Монография қазақстан Республикасы Алматы 2013


Зерттеудің мақсаты мен міндеттері



бет3/24
Дата20.12.2023
өлшемі0,95 Mb.
#198208
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
annotation6558
Мақала Аманова С.Т, Қорытынды ситуациялық есеп, 150357.pptx, практикалық сабақ 4
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Монографияның мақсаты болып халықаралық ғарыш құқығындағы ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарын кешенді қарастыру және осы саладағы қоршаған ортаны қорғауды халықаралық - құқықтық реттеудің теориялық жүйесін талдау танылады.
Осыларды ескере отырып, автор келесідей міндеттерді алдына қойды:

  • зерттеу негізінде ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарының анықтамасын беру және оның мазмұнын ашу;

  • ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық реттеудегі арнайы қағидаларды анықтау және жүйелеу негізінде мазмұнын ашу, қалыптасу барысын көрсету;

  • ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

  • ғарыш дәуіріндегі қоршаған ортаны қорғауға қатысты түрлі халықаралық ұйымдардың құқықтық табиғатын, құқықтық жағдайын, құрылымын және құзіретін анықтау;

Зерттеу нысаны болып ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғауға байланысты қоғамдық қатынастардың кешені танылады.
Зерттеудің пәні болып халықаралық құжаттардағы ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ережелердің, қағидалардың жүзеге асырылуының құқықтық механизмі.
Монографияның ғылыми жаңалығы төмендегідей. Ұсынылып отырған монографиялық жұмыс ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеу бойынша ең алғашқы кешенді зерттеу болып табылады.
Алғаш рет ғарыштық қызметтің қоршаған ортаға келтіретін жағымды және жағымсыз салдарының әсері құқықтық тұрғыдан зерттеліп қарастырылған. Осы жерде алғаш рет ғарыштық қызметтің жағымсыз салдары ұғымына анықтама берілген. Бұл еңбектің басқа да зерттеулерден ерекшелігі, оның қоршаған ортаны қорғау мәселесінде тек философиялық көз қараспен шектелмейтіндігі.
Алғаш рет ғарыш дәуіріндегі қоршаған ортаны қорғауға қатысты түрлі халықаралық ұйымдардың құқықтық табиғаты, құқықтық жағдайы, құрылымы және құзіреті зерттелген және анықталған.
Алғаш рет қоршаған ортаны ғарыш айлағындағы қызметтен қорғаудың қалыптасып жатқан және қазіргі қағидаларын жүйеге келтіруге талпыныс жасалған, олардың қалыптасу процесін көрсету және осы процесстегі БҰҰ органдарының резолюциялары мен шешімдерінің маңыздылығы көрсетіліп, аталған қағидалардың құқықтық мазмұны анықталған.
Алғаш рет ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық және ұлттық заңнаманы жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар жасалған. «Байқоңыр» ғарыш кешенінің қызметінің экологиялық қауіпсіздігін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету ғылыми қырынан зерттелген.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде автор төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдайды:
1. Монография тақырыбы төңірегінде зерттеу жүргізу нәтижесінде және түрлі халықаралық құжаттарды талдай отырып автор келесідей ұғымның анықтамасын беруге тырысты: «ғарыштық қызметтің жағымсыз салдары дегеніміз ғарыштық қызметтің жүзеге асырылуы барысында қоршаған ортаны улы және басқа да зиянды заттар мен материалдарды жасанды түрде енгізу арқылы ластау, сонымен қатар қоршаған ортаның табиғи түрде өзін өзі қалпына келтіруіне және тазалануына байланысты қабілеттілігінен асып түсетін, өте үлкен көлемде жылуды бөлу, сонымен қатар тірі табиғаттың өлуіне алып келетін және адамның денсаулығы мен әл ахуалына зиян келтіретін кез келген ғарыштық іс әрекетті айтамыз».

  1. Бүгінгі халықаралық құқықтың негізгі қағидалары мемлекеттердің ғарыштық қызметі барысында туындайтын қатынастарын реттейді. Осымен қатар, бүгінгі таңда халықаралық ғарыш құқығында мемлекеттердің ғарыштық қызметінің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғаудың арнайы қағидалары қалыптасқан. Дамудың қазіргі кезеңінде олардың қатарына келесілерді жатқызамыз: а) ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан адамзаттың өмір сүру кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау қағидасы; ә) ғарыштық қызмет барысында ғарыш кеңістігі мен аспан денелеріндегі тәжірибелердің ықтимал зиянды салдарының алдын алу қағидасы; б) қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қорғау саласындағы халықаралық әріптестік қағидасы; в) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен реттеу қағидасы және т.б.

3. Ғарыштық қызметті реттеуге байланысты құқықтық нормалардың қалыптасу және даму процесстері, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ғарыштық қызмет саласындағы заңнамасының түрлі деңгейдегі бірқатар нормативтік – құқықтық актілерден тұратындығына алып келді, олардың көпшілігінің тікелей ғарыштық қызметке қатысы жоқ. Дамыған ұлттық заңнаманың жоқтығы көптеген халықаралық ғарыш құқығының ережелерінің тек декларативтік сипатта болатындығына себепкер болып отыр. Біздің білуімізше, олардың тиімді жүзеге асырылуы, халықаралық ғарыш құқығының ережелерін дамытатын және олар үшін мемлекеттердің заңи жауаптылығын бекітетін нормаларды, мемлекеттер тарапынан нақты қабылдануы жолымен ғана шешілуі мүмкін. Осыған орай, Қазақстан Республикасында «Ғарыштық қызмет туралы» Заңның жобасын дайындап оны қабылдайтын қажеттілік туындап отыр. «Ғарыштық қызмет туралы» Заң ғарыштық қызметті жан - жақты реттеуді қамтамасыз етеді, соның ішінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды.
4. Ғарыш кеңістігінде мемлекеттердің оны зерттеу мен пайдалануға байланысты қызметінің көлемінің ұлғаюына байланысты халықаралық ұйымдардың рөлі артуда. Сонымен қатар, ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаның ластануының алдын алу жолында мемлекеттер тарапынан қоршаған ортаны ластауға байланысты тыйым салатын нормалардың тиісті деңгейде орындалуына бақылау жасаудың маңызы үлкен. Осы себепті, ғарыштық қызмет саласында халықаралық әріптестікті дамыту мақсатында, ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық ұйым құру қажет.
Осыған орай, ғарыштық қызмет барысында қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық ұйым құру ұсынылады. Бұл ұйымды құру қазіргі уақытта ғарыштық қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырмайтын) мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғауға байланысты қызметін реттеуші және олар үшін орталықтандырылған бақылау қызметін, ақпарат орталығы, кеңесу орталығы болып табылады. Сонымен қатар, аталған ұйым ғарыштық қызмет салдарынан туындайтын қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық құқық субьектілері арасында туындайтын халықаралық дауларды шешу құзіреттілігіне ие болуы тиіс. Ғарыш кеңістігін игеру процесінің қазіргі уақытта қарқынды дамуы кезеңінде ілгеріде аталған ұйымды құру барлық мемлекеттердің ортақ мүддесін қорғау сияқты обьективті қажеттілік негізінен туындап отыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет