Монография қазақстан Республикасы Алматы 2013


Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық - құқықтық қорғаудың түсінігі мен ерекшеліктері



бет5/24
Дата20.12.2023
өлшемі0,95 Mb.
#198208
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
annotation6558
Мақала Аманова С.Т, Қорытынды ситуациялық есеп, 150357.pptx, практикалық сабақ 4
1.1 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық - құқықтық қорғаудың түсінігі мен ерекшеліктері
Халықаралық ғарыш құқығы жалпы халықаралық құқық негізделетін қайнар көздерден басқа қайнар көздерге ие бола алмайды. Мемлекеттермен ерікті түрде жасалған халықаралық шарт - халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Бұл тарихи заңдылық халықаралық ғарыш құқығында да міндетті түрде сақталады.
Халықаралық - құқықтық әдет керісінше, мемлекеттердің ғарыштық қызметінің реттеушісі болатындай, оншалықты уақыт әрекет еткен жоқ, қазіргі кезде ол халықаралық ғарыш құқығының тек ықтимал, оның ішінде тек қосымша ғана қайнар көзі болып табылады. Ғарыш кеңістігін игеруге байланысты мемлекеттердің қызметін ретке келтіруге бағытталған, халықаралық шарттар мен келісімдерді өңдеу мен жасасу аясындағы халықаралық ұйымдардың рөлі айтарлықтай күшейді, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның арнайы мекемелерінің қызметі барысында.
Халықаралық ғарыш құқығы халықаралық құқықтың бір саласы болып табылады, сол себепті оның қайнар көздері жалпы халықаралық құқықтың қайнар көздерімен ұқсас бірдей болып келеді. Халықаралық соттың Статутының 38 - ші бабы анықтайтындай, нақты дауды халықаралық құқық негізінде шешуі тиіс Сот төмендегілерді қолданады немесе қолдануға құқылы:

  1. дауласушы мемлекеттермен толық мойындалған, жалпы және арнайы ережелер бекітетін – халықаралық конвенциялар;

  2. жалпығаортақ тәжірибемен дәлелденген, құқықтық норма ретінде танылған халықаралық әдет - ғұрып;

  3. өркениетті ұлттармен мойындалған, құқықтың ортақ қағидалары;

  4. 59-шы бапта көрсетілген ережені ескере отырып, құқықтық нормаларды анықтаудың қосымша құралы ретінде түрлі ұлттардың жария құқық бойынша неғұрлым мамандандырылған мамандарының доктриналары мен сот шешімдері [3].

Халықаралық Соттың статутының ілгеріде аталған бабы, Халықаралық Соттың істерді қарау процессі барысында қолданылуы тиіс нормаларды анықтайды. Көптеген халықаралық құқықтың өкілдері осы нормалар жалпы халықаралық құқықтың қайнар көздеріне сәйкес келеді деп санайды [4]. Халықаралық ғарыш құқығы халықаралық құқықтың бөлінбейтін бөлшегі ретінде БҰҰ - ның Халықаралық Сотының статутының 38 - ші бабында көрсетілгендей қайнар көздерге ие болады.
Халықаралық шарт. Халықаралық шарт пен әдет халықаралық құқықтың қайнар көздері арасындағы халықаралық құқықтың ең негізгі қайнар көзі болып табылады [5]. Халықаралық құқықтың басқа да классикалық салаларымен салыстырғанда халықаралық ғарыш құқығының айырмашылығы ол оның негізгі қайнар көзі ретінде халықаралық әдет емес халықаралық шарттың танылатындығында.
Халықаралық ғарыш құқығының қалыптасуы әсіресе ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауды халықаралық құқықтық реттеу процессі барысында басты рөлді халықаралық шарт атқаруы тиіс [6].
Біріншіден, ғарыш дәуіріне енудің өзі ғарышты игеру процесі барысында көптеген халықаралық-құқықтық сұрақтарды туындатты. Өзара қарым-қатынастарды реттеу үшін тиісті мемлекеттер аз уақыт ішінде көптеген бірқатар маңызды шарттарды жасасты, осы шарттар ғарыш құқығының негізгі мазмұнын құрады, соның ішінде ғарышты игеру барысында ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауды халықаралық-құқытық реттеуге байланысты. КСРО - дағы ең алғаш жасанды жер серігін ұшырған 40 жыл ішінде ғарыш техникасының дамып кеткендігі соншалық, тиісті мемлекеттер ғарыш құқығының нормаларын, соның ішінде ғарышты игеру процесі барысында ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауға байланысты нормаларды, тек қана халықаралық шарттар жасасу жолымен қалыптастырады, халықаралық әдет арқылы емес, бұл халықаралық тәжірибеге қойылатын негізгі үш талаптың бірімен байланысты, нақтырақ айтсақ оның қолданылу ұзақтылығы, мемлекеттердің ғарыштағы қызметінің техникалық қамсыздандырылуының жылдам өзгеруі, тез арада құқықтық рәсімделуді де талап етеді.
Екіншіден, ғарышты зерттеу мен пайдалану процесі барысында туындайтын түрлі ғылыми - техникалық сұрақтар мен глобальді экологиялық мәселелерге нақты және арнайы сипат тән, бұл жағдай жан - жақты және нақты анықталған жүріс - тұрыс ережесін қажет етеді. Соңғысына айтарлықтай дәрежеде қол жеткізу халықаралық шарт жасасу арқылы жүзеге асырылмақ, онда оған қатысушы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері нақты анықталады. Ал, халықаралық әдетке қатысты айтарымыз, онда жүріс -тұрыстың нақты, анық ережелері емес, тек жалпы қағидалар орын алған және қамтылған.
Үшіншіден, халықаралық шарт, халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде бар немесе қалыптасқан қатынастарды реттеп қана қоймай, оның ережелері болашақта туындайтын қатынастарды да қарастырады. Ал, халықаралық әдет болса халықаралық қатынастар тәжірибесінде қалыптасқан қатынастардан және тәжірибеден туындайды, сол себепті ол болашақта мемлекеттер арасында туындайтын жаңа қатынастарды реттей алмайды. Ғарыш құқығында осындай жаңа бастаулар үнемі туындап отырады, сондықтан да халықаралық құқықтың қайнар көзі ретіндегі халықаралық әдет, халықаралық шартқа қарағанда ғарыш құқығы үшін қажетсіз болып келеді немесе қажеттілігі шамалы.
Мысалы, Ғарыш бойынша Шарттың 9 - шы бабы анықтағандай Шартқа қатысушы - мемлекеттер ғарыш кеңістігін, айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдалану үшін бөгде заттарды жеткізу барысында жер бетіндегі болуы мүмкін қауіп пен жағымсыз салдардың алдын-алу үшін тиісті шараларды қабылдайды [7].
Бұл нақты уақытта жоқ, бірақ болашақта болуы мүмкін қатынастарды алдын ала анықтау сипатындағы ереже болып табылады. Ал ұқсас сұрақтар тек қана халықаралық шарттар негізінде шешіледі, басқа жолы жоқ.
Сондықтан халықаралық шарттарды жасасу ғарыш құқығының, соның ішінде ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауды халықаралық құқықтық реттеудің нормаларын қалыптастырудың ең тиімді жолы болып табылады [7, 14б.].
Халықаралық әдет - ғұрып. Халықаралық шарт халықаралық ғарыш құқығының негізгі қайнар көзі болып табылады, бірақ бұл айғақ келесідей айғақты жоққа шығара алмайды, яғни халықаралық әдет - ғұрып халықаралық ғарыш құқығының маңызды қайнар көзі болып табылады, ал ол өз кезегінде ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауды халықаралық-құқықтық реттеудің де қайнар көзі болып табылады деген сөз.
Біріншіден, ғарыш дәуіріне ену мен ғарышты игерудің халықаралық тәжірибесі, халықаралық әдет - ғұрыптың халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздерінің бірі екендігін дәлелдейді, тіпті адамзаттың ғарышты игеру процессі қысқа ғана мерзімде болса да. Ғарышты игерудің кейбір қағидалары халықаралық тәжірибемен туындаған, мысалы, ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу және пайдалану бостандығы; ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін және тағы басқаларын ұлттық иемденуге тыйым салу; ілгеріде аталған қағидалардың барлығы адамзаттың ғарышты игеруінен кейін басталған.
Екіншіден, қазіргі халықаралық құқықта жай норманың пайда болу процессі айтарлықтай қысқарған. Ғылыми, экономикалық және саяси қарым қатынастардың тез дамитындығы себепті, халықаралық әдет - ғұрыпты қалыптастырудың дәстүрлі жолы белгілі-бір өзгерістерге ұшырады. Кейбір халықаралық құқық өкілдерінде тіпті жай нормалардың instant-ы деген түсінік пайда болған [8].
Үшіншіден, ғарышты игеру тәжірибесі дәлелдегендей, ғарышты игеруді халықаралық - құқықтық реттеу, сонымен қатар ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауға байланысты көптеген мәселелер осы кезге дейін халықаралық шарт жасасу арқылы шешілген жоқ.
Ілгеріде айтылғандардың негізінде келесідей қорытынды жасауға болады, халықаралық шартқа қарағанда сирек қолданылса да, халықаралық әдет - ғұрып халықаралық ғарыш құқығының маңызды қайнар көздерінің бірі болып табылады.
Ғарыш құқығының басқа да қағидалары. Қазіргі құқықтағы құқықтың жалпы қағидалары ғарыш құқығының қайнар көздерінің қатарында екені сөзсіз. Біз үшін маңыздысы құқықтың жалпы қағидалары дегеніміз не екенін анықтап алу. Халықаралық сот Статутының 38 - ші бабының мәніне сәйкес құқықтың жалпы қағидалары дегеніміз - ол өркениетті елдермен танылатын құқықтық қағидалар.
Ескертетін жағдай, бүгінде өркениетті ұлттар деп - барлық тәуелсіз мемлекеттер танылады. Қазіргі халықаралық өмірде мемлекеттердің арасында олардың құқықтық жүйесіне әсер етпей қоймайтын қоғамдық құрылым, саяси құрылым, экономикалық дамуы салаларындағы айырмашылықтар бар. Құқықтың жалпы қағидалары барлық құқықтық жүйелерге ортақ болатын қағидалардан құралуы тиіс. Артынша, құқықтың жалпы қағидалары барлық өркениетті ұлттардың мақұлдауына ие болуы тиіс; бұл мақұлдау халықаралық шартта немесе әдетте бекітіледі, сондықтан да құқықтың жалпы қағидалары халықаралық құқықтың дербес тәуелсіз қайнар көзі бола алмайды, яғни халықаралық ғарыш құқығына да.
Сот шешімдері жалпы халықаралық құқықтағы сияқты, ғарыш құқығында да шарттық және жай нормаларды шығару процесі барысындағы «қосымша құрал» болып табылады. Бұл жағдай халықаралық соттың және мемлекет ішіндегі соттардың да шешімдеріне қатысты. Ғарышты игерудің дамуы барысында ғарыш құқығы нормаларын туындату процессі барысында қосымша құрал ретіндегі сот шешімдерінің рөлі артқанымен, ол келер уақытта ғарыш құқығының дербес қайнар көзі бола алмайды.
Құқықтық реттеу әдісі ғарыш кеңістігі және қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық қорғау үшін және ғарыш құқығы үшін және жалпы халықаралық құқық үшін ортақ болып табылады. Бұл нақты бір жүріс - тұрыс ережесінің мазмұнын анықтау және оны заңи міндетті деп тануға қатысты мемлекеттер еркінің келісуі болып табылады. Осыған байланысты ғарышты және қоршаған ортаны халықаралық - құқытық реттеудің және ғарыш құқығының және жалпы халықаралық құқықтың қайнар көздерінің бірыңғайлығы жөнінде қорытынды жасауға болады. Олар халықаралық шарт және халықаралық әдет - ғұрып болып танылады.
Жалпы ғарыш құқығының ғарышты және қоршаған ортаны қорғауды халықаралық - құқықтық реттеудің нормаларының құрылу процессі барысында негізгі, шешуші рөл халықаралық шартқа тиесілі.
1959-шы жылы Е.А. Коровин былай деп жазған: «Ғарышты барлық адамзаттың ортақ пайдалануындағы обьекті деп қарастырсақ (res communis omnium), онда ортақ пайдаланудың әдістері мен ережелері барлық пайдаланушылардың өзара келісімімен бекітілуі мүмкін, яғни халықаралық келісім арқылы» [9].
Егер де шарттық нормалар жоқ болса, Е.А. Коровин, ғарыш кеңістігінің халықаралық режиміне байланысты сұрақтарды «әрекет етуші халықаралық құқықтың мемлекеттік және халықаралық тәжірибедегі үлгілер тұрғысында және оның ережелерін ғылыми талқылау тұрғысынан» шешу мүмкіндігін пайдалану керек деп таныған [10].
Уақыт өте келе, шарттық нормалармен реттелмейтін, кейбір ғарыш қызметі түрлеріндегі мұндай мемлекеттік тәжірибе халықаралық қарым -қатынастың қатысушыларымен халықаралық құқықтың жай нормасы түрінде тұрақты сипатқа ие болуы мүмкін.
Халықаралық әдет - ғұрып - ол ұзақ уақыт аралығы мен жалпыға ортақ қолданудың нәтижесінде халықаралық қарым-қатынастың қатысушыларымен құқықтық немесе заңи міндетті норма ретінде танылған жүріс - тұрыс ережесі.
Г.П. Жуков өз кітабында былай деген: «Халықаралық әдет - ғұрып ғарыш құқығының нормаларының қалыптасу процессі барысында, сөзсіз белгілі бір рөл ойнауы әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, осы мағынадағы оның мәнін асыра бағалауға болмайды» [11].
П.И. Лукин бір жағынан халықаралық әдет - ғұрыпты ғарыш құқығының қайнар көзі ретіндегі рөлін жоққа шығарып отырса немесе теріс бағаласа, ал екінші жағынан, түрлі мемлекеттердің ғарышкерлерінің арасында ғарышты игерудің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен кезінде келесідей қатынастар туындайтынын болжайды немесе жоққа шығармайды, яғни болашақта уақыт өте келе халықаралық - құқықтық әдетке айналатын және осы түрлі елдердің ғарышкерлерінің белгілі бір жүріс - тұрыстарының дұрыстығына негізделген әдет - ғұрыптар халықаралық ғарыш құқығының қосымша қайнар көзі бола алады.
Ғарышты және қоршаған ортаны қорғауды халықаралық - құқықтық реттеудің нормаларының халықаралық шарт жасасу арқылы қалыптасуының мысалы ретінде келесілерді атауға болады:

  1. Ғарыш кеңістігін, сонымен қатар Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдаланудағы мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарт (1967 жыл);

  2. Ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлерді қайтару және ғарыш кеңістігіне жіберілген обьектілерді қайтару туралы Келісім (1968 жыл);

  3. Ғарыш обьектілерімен келтірілген зиян үшін халықаралық жауаптылық туралы Конвенция (1972 жыл);

  4. Ғарыш кеңістігіне жіберілетін обьектілерді тіркеу туралы Конвенция (1975 жыл);

  5. Табиғи ортаға әсер ететін құралды, әскери және басқа да қастық сипатта пайдалануға тыйым салу туралы Конвенция (1977 жыл);

  6. Табиғи ортаға әсер ететін құралды, әскери және басқа да қастық сипатта пайдалануға тыйым салу туралы Конвенция (1978 жыл);

  7. Айда және басқа да аспан денелеріндегі мемлекеттердің қызметі туралы Келісім (1979 жыл) және тағы басқалары.

1967 жылғы Ғарыш кеңістігін, сонымен қатар Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдаланудағы мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шартта ғарышты және қоршаған ортаны қорғауды халықаралық - құқықтық реттеудің тек қана негізгі, ең басты қағидалары мен нормалары көрініс тапқан. Оның мазмұны ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаға келтірілген зиян мен оның алдын алу мәселесін ғана емес, сонымен қатар зиян келтіргеннен кейінгі оның орнын толтыру мен түзету шараларын да қамтиды.
Ғарышты игерудің алғашқы кезеңінде ғарышты әскери мақсатта пайдалану дамыған мемлекеттердің басты мақсаттарының бірі болғандығы барлығына белгілі. Бірақ ғарыштағы кез келген әскери іс - қимыл халықаралық қауымдастыққа айтарлықтай қауіп төндіреді және қауіпсіздігіне қатер төндіреді, ал оның тікелей салдары болып экологиялық тепе - теңдіктің бұзылуы ғарыш кеңістігінің және қоршаған ортаның ластануы танылады. Сондықтан да, Ғарыш туралы Шарттағы, ғарыш кеңістігін әскери мақсатта пайдалануға тыйым салу туралы ереже ғарышты және қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық реттеудің қайнар көзі болуы тиіс. Шарттың 4 - ші бабында көрсетілгендей: 1) «Шартқа қатысушы - мемлекеттер Жер шарының орбитасына ядролық қаруы бар немесе жалпыны жоятын кез келген қару түрі бар обьектілерді шығармауға, осындай қаруларды аспан денелеріне қондырмауға және осындай қаруларды ғарыш кеңістігінде қандай да бір түрде орналастырмауға міндеттенеді» және 2) «Ай және басқа да аспан денелері Шартқа қатысушы - мемлекеттердің барлығымен тек бейбітшілік мақсатта пайдаланылады». Аспан денелерінде әскери базаларды, құрылымдар мен құрылғыларды салуға, қарудың кез келген түріне сынақ жасауға және әскери іс - қимылдарды жасауға тыйым салынады.
Ғылыми зерттеулер мен қандай да бір бейбітшілік мақсатта әскери персоналды пайдалануға тыйым салынбайды. Сонымен қатар, Айды және басқа да аспан денелерін бейбітшілік мақсатта зерттеу үшін қажетті кез келген құралдар мен құрылғыларды пайдалануға тыйым салынбайды [7, 12б.].
4 - ші баптың құрылымы төмендегідей тұжырым жасауға жол береді, яғни бұл бап жер шарының орбитасының айналасында бақылау - іздеу, ракетаға қарсы, коммуникациялық және басқа да әскери мақсаттарда ғарыш аппараттарын пайдалануға тыйым салмайды делінген және 4 - ші бап аспан денелерінің демилитаризациясын жарияласа да, ғарыш кеңістігінде әскери іс-қимылдарды жүргізуге және оның әскери сипатта пайдаланылуына тыйым салынбайды, егер де бұндай қызмет халықаралық құқық пен БҰҰ - ның Жарғысына сәйкес атқарылса және ол агрессиялық сипатта болмаса.
«Бейбітшілік мақсатта пайдалану» деген ұғым «агрессиялық сипаттың жоқ болуы» деген мағына деп интерпретациялауға болмайды деген көз қарас біз үшін ең дұрысы болса керек, яғни кез келген әскери іс - қимыл «бейбітшілік сипатта емес» деп қарастыру, тіпті ол қорғаныс мақсатында немесе халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап тұру мен қалпына келтіруді көздесе де.
Дегенмен мойындайтын жағдай ол 4 - ші баптың мазмұны келесідей мағынада талқылау жасауға алып келді: ғарыш кеңістігі аспан денелері сияқты демилитаризацияланған. Бірақ, ғарыш кеңістігін қандай да бір әскери мақсатта пайдалану мүмкіндігі және оны қандай да бір агрессиялық емес мақсатта пайдалану бойынша, Жер Шарының орбитасының маңайында ядролық қаруды немесе басқа да бұқаралық жойқын қаруды орналастыруды қоспағанда, нақты анық жауап беру мүмкін емес.
Ғарыштағы қызметі нәтижесінде болатын зиянды салдардан ғарыш пен қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың негізі болып табылатын керекті ереже ғарыш бойынша Шарттың 9 - шы бабында көрсетілген: «Шартқа қатысушы - Мемлекеттер Айды және басқа да аспан денелерін, ғарыш кеңістігін зерттеу мен зерделеуді, жер шарына жағымсыз өзгерістер әкелу мен зиянды ластануды болдырмайтындай етіп атқаруы және жүргізуі тиіс және осы мақсатта қажет болған жағдайда керекті іс-шараларды қолданады». Бұл бап кейбір маңызды және қағидалы ережелерді қамтиды.
Ескертетін жағдай, бұл ереженің жалпылық сипатта болуы және онда көрсетілген мамлекеттердің міндеттерінің онша анық еместігі. Біріншіден, Шартта ғарыш қызметі туралы сөз болып отыр. Солай дегенмен де, әңгіме тек ғарыш кеңістігін зерттеу мен зерделеу жөнінде ғана болып отыр, ал ғарыш кеңістігін пайдалану туралы ешнәрсе жоқ, себебі біздің білуімізше ғарыш кеңістігін пайдалану адамзаттың ғарыштағы тәжірибесінде маңыздырақ болып табылады. Екіншіден, зиянды ластанудан сақтану тек ғарыш кеңістігінің ауқымымен шектелген, атмосфераның және Жердің үстінің ластануын қарастырмаған; Үшіншіден, жер шарының жағымсыз жаққа өзгеруі бөгде затпен ластануымен ғана шектеледі - қайта ластанатын, ластанудың басқа себептеріне қатысы жоқ; төртіншіден, кейбір ұғымдарға қатысты талқылаулар мен анықтамалардың жоқтығы, мысалы, жағымсыз өзгерістер, зиянды ластану және қажет жағдайларда және тағысын тағы.
Бұл жағдай әлемдегі көптеген халықаралық заңгер мамандармен түсіндіріледі. Мысалы, ағылшындық халықаралық құқықтың маманы Хермида Джулиан, ғарыш бойынша Шарттың 9 - шы бабының мазмұнын түпкілікті анализдей отырып, бұл ереженің нақты анық еместігін ескертеді [4, 204б.].
Шындығында да, егер де 9 - шы баптың ережесін әрпі бойынша талқылайтын болсақ келесідей қорытынды жасауға болады: қоршаған ортаға келтірілетін жағымсыз өзгерістер тек қана бөгде заттарды жеткізудің салдарынан болады деп қарастыру. Бірақ, ондай салдар басқа да себептердің нәтижесінде болуы мүмкін, мысалы, радиоактивті ластанудың нәтижесінде немесе ауа райының өзгеруіне байланысты тәжірибе жүргізулердің нәтижесінде.
Демек, Хермида Джулиан бұл ережені тура осы күйінде түсініп отыр, оның айтуынша, ғарыш бойынша Шартта көрсетілген жер шарындағы жағымсыз өзгерістердің алдын алу бөгде затпен қайта ластану мәселесімен ғана шектеледі [4, 204б.].
Сонымен қатар, «тиісті шаралар» деп көрсетілгенде оның нақты мағынасының не білдіретіндігі айтарлықтай анық емес, яғни ол шараны қандай мемлекеттің қолданатындығы, бұл шараны қолдану қажеттілігінің қашан туындағанын кімнің анықтайтындығы, «тиісті шаралар» деген ұғым мүдделі тараптардың кеңес өткізуін немесе қарапайым сипаттағы өз алдына жеке шаралар қолдануды білдіреді ма деген сұрақтар туындайды.
Бұған қарамастан, Ғарыш туралы шарттың IX - шы бабының мазмұнының ақтаңдақтарына карамастан, оның жалпы сипаттамасының артықшылықтары бар, себебі ол алдағы уақытта осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін, оған қарағанда нақтырақ, арнайы нормаларды дайындауға мүмкіндік береді.
Ғарыш бойынша шарттың IX - шы бабына сәйкес, «егер шартқа қатысушы қандай да бір мемлекеттің, ғарыш кеңістігінде, Айды және басқа да аспан денелерін қоса алғанда жоспарланған тәжірибе жұмыстарын жүргізуде немесе ондағы іс - әрекетінің, басқа шартқа қатысушы мемлекеттердің ғарыш кеңістігін тек бейбітшілік мақсатта зерттеу мен пайдалануына ықтимал зиян не кедергі келтіруі мүмкін деп тапса және оған негіз болса, онда ол ондай қызмет пен зерттеу жұмыстарына кіріспес бұрын тиісті халықаралық кеңесуді өткізуі қажет».
Өз кезегінде, ғарыш кеңістігін бейбіт түрде пайдалану мен зерттеуге кедергі келуі мүмкін деп шешкен болса, не оған негіз болса, ол мемлекет Шартқа сәйкес «осы қызмет түрі мен тәжірибеге қатысты кеңестің жүргізілуіне сұраныс жасау» құқығына ие.
Ғарыш бойынша шарттың IX - шы бабында бекітілгендей, ғарыш айлағындағы қызметтің нәтижесінде болуы мүмкін жағымсыз салдардың алдын алу қағидасына сәйкес, кеңесу міндеттілігі айтарлықтай жалпы түрде құрастырылған және оны ерікті түрде талқылауға көп мүмкіндіктер берілген. Нақтырақ айтсақ, «ықтимал қауіпті кедергілер» деген ұғымның мазмұнына бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану қызметі, ластану мен басқа да жағымсыз салдардан қоршаған ортаны қорғаумен байланысты қызметі кіреді ма? Кеңесуді жүргізудің тәртібі туралы, сонымен қатар оның құқықтық салдарының қандай екендігі туралы нұсқаулар жоқ.
Г.П. Жуков, өз кезегінде, айтқанындай, «бұндай кеңесулерді қай уақытта жүргізу керектігі туралы толық анықтылық жоқ, (тәжірибенің басталар сәтінде ма әлде біраз уақыт бұрын ба), бұл кеңестерді кіммен жүргізу керек (белгілі бір мемлекеттердің тобымен ба, әлде бұған қызығушылық танытатын барлық мемлекеттермен ба, немесе халықаралық органмен), халықаралық кеңесу дегеніміз не және мемлекеттер олармен қаншалықты дәрежеде санасуы тиіс, кеңес жүргізу нәтижесінде келісімге келудің сәтсіз аяқталуының қандай құқықтық салдары бар».
Ғарыш кеңістігі туралы ғылым мен техниканың дамуы барысында және ғарышты ары қарай игеру, ғарыш құқығының жалпы ережелері мен ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралық құқықтың ережелері ғарыш кеңістігінде адамзаттың қызметінің түрлі бағыттары бойынша келісімдерде нақтыланған.
Осылайша, шарттың V - ші және VIII - ші баптары «Ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлердің қайтып келуі және ғарыш кеңістігіне жіберілген обьектілердің қайтып келуі туралы» Келісімде өз дамуын тапты (1968 - ші жылғы Құтқару туралы Келісім.). Ғарыш бойынша Шарттың VI - шы және VII - ші баптарының ережелері «Ғарыш обьектілерімен келтірілген зиян үшін халықаралық жауаптылық туралы» Конвенцияның қабылдануымен толықтырылып дамыды (Жауаптылық туралы конвенция 1972ж.).
Ғарыш құқығының нормаларын, оның ішінде қоршаған ортаны және ғарыш кеңістігін қорғауды халықаралық құқықтық реттеуді рәсімдеу барысында 1972 жылғы Ғарыш обьектілерімен келтірілген зиян үшін халықаралық жауаптылық туралы Конвенцияның ықпалы көп.
Конвенцияның II - ші бабында қарастырылғандай, ұшырушы мемлекет оның ғарыш обьектілерімен әуе кемесі мен қоршаған ортаға келтірген зиянды толық өтеу үшін абсолютті жауаптылықта болады.
Конвенцияның I - ші бабына сәйкес, ғарыштық обьектінің құрамы ғарыш обьектісінің құрамдық бөлшектерін, сонымен қатар оны жеткізу құралдары және оның бөлшектерін қамтиды.
Жауаптылық туралы Конвенцияны халықаралық ғарыш құқығының дамуына айтарлықтай үлес қосқан құрал ретінде қарастыруымыз тиіс, әсіресе, бүгінгі күнге дейін мемлекеттердің жауаптылығы мәселесі бойынша халықаралық құқықтың нормалары мен жалпы стандарттарын кодификациялауға байланысты әрекеттердің сәтсіздігін ескерсек.
Конвенция түрлі көз қарастардың жақтаушысы болған және түрлі ғылыми мектептердің өкілдері болған делегациялардың көпжылдық келісім сөздері мен кеңестері нәтижесінде пайда болған. Айта кетерлік мәселе, ол халықаралық құқық бойынша мемлекеттердің жауаптылығы мәселесінің әлі күнге дейін БҰҰ - ның халықаралық құқық Комиссиясының күн тәртібінде.
Жауаптылық бойынша Конвенцияның ерекше бір сипаты, ол оның толықтай БҰҰ - ның ғарыш бойынша Құқықтық комитетімен дайындалған және Комитеттің кезекті сессиясында мақұлданған, халықаралық ғарыш құқығының алғашқы құралы болып танылатындығы. Бұған қарамастан, Құқықтық комитеттің төрағасының айтуы бойынша, Конвенция жеке делегациялармен көрсетілген, барлық қалаулардың көрінісі болып табылатын құрал емес, оның үстіне ол әлі жетілдірілмеген құрал.
Біздің ойымызша, Жауаптылық туралы Конвенцияның негізгі
кемшіліктері болып, ұсыныстық сипаттағы анықтамаларды қабылдауға мүмкіндік беретін (XIX - шы бап, 2 - ші тармақ) және ғарыш кеңістігіне жіберілген обьектілерді халықаралық тіркеу туралы ереженің жоқтығы танылады. Басшылыққа алынатын құқық туралы сұрақ, нақтырақ айтсақ, шығынды өтеудің сипаты туралы ХП - ші бапта қалай шешілгендігі, Жауаптылық туралы Конвенцияның кемшілігі деп қарастырылмауы тиіс, әсіресе Конвенцияға сәйкес жәбірленушіге келтірілген шығынды өтеудің көлемін шектемегендігін ескерсек.
Халықаралық құқықты, жария және жеке құқықты пайдалану және әділеттілік пен шынайылық қағидаларын қолдану, сөзсіз жәбірленушілерге тиісті шығындарын әділ түрде өтелуіне кепілдік береді. Бұнымен қатар, Құқықтық комитеттің төрағасы жариялағандай, XII - ші баптың ережелерін преамбуланың төртінші тармағының контекстінде түсіну қажет, ол жерде Конвенцияның қатысушыларына қатысты былай деп көрсетілген: «ғарыш обьектілерімен келтірілген зиян үшін жауаптылыққа қатысты тиімді халықаралық ережелер мен процедуралар дайындау қажеттілігі, сонымен қатар осындай зиян шеккен жәбірленушілерге Конвенцияның ережелеріне сәйкес толық және әділ, тезарада шығындарын өтеуді қамтамасыз ету».
Жауаптылық туралы конвецияның III - ші бабының мазмұны, төмендегідей қорытынды жасауға негіз береді, яғни шығын келтірудің кез келген түріне Конвенция ережелерін қолдануға болады, тіпті аспан денелеріне де болса. Дегенмен, бұндай қорытынды негізсіз. Конвенция ережелерін аспан денелерінде, немесе тікелей аспан денелерінде тұрғызылған станцияларда не басқа да құрылғыларда қызметін жүзеге асырып жатқан тұлғаларға келтірілген шығындарға қолданылмайды. Дегенмен, Ғарыш бойынша Құқықтық комитеттің он бірінші сессиясының (1972 ж.) баяндамасында көрсетілгендей, Айға байланысты жаңа шартта Айдың үстінде жүріп келтірілген зиян үшін мемлекеттердің жауаптылығы туралы ережелердің болуын ұсынған.
Қорытындылай келе, Конвенцияның барлық кемшіліктеріне қарамастан, Жауаптылық туралы Конвенция «жәбірленушіні қорғайды» және Конвенцияны ғарыш құқығының эволюциясы барысындағы және ғарыш пен қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралық құқытық реттеудің құрылуы барысындағы маңызды құрал деп қарастыру қажет.
Егер де кейбір делегациялардың Конвенция ережелерінің мазмұнына lex loci delicti қолдану мүмкіндігі сияқты талаптарды қосқан болса немесе шағымдар бойынша шешімдерді реттеудің міндеттілігін көрсетсе, онда ол негізгі ғарыш державаларының Конвенцияны ратификациялауға қатысты келісімін ала алмас еді. Онымен қоса, ғарыш обьектілерімен келтірілген зиянның шығындары жәбірленушіге толық және әділ түрде өтелуі, моральдық та мәселе болып табылады. Шағымдарды қарау жөніндегі Комиссияның ұсыныстық сипаттағы соңғы шешімі, бітімге келу, еріктілік сипатында болуы тиіс, ол Шағымдарды қарау жөніндегі комиссияның шешімін дауласушы тараптар ашық түрде қарсы шықпайтындай етуі тиіс, оған кепілдік беретіндей болуы тиіс.
Ескеретін жағдай, халықаралық құқық осы күнге дейін санкцияларды қолданудың айтарлықтай тиімді құралдарына ие емес. Адамзаттың ортақ мүддесі және халықаралық әріптестіктің қажеттілігі, өзара түсіністік пен достық қарым қатынастар бүгінгі күнде халықаралық құқықтың сақталуының бірден бір кепілі болып табылады. Үміттенгіміз келетіні, ол Жауаптылық туралы конвенцияны қолдану қажеттілігінің туындамайтындығы, сонымен қатар мемлекеттердің ғарыш кеңістігі мен аспан денелеріндегі қызметі ешкімнің де өмірін қиюға, не болмаса дене жарақатын алуға, не оның мүлкінің жоғалуына себепкер болмайтындығы.
Дегенмен, Жауаптылық туралы конвенцияны қолданатын жағдай бола қалса, Конвенцияның кемшіліктері оның маңызын әлсіретеді ма әлде оның кемшіліктері тек осы құралдың формальды жағына ғана қатысты болатындығын уақыт көрсетеді.
Ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың шарттық қайнар көздеріне түрлі көпжақты және екіжақты, ғарыш айлағында қызметті жүзеге асыру барысындағы мемлекеттердің әріптестік туралы келісімдері жатады. Бұған мысал ретінде, 1963 жылғы «Атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық қаруды сынақтан өткізуге тыйым салу туралы» Шартты айтуға болады. Бұл шарт алғаш рет ғарыш кеңістігін қорғау мәселесін қамтыған халықаралық шарт болып табылады. Шарттың мәтіні преамбула мен қысқа ғана бес баптан тұрады. Преамбуладан оның қатысушыларының негізгі мақсаттары көрсетілген: ядролық қаруды сынақтан өткізудің барлық түрлерін тоқтатуға қолжеткізуге ұмтылу, адамзатты қоршаған ортаны радиоактивті ластанудан сақтау, оған нүкте қою және қатаң халықаралық бақылауды жүргізе отырып жалпыға бірдей толықтай қарусыздандыру жөніндегі келісімге тезарада қол жеткізу.
Шарттың 1 - ші бабы оның әр бір қатысушысына келесідей міндет жүктейді: «Өзінің юрисдикциясы мен бақылауындағы кез келген жерде қандай да болмасын ядроляқ қаруды сынақтан өткізуге немесе қандай да бір жерде ядролық жарылыс жасауға тыйым салу, алдын алу:
а) атмосферада; ғарыш кеңістігін қоса алғанда, одан да тысқары жерлерде; су астында, аумақтық сулар мен ашық теңізді қоса алғанда;
ә) кез келген басқа да ортада, егер де бұндай жарылыс нәтижесінде радиоактивті қалдықтар осы жарылысты өз юрисдикциясы мен бақылауында жүргізіп жатқан мемлекеттің шекаралық аумағынан тыс жерлерге түсетін болса» [7, 7б.].
Ілгеріде келтірілген, Шарттың (1 - ші бап, 1 - ші тармақ) ережесінде көңіл аударуға тұрарлық келесідей мәселелер бар:
(а) Тыйым салынады «ядролық қаруды қандай да болмасын сынақтан өткізу». «Кез келген жарылыс» деген сөздер осы жағдайда келесідей мағына береді: қуаттылығы күшті және аз мөлшердегі жарылыстыраға тыйым салынған, сонымен қатар, атомдық, сутегі негізіндегі және басқа да қарулар, демек, шығу тегі ядерлық энергияны пайдалану негізінде дайындалуы мүмкін кез келген қару [12].
(ә) Сонымен қатар, «басқа да кез келген ядролық жарылыстарға» тыйым салынады. Көріп отырғанымыздай, үш түрлі ортада қандай да болмасын ядролық қаруды жаруға тыйым салынады, яғни оның ғылыми және техникалық нәтижелері тікелей немесе жанама түрде ядролық қаруды дайындауға пайдаланылуы мүмкін болса;
(б) Ядролық жарылыстар үш түрлі ортада жүргізілуіне тыйым салынады (су стында, атмосферада және ғарыш кеңістігінде). Бұл жағдайда, айтып отырғанымыз, мемлекет өз егемендігін жүргізіп отырған аумақ, сонымен қатар оның қарауындағы, бақылауындағы аумақ (мысалы, американың қарауындағы аумақтар, ағылшындардың колониялары мен солардың бақылауындағы аумақтар). Бұнымен қатар, мемлекеттердің егемендігі жүрмейтін аумақтар да айтылған (ашық теңіз және оның үстіндегі әуе кеңістігі, сонымен қатар ғарыш кеңістігі);
(в) Ядролық жарылыстарды су астында, атмосферада және ғарыш кеңістігінде жүргізуге тыйым салумен қатар, Шартқа сәйкес бұндай жарылыстарды кез келген басқа да аумақта жүргізуге тыйым салынған, егер де ондай жарылыс радиоактивті қалдықтардың түсуін шақыратын болса және ол осындай жарылысты жүргізуші мемлекеттің юрисдикциясы мен бақылауында болған мемлекеттің шекарасынан тыс жерге тарайтын болса. Нақты жағдайда айтып отырғанымыз, ол жер астында жүргізілетін ядролық сынақтар, егер де бұндай сынақтар радиоактивті қалдықтардың жарылыс жүргізу бақылауы мен юрисдикциясындағы мемлекеттен өзге, басқа мемлекеттің территориясына өтіп кетуіне жол беретін болса (мысалы, қалдықтардың теңізге, атмосфераға, ғарыш кеңістігіне, шетел мемлекетінің шекарасына өтіп кетуі). Бұл атап айтқанымыздай қалдықты жарылыс болып табылады.
Шартта арнайы ескертілген, бұл ереже «барлық ядролық жарылыстарды, оның ішінде жер астында өткізетін жарылыстарды мәңгілікке тыйым салуға бағытталған, шарттарды жасасуға зиян келтірмеуі» тиіс. Осылайша, шарттың қатысушылары барлық ядролық қаруларды сынақтан өткізуді тоқтатуға ұмтылады [13].
Шарттың 1 - ші бабының 2 - ші тармағында көрсетілген: «Осы шарттың қатысушылары ядролық қаруды кез келген сынақ түрінен өткізуге қатысуға, оны қолдауға не мақұлдауға және ядролық жарылыстардан ұстануға міндеттенеді, шарттың аталған бабының 1 - ші тармағында көрсетілгендей (яғни, атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында) жарылыстың қандай ортада өткізілетіндігіне қарамастан немесе осындай жарылыс өткізілетін мемлекеттің юрисдикциясы мен бақылауындағы мемлекеттің территориясынан тыс аумаққа радиоактивті қалдықтардың түсуі болатын болса» [7, 8б.].
Осылайша, Шарттың аталған ережесі шартқа қатыспайтын өзге мемлекеттің аумағын пайдалану арқылы ядролық қаруды сынақтан өткізудің алдын алады, осы норманы айналып өтуге жол бермейді. Жалпы алғанда, Шарт ғарыш кеңістігін бейбітшілік мақсатта пайдалану мен ғарыш кемелерінің радиоактивті әсерден экипаж ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл Шарт сонымен қатар, Америка Құрама Штаттарында дайындалып жатқан, атап айтқанда оның геофизикалық соғыс ашу жөніндегі жоспарын жүзеге асыруға кедергі болып тұр, яғни оған сәйкес биіктіктегі ядролық жарылысты пайдалана отырып, белгілі бір уақытқа жердің атмосферасының қорғаныш қабатын жоя тұрады, осылайша белгілі бір елдің аумағына қатерлі ғарыштық радиацияны төндірмек [4, 24б.].
Ядролық қаруды атмосферада, ғарыш кеңістігінде немесе су астында сынақ өткізуге тыйым салу туралы Мәскеу шартын жасасқаннан кейінгі қолайлы жағдай, ғарыш кеңістігінде ядролық қаруды немесе бұқаралық жойқын күші бар қарудың басқа да түрлерін орналастыруға тыйым салуға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда Қазақстан республикасында ғарыш қызметін құқықтық реттеу маңызды құрал болып табылады және отандық ғарыш саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы үлкен. Сонымен қатар, Кеңестер одағы кезеңінде ғарыш кеңістігі мен басқа да аспан денелерін зерттеу мен игеруге байланысты кең ауқымды бағдарламалар жүргізілгенімен, ғарыш қызметі сласына байланысты заңи тұрғыдан реттелудің жоқтығымен сипатталады. Бұл кезеңде ғарышты басқару қатаң әкімшілік режимде болатын, ғарыштық қызметті жүргізу тәртібі мен шешімдер қабылдау, Министрлер Кеңесі, Машинақұрастыру Министрлігімен, Өндірістік қауіпсіздік Министрлігімен және Кеңес Одағының Қауіпсіздік Министрлігі сияқты инстанциялармен жүзеге асырылды. Өздерінің ғарышты игеруге байланысты ұлттық бағдарламаларын жүзеге асырушы бірқатар мемлекеттерге қарағанда (АҚШ, Франция, Австрия және басқалары), Кеңестер Одағында ғарыш саласын игеруге байланысты арнайы үкіметтік орган құрылмайды.
1991 жылы Кеңес Одағының тарап кетуімен байланысты, ғарыш саласында заңшығарушылық құқытық реттеудің жоқтығы, ғарыш кеңістігін игеру туралы бағдарламаларды құлдырау үстінде қалдырды. Осыған орай, Қазақстан Республикасында ғарыштық қызмет туралы заңи актілерді қабылдау қажеттілігі туындады, сонымен қатар қазақстандық косманавтиканы басқаруды ұйымдастырушылық - құқытық рәсімдеудің обьективті қажеттілігі - ғарыштық қызмет жөніндегі атқарушы биліктің арнайы мемлекеттік органын құру мәселесі туындады.
Кеңестер одағында ғарыштық қызмет туралы заңшығарушылықтың жоқтығы жағдайында, ғарыш инфрақұрылымының құқықтық статусының заңи анықтамалары болған жоқ. Осылайша, 1955 жылы ғарыш инфрақұрылымының негізгі обьектісі - «Байқоңыр» космодромы әскери режимдегі обьект болып танылды. Оның құқықтық жағдайы Кеңес Одағының қауіпсіздік министрлігі шығаратын құпия нормативтік құқықтық құжаттармен анықталды.
Ғарыш инфрақұрылымының обьектілерінің жағдайының құқықтық негіздерін бекітетін, ғарыштық қызмет туралы отандық заңнаманың нормаларын анализдеу нәтижесінде, қазіргі күнде осы салада негізгі ұлттық нормативтік актінің жоқтығын білдіреді және әрекет етуші құқытық нормаларда бірқатар жетіспеушіліктер бар.
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасында ғарыштағы қызметті реттеуге тікелей қатысы жоқ бірқатар нормативтік құқықтық актілерден тұратын ғарыштық заңнама бар. Осыған орай, Қазақстан Республикасында «Ғарыштық қызмет туралы» Заңды дайындау және қабылдау қажеттілігі туындап отыр.
Ғарыштық қызмет туралы ұлттық дамыған заңнаманың жоқтығы, көптеген халықаралық ғарыш құқығының нормалары декларативтік сипатта дегенді білдіреді. Біз білеміз, олардың тиімді жүзеге асуы мемлекеттің халықаралық ғарыш құқығының нормаларын дамытатын нақты ережелер қабылдауымен тікелей байланысты, яғни оларды бұзғаны үшін мемлекеттердің заңи жауаптылығын көздейтін.
Қазіргі уақытта бұл сұрақ аса үлкен маңызға ие, себебі ғарыш кеңістігінің ресурстарын пайдалануға байланысты қызмет белсенді түрде тек мемлекеттік ғарыш агенттіктерімен ғана емес, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдармен де жүргізілуде.
Қарастырылып отырған нормақұрушылық процесспен қатар, халықаралық құқықта, ғарыш қызметін жүзеге асыруға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ұлттық құқық жүйелерінің туындау процесі мен дамуы жүріп жатыр. Халықаралық ғарыш құқығының нормаларының ережелері, ұлттық ғарыш заңнамасының дамуына ықпал етеді, оның өзінің жағымды және жағымсыз салдары болады - жеке сұрақтар бойынша халықаралық құқытық актілерде ақтаңдақтар болатын болса.
Осыған орай, жақын арада Қазақстан Республикасында келесідей нормативтік құқықтық актілерді дайындау және қабылдау дұрыс деп есептейміз:
1) «Ғарыштық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ол ғарыштық қызметтің құқықтық негізін анықтауға, ғарыштық қызметтің қағидалары мен бағыттарын анықтауға, «ғарыш инфрақұрылымы» ұғымының мазмұнын анықтауға мүмкіндік берер еді. Сонымен қатар, «Ғарыштық қызмет туралы» заңды қабылдау келесідей мәселелерді шешіп береді:
- ғарыш саласында ұлттық мүдделерді бекітуге, ғарыш саясатының нақты мақсаты мен міндеттерін, ғарыштық қызметті жүзеге асырудың негізгі қағидаларын анықтауға;
- Қазақстанның ғарыштағы қызметінің басымдықтарын айқындауға;
- Қазақстанның ғарыш саласындағы күш қуатын кешенді дамыту мен оны елдің экономикасын, ғылымы мен халықаралық әріптестікті дамыту және ұлттық қауіпсіздікті күшейтуде тиімді пайдалану;
- ғарыштық қызметті басқарудың қағидалары мен қаржыландыру;
- ғарыш техникасын дайындауға, өндіруге және тасымалдауды жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыруға;
- ғарыштық қызметті басқару ерекшеліктері мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі;
- ұлттық ғарыштық бағдарламаны нақты қандай ведомство атқаратынын бекіту;
2) «Ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану саласындағы кәсіпкерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
3) ҚР - ның Экологиялық Кодексі мен ҚР - ның Жер кодексіне ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігі мен осы қызмет үшін пайдаланылатын жер учаскелерін пайдалану туралы өзгерістер мен толықтырулар;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыштық саясаты тұжырымдамасы;
- Жерді ғарыштан қашықтықтан зоналау туралы;
«Ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану саласындағы кәсіпкерлік қызмет туралы» ҚР Заңын дайындау мен қабылдау қажеттілігі кәсіпкерлік қарым қатынастарды реттеудегі негізгі заңи құжат, ҚР - ның Азаматтық кодексі болғандықтан, онда арнайы сала - ғарыш саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттейтін ерекшеліктер ескерілмеген.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ғарыштық қызмет субьектілерінің арасындағы қарым қатынастарды құқытық реттеуге бағытталған, оның басты мақсаты жеке тұлғаға, қоғамға, мемлекетке және қоршаған табиғи ортаға ықтимал қауіптен сақтау және оның алдын алу, яғни ғарыш техникасы мен ғарыш инфрақұрылымының элементтерін жасау, қолдану және жою процессі барысында туындауы мүмкін қауіптен қорғау.
Бүгінгі күнде ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігі мәселесі айтарлықтай өршіді және де өзінің жеке заңнамалық қамтамасыз етілуін қажет етеді. Бұл жағдай бірқатар факторлармен түсіндіріледі, ең алдымен ол, ғарыштағы қызметтің толыққанды қаржыландырылмауымен түсіндіріледі.
Осы күнге дейін көптеген сұрақтар тиісті заңи реттелуін таппаған. Бұған дәлел ол осы күнге дейін қабылданбаған, Қазақстан Республикасының Парламентінің қарауындағы «Ғарыштық қызмет туралы» Заңнын жобасы.
Сонымен қатар, ғарыш инфрақұрылымының барлық элементтерінің нысаналы мақсатын бекіту қажет, оның ішінде, ғарыш қажеттіліктеріне бөлініп берілетін жер учаскелерінің режимін анықтау қажет.
Осыған байланысты, біздің ойымызша, жер учаскелерін бөліп беру және оларды ғарыш инфрақұрылымының обьектілері үшін пайдалану және оған жалғасып жатқан аумақтар Қазақстан Республикасының Жер туралы заңнамасына сәйкес жүргізілуі тиіс. Біздің ұсынатынымыз, 20.06.2003 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің Қазақстан Республикасындағы жерлердің категориясы туралы 1 - ші бабына төмендегідей толықтыру енгізу. Нысаналы мақсаты бойынша, «ғарыштық қызметті қамтамасыз ететін жерлер» категориясын бөліп шығару және осындай жер учаскелерінің құқытық режимінің ерекшеліктерін анықтау. Бұл оның қандай да бір категорияға тиесілілігінен немесе аумақты зоналаудың рұқсат етілген тәртібіне сәйкес, тиісті заң актілерінде бекітілген ережелерге сәйкес анықталады. Әсіресе, бұл категориядағы жерлердің аумағы өте үлкен екендігін ескерсек. Айталық, ғарыш қызметін жүргізуді қамтамасыз ету үшін ғарыш инфрақұрылымының жер үсті обьектілерін орналастыру үшін, оның ішінде космодромдар, ұшу алаңдарының кешені, ұшыруды қамтамасыз ететін қондырғылар, ғарыш обьектілерінің ұшуын бақылау обьектілері, ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау пункттері, ғарыш техникасын сақтау базалары, зымырандардың бөлінетін бөлшектерінің түсу аудандары, ғарыш обьектілерінің қону полигондары және ұшу қону жолақтары, ғарыш техникасын сынауға байланысты тәжірибе өткізу обьектілері, ғарышкерлерді дайындау және жабдықтау орталықтары, басқа да ғарыштағы қызметті жүзеге асыруға көмектесетін техника мен жердегі басқа да құрылғылар орналасқан жерлерді атауға болады. Зымыранның бөлінетін бөлшектерінің белгілі бір мезгілде түсуіне пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қажет және ол тұлғаларға зиянды өтеу тәртібін анықтау.
Келесі кемшілік ретінде төмендегідей, ғарыш инфрақұрылымдарының жекелеген обьектілеріне қатысты ұғымдардың құқықтық анықтамасының жоқтығын айтуға болады: космодромдар, старттық кешен, ұшыру құрылғылары және тағы басқалары.
Біздің ойымызша, ғарыш инфрақұрылымының әр бір элементі өзінің заңи анықтамасын алу тиіс сияқты, себебі онда ғарыш инфрақұрылымының жекелеген обьектілерін пайдалануға байланысты, қызметтің барлық түрлерінің жүзеге асырылу механизмі анық көрсетілуі тиіс. Бұл сұрақтың маңыздылығы ғарыш аппараттарын ұшырудың балама тәсілдерінің пайда болуы себепті арта түседі: «Әуе старты», «Теңіз старты» жобалары, ғарыш обьектілерін жер шарының орбитасына шығару үшін су асты кемелерін баллистикалық ракеталарды ұшыру үшін пайдалану және т.б.
1992 жылдың 15 мамырында Тәуелсіз Мемлекеттер Достатығының қатысушы мемлекеттерінің басшыларының кездесуінде, ғарыш бағдарламаларының орындалуы мақсатында «Ғарыш обьектілерін пайдалану мен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Келісімге қол қойды. Осы Шарттың негізгі ережелерінің бірі болып ол ғарыш инфрақұрылымының обьектілері орналасқан бұрынғы одақтас мемлекеттің аумағы болса, сәйкесінше ол обектілерге сол мемлекет иелік етеді. «Байқоңыр» ғарыш айлағы үшін бұл оның Қазақстан Республикасының меншігі екендігін танытты. Келісімде көрсетілгендей, ТМД - ның Стратегиялық күштерінің арнайы келісімдерінің негізінде аталған обьектілердің жылжымайтын мүлкіне пайдалану құқығы, ал жылжитын мүліктерге иелену мен пайдалану құқығын беру міндеті танылсын. 15 мамыр 1992 жылғы Келісімнің ережелеріне сәйкес, 25 мамыр 1992 жылы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану туралы екіжақты Келісім жасалды. Ресей мен Қазақстан өз аумақтарында орналасқан ғарыш айлағының жылжымайтын мүлкіне пайдалану құқығын, ал жылжитын мүлкіне пайдалану мен иелік ету құқықтарын ТМД - ның Стратегиялық Күштеріне береді. Бұл шартта ескертіліп өткен мәселе, ол берілетін обьектілердің құрамы мен оларды пайдалану жағдайы, әлеуметтік сала обьектілерін қоса алғанда қосымша арнайы келісімдермен анықталуы тиіс.
1992 жылы 2 - ші қазанда Ресей мен Қазақстан өкілдерінің арасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стратегиялық Күштеріне (Әскери ғарыш күштері) берілетін «Байқоңыр» ғарыш айлағының обьектілерінің құрамы, оларды пайдалану мен қамтамасыз ету жағдайлары туралы үкіметаралық Келісімге қол қойылды.
Қарастырылған мәселе, ол «Байқоңыр» ғарыш айлағының обьектілерінің жартысы тек Қазақстан Республикасының және Ленинск қаласының мүддесін көздей отырып пайдаланылуы мүмкін. Келісімде меншікті пайдалану қатынастары айқындалған және ресейлік және қазақстандық тарап мүдделері келісілген.
1993 - ші жылдың соңы 1994 - ші жылдың басында Ресей және Қазақстан үкіметінің басшылары келіссөздер жүргізу барысында Меморандум дайындап оған қол қояды, оған сәйкес Қазақстан жағы «Байқоңыр» ғарыш кешенін ресейліктерге жалға береді. Ғарыш кешенінің статусы жөніндегі сұрақ айтарлықтай басқа мәселелерді туындатады, ол жалға беру туралы мүлде жаңа келісімге келу.
28 наурыз 1994 жылы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында «Байқоңыр» ғарыш кешенін пайдаланудың негізгі қағидалары мен шарттары жөнінде Келісім жасалады. Осы келісіммен анықталған, ережелердің орындалуы мақсатында, Ресей мен Қазақстан Үкіметтері 10 желтоқсан 1994 жылы «Байқоңыр» ғарыш кешенін жалға беру шартын жасасады.
Жалға беру шартының 4 - ші бабына сәйкес, «Байқоңыр» кешені Қазақстан Республикасымен Ресей Федерациясына 20 жыл мерзімге жалға беріледі, Шартты 10 жылға созу мүмкіндігімен. Жалға беру ақысы жылына 115 миллион АҚШ долларын құрайды (5 бап).
Жер шарындағы ең ірі ғарыш кешені саналатын Байқоңыр, жер шарындағы ғарыш кешендерінің ішінде пилотпен ұшыруды жүзеге асырудың саны бойынша көшбасшы болып табылады. Бұл жерден барлығы мың ек жүзге жуық ғарыш зымырандары және мың бір жүз сексенге жуық әскери континенталдық баллистикалық зымырандар ұшырылған.
Өкінішке орай, бұндай тығыз қызметтің, басқа да қыры бар екені түсінікті: Байқоңырдың, оның маңындағы тұрғындар мен қоршаған ортаға келтірер экологиялық ықпалы айтарлықтай. “Союз”, “Зенит” ракеталары жанар май ретінде керосин мен сұйық оттегін падаланады, ал “Протон”, “Циклон”, “Рокот”, “Днепр” зымырандары мен SS-19, SS-20 деген әскери зымырандар үшін аса улы сұйық құрамдастары бар диметилгидразин және тетроксид азоты сияқты жанармай қолданылады. Зымырандардың құлайтын бөлшектерінде улы жанармайдың айтарлықтай мөлшері болады (2 тоннаға дейін барады), ол жерге құлау кезінде қоршаған ортаға түсіп, топырақ қабатын, жер үсті су қоймаларын, жер асты сулары мен өсімдіктер дүниесін ластайды. Бұнымен қатар, Байқоңырды пайдалану уақыты аралығында зымырандардың бірнеше ірі апаттар болды және бұл апаттардың салдары туралы мәліметтер осы күнге дейін қоғам мүшелері үшін жабық күйде болып отыр. Зымырандық - ғарыштық қызметтің қауіпсіздігі туралы білім беру бағдарламалары да жоқ. Қазіргі күнде, Қазақстан Республикасында зымырандық - ғарыштық қызметтің қоршаған ортаға әсері туралы обьективті ақпарат жоқ. Бұндай қызмет салдарынан болатын шығын мен тәуекел бағаланбаған. Ғарыш кешенін пайдаланатын, ресейлік тараптың қызметіне бақылау жүргізетін тиісті министрліктер мен ведомстволардың қажетті дәрежеде бақылауы, қадағалауы жоқ: экологиялық мониторинг жүйесі жоқ, зымыран жанармайының құрамдастарымен ластанатын аумақтардың картасы жоқ, шаруашылық айналымнан алынатын құлау аумақтарындағы зымыранның құрамдас бөлшектеріне қадағалау жүргізілмейді, бұл бөлшектер іс жүзінде жергілікті тұрғындармен мал жаю мен жол жасау үшін пайдаланылады. Зымыран бөлшектерінің түсу аумақтары және зымырандардың құлау орындары жергілікті жерде мүлде белгіленбеген, қауіпті аумақтар көрсетілген жалпыға қолжетімді карталар мен автокөлік атластары жоқ, шеткейдегі ауылдармен телефон және радио байланыс төмен дәрежеде. Осының барлығы болмай қоймайтын зымыран апаттарының жағымсыз салдарының болу қаупін көбейтеді.
Ғарыш кешенінің әсері тарайтын аумақтағы тұрғындардың, орташа өмір сүру жасы, республика бойынша салыстырғанда әлдеқайда төмен, ал ауру көрсеткіштері жоғары. Тұрғындар үшін мақсатты емдеу - сауықтырушылық реабилитациялық шаралар жүргізілмейді.
Байқоңыр кешені маңында тұратын және зымырандардың құрамдас бөлшектері түсетін аумақтарда тұратын тұрғындардың арасындағы әлеуметтік - экономикалық ахуал, олардың өкінішіне орай мәз емес және ол әсіресе 1999 жылы «Протон» зымыранының екі мәрте құлауынан кейін ұлғайып кетті, ол кезде өте ірі бөлшектер ауылдардағы үйлердің ауласына құлаған болатын. Осы сәтте Қазақстанның заңдары зымырандық - ғарыштық қызметтен болатын ықтимал қауіптен тұрғындардың өмірін, денсаулығын және мүлкін міндетті сақтандыруды көздемеген болатын. Ал, тұрғындардың белсенділігі өте төмен.
Бұл мәселенің өткірлігі мен маңыздылығы, зымыран - ғарыштық кешеннің технологиялық мәселелерді шешу үшін, қырық жылдан астам уақыт еш бір бақылаусыз табиғатты пайдалануымен байланысты болып отыр, олар зымырандардың ұшу трассаларының астында тұратын тұрғындардың мүддесін мүлде ескеріп отырған жоқ.
Бұқаралық қауіпсіздік туралы NASA құжаттарын зерттеу нәтижесінде, зымыран - ғарыш кешендері мен қоғам арасындағы қайшылықтар әлем бойынша кездеспегені анықталды. Демократиялық жолмен дамыған мемлекеттердің мемлекеттік құрылымдары осы мәселені ол пайда болғанға дейін шешіп қойған. Істелуі керек істердің барлығы істелген. Зымыран бөлшектері құлайтын аумақтар көрсетіліп қойған, барлық қажетті ақпарат қолжетімді, кез келген азамат Интернет арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кез келген американдық құжаттарды ала алады. Нәтижесінде бұл елдерде қоғам ғарыш кешендеріне, әл аухатын арттырып, жағдайды жақсартатын көз ретінде қарайды. Қазір АҚШ штаттарының арасында байқау өтіп жатыр, яғни қай штаттың территориясында жаңа ғарыш кешенін салу керек деген тақырыпта. Бұл олар үшін тиімді және ол үшін ешкім көтеріліс жасап қарсы шықпайды. Барлық демократиялық елдерде тұрғындарды экологиялық қауіпті қызметтен қамсыздандыру сақтандырумен қамтамасыз етіледі. Сақтандырушы болып қауіпті өндірістің иесі немесе мемлекеттің өзі танылады. Жапон елінде балық шаруашылығында жұмыс істейтін ұйымдар жапониялық космодромнан шығатын, акустикалық ластану үшін өтемақы алады, яғни шуылдың естілгені үшін. Осы жерде айтсақ орынды, Байқоңырдан ұшырылатын зымырандардың сақтандыру соммалары ол ондаған, жүздеген миллион доллар. Ал, жергілікті тұрғындар үшін еш нәрсе көзделмеген. Зымыран - ғарыштық қызметтің қауіпсіздігі бойынша американдық құжаттарды біз ала аламыз, ал өзіміздің отандық құжаттарды алу мүмкін емес.
Көріп отырғанымыздай, ғарыш айлақтарының әсері бар аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қоғамның қатысуының халықаралық тәжірибесі шындығын айтқанда, мүлде жоқ, себебі бұндай сұрақтар әлдеқайда жобалау, құрылыс жүргізу және ғарыш кешендерінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету кезеңдерінде шешіліп қойған.
Зымырандық - ғарыштық қызметті ұйымдастыру мен басқаруды экологиялық қауіпсіздік контекстінде қысқа ғана Ресейдің мысалында айтып өтсек.
1992-ші жылдан бастап Ресейдің ғарыш агенттігі қызмет етуде - (2004 жылдан бастап - Федералдық Ғарыш Агенттігі (ФҒА) – Роскосмос), - ЗҒҚ саласындағы федералдық арнайы құзіретті орган болып табылады. «Ғарыштық қызмет туралы» 1993-ші жылғы Ресей Заңы бар, өзгерістері мен толықтыруларымен қатар.
Осы «Ғарыштық қызмет туралы» Заңнын негізгі қағидаларының бірі - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бірақ, ол арнайы түрде орындалып жүр. Қазір әрекет етуші (2 - ші) "2001 - 2005 жылдарға арналған Ресейдің Федералдық Ғарыштық бағдарламасы (ФҒБ)" көпшілікпен талқыланбай, іс жүзінде ведомствалық құжат ретінде қабылданды. Айтатын мәселе, оның жобасы міндетті экологиялық сараптаманы өтпеген, бұнымен Ресей Федерациясының 1995 – ші жылғы «Экологиялық сараптама туралы» заңының - 11, 12, 18, 30 баптары бұзылып отыр. Осы негізде оның бюджеттен және басқа да көздерден қаржыландырылуы мүмкін емес, себебі ол құқыққа қайшы, дегенмен ол бұған қарамастан жүзеге асырылуда. Бұған қоса, осы федералдық ғарыш бағдарламасына, Ресей Федерациясының Үкіметімен, Роскосмостың бастамасымен толықтырулар енгізілді, ол жаңа жобалар болатын және олар да, еш бір мемлекеттік экологиялық сараптаудан өтпеген. Осы федералдық ғарыш бағдарламасын қаржыландыру кезінде, экологиялық тәуекелдерді сақтандыруға, ластануды жоюға бағытталған реабилитациялық шараларға, Зымыран - ғарыштық қызметтің әсері тиетін аумақтардағы тұрғындардың әлеуметтік - экологиялық мәселелерін шешуге қаржы көзделмеген.
Қазір осы жағдай жаңа Ресей Федерациясының (3 - ші) 2006 - 2015 жылдарға арналған федералдық ғарыш бағдарламасында қайталанып отыр.
Бұнымен қатар, "ЭКОС - РФ" деген Федералдық (нысаналы) бағдарламаның жобасы бар, ол зымыран – ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, бірақ ол әлі күнге дейін бекітілген жоқ. Бұл жобаның үлкен тарихы бар. Оны ХХ - шы ғасыр 1980 - ші жылдардың басында Кеңес одағы кезінде бастап, кейін 1993 - 1994 – ші жылдары "тоқтатып қойған" және осы уақытқа дейін жандандырып келген. Дегенмен бұл жоба мәні бойынша, ЗҒҚ - нің экологиялық қауіпсіздігінің нормативтік базасын қамтамасыз етуге бағытталған ведомствалық құжат болып қала бермек. Ол құжатта азаматтардың мүдделері мен РФ субьектілерінің мүдделері мүлдем ескерілмеген. Бұл жоба көпшілік қоғамның талқылауына шығарылған жоқ. Оның үстіне, егер де барлығын заңға сәйкес жасайтын болсақ, онда бұл жоба осы күйінде бізге қажет. Бұның орнына, ең алдымен ресейдің ФҒБ - сына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қажет, алдын ала оған ЗҒҚ - нің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген тарау енгізу қажет. Осыдан кейін ғана, ФҒБ аясында шешуін таба алмаған сұрақтар бойынша (оның ішінде әлеуметтік экологиялық, медицино экологиялық және т.б.), «Ресей Федерациясының зымыран ғарыштық қызметінің экологиялық қауіпсіздігі» атты жалпыұлттық мақсатты бағдарламаға енгізілуі тиіс.
Төмендегіні ескерту өте маңызды, елде ғарыш саясаты бар - 1996 жылы ресми түрде «Ресейдің ұлттық ғарыш саясаты» қабылданды, (дегенмен, бұл құжат ашық түрде басылып шығарылған жоқ), зымыран - ғарыштық қызмет саласында толықтай экологиялық саясат жоқ.
ХХ - шы ғасырдың 90 - шы жылдарынан бастап ЗҒҚ - нің жағымсыз салдары, мамандарға және қоғамға әсері мен салдары бар екенін ұғыну процессі жүруде. Бұл мәселе билік өкілдеріне, мамандарға және көпшілік қоғамға белгілі. Дегенмен, өкінішке орай, ЗҒҚ - нің экологиялық қауіпсіздігін жүзеге асырудың басымдығын мойындау мен оны жүзеге асыруға іс әрекеттер жүргізілмеуде - саяси ерік жоқ, «ойынның шарты» дұрыс анықталмайынша жекелеген шаралар мен шешімдердің, халықаралық және мемлекеттік бағдарламалардың, қажетті қаржыландырылмау сияқты күрделі проблема мен маңызды сұрақтардың кешенін шешу мүмкін емес. Бұнымен қатар, бүтін және оң бағыттағы экологиялық саясаттың жоқтығы, ЗҒҚ - нің дамуын тежейді, зымыран ғарыш техникасын жаңарту, экологиялық технологияны енгізу және басқа да инновациялар жасау, мұраға қалған мәселелерді консервациялау, оның ішінде - қоршаған ортаның ластануының жоғарғы дәрежесі, өте көп шығындар, саланың экономикалық тиімділігінің төмендігі.
ЗҒҚ - нің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер қажет:
1. ЗҒҚ саласында ұлттық және халықаралық саясаттың негіздерін дайындап қабылдау.
2. Халықаралық және ұлттық (мемлекеттік) мемлекеттік экологиялық сараптаманың (МЭС) арнайы реестірін (тіркеуін) жасау, халықаралық және ұлттық ықтимал қаупі бар техникалық қызметке байланысты жобаларды жүзеге асырудың қатаң есебін жүргізу.
3. 2006 - 2015 жылдарға арналған Ресей Федерациясының федералдық ғарыш бағдарламасының міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу, сонымен қатар «Зымыран - ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мақсатты бағдарламасын дайындау және қабылдау, ЗҒҚ саласы мен техниканың барлық түрлерін экологияландыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру.
4. Барлық құжаттардың (келісімдер, бағдарламалар және т.б.), сонымен қатар нақты жобалар мен техникалық обьектілердің халықаралық және ұлттық экологиялық сараптамаларын жүргізу.
5. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қажетті түзетулер енгізіп және дұрыс шараларды қабылдау.
Бұл шаралардың барлығы азаматтық қоғамның, тәуелсіз сарапшылардың және ұйымдардың белсенді қатысуымен жүргізілуі қажет.
Біздің ойымызша, ғарыш қызметінің маңызды құрамдасы ол оның нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуі.
Ғарышты игеру мен зерттеу бағдарламаларын жүзеге асырып отырған Қазақстанда, осы күнге дейін ғарыш саласындағы саясатты айқындайтын, ғарыштық қызметтің көптеген сұрақтарын қарастыратын, жалпылама сипаттағы ережелерді қамтитын заңнама іс жүзінде жоқ.
Ғарыш қызметін заңи құрылымдық негізде реттеу үшін басты нормативтік құжатты дайындап оны қабылдау қажет. Ондай Заң қазақстандық ғарыш бағдарламаларын жүзеге асыруға құқықтық негіз болар еді және ғарыш қызметін ұйымдастыруды реттеуге байланысты нормаларды қамтыған болар еді; оның жүзеге асырылуының экономикалық шарттарын, ғарыш инфрақұрылымының сұрақтарын, ғарыш қызметінің қауіпсіздігін, халықаралық әріптестіктің нысаны мен әдістерін;
ғарыш қызметі саласындағы жауаптылық.
«Ғарыш қызметі туралы» Заңнын жоқтығы ғарыштық қызметтің ең маңызды нормативтік - құқықтық реттелу сұрақтарын шешуге және ұлттық ғарыш құқығының нақты бағыттар бойынша дамуына негіз болмай отыр.
Ілгеріде көрсетілген мәліметтерді ескере отырып Ұлттық ғарыш агенттігінің шешімімен ғарыштық қызмет саласында заңшығарушылық жұмыстардың орта мерзімдік бағдарламасын дайындап, оны бекіткен дұрыс шешім болады.
Қорытындылай келе тағы да ескертетініміз - ғарыш қызметін заңи реттеу, осы саланың ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайды. Осындай реттеудің тиімділігі мен сапасына XXI - ші ғасырдағы қазақстандық космонавтиканың дамуының саяси және экономикалық шарттары тәуелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет