыла алады: инновациялық мақсаттарға жетуге арналған іс-шаралардың жиынтығы ретінде, инновациялық қызметті жүзеге асыру процесі ретінде, осы іс-шараларды негіздейтін және сипаттайтын құжаттар пакеті ретінде. Бұл үш аспект инновациялық жобаның мәнін инновациялық қызметті ұйымдастыру және мақсатты басқару нысандары ретінде атап өтеді. Инновациялық жоба ресурстары, мерзімдері және сатылары бойынша өзара негізделінген және өзара байланысқан процестердің күрделі жүйесін білдіреді. Фирмалардың және әртүрлі институттардың жаңа енгізілімдерді әзірлеу, енгізу және коммерциялау саласындағы қызметін үйлестірудің нарықтық механизмдері аяқталмаған. Жаңа енгізілімді құрудың және енгізудің ең игілікті мүмкіндіктерінің бірі инновациялық жобаларды ұйымдастырудың және қаржыландырудың ерекше жүйесі болып табылады. Маңызды ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін инновациялық жобаларды қалыптастыру кешенді, жүйелі ықпалды қамтамасыз етеді. Жобаның түріне байланысты оны жүзеге асыруға жобалау және өнеркәсіп профилінің ондаған ұйымдары, әртүрлі қаржы институттары, ғылыми, қоғамдық және мемлекеттік мекемелер, коммерциялық құрылымдар қатыса алады. Инновациялық жобаның негізгі элементтері және қатысушылары 8 суретте келтірілген.


Тапсырысшы



Қаржылық кеңесші

Құрылтайшы,

кепілгер

Инвестициялық қор

Лизингтік компания



Банк

Ғылыми-техникалық кеңес

Жобалаушы

Инновациялық қор



Сақтандыру компаниясы

Орындаушы ұйым



Аудитор

Инвестор


Қолдаушы құрылымдар (қызығушылық білдіретін топтар)


8-сурет. Инновациялық жобаның құрылымы

Мазмұнды құрылымы бойынша және инновациялық қызмет сипаты бойынша жобалар өндірістік аппараттың модернизациялануымен және жаңаруымен байланысты зерттеуге, ғылыми-техникалыққа, сондай-ақ кәсіпорынды жүйелік жаңарту жобаларына бөлінеді. Сонымен қатар, инновациялық жобалар шешу деңгейі бойынша, мақсаттар сипаты бойынша, инновациялар түрі бойынша жүзеге асыру кезеңі бойынша бөлінеді. Инновациялық жобалардың түрлері 8.1.- суретте берілген.



Инновациялық жобалардың түрлері

Шешу деңгейі



Жоба мақсатының мазмұны

Жүзеге асыру кезеңі

Инновация типі

Президенттік


Аймақтық
Салалық
Жеке кәсіпорын

Соңғы
Аралық

Ұзақ мерзімді


Орта мерзімді
Қысқа мерзімді


Жаңа өнім

өндірісінің жаңа әдісі


Жаңа нарық
Шикізаттың жаңа қайнар көзі
Басқарудың жаңа құрылымы


8.1. -сурет. Инновациялық жобалардың классификациясы
Инновациялық жобаны әзірлеу - ұзақ және өте қымбат тұратын процесс. Бастапқы идеядан бастап пайдаланғанға дейін бұл процесс үш жеке фазадан тұратын цикл түрінде ұсыныла алады: инвестиция алдындағы, инвестициялық және пайдаланушылық (8.2.- сурет).


Инновациялық жобаны әзірлеу формалары


Алдындағы фаза



  • Концепцияны іздеу

  • Жобаны алдын ала дайындау

  • Жобаның соңғы түзету және оның техникалық және қаржы қолайлылығын бағалау

Инвестициялық фаза



  • Келіссөз жүргізу және шарт жасау

  • Инженерлік-техникалық жоспарлау

  • Құрылыс

  • Өндіріс алдындағы маркетинг

  • Оқыту

  • Пайдалануға беру

Пайдалану фазасы


  • Ауыстыру

  • Оңалту

  • Кеңейту

  • Инновация

--

8.2.- сурет. Инновациялық жобаны әзірлеу фазалары


Инновациялық жобалар инновациялық циклдің барлық сатыларында жоғары белгісіздікпен сипатталады. Сондай-ақ, сынақ және өндіріске енгізу сатысына табысты өткен жаңа енгізілім нарықпен қабылданбауы мүмкін және оларды өндіру тоқтатылуы тиіс.

Көптеген жобалар сенімді нәтижелерді әзірлеудің бірінші сатысында береді, бірақ сосын анық емес ресурстық немесе техникалық-технологиялық келешекте жабылуы тиіс.

Инновациялық жобаның жүзеге асырылуының маңызды шарты жаңа енгізілімді болжаудың және талдаудың сенімді базасын таңдау және жобада жаңа енгізілімнің барлық сатыларын жүзеге асыру табысына қызығушылық танытқан жоғары сыныпты профессионал-мамандар, жоғары білікті орындаушылар, жауапты құрылтайшылар және кредиторлар командаларының қатысуын тарту болып табылады.

Инновациялық жобаның тағы бір ерекшелігі жеке жаңа енгізілімді байқау және талдау бірліктері ретінде бөлу мәселесі болып табылады.

Егер инвестициялық жобада бұл ескішіл процедура болса, онда инновациялық қызметтің өзара байланысқан көптеген элементтерінен бір дана енгізілімді мүшелеп алу дербес күрделі процесс болады.

Интенсивті зерттеулер инновацияның жеке түріне сай келетін «инкрементті», ішінара ең аз радикальды жаңа енгізілімдердің күрделі гаммасын тудырады.

Тәжірибенің жиналуына қарай модификация саны азаяды және базалық үлгі пайда болады. Сол кезде өзінің өмірлік циклінің гүлденуінде бастапқы біркелкі жаңа енгізілім ретінде болатыны анық бола бастайды және қаржы табысын әкеледі, мүмкін оның моралдық ескіруі базалық үлгінің өзінің өзгеруі салдарынан болды.

Инновациялық жобаның техникалық белгісіздігін төмендету қаржы және коммерциялық тәуекелді төмендетуді білдірмейді.

Сондай-ақ, принциптік жаңа енгізілімдердің бірқатар жобаларын әзірлеген кезде техникалық тәуекелдерді шеттету таңдалған технологияның және жабдықтардың жетіспеушілігін ашуға әкеледі, ол өздігінен қаржыландыруды тоқтатуды тудырады.

Техникалық және коммерциялық тәуекелдер инновациялық жобаларда қандай да бір корреляциялық тәуелділікте болмайды және тәуекелдерді жою немесе ескерту үшін эмпирикалық жолмен жүру керек.

Қаржы табысы жаңа енгізілімнің өмірлік циклін оның пайдалы жұмыс істету мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ нарыққа өте ерте шығуы есебінен ұзартуға байланысты екенін ескеру керек. Балама жаңа енгізілімдердің қаржы тиімділігін салыстырған кезде табыс көп жағдайларда меңгерілген өнім жағында емес, ғылымды қажетсінетін, қысқа өмір сүруші жаңалық жағында болады.

Инновациялық жоба қажетті және жеткілікті шарттар және ұтымды шектеулер шеңберінде дамуы тиіс. Әрбір жоба оның мақсаттарын, критерияларын анық қоюдан, табысты жүзеге асырудан және оны жүзеге асырудың басты кезеңдерін алдын-ала ойлаудан басталады.

Шекаралы шарттар іргелі зерттеулердің белгісіздігі және болжамсыздығы және жобаның ұйым мақсаттарына сәйкессіздігі барлық мүмкін ресурстық және технологиялық шектеулер бола алады. Бастапқы әзірлеу сатысында жобаны жүзеге асыру бөлшектеріне емес, табыстылық критерияларына назар аудару керек.

Инновациялық жобаның табыстылық критериялары сондай-ақ мұқият және қатаң қарастыруды талап етеді. Егер инвестициялық жоба үшін жалғыз және басты критерия қаржы табыстылығы болса, онда инновациялық жобалар үшін принциптік жаңа енгізілім, патенттік тазалық, лицензиялық қорғау, инновациялар бағыттарының басымдылығы, енгізілетін жаңа енгізілімнің бәсекеге жарамдылығы да маңызды емес.



8.2. Жобаның тиімділігін бағалау әдістері

Инвестициялардың және болашақ ақша түсімдерінің көлемін салыстырмалы талдау жобаның тиімділігін бағалау негізінде ұсынылады. Салыстырылатын шамалар көптеген жағдайларда әртүрлі уақытша кезеңдерге жатады. Сондықтан, ең маңызды мәселе жаңа техниканың және технологияның экономикалық тиімділігін анықтаған кездегі сияқты табыстарды және шығындарды салыстыру және оларды салыстыру түріне келтіру болып табылады. Дисконттау процесін жүргізу себептері (яғни салыстыру түріне келтіру) инфляция, инвестицияның қарқыны, өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы, болжаудың әртүрлі кеңістіктері, салық жүйесіндегі өзгерістер және т.с.с. болып табылады.

Жобаның тиімділігін бағалау әдістері дисконтталған және есептік бағалауға негізделген екі топқа бөлінеді. Айталық, есептік бағалауға (дисконттаусыз) негізделген жобаның тиімділігін бағалау әдістері қайтарымдылық кезеңі (pay back period, PP), инвестициялардың тиімділік коэффициенті (average rate of return, ARR) және қарызды жабу коэффициенті (debt cover ratio, DCR) болып табылады.

Дисконтталған бағалауға негізделген жобаның тиімділігін бағалау әдістері инфляцияның әртүрлі түрлерін, пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі, табыстылық нормалары және т.б. Бұл көрсеткіштерге пайдалылық индексі (profitability index, PI), таза құн, яғни «дисконтталған табыс» (net present value, NPV) және пайдалылықтың ішкі нормасы (internal rate of return, IRR) жатады. Жобаны бағалаудың барлық аталған әдістері 8.3.-суретте көрсетілген.



Қайтарымдылық кезеңі (РР)

Инвестициялардың пайдалылық индексі (PI)

ЖОБАНЫ БАҒАЛАУ


Инвестициялардың тиімділік коэффициенті (ARR)



Ағымдағы таза құн

(NPV)



Жабу коэффициенті

(DCR)

Пайдалылықтың ішкі нормасы (IRR)


8.3.- сурет. Инновациялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
Күрделі жұмсалымның қайтарымдылық әдісі өте кең таралған болып табылады, бірақ оның маңызды кемшілігі - болашақ кезеңнің табысын ескергендегі болашақ ақша және соның салдарынан дисконттаудың қолданымсыздығын қажет етпейді.

Бірақта, жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңіндегі пайдалылықтың орташа көрсеткіші ретінде ұғынылатын инвестицияның тиімділік коэффициентін есептеу әдісіне назар аудару керек. Бұл коэффициент орташа жылдық пайданы инвестицияның орташа жылдық шамасына бөлумен есептелінеді. Әрине, осы көрсеткіш авансыланған капиталдың пайдалылығы коэффициентімен салыстырылады (орташа баланс-нетто жиынтығы).

Бірақ есептік бағалауға негізделген барлық үш дәстүрлі көрсеткіш уақытша құраушы ақша ағындарын ескермейді. Олар экономикалық шындықта факторлық талдаумен және ақша ағындарының қарқынымен сай келмейді. Сондықтан, дисконтталған бағалауға негізделген әдістерді қолдана отырып, жобаны толық бағалауға болады.

Пайдалылық индексінің әдісі (PI) келтірілген әсерлердің сомасының келтірілген күрделі жұмсалым салымдарының шамасына қатынасын талдауға бағытталған:



(8.1.)
Мұндағы:

- пайдалылық индексі;

- - жылдағы күрделі жұмсалымдар, тг;

- -жылдағы нәтижелер (табыс), тг;

- - жылда жүзеге асырылатын шығындар, тг
Егер пайдалылық индексі бірліктен артық болса, онда жоба пайдалы, ал егер ол бірліктен кем болса, онда жоба тиімсіз.

Ағымдағы таза құн әдісі (NPV). NPV шамасы таза дисконтталған табыс болып табылады және барлық есептеу кезеңінде ағымдағы әсерлердің сомасы ретінде анықталады.



Осы ретте дисконт шамасы тұрақты немесе айнымалы бола алады. NPV төмендегідей формула бойынша есептеледі:

(8.2.)
Мұндағы:

NPV – жобаның ағымдағы таза құны.


Жобаның тиімділігі дисконттың r осы нормасы кезінде NPV мәндері негізінде қарастырылады. Ол артық болған сайын, жоба тиімдірек болады. NPV кезінде бірлік кем, жоба тиімсіз болып саналады.

Кез келген инвестициялар үшін таза ағымдағы құн графигін есептеуге болады (8 график).

Графикті есептеу әдісі төмендегідей. Х (абсцисса) осі бойынша дисконт мөлшерлемесінің мәндері және У (ордината) осі бойынша-ағымдағы таза құн мәндері дисконт мөлшерлемесінің әртүрлі мәндері үшін алынған. Графиктің Х осімен қиып өтетін нүктесі инвестицияның пайдалылығының ішкі нормасы болып табылады, өйткені ағымдағы таза құн 0-ге тең.
Ағымдағы таза

құн руб.




5 10 15 20 Х Дисконт

мөлшерлемесі (%)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет