Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


II. 3.2.1 - тармақша. Кәсіби құзыреттілік



бет29/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә
Ильясова.А практика-Ктоә
II. 3.2.1 - тармақша. Кәсіби құзыреттілік.
Қазіргі кезде кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілері көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны болып келеді. Атап айтқанда, мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігіне байланысты С.И.Ферхоның «Мұғалімдердің оқу процесінде электронды оқу басылымдарын пайдалануға байланысты кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», Г.Т.Ахметованың «Болашақ мұғалімдердің валеологиялық құзыреттілігін қалыптастыру», Н.Р.Шаметованың «Үздіксіз білім беру «Колледж – ЖОО» жүйесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», Ш.К.Жантілеуованың «Педагогикалық іс – тәжірибе процесінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», Е.В.Набиеваның «Бірегей проблема бойынша арнайы курс жүйесі арқылы педагогикалық университет студенттерінің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру», Г.О.Рахимбекованың «Тілді емес ЖОО – ның студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасуын бақылау» атты зерттеулері бар.

Б.Т.Кенжебеков жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін зерттеу барысында кәсіби құзыреттілік ұғымына мынандай анықтама береді: «кәсіби құзыреттілік – бұл кіріктірілген іргелі білімдер, адамның қабілеттері мен жинақталған бірліктерінің, оның кәсіби маңызды сапаларының, технологияны жоғары деңгейде меңгеруінің, мәдениеті мен шеберлігінің, ұйымдастырудағы шығармашылық әрекетінің, өзін - өзі дамытуға дайындығының бірігуі». Әдіскер кәсіби құзыреттілікті арнайы құзыреттілік, әлеуметтік құзыреттілік, жеке тұлға құзыреттілігі, дара құзыреттілік деп төртке жітейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет