Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер


Мойынның клиникалық анатомиясынан және операциялық хирургиясынан ситуациялық есептер



бет32/33
Дата27.05.2020
өлшемі68,04 Kb.
#71269
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
мойын кітап

Мойынның клиникалық анатомиясынан және операциялық хирургиясынан ситуациялық есептер

  1. Ауруханаға VІ және VІІ мойын омыртқаларының көлденең өсінділері сынған және бұғанаүсті аймағында гематоманың ұлғаюымен науқас жеткізілді. Аталған сүйектердің сынуы кезінде қандай қантамыр жарақаттануы мүмкін? Тамырларды тауып, оны байлау үшін қолданылатын бағдарларды көрсетіңіз.

  2. 8 жасар балада компьютерлік томографиямен мидың сол жақ самай үлесінде ісік бар екендігі анықталды. Ісіктің қанмен жабдықталуын тоқтату үшін ішкі ұйқы артериясын байлауға шешім қабылданды. Ішкі ұйқы артериясына бару жолдарын және жанама қанайналым мүмкіндіктерін атаңыз.

  3. Хирургиялық бөлімшеге шықшыт сілекей безінің ісігімен және соның зардабынан қан кету анықталған науқас келіп түсті. Бұл жағдайда қандай тамырдың зақымданғанын және мойында ол тамырды ашу үшін қандай бағдарларды қолдану жолдарын көрсетіңіз.

  4. Науқаста тілі түбірінің қатерлі ісігі анықталды. Радикалды операция жасау кезінде жарадан қатты қан кету басталды, оны тоқтату үшін тіл артериясының бойында оны байлауға шешім қабылданды. Мойынның қайсы үшбұрыштарында тіл артериясын ашып, байлауға болатындығын атаңыз. Қандай тіндерді ығыстыру қажеттігін көрсетіңіз?

  5. Жедел жәрдем ауруханасына жіті уланған науқас жеткізілді. Детоксикация жасау үшін кеуделік лимфа ағымына дренаж жасауға шешім қабылданды. Мойында кеуделік лимфа ағымын табу үшін хирург қандай бағдарларды қолдануы керектігін атап көрсетіңіз?

  6. Хирург бөлімшеге «Оң жақ жақасты аймағының флегмонасы» диагнозымен науқас келіп түсті. Хирург флегмонаны кесіп ашуға шешім қабылдады. Жақасты безі мен төменгі жақсүйектің төменгі қыры аймақтарында қандай құрылымдардың зақымдануы мүмкіндігін атаңыз?

  7. Науқаста өңештің мойын бөлігінде бөгде зат бар деген диагноз қойылды. Оны эзофагоскопия жасау кезінде алып тастау сәтсіз аяқталды. Өңештің мойын бөлігіне операциялық бару жолын анықтау үшін қандай бағдарларды қолдану керектігін атаңыз?

  8. Өңештегі бөгде зат, оның артқы қабырғасын VІІ мойын омыртқа деңгейінде жыртып жіберген, соның нәтижесінде өңеш маңы шелмайдың флегмонасы пайда болды. Іріңдік ағымның таралуы мүмкін жолдарын және аталған кеңістіктегі флегмонаны ашу үшін операциялық бару жолдарын атап көрсетіңіз.

  9. Жедел жәрдем бригадасы операциялық бөлмеге асфиксия жағдайындағы науқасты жеткізді. Хирург жоғарғы трахеостомия жасаймын деп шешті. Операция барысында қалқанша без мойнағының жоғарғы қыры қалқанша шеміршектің төменгі қырының деңгейінде орналасқандығы анықталды. Мұндай жағдайда хирург не істеу керектігін, трахеостомияның қайсы түрін жасау қажеттігін және операцияның сатыларын атаңыз.

  10. Төменгі трахеостомия операцияны жасалған науқаста алдыңғы көкірекаралық шелмайының флегмонасы пайда болды. Бұл жағдайда іріңнің қайда және қандай фасциялы – шелмайлық кеңістіктер арқылы таралуы мүмкін екендігін көрсетіңіз.

  11. Нағыз қыспақпен (круп) ауырған балаға жасалған консервативті емдеу әрекеттері ешқандай нәтиже бермеді. Асфиксия күшейгендіктен, жедел трахеостомия жасауға шешім қабылданды. Қолданылатын трахеостомия тәсілдерін, осындай кезде қай тәсіл тиімдірек және себебін түсіндіріңіз. Операцияның негізгі кезеңдерін атаңыз.

  12. Қалқанша безінің сол жақ бөлігін алып тастау операциясынан кейін, науқастың даусының тембрі бірден өзгерді. Аталған жағдай қай құрылымның зақымданғанынан және операцияның қай сатысында болуы мүмкіндігін атап көрсетіңіз.

  13. Өңеші балық сүйегінен жарақаттанған науқаста претрахеалды шелмай кеңістігінде шоғырланған мойынның тереңгі флегмонасы пайда болды. Жәрдем жасалмаған жағдайда іріңнің таралуы мүмкін жолдарын атаңыз. Аталған ахуалда қандай қауіпті асқынудың дамуы мүмкін?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет