Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


– тармақ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – іргелі және қолданбалы ғылым



бет2/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә
Ильясова.А практика-Ктоә
1.1 – тармақ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – іргелі және қолданбалы ғылым.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні – педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының филология факультетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бөліміде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі - өз тұжырымдамасы, өзінің ғылыми – теориялық заңдылықтары жіне практикалық маңызы бар дербес ғылым. Ол педагогика ғылымының құрылымдық маңызды бңр саласы болып саналады. Сондықтан пәнді оқыту әдістемесінің методологиясы, оның даму бағыттары, ішкі мүмкіндіктері мен әлеуеті өазіргі заманғы іргелі ғылымдардың дамуымен өзара тығыз бірлікте анықталады.

Әдістеме – ғылым мен білімнің арасын жалғайтын алтын көпір. Ол ғылымдағы іргелі жаңалықтардың білім жүйесіне енуін қамтамасыз етеді. Әдістеме ғылымы заманауи сұраным мен білім бері саласының өзара бірлікте дамуын қамтамасыз ететін жолдарды анықтайды, оны іске асыруда мұғалімге бағыт – бағдар береді. Жас ұрпақтың келешегіне лайық білім беріп, қажетті біліктерді қалыптастырудың жолдарын табуға мүдделі ізденімпаз, жағашыл мұғалім, біріншіден, өркениетке бастайтын озық ойларды саралай отырып, жаңаруға тірек болатын қағидаларды айқындай түсуі тиіс. Екіншіден, сол жаңашылдықты өзгермелі дүниеде өмір сүріп жатқан жас толқынның талабына сай, танымына орайлы қабылдауына қолайлы етіп ұстанудың ұтымды жолдарын таба алуы қажет. Үшіншіден, Қазақстан мемлекеті әлемдегі бәсекеге қабілетті, өркениетті елдер қатарына қосылуды нақты міндет етіп белгілеп отырған қазіргі кезеңде мектеп мұғалімі бәсекеге қабілетті тұлға дайындауға қажетті биік жауапкершілік пен кәсіби құзыреттілікті өзара бірлікте меңгеруі міндетті.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшелігі, ішкі терең иірімдері оны педагогикамен, философиямен, әлеуметтануымен, психологиямен, мәдениеттанумен, тіл біліміндегі жаңа арналармен сабақтастықта қарастырғанда жан – жақты ашыла түседі.

Философиялық әдебиеттерде «методология» сөзінің анықтамасы нақты берілмеген. Сондықтан оның орныққан, бұлжымас ережесі немесе анықтамасы әлі жасала қойған жоқ. Зерттеушілердің бірі методологияны зерттеу әдістерінің жиынтығы ретінде қарастырса, екінші біреулері ғылыми таным мен дүниені өзгертудің әдістері жайлы ғылым деп санайды. Бүгінгі заман талабымен ойластыра қарағанда қазақ тілін оқытудың методологиясы антропоөзектік парадигманы басшылыққа ала отырып, ең алдымен оқушыны дара тұлға ретінде қалыптастырудағы ана тілінің орны мен рөлін, оның өмір – тіршілігіндегі атқаратын қызметін айқындайды да, оны бала санасына жеткізудің, өмірлік дағдысын жетілдіріп, дамытудың әдістемелік жүйесін және сол жүйені оқыту үдерісінде жүзеге асыру заңдылықтары мен ұстанымдарын белгілейді.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні психологиямен, педагогикамен тығыз байланысады. Тіл – адам болмысының, танымының, ақыл – ойының көрсеткіші болғандықтан, тілді оқытудың барлық мәселелері адамның жан дүниесінен, ішкі рухани әлемінен тыс қаралмайды.

Қазіргі гуманитарлық ғылымдар жүйесінде антропоцентристік ренессанстың кең өрістеуіне орай тіл оқшау құбылыс емес, ең алдымен, субъективтік мәнге ие құрылым екендігі негізделеді. Сондықтан адамға, адамның рухани, мәдени мәселелеріне қатысты ғыдымдар тоғысып дами түсуде. Тілді оқытуда қазақ ұғымындағы сөйлеу өнерімен сабақтас басты қағидалар негіз етіп алынады да, білім беруді дамытудың бағыттарын таңдауда жаңа заман адамынта қойылатын талаптар, бүгінге дәуірге лайық әлеуметтік – мәдени тұлға қалыптастырудың ерекшелігі ескеріледі. Өйткені уақыт қаншалықты алға жылжыса, ең өміршең деген шарттар мен талаптар да соншалықты жетілдіруді керек етеді. Сонымен қатар, қазіргі ғаламдану үрдісіне байланысты үйретілетін сөйлеу мәдениетінің ұлттық деңгейден асып, мемлекетаралық, халықаралық қатынастар ауқымындағы мәні мен орны да назарда болады. Шын мағынасында тарихи - әлеуметтік маңызы жағынан «мәдениет – адамдытұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал». Бұл тілді оқытудағы ғана емес, жалпы қазіргі білім беру жүйесіндегі ең негізгі тұжырым. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі бір ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті, жүзеге асыратын салт – дәстүрлер жүйесі мәдени білімнің өзегін құрайды. Себебі «салт – дәстүр тіл мен мәдениет бастауларының айнасы» Гердер. Дәстүрлер – мәдениетінің негізгі өзегі болғандықтан, адам қай уақытта болмасын этникалық дәстүрлердің әсерінде болады. Ана тілін білмеушілік адамды ұлттық мәдениет ықпалынан шығарып тастайды. Бұл жерде тілді оқытуда өз халқымыздың сөз, сөйдеу өнеріне қатысты ұстанымдарын басшылыққа алу қажеттігі айқын көрінеді. Мұны демократияның жемісі, егемендіктің мүмкіндігін пайдалануыдың кепілі деуге болады.

Тіл арқылы оқушының ұлттық болмысын қалыптастыруда мәдениет пен бідімнің арақатынасы маңызды саналады. Білім – мәдениеттің құрамдас бөлшегі. Интеллигенттік – мәдениет пен білімнің ішкі бірлігі мен үндестігінің деңгейі.

Түйіндей келгенде, «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» рәні жеке пән ретінде белгілі бір ұстанымдарды басшылыққа алады. Өзінің әдістері мен тәсілдерін, тарқырыпты меңгертудің жолдарын ұсынады. Әр тақырыптың ерекшелігін ескере отырып, соған сай тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін дайындайды. Ол тілді оқытудағы лзық жетістіктер мен тәжірибелерге сүйенеді. Сондай – ақ, қазақ тілін оқыту әдістемесі дербес ғылым ретінде білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту ұстанымдарын белгілеу, оқытудың тиімді әдісттері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды еңгізу тәрізді мәселерді қарастырады. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемсінің іргелі әрі қолданбалы ғылым екендігін, онда екі бағыттың өзара астасып, жымдасып, кірігіп отырғандығын танытады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет