Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер


Бұғанаасты артериясының клиникалық анатомиясы



бет16/33
Дата27.05.2020
өлшемі68,04 Kb.
#71269
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Байланысты:
мойын кітап

Бұғанаасты артериясының клиникалық анатомиясы

Сол жақ бұғанаасты артериясы аорта доғасынан басталады да сол жақ төс-бұғаналық буыннан 3см солға қарай орналасады және оң жақ артерияға қарағанда тереңірек жатады. Оң жақ бұғанаасты артериясы иық – бас сабауынан (аорта доғасының тармағы) бөлінеді және оның бастапқы бөлімі оң жақ төс-бұғаналық буынға проекцияланады. Оң және сол жақ бұғанаасты артериялары кеуде қуысынан мойынға шығады да, плевраның (өкпе қабы) күмбезі үстінде доға жасап орналасады, әрі өкпе тінінде ойыстанған із қалдырады (sulcus subclavius). Шартты түрде артерияны үш бөлімге бөледі. Бірінші бөлімі – артерияның бастамасынан сатыаралық саңылауға дейін, артерияның осы бөлімі сатылы – омыртқалық үшбұрышта өтеді және осы тұста бұғанаасты артериясынан 3 тармақ бөлініп шығады. Артериядан барлығы бес тармақ бөлінеді – біріншісінде үшеу, екінші және үшінші бөлімінде – біреуден.

Бұғанаасты артериясының (a.subclavia) 1-бөлімдегі тармақтары: 1)омыртқалық артерия (a.vertebralis); 2) қалқанша-мойын сабауы (trancus thyreocervicalis); 3) кеуденің ішкі артериясы (a.thoracica interna).

Артерияның екінші бөлімі сатыаралық саңылау ішінде жатады, бұл жерде одан бір тармақ: қабырға – мойындық сабау (truncus costocervicalis) бөлінеді, ол артқа қарай жүріп бірінші қабырғаның мойны тұсында мойынның артқы бұлшықеттерін және жоғарғы екі қабырға аралық пен жұлынды қанмен жабдықтайды.

Үшінші бөлімі жауырын – бұғаналық үшбұрышта өтеді, мұнда бұғанаасты артериясы бір тармақ: мойынның көлденең артериясын (a.transversa colli) береді. Бұл артерия иық нерв өрімін тесіп өтеді, немесе оның үстімен жүріп, одан әрі иық өрімі сабауларының арасында орналасып, жауырын қылқанының медиалды ұшы деңгейінде өзінің екі үлкен бұтағына бөлінеді: ramus superficialis және ramus profundus. Бұл бұтақтар мойынның, жауырынның және арқаның артқы бұлшықеттерін қанмен жабдықтайды, сондай-ақ, қолтықасты артериясының тамырларына анастомоздар беріп, жауырын артериялық шеңберінің пайда болуына қатынасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет