Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет65/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары
4-doc.Силлабус ОМ2012, ВМП вопросы рус., instrpodotkz, жылжымайтын мүліктің жоқтығы, Шоқан-Уалиханов 2
60. Ине жасырмақ
Жастардың бас қосуында, көбіне үйде ойналатын ойын. Қажетті бұйымдар: ине және домбыра. Ойыншылар ең алдымен жүргізушіні сайлайды. Жүргізуші ойын тәртібін бақылайды, домбырада немесе басқа музыкалық аспапта ойнайтын кісіні табады, ойын ережесін түсіндіріп екі ойыншыны таңдайды. Ойыншының біреуі бөлмеден шығып кетеді де, үйде қалған екінші ойыншы инені өз бойындағы киіміне жасырады, немесе басқа біреуге береді. Жүргізушінің белгісі бойынша бөлмеден шыққан ойыншы үйге қайта оралып жасырған инені ойынға қатысушылардың киімдерінен іздей бастайды. Іздеуді жеңілдету үшін музыкалық аспапта мысалы домбырада ойнап отырады. Егер іздеуші ойыншы нысанаға жақындай түссе, домбыра күмбірлей жөнеледі. Ал, егер нысана тұсынан іздеуші алыстап кетсе, домбыра үні бәсеңси бастайды. Іздеуші инесі бар кісіге жақындаған не алыстаған сайын домбырашы оны әр қилы сарынмен бағыттап, дәлдеп отырады. Нысанға дөп жақын келген іздеуші ине осында-ау деген кісіні тінте тексеріп, инені табуға тырысады. Инені дұрыс жасыра алмаған адам тәртіп бойынша ән салып, не әзіл айтып не басқа өнерін көрсетіп айып төлейді. Ал инені іздеуші таба алмаса өзі айып тартады.
61. Орын тап
Бұл ойынға ойнағысы келгендердің бәрі қатынаса алады. Ойынды жүргізуші ойнаушыларды екі-екіден жұпқа бөліп, бірін алдына, бірін артына шеңбер бойына тұрғызады. Әрбір жұптың бір-бірінен арақашықтығы 2—3 адым. Ойыншыларды жұптарға бөлген кезде бір ойыншы сыңар қалса сол ойыншы келісім бойынша жүгіріп өз орнын табушы, ал жүргізуші оны қуалап ұстаушы болады. Кей жағдайларда сыңарсыз ойыншы болмауы да ықтимал, бұл жағдайда соңғы жұпта тұрған екі ойыншының бірі, уақытша ойыннан шыға тұрады. Ойын шарты бойынша жүгіріп орын табушы ойыншы өзі қалаған кез келген жұптың алдына тұра қалуына болады, осы кезде артта тұрған үшінші адам қуғыншыға ұстатпай жүгіре жөнелуі қажет. Егерде қуалаушы қуып жетіп қашқан ойыншыны орамалмен ұрса немесе денесіне қолын тигізген болса, онда екеуінің орындары ауысып, қуып жеткен ойыншы өзі қашып, қалаған жұптың алдына тұрады. Ойын осылай жалғаса береді. Ойын жылдамдықты, байқампаздықты дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   240




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет