Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы



бет23/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә
Ильясова.А практика-Ктоә
Қатысымдық ұстаным. Адамдардың бір – бірімен қарым – қатынас жасауы тіл арқылы болатындығы белгілі. Ал қатысымдық ұстаным тілдік материалдарды таңдауды, қатысым жағдаятын нақтылауды анықтайды, яғни ауызша, жазбаша тұрғыдағы қатысымды жүзеге асыру үшін қандай біліктер қажеттігін, қандай құралдар арқылы тілдің қатысымдық қызмтін меңгеруді қамтамасыз етуді айқындайды. Ұстанымның бұл түрлі сондай – ақ қатысымдық жағдаятты туғызатын шарттардың сақталуын талап етеді. Сөйтіп, студент пен оқытушы, студент пен студент арасындағы қатынасымның нәтиежелі болуына мүмкіндік береді. Студент жоғары оқу орнында кәсіби шебер сөйлеуге үйренбесе, өз ойын басқаға толық, жүйелі жеткізе алмаса, онда тілдің қатысымдық қызметін дұрыс меңгермегені болып есептеледі. СӨЖ, тіл үйірмелерінде меңгертіледі. Тілдің қатысымдық қызметін ұйымдастырлса, студенттің жүйелі де тілдік нормаларға сәйкес сөйлеуіне жағдай жасалады. Тілдік қатысымға дағдыландыратын жұмыстар студенттерді қызықтыратындай, теориялық білімге де, тіл дамыту мақсатына да сәйкес келетіндей болуы тиіс. Тілдік жаттығулар мен тапсырмалар қатысымдық бағытта ұйымдастырылуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет