Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


Қазақ тілін оқыту – мақсатты үдеріс



бет6/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә
Ильясова.А практика-Ктоә
Қазақ тілін оқыту – мақсатты үдеріс. Кез келген пәнді оқытудың басты мақсаты, әдіс, тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады. Оқыту танымдық үдеріспен тығыз байланысты. Ол оқушы бойындағы білімге деген қызығушылықтың ұдайы өсіп, дамып отыруынан байқалады. Оқытудағы басты мақсат – Қазақстан Республикасының бүгінгі даму деңгейі мен болашақ бағытын анықтауды, әлемдік өркениетке жетудің жолын айқындауды қамтамасыз ететін білімді де мәдениетті, білікті де саналы дара тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсат ұлттық мұраны жете меңгерген; ана тілінің сөздік қорын игерген; адамзатқа ортақ рухани құндылықтардың мәнін түсінетін; өз ұлты мен тілін қастерлейтін, жері мен елін қадірлейтін; Отанын сүйетін, дүниетанымы кең, ізденгіш, іскер, еңбекқор, зиялы ұрпақ қалыптастыруды көздейді. Мұндай тәрбиелі ұрпақ, тіл, әдебиет, тарих секілді рухани құндылықтарға негіздеоген пән сабақтарында білім беру мен оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыру нәтиежесінде қалыптасады. Осы тұрғыдан келгенде, әсіресе, ана тілі білімді де білікті, дара тұлға қалыптастырудың қайнар көзі, арнасы ретінде адам мен адамды, ұлт пен ұлысты түсінуге, пікірлесуге жетелейтін құрал болып табылады.

Тіл – адамзаттың ерекше болмысын, күрделі табиғатын аңғартатын, жаратылысы өзгеше құбылыс. Демек, бүгінгі адамзатың жас буыны келешектің арқа сүйер иесі болу үшін бүкіл адами құндылықтарды игеруі ләзім. Оқушы дүниені тануда бұрын ғалымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды тіл арқылы игереді. Тілді қолдана отырып ғылым негіздерін меңгереді, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысады, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады, таным өрісін кеңейтеді. Сөйтіп, осынау өзгермелі қоғамда өмір сүруге, өздігінен әрекет етуге, өздігінен ізденуге, білім алуға, өз бойындағы қабілеттерді жұмсауға үйренеді. Бұл оқытудың мақсатты жүргізілуінің түпкі нәтиежесі болып саналғандықтан, пәннің білім мазмұнында өз орнын алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет