Модуль "мсак патронаждық бикесінің жаңа рөлі" патронаждық бикенің рөлі және кәсіби ұмтылыс. Мақсаты



бет1/5
Дата14.03.2023
өлшемі25,11 Kb.
#172360
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
9так


1.9 Модуль 2 "МСАК патронаждық бикесінің жаңа рөлі" патронаждық бикенің рөлі және кәсіби ұмтылыс.
2. Мақсаты. Модуль 2 "МСАК патронаждық бикесінің жаңа рөлі" патронаждық бикенің рөлі және кәсіби ұмтылыс туралы түсінік беру.
3. Дәріс тезистері.
Ерте жастағы балалар мен жүкті әйелдерді патронаждау: мақсаттары, міндеттері, УПМПС, бағдарламасы бойынша патронаждық мейірбикенің жаңа рөлі,
Жүкті әйел әйелдер кеңесіне есепке тұрғаннан кейін балалар кабинетіне келуі керек, бұл жерде босанғанға дейінгі патронаж парағы толтырылады.
Патронаж дегеніміз – медицина қызметкерлерінің шақыртпай баланың үйіне өз бетімен барып, оны бақылауы.
Босанғанға дейінгі патронаж 2 рет өткізіледі:
• Жүкті әйел жүктіліктің 8-12 аптасында есепке алынғаннан кейін. Мақсаты: уйрету, кеңес беру және болашақ ана мен оның отбасына қолдау көрсету, болашақ ана мен баланың денсаулығына әсер етуі мүмкін қауіп-қатер факторларын анықтау.
• Жүктіліктің 30-32 аптасында. Мақсаты: бірінші босанғанға дейін патронаж кезінде берілген кеңестер мен ұсыныстардың орындалуын тексеру және отбасын баланың туылуына дайындау.
Перзентханадан шыққан бірінші 3 күн ішінде жаңа туылған балаға алғашқы патронаж өткізіледі.
Бұл патронаждың мақсаттары:
• Ананың денсаулығын бағалау;
• Лактацияны (сүттің бөлінуін) бағалау, бала емізгендегі позаларды үйрету, тек емшекпен емізу маңыздылығын түсіндіру
• Баланың күтімін және жаңа туылған бала бұрышын бағалау
• Жаңа туылған баланы көру.
1 айға дейін патронаж апта сайын өткізіледі (4рет). Бала 1 айға толғанда, ана сау баласымен бірінші профилактикалық қабылдауға шақыртылады. Алынған мәліметтерді мейіргер баланың даму тарихына (№112 қ/е) және вакцинация туралы мәліметтерді «Профилактикалық егулер картасына» (№063 қ/е) енгізеді.
1 айдан 5 айға дейін патронаждардың жиілігі айына 2 рет, ал 1 жасқа дейін айына 1 рет.
Патронаж қызметкері ретінде ретінде сіз отбасылармен бірге ұзақ сапар шегесіз. Бұл – сізге басқа адамдардың өмірі туралы бірегей білім беретін және олардың ауыртпалықтарын азайтуға және сіз болмасаңыз, жүзеге аспай қалуы ықтимал мүмкіндіктерді тудыруға шынайы мүмкіншілік беретін керемет және мәртебелі рөлі. Дамуында ауытқулары бар балалар мен олардың отбасын қабылдауды және оларға қатысты өз сезімін ұғынады және ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі немесе дамуында ауытқулары бар балаларға қатысты алдын алу, ерте анықтау мен араласудағыөзінің үлесін бағалайды. Дамуында ауытқулары бар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасында кездесетін проблемаларды біріздендіреді, осы топ отбасылары мен балаларға қажетті қолдау көрсету дағдыларын көрсетеді. Осы модуль сізге өз рөліңіздің маңыздылығын және үйге барып қарау бағдарламасын жүзеге асыру кезінде және жекелеген адамдармен, отбасылармен, қауымдастықтармен және мекемелермен жұмыс жасау кезінде кәсіпқойлық танытуға қатысты міндетіңіздің түсінуге көмектеседі. Балалар арасындағы өлім-жітімді азайтуда айтарлықтай жетістіктер бар. Алайда, балаларға толық даму әлеуетіне жетуге, кейінгі өмірінде созылмалы сырқаттардан аулақ болуға және орнықты даму мен әлеуметтік әділдікке жол тартуға көмектесу үшін балалардың тіршілік етуіне және дамуғына бағытталған бағдарламалар өзара байланысты болуы қажетi . Әйел жүктілігі кезінде және баланың ерте балалық шағында үйге барып қарау балалар әлеуетін толығымен іске асыра алуы үшін теңсіздікті азайтудың, балалардың денсаулығын жақсартудың және оларға көмектесудің маңызды стратегиясы болып табылады. Үйге барып қарау арқылы сіз: • оқу-үйренуге және ұсыныс-кеңес алуға мүмкіндік бересіз; • барлық отбасылардағы нәрестелерге көрсетілетін қамқорлық пен күтімді арттыра және олардың өміршеңдігіне септесе аласыз; • қажеттіліктерді анықтай аласыз және анықталған қауіп-қатерлер және ұрымталдыққа сәйкес шара қолдана аласыз; • көрінбейтінді көрінетін ете аласыз. Бірақ, бұл патронаж қызметкерлерінің біліктілігі және кәсібилігі өте жоғары болуын талап етедіii . Бүгінгі таңда бүкіл әлемдегі патронаж мейірбикелері кішкентай балалары бар отбасыларда денсаулықты нығайтуға және адами әлеуетті дамытуға септесуге бағытталған қызметтер көрсетеді. Алайда, олардың білім деңгейі, нақты міндеттері және мамандықтарының атауының өзі әр елде әртүрлі болып келеді. Патронаж қызмектерінің жан-жақты рөлі Жалпы кәсіби рөл (міндеттер) өте кең ауқымды, себебі, ол патронаж қызметкерлерінің бала өміріне әсер ететін барлық факторлар туралы ойлауын, соынмен қатар, патронаж қызметкерлерінің өздеріне не әсер ететіні туралы ойлауын талап етеді. Осы рөлді жалпылау үшін оны кәсіби рөлдің өлшемдері тұрғысынан қарастыру пайдалы болады, аталмыш өлшемдер: жекелеген адамдар, отбасылар, жергілікті қоғам және мекемелер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет