Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы



бет1/10
Дата07.02.2022
өлшемі397,49 Kb.
#95633
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
каз. Мейоз
4 тапсырма критери, 4 тапсырма критери, Бастауыш мектепте тәрбие жұмысы бойынша глоссарий құрастыру, Бастауыш мектепте тәрбие жұмысы бойынша глоссарий құрастыру, Бастауыш мектепте тәрбие жұмысы бойынша глоссарий , тест, ПЕДАГОГИКА тест, ББЦТ емтихан пос (1)






«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы



Жыныс жасушасының бөлінуі

Редакциясы: 1

бетттің беті

6. 1. Тақырып: Жыныс жасушасының бөлінуі


Суденттерде жыныс жасушаларының пайда болу ерекшелігі, мейоз ағзаның жынысты көбею мен комбинативтік өзгергіштігінің негізі ретіндегі ролі жайында білім қалыптастыру


2. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Гаметогенез (оогенез, сперматогенез), сатылар сипаттмамасы
2. Мейоз анықтамасы және фазалары. Сипаттамасы
3. Мейоз кезіндегі генетикалық материалдың динамикасы
4. Мейоз – ағзаның жынысты көбеюі мен комбинативті өзгергіштіктің негізі
5.Мейоздың генетикалық және медициналық маңызы.
Ақпаратты-дидактикалық блок

Тірі ағзаларға тән негізгі ерекшеліктің (қасиеттің) бірі – көбею. Көбею үдерісінде генетикалық материалдың ұрпақтан келесі ұрпаққа берілуі тек белгілі бір түрдің белгілерінің қайта жарыққа шығуын ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар нақты сол дараның өзінің ата-аналарына тән айқын белгілерінің де жарыққа шығуын, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты, жалпы тіршіліктің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.


Мейоз – жыныс бездерінде ерекше сомалық жасушалардың бөлінуінің нәтижесінде хромосомалар санының азайып (редукция) және жасушаның диплоидты жағдайынан гаплоидты жағдайына ауысуын қамтамасыз ететін бөлінудің түрі - гаметогенездің негізгі сатысының бірі. Бұл үдерісте жасушадағы ДНҚ-ның бірақ рет еселенеді де кейін екі рет бөлінеді. Мейоздың бірінші бөлінуінің профазасында транскрипция белсенді өтеді және гомологты хромосомалар арасында алмасу (кроссинговер) яғни генетикалық материалдың рекомбинациясы жүреді.
Мейоздық бөліну екі кезеңнен өтеді — мейоз I (редукциялық бөліну) және мейоз II (эквациялық бөліну). Әрбір мейоздық бөліну 4 фазадан тұрады: профаза, метафаза, ана­фаза және телофаза.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет