Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


Тілдік норманы қалыптастыру ұстанымы



бет27/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә
Ильясова.А практика-Ктоә
Тілдік норманы қалыптастыру ұстанымы. Студент тілін дамытуда тілдік норманы қалыптастыру ұстанымы басшылыққа алынуы тиіс. Тілдік норманы қалыптастыру сабақта және сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың бірізділігінін, жүйелілігінен көрінеді. Сондай – ақ бұл ұстаным басқа ұстанымдармен тығыз бірлікте анықталады. Әсіресе тілдік норманы қалыптастыру ұстанымы кешенді ұстаным арқылы ашылады. Себебі кешенді жұмыстар кезіндегі тіл дамытуда тілдік нормалар басты негіз бола алмады. Тілі жетілген, әр сөздің стильдік қызметіне мән беретін, сөйлеу шеберлігі қалыптасқан студент өз ойын жазба түрде де жүйелі жеткізе алатын болады. Сонымен, тілдік норманы қалыптастыру ұстанымының шарттарына мыналарды жатқызуға болады: сөйлесімде де, жазылымда да тіл нормаларын сақтау – тіл дамытудың басты тірегі; тілдік жүйе мен тілдік норманы үнемі назарда ұстау керек; сөздің стильдік қызметіне, эстетикалық сипатына мән беру қажет.

Сонымен жоғарыда сөз болған ұстанымдардың барлығы қазақ тілін оқытуда басшлыққа алынады және тақырыпты жүйелі, терең, саналы меңгертуге ықпал етеді.



СӨЖ тапсырмалары:

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша еңбектердің картотекасын жасаңыз;

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша глосарий дайындаңыз

Әдіскер – ғалымдар ұсынған ұстанымдарды жүйелеп, сын – пікір дайындаңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын дәлелдеңіз.


► Фонетиканы оқытуға байланысты еңбектерді таразылап, онда басшылыққа алынған ұстанымдарды жүйелеп, кесте дайындаңыз;

Б.Құлмағанбетова және т.б. авторлар ұсынған «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты еңбекке аннотация жазыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет