Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер



бет26/33
Дата27.05.2020
өлшемі68,04 Kb.
#71269
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
мойын кітап

Жоғарғы трахеостомия

Науқастың операцияға жатуы – шалқасынан, жауырындары астына білікше (валик) қойылады, басы артқа қарай шалқайтылады, өзі тік жатады. Ауыр асфиксия (тұншығу) жағдайында операцияны науқастың жартылай жатқызылған, немесе отырған қалпында да жасауға болады. Ауырсындырмау – жергілікті анестезия немесе наркоз. Ауыр асфиксия болған жағдайда наркозсыз шұғыл операция жасалады. Дәрігер науқастың оң жағынан орналасады, саусақпен көмейдің, кеңірдектің және жұтынған кезде қимылдайтын қалқанша бездің мойнағын сипап анықтайды, осыдан кейін саусақтармен қалқанша шеміршектің бүйірлік табақшаларын бекітіп ұстайды. Қалқанша шеміршектің орта кезінен төмен қарай орталық сызықтан ауытқымай, ұзындығы 5-6 см ересектерде (2-4см балаларда) теріге, теріасты шелмайға және беткейлік фасцияға тілік жасайды. (Кейбір хирургтар теріге тілікті сақина тәрізді шеміршектің деңгейінде көлденең тәсілмен жасауды қолданады). Теріден соң, мойынның ақ сызығын, бітісіп жататын 2 және 3 фасцияларды науашалы зондтың көмегімен тіледі, осы тұста кезігетін мойынның ортаңғы венасын (v.mediana colli) бүйірге қарай ысырады, немесе екі лигатурамен байлап, арасынан кеседі. Доғал тісті ілмектер көмегімен төс-тіласты және төс-қалқанша бұлшықеттерін бүйір жаққа тартады. Бұдан әрі, сақина тәрізді шеміршекке қалқанша бездің мойнағын бекітетін байлам ретіндегі фасцияны көлденең бағытта кеседі. Балаларда төменгі трахеостомия жасаған жөн, себебі қалқанша бездің мойнағы өте жоғары орналасқан және кеңірдектің барлық шеміршек сақиналарын жауып тұрады, оған қоса құрамында қантамырлары бар сақина – мойнақтық байлам арқылы берік бекінген.

Бездің мойнағын доғал ілмекпен төмен тартады да кеңірдектің жоғарғы сақиналарын ашады. Операция барысына бездің мойнағынан жоғары қарай бағытталатын бір немесе екі пирамидалық өсінділер қиындықтар туғызуы мүмкін, мұндай жағдайда оларды екі лигатура арасынан кесуге тура келеді, не болмаса дереу төменгі трахеостомия операциясын жасау қажет. Созылмалы, әрі серпімді және қозғалғыш болып келетін кеңірдекті біртісті екі ілмекпен бекітіп ұстайды, ол үшін оны сақинааралық бөліктерінен ортаңғы сызықтан шамалы сыртқарырақ тұстан теседі. Сонымен қатар, тағы бір біртісті ілмекпен сақина тәрізді шеміршекті іліп ұстайды, бұл жағдай кеңірдектің шұғыл қозғалғыштарынан сақтап, бекітіп тұрады. Осы ілмектердің көмегімен тыныс алу түтігін (кеңірдекті) жараның терең бөлігінен шамалы тартып шығарады. Өткір ұшты скальпелмен төменнен жоғары бағытта тез қимылмен кесіп, кеңірдектің екі – үш сақинасын теседі (тереңдігі 1см-ден аспауы керек). Кеңірдектің артқы қабырғасын зақымдап алмау мақсатында (өте сақ болу қажет, кеңірдектің артында өңеш бар!) скальпелдің ұшын 1 см тереңдікте саусақпен бекітіп ұстайды, немесе дәкелік материалмен қоршап байлайды, скальпелдің ұшы 1см-дей тереңдікте ашық болуы қажет.

Кеңірдекке тілік жасаған сәтте, ішіне ауа кіреді де, оның кілегейлі қабығын тітіркендіре келе қатты жөтел тудырады, оны басу үшін кеңірдек ішіне пипетка арқылы 5-7 тамшы дикаин тамызады. Жара ішінен кілегей, жарғақ бөлінділері шашырап шығады. Аталған бөлінділер опреацияның жараға түспеу үшін, кеңірдекке тілік жасар алдында жараның бетін дәкелік материалмен жауып қояды. Жөтел соңынан тыныс алу паузасы (апноэ) іске қосылады, осы сәтте кеңірдектің тілігіне Труссо немесе Лобард кеңейткішін ендіреді де, біртісті ілмектерді алып тастайды. Кеңірдек қуысына кеңейткіш бранштары арасымен айналмалы қозғалыспен канюла кіргізеді. Канюляны ендірудің кезекті үш сатысы бар: 1) кеңейткішті бір қолмен ұстап, кеңірдек тілігін ептеп кеңейтеді де, екінші қолмен канюляның қалқаншасын сагиталды кеңістікке сәйкес ұстап, кеңірдек тілігіне айналмалы қозғалыспен канюляны кіргізеді; 2) канюляны кеңірдек ішіне тереңдете келе, кеңейткіштерді алып, канюляның қалқаншасын фронталды кеңістікке сәйкестеп бұрады да, канюляны оның қалқаншасы жара шетіне жанасқанға дейін тереңдетеді; 3) жараға гемостаз жасап, жараны қабаттарына сәйкес тігеді. Канюляны дәкелік жолақтармен оның қалқаншасына бекітіп, науқастың мойнына айналдыра артына байлап қояды. Тігіс жасалған сызық бойымен орналасатын таңғыш бірнеше қабат дәкеден болуы қажет және физиологиялық ерітіндімен ылғалданып тұруы керек. Таңғыш канюляның алдыңғы бетіне бекітіліп тігіледі, бұл ішке қарай демалғанда ауаның сүзіліп, ылғалдануына себеп болады. Канюляның ішкі түтігін мезгіл-мезгіл шығарып, шырыш т.б. бөлінділерден тазартып, стерализация жасап отырады немесе жаңа ішкі түтікпен ауыстырады.

Кейбір оташылар кеңірдекке ұзынша тілік емес, В.И. Вояген тәсілімен кеңірдектің сақиналары арасымен көлденең тілік жасайды. Бірақ мұндай тілік жасағаннан кейін, кеңірдектің тесігі үстінде тыртық қалуы мүмкін, кейбір жағдайда кеңірдек сақиналарының некрозына әкеп соғуы ықтимал. Мұндай асқынулардан сақтану үшін кеңірдекті тесік түрінде ашу (фенестрация) тәсілі ұсынылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет