Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер


Мойынның сыртқы үшбұрышы (trigonum colli laterale)



бет15/33
Дата27.05.2020
өлшемі68,04 Kb.
#71269
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
мойын кітап

Мойынның сыртқы үшбұрышы (trigonum colli laterale)

Шекаралары. Бұл аймақ алдынан төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің артқы қырымен, артқы жағынан трапеция тәрізді бұлшықеттің жоғарғы-сыртқы шетімен, ал төменде бұғанамен шектелген.

Қабаттары. Жұқа, қозғалғыш терісі астында беткей фасция мен теріасты бұлшықеті жатады. Одан тереңірек екінші (өзіндік) фасцияның, аймақты шектейтін бұлшықеттерді қоршайтын жапырақшасы жатады, бұл фасция төменде бұғананың жоғарғы-сыртқы бөлігіне бекінеді.

Үшінші фасция (жауырын - бұғаналық) аймақтың тек қана алдыңғы – төменгі бөлігінде, яғни жауырын бұғаналық үшбұрышта орналасқан және жоғарғы жағынан жауырын-тіласты бұлшықетімен (төменгі қарыншасымен) шектелген. Ал, одан жоғарғы жауырын – трапециялық үшбұрышта үшінші фасция жоқ, мұнда екінші фасциядан соң шелмай қабаты жатады да, бірден сатылы бұлшықеттер мен бұғана асты қантамырларын және иық нерв өрімін жауып жататын бесінші фасция орналасады.

Сыртқы мойын үшбұрышында орналасатындар: бұғана асты артериясының үшінші (сыртқы) бөлімі (бұл жерде одан мойынның көлденең артериясы бөлініп шығады) және иық нерв өрімі, бұл екі құрылым сатыаралық саңылаудан шығады және оларды құрамында лимфа тамырлары мен түйіндері бар шелмай қоршап тұрады. Иық нерв өрімі төменгі төрт мойындық жұлын нервтерінің және бірінші кеуделік жұлын нервінің алдыңғы бұтақтарынан құралған. Өрімнің нервтері алдыңғы және ортаңғы сатылы бұлшықеттердің арасынан шығып, үш нервтік сабау құрайды – жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Бұл сабаулар бұғана асты артериясынан жоғарылау және сыртқары орналасады, ал артерия олардан төмен және ішкері жатады. Бұғананың орта тұсы мен бірінші қабырғаның артқы жағында (осы тұс қолтықасты шұңқырының шыңы болып табылады) иық өрімінің сабаулары бірігеді де, шырмалып қолтықасты шұңқырына түседі (fossa axillaris). Осы бұғана асты бөлікте нервтер шырмауы қолтықасты артериясын (a.axillaris) қоршайды да, үш шоғыр құрайды (fascicule lat., med.et post.), ал олардан әрі қарай қолға арналған нервтердің ұзын тармақтары деп аталатын нервтер қалыптасады. Ал, иық өрімінің бұғана үсті бөлігінен әртүрлі тұстарда мойын және иық белдеуі бұлшықеттерін нервтейтін қысқа тармақтар (нервтер) тарамдалады: бұғана үсті нерві (n.subclavius), жауырынның артқы нерві (n.dorsalis scapulae), жауырын үсті нерві (n.suprascapularis) кеуденің медиалды және латералды нервтері (n.n.pectorales med.et lat.), жауырын асты нерві (n. subscapularis), қолтық асты нерві (n.axillaris).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет