Модуль: Адам және уақыт пс. Тақырыбы: Адам және уақыт Мақсаты



Дата25.03.2022
өлшемі17,07 Kb.
#136708
Байланысты:
9-тақ Уақыт


3 модуль: Адам және уақыт


9 ПС. Тақырыбы: Адам және уақыт
Мақсаты:
1. Уақытқа қатысты сөздерді меңгеру, уақыттың қанша болғанын айта білу.
2. Мезгілді білдіретін ұғымдар. Мезгілді білдіретін ұғымдарды қолданып, өзінің бір күні қалай өтетінін сипаттай білу;
3.Есептік сан есімдер, қолданысы. Жатыс септігі (іс-қимылдың мезгілін білдіруі)
Өткізу формасы: Тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)
Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс.

Адамның өмірі уақытпен тығыз байланысты. Сен қашан оянасың? Қашан сабаққа барасың? Сабақтан қашан келесің? Ұйықтауға қашан жатасың? Бұл сұрақтарға жауап бергенде адамның бір күнгі өмірі туралы білуге болады.


Ал уақыт өтпелі, ол қайталанбайды. Орыс халқында күндер жүріп өтеді, айлар жүгіріп өтеді, жылдар ұшып өтеді (дни идут, месяцы бегут, года пролетают) деген сөз бар. Ол өмірден алынған шындық. Уақыт бір орында тұрмайды. Ол өтеді.
Уақыт әрқашан санаулы, есептеулі. Сондықтан ол секунд, минут, сағат, күн, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр деп бөлінеді. Осы мысалдағы тізбекте ең үлкен кезең - ол ғасыр. Сол ғасырдың өзі секундтардан тұрады. Небір үлкен оқиғалардың өзі қас қағым сәтте (миг) болады.
Адамның қолынан көп нәрселер келеді. Біраз нәрсені жасап өзгерте алады. Бірақ адам уақытқа әсер ете алмайды. Оны өзгерте алмайды. Уақытын бағалап, оның қадірін түсінген адам, ең ақылды, ең бақытты адам. Уақытқа ілесе алмаған адам өмірде де артта қалады. Қандай істе болсын уақытты ұтымды пайдалану - үлкен өнер. Уақыт – алтыннан қымбат.


Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқып, аударыңыз, сұрақтар құрастырыңыз
2.«Уақыт – алтыннан қымбат» дегенді қалай түсінесіз? Өз ойыңызды айтыңыз

3. Есте сақтаңыз.


–Айтыңызшы, сағат қанша болды? (сағат неше болды?)
- Айтып жіберіңізші, сағат қанша? (сағат неше?)
- Айтыңызшы, уақыт қанша болды?
- Сағат неше?
12.00 – Сағат 12.
- Сағат тура (ровно) 12.
12.30 – Сағат 12 жарым (половина).
14.30 – Сағат 2 жарым.
12.15 – Сағат 12-ден 15 минут кетті.
22. 25 –Сағат 10-нан 25 минут кетті.
12.45 – Сағат 15 минутсыз (без) 1.
- Сағат 1-ге 15 минут бар.
- Сағат 1-ге 15 минут қалды (осталось).

4.Көрсетілген уақыттарды пайдаланып, «Сағат неше?» сұрағына жауап беріңіз.


09.00 23.55 10.40 13.30
21.20 20.10 19.15 18.50
15.30 08.30 11.25 17.55
14.00 16.05 17.59 22.40
5. Есте сақтаңыз. Берілген сөздерді қолданып сөйлемдер құрастырыңыз

таңғы-утра 08.00 – Сағат таңғы 8. (Таңғы сағат 8).


күндізгі-дня 13.00 – Сағат күндізгі 1.
кешкі-вечера 20.00 – Сағат кешкі 8.
түнгі-ночи 01.00 – Сағат түнгі 1.

6. Есте сақтаңыз. Қашан? Қай кезде? Нешеде? Сұрақтарына жауап беру үлгілері:


В 12.00 – Тура 12-де
В 12.30 – 12 жарымда
В 12.15 – 12-ден 15 минут кеткенде
В 12.45 – 1-ге 15 минут қалғанда
- 15 минутсыз 1-де
В 09.00 – Таңғы сағат 9-да
С 9 до 10 – 9-дан 10-ға дейін
С 09.30 до 11.30 – Сағат 9 жарымнан 11 жарымға дейін
С утра до вечера – таңертеңнен кешке дейін

7.Көрсетілген уақыттарды пайдаланып, «Қашан?» «Нешеде?» сұрағына жауап беріңіз.


14.00 16.05 17.59 22.40
20.10 08.30 11.25 18.50
09.00 23.55 10.40 13.30

8. Сұрақтарға жауап беріңіз.


- Бүгін нешеде тұрдыңыз?
- Нешеде таңғы ас іштіңіз?
- Сабақ қашан басталды?

9. Қоңырау кестесі бойынша әр сабақтың қашан басталып, қашан аяқталатындығын, үзіліс қашан болатындығын айтыңыз.


Қажетті сөздер: басталады, аяқталады, бітеді, үзіліс, қоңырау

10.Сөздердің аудармасын табыңыз. Олармен сөйлем құраңыз.


таңертең- түнде- бүрсігүні-


түсте- қазір- кеше-
күндіз- бүгін- алдыгүні-
кешке- ертең- күні бойы-

11. Берілген мәтінді оқыңыз. Уақытты көрсете отырып, «Менің бір күнім» тақырыбына әңгіме жазыңыз.


Мен күнде сағат жетiде тұрамын. Дене шынықтыру жасаймын. Төсегiмдi жинаймын. Бетi-қолымды жуамын. Сағат жетi жарымда таңғы ас iшемiн. Сонан соң ыдысты жуамын. Сағат сегiзден он минут кеткенде үйден шығамын, автобусқа отырамын. Жұмысқа сағат он минутсыз тоғызда келемiн. Жұмыс сағат тоғызда басталады. Түскi үзiлiс 1-ден 2-ге дейін дейiн. Түскi тамағымды асханадан iшемiн. Менiң жұмысым сағат алтыда аяқталады. Жұмыстан кейiн дүкенге кiрiп, азық-түлiк сатып аламын. Кейде базарға барамын. Үйге сағат жетiде келемiн. Кешкi тамағымды iшемiн. Азырақ демаламын. Теледидардан жаңалықтарды тыңдаймын. Түнгi он бiрде ұйықтаймын.

12.Сөйлемдерді аударыңыз.


1).Они пришли в гости к ним к 8 часам вечера.
2) Мы его ждали на вокзале до 01.30
3).Они уезжают сегодня вечером в 9 часов.
4). В 7 часов вечера приходите к нам в гости.
5).В прошлом году мы ездили в Караганду.
6) Завтра у тебя будет время?
7) Библиотека открывается в половине девятого.
8).Мне нужно позвонить маме ровно в час дня.

13.«Уақыт» сөзімен тіркесетін сөз тіркестерімен танысыңыз. Осы сөз тіркестерімен 3 сөйлем құрастырыңыз:


уақыт - время, момент, дата, срок;
уақыт аз қалды - осталось мало времени;
уақытын белгілеу - установить время;
уақыт зымырап өтіп барады - время летит быстро;
уақыт күтпейді - время не ждет;
уақытты босқа өткізу (өткізбеу) - попусту тратить время;
уақытын жоғалту - терять время; потерять время;
уақыт өткізу - убивать время;
уақыт өткен сайын - с течением времени;
уақыт табу - находить время;
уақытым жоқ – мне некогда.
уақытты пайдалану -
уақытты үнемдеу -

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет