Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет67/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары
4-doc.Силлабус ОМ2012, ВМП вопросы рус., instrpodotkz, жылжымайтын мүліктің жоқтығы, Шоқан-Уалиханов 2
63. Хан жақсы ма?
Ойнаушылар дөңгелене отырып, орталарынан бір ойыншыны «хан», екіншісін «уәзір» етіп тағайындайды да, «уәзір» ойынды бастайды. Халық «ханның» «бас уәзірін» шақыртып алып: «Халқы ерігіп жатыр, бір ермек тауып берсін», – деп «ханға» жібереді. «Хан»: «еріксе хан жақсы ма?» деген ойын ойнасын», – дейді. «Уәзір» қайтып келіп, отырған ойнаушылардың ең шеткісінен бастап: «Хан жақсы ма?» – деп сұрайды. Әркім әр түрлі жауап береді. Ал «уәзір» әр ойыншының берген жауабын «ханға» бұлжытпай жеткізіп отырады. Біреуі жаман дейді, екіншісі жақсы дейді. «Уәзір» ойнаушылардың бәрінен сұрап біткеннен кейін «ханға» келіп:
– Тақсыр, кімнен зорлық, кімнен қарлық көрдіңіз, – дейді. Осы кезде «хан»:
– Ана отырған қауға басты әкел, мына отырған шұнақты әкел,— деп бәріне дерлік ат қойып, айдар тағып, шетінен бір-бірлеп шақырып, бес қатты, он тәтті деп жазасын бұйырады. Ал «уәзір» қолындағы екі қабатталып есілген орамалмен соғып, «хан» бұйрығын іске асырып отырады. Ұрудың қаттысында қол иыққа дейін көтеріледі де, тәттісінде қол шынтаққа дейін көтеріледі. Қаралаған ойыншылар жазасын алып болған соң, «хан» ортаға «ханды» жақсы дегендерді шығарады. Бұларға сый-сияпат беріп, өлең айтқызып, би билетеді. Осылайша ойын біткеннен кейін «хан» орнын «уәзірге» береді де, «хан» болған «уәзір» өзіне жақсы кісісін «уәзір» етіп тағайындап алады. Осылайша ойын жалғаса береді.
64. Доп таяқ
Бұл ойынды көбіне қыста мұз үстінде, не тегіс қатқан қар үстінде ойнайды, сонымен қатар жылдың барлық мезгілдерінде де ойнай беруге болады.
Әр ойыншыда басы қайқы қақпа таяғы мен кіші добы болуы керек. Доп резеңкелі немесе басқа заттардан да жасала береді. Ертеде көбіне жүннен жасалған доптар пайдаланатын болған.
Алдымен ортадан шеңбер сызылады, оның үлкен кішілігі ойыншылар санына байланысты болады. Сол шеңбердің ортасында бір қазан (ұя) қазылады. Одан соң шеңбердің бойымен әр ойыншы өзіне қазан қазып алады. Екі ойыншының қазандарының арасы бір адымдай болуы керек. Шеңбердің ортасында бір ойыншы бос қазанды күзетіп тұрады, яғни әр ойыншы өзінің добын ортадағы бос қазанға түсіруге тырысады, ал ортадағы ойыншы өзі қорғап тұрған қазанға допты түсірмеуге тырысады, сонымен қатар ортаға соғылған допты таяғымен ұстап алып, соққан ойыншының шеңбер бойындағы қазанына қайтара түсіруге тырысады. Егер түсіре алса ойыншылар орын алмастырады. Ортадағы қазанға кім добын түсіре алса, сол адам ұпай алады. Ортадағы шұңқырға допты соғу сағат уақыты бағытына қарай ойыншылармен кезек-кезек орындалады. Сөйтіп ойын жалғаса береді. Неғұрлым көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.
65. Ағаш аяқ
Ұзындығы 2-2,5 метр болатын, жуандығы қолға ұстауға қолайлы екі ұзын таяқ дайындалып алынады. Бір ойыншыға екі таяқ керек. Таяқтардың орта тұсына адамның аяғын басып тіреп тұратын тиянақ жасалады. Ойыншы екі аяғын әлгі таяқтардағы тиянаққа қойып жоғары көтеріліп, таяқтардың жоғарғы басын екі қолтығына қысып ұстап тепе-теңдігін сақтап таяқпен әрлі-берлі жүреді, жүгіреді, жүгіріп жарысады, секіреді. Ағаш аяқты қолдану цирк ойындарында жиі қолданылады. Таяқпен жүру, жүгіру, секіру жарыстары ұйымдастырылады.
Ағаш аяқ ойыны балаларды ептілікке, батылдыққа тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   240




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет