3. Әдебиеттер:
Негізгі:
Медицинская биология и генетика под ред. проф. Куандыкова Е.У. Алматы, 2004. С.53-64.
Куандыков Е.У., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинаға). Алматы: Эверо, 2007. С. 110-111.
Қосымша:
Биология. В.Н.Ярыгин. Москва, 2007. С. 55-60.
Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. С. 22-25.
Электрондық ресурстары:
Митоз бейнефильмі
https://www.youtube.com › watch
СОӨЖ тапсырмалары:
1. Қалыпты жағдайда адамдарда сперматогенез жыныстық жетілу кезінде басталып және кәрілік кезеңіне дейін созылады. Сперматозоидтар аталықұрық безінің иірімді каналдарында дамиды. Жетілмеген жыныс жасушалары (сома) иірімді ұрық каналдарында бірнеше рет митоздық жолмен бөлінеді. Аталық жыныс безінде жетілмеген жыныс жасушаларының саны 1 млрд. жуық болады. Бірнеше бөлінуден кейін бірқатар жасушалар бөліну мүмкіндігін сақтап жасушалар популяциясын сақтайды, ал бірқатар жасушалар дифференцияланып гаметалардың түзілуіне бастама береді.
Жетілмеген жыныс жасушалары қандай бөліну кезеңдерін және жіктелуден (дифференцировкадан) өтеді?
Сперматогенез сызбасын сызып жасушалар атауын, хромосомалар жиынтығы мен ДНҚ молекуласының санын анықтаңыз?
Гаметогенездің қай сатысында және қандай жасушалар хромосомалар жиынтығының азаюына бастама береді?
Гаметогенездің қай кезеңінде және қашан ата-аналар гендерінің перекомбинациясы жүреді? Сипаттаңыз.
Жыныс жасушаларында хромосомалар санының ауытқуының мүмкін болатын механизмдерін талдаңыз.
2. Гомологты хромосомалар жұбы мен онда орналасқан гендерді мейоз кезеңдеріне сай бөліңіздер.
А а
В в
3. Типтік есептер шығару:
- Егер Аа генотипті аталық ағзадағы А гені мейоз кезінде сперматозоидқа түссе, а гені қайда түседі?
- Адамның сома жасушасының ядросындағы 46 хромосомалардағы барлық ДНҚ молекуласының салмағы 6*10-9 мг жуық. телофаза І және телофаза ІІ
кезеңдеріндегі ДНҚ молекуласының массасын анықтаңыздар.
- Адамның сома жасушасының ядросындағы 46 хромосомалардағы барлық ДНҚ молекуласының салмағы 6*10-9 мг жуық. Бағыттаушы денешиктердеги ДНҚ молекуласының массасын анықтаңыздар
4. Ұрықтанудан пайда болған зиготадан (46,ХХ) аналық жынысты ағза даму керек. Бірақ зиготаның бөлшектену барысында митоздық жолмен бөлінген екі бластомерлердің біреуіндегі хромосоманың біреуінде хромосома хроматидтерге ажырамай бір полюске кеткен? Ал екінші бластомердегі хромосомалар дұрыс ажырайды, эмбриогенез ары қарай қалыпты өте береді. Осындай зиготадан дамыған дараның хромосомалар жиынтығы қандай болады? Оса ағзаның фенотиптік өзгергіштігі қандай болатынын болжай аласыз ба?
СӨЖ тапсырмасы: эссе жазу «Генетикалық материалдың рекомбинациясы»
СӨЖ бақылау: бірінші аралық бақылауға дейін тапсыру
Құрастырушы: аға оқыт. Таракова К.А.
Достарыңызбен бөлісу: |