МөЖ-1 Тақырыбы: «Қазақ халқының ежелгі замандардағы әдістемелік-математикалық мәдениеті» Орындаған: I топ


Тақырыбы: «Ә.Қасымұлы және оның «Есеп құралдары»» Орындаған



бет14/22
Дата06.01.2022
өлшемі320,73 Kb.
#110102
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
МӨЖ

Тақырыбы: «Ә.Қасымұлы және оның «Есеп құралдары»»

Орындаған: ММОК 202 IV команда Орынбай Бибісара Намиалиев Қамбар Нұрмұха Айзада Оразалиев Бақшат Нокеев Батырбек

Қабылдаған: п.ғ.к., доцент Қосанов Б.М

Алматы, 2021



МАЗМҰНЫ

1

КІРІСПЕ

2

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ – Ә.ҚАСЫМҰЛЫ

2.1

Әдіскер-математик Ә.Қасымұлының өмірбаяны және математиканы оқыту әдістемесі үшін сіңірген еңбектері

2.2

«Есеп құралы» оқулығының мазмұны және әдістемелік маңызы

3

ҚОРЫТЫНДЫ




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептің барлық сыныптары жаңартылған білім мазмұнына көшті. Осыған сәйкес оқулықтар түгелдей стандартқа сай жаңартылды. Оқулықтарды жасауда, әрине, ескі оқулықтардың мазмұны басты назарға алынады. Математика оқулықтарын жасаудың түп негізі ХХ ғасырдан басталады. Бастауыш сыныптың алғашқы математикалық оқулықтарын жасауға ат салысқан ғалымдар: М.Дулатұлы, Ә.Қасымұлы, К.Жәленұлы, Е.Омарұлы және т.б. Олардың өшпес еңбектері қазіргі таңдағы оқулықтарды жасауға негіз болды. Осы тұрғыда, біз әдіскер-математик Ә.Қасымұлының бастауыш сыныптарға арналған «Есеп құралы» оқулығын талдап көруді жөн көрдік. Зерттеудің мақсаты. Ә.Қасымұлының ғылымдағы жетістіктеріне тоқталу және оның «Есеп құралы» атты оқулығын талдап, әдістемелік ерекшеліктерін айқындау. Зерттеудің міндеттері: а) Ә.Қасымұлының өмірбаянына тоқталу және математиканы оқыту әдістемесі үшін сіңірген еңбектерін атап өту; ә) «Есеп құралы» оқулығының мазмұны мен әдістемелік маңызын қарастыру; Зерттеудің әдістері: – Әдебиет көздерін зерттеу және талдау;Педагогтардың озық іс-тәжірибелерін зерттеу; Анализ және синтез. Зерттеудің жаңашылдығы. Түрлі әдебиет көздерін қарастыру нәтижесінде бастауыш мектебінің 3-інші және 4-інші сыныптарына арналған «Есеп құралы» оқулығының мазмұнына талдау жасалынды. Орыс тіліндегі әдебиеттерден алынған мәліметтер қазақ тіліне аударылды. Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы: 1) Ә.Қасымұлының өмірі жайлы мәліметтер өте аз, сондықтан оның өмірбаяны туралы жан-жақты қарастырып, өздік жұмысымызға енгіздік; 2) «Есеп құралы» еңбегіндегі автордың сандардың нумерациясы және сандарға арифметикалық орындауды қарастырған бөліміндегі әдістемелік шеберліктері зерттеу жұмысымызда келтірілді ; 3) «Шамалар және оларды өлшеу» бөлімінде қазіргі математика оқулықтарында кездесе бермейтін ұлттық сипаттағы есептер қамтылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет