Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


Оқушылардың танымдық мотивациясын қалыптастыру ұстанымы



бет21/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә
Ильясова.А практика-Ктоә
Оқушылардың танымдық мотивациясын қалыптастыру ұстанымы. Оқушылардың жаңа білімді игеруі арқылы жүзеге асады. Бұл ұстаным оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуды көздейді. Әртүрлі бағыттағы жұмыстар арқылы оқушылардың ғылыми – теориялық, диалектикалық ойлауын, ғылыми түсінік жүйесін қалыптастыруды талап етеді. Оқушылардың танымдық мотивациясын қалыптастыру үшін түрлі ойындарды, әлеуметтік – психологиялық жағдаяттарды қолданған ұтымды.

Сенімділік қабілетін дамыту. Ұстанымы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушының жеке басының даярлығын кәсіби бойынша ұғымдарымен жаңғыртып, жаңаша ой, пікірлерімен толықтыруды көздейді. Өзіне деген сенімділігін күшейтіп, ұжым алдында өзін – өзі ұстап, пікір айту, талас тудыратын даулы мәселерді шешуде әділ тоқтам жасай білу дағдысын жетілдіреді.

Қазіргі оқыту теориясының көптеген дидактикалық мәселерінің түпкі мақсаты – шығармашылық, белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру. Заман талабына сай болашақта қоғам дамуының тұтқасын ұстар жеке тұлға дайындау – бүгінгі күннің талабы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет