МөЖ-1 Тақырыбы: «Қазақ халқының ежелгі замандардағы әдістемелік-математикалық мәдениеті» Орындаған: I топ



бет22/22
Дата06.01.2022
өлшемі320,73 Kb.
#110102
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
МӨЖ

Қорытынды

Отандық тарихта өзіндік орны бар қоғам және мемлекет қайраткерлерінің бірі, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесіне өз үлесін қосқан аса көрнекті өкілдердің бірі Ғали Бегалыұлы Бегалиев болып табылады.

Ғали Бегалыұлы - қазақ ғылымындағы айрықша тұлға, өзінің артында мәңгілік құндылық болатын мол мұра қалдырған ғалым. Оның әдістемелік мұралары - математиканы оқыту әдістемесі ғылымымен арнайы айналысқан ғалымдар үшін де, мұғалім-оқытушылар үшін де, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы студенттері үшін де берері мол асыл қазына.

Математикадан ұлттық сипаттағы төл оқу құралдарын дайындауда әдістемелік, дидактикалық ерекшеліктерімен қатар пәнаралық байланыстың ескерілуі оны сақтау және нығайту басты ерекшелігі болды. «Есеп құралында» оқу материалының оқушылардың тілін дамыту мәселесемен барынша үйлесімді берілген. Бұл кітап оқушылардың қолына әліппе кітабы мен қатар беріледі. Мұндағы алғашқы тақырыптар үшін оқу материалын іріктеп алу мен орналастыру сауат ашумен байланысты қарастырылған, Сонымен бірге оқу материалының жалпы орналастырылу ретінде сан есімдердің қазақ тіліндегі аталу және жасалу ерекшеліктері жан-жақты ескерілген. Математика мен әліппе пәні арасындағы пәнаралық байланыстар нақсы көрсетілген. Табиғаттану, географияның пәнаралық байланысына қатысты есептерді кездестіруге болады. Қазақстан қалалары, аудан ауылдарына байланысты мәліметтер молынан пайдаланылған. Сонымен қатар есептердің мазмұны жергілікті аймақтық мүдделерге байланысты алынып қана қоймай, оқушының танымдық ой - өрісін кеңейтетін материалдар - мен шебер ұштастырылған. Ғали Бегалиев еңбектерінің әдістемелік, дидактикалық ерекшеліктерін сол оқулыққа көмекші құрал ретінде жазылған әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік еңбектер анықтап береді. Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда мұндай әдістемелік еңбектердің көмегі шексіз. Әдістемелік еңбектер белгілі ғылым негізіне сүйеніледі. Ғылым негізі іс-тәжірибелермен түйіледі. Ендеше Ғали Бегалиевтің әдістемелік мұралары бүгінгі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда құнды баға жетпес құндылық болып табылады.



Қорыта айтқанда, ғалым Ғали Бегалұлының әдістемелік еңбектері бастауыш қазақ мектептерінде математиканы оқыту әдістемесі ғылымына қосылған қомақты үлесі болумен қатар, ғалымның осы ғылым қалыптасуындағы және дамуындағы рөлін де айқындап береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ғ.Бегалыұлы «Есеп құралы. Бірінші жылдық»

  2. Ғ.Бегалыұлы «Үлкендерге бастауыш есеп»

  3. «Алаш және тәуелсіз Қазақстан: идеялар мен ұстанымдар сабақтастығы» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2008. 

  4. «1930-40 жылдарындағы ана тіліндегі математика оқулықтары және олардың ерекшеліктері» Сламжанова С.Б. диссертациялық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет